БЕКІТЕМІН
«Алапамыс» бөбек
жай-
балабақшасының
меңгерушісі
____________________А.Алтаева
Денсаулық басты
байлық
(эстафеталық жарыс
тәрбиешілермен)
Дене шынықтыру нұсқаушылары:
Қашағанова М.
Утегулова
С.М.
2018-2019 оқу
жылы
Денсаулық басты
байлық
Денсаулық басты
байлық (спорттық шара).
Мақсаты: Денсаулықтың
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін
түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және
жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту.
Міңдеті:Денсаулық баға
жетпейтін асыл дүние әрбір адам өз денсаулығының сықты болу
жолдарын қарастыру қажет.
Қайырлы күн құрметті қонақтар
бүгін біздің балабақшамызда «Денсаулық басты байлық» атты спорттық
сайыс өткелі отыр. Бұл шара іштегі тәрбиешілердіңі қатысуымен
өткелі отыр.
Жүргізуші:
Денсаулық - бар байлығың
басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл
бағы.
Қастерлеп мәпелесең,
аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат
жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға
тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң
арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.
Дей отырып ал енді ортаға
ойыншыларымызды шақырамыз.
1. Мадина апай, Гульмира апай,
Ақмарал апай, Арай апай, Зульфия апай
2. Риза апай, Гульнур апай, Кенже
апай, Бахытгүл апай, Перизат
3. Ғалия апай, Айман апай,
Назгүл апай, Алия апай, Бұлбұл апай
Жүргізуші: Ал құрметті жарысқа
қатысушы топтар сіздерге сәттілік тілеймін. Сіздер бүгін
өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды, ұйымшылдықтарыңызды,
ойшылдарыңызды, ептіліктеріңізді көрсететін
боласыздар.
Ал құрметті халайық! Жарысты
енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Сайысты бастамас
бұрын қара қылды қақ жаратын әділ - қазылар алқасымен таныс
болайық.
1. Балабақшамыздың
меңгерушісі: Алтаева Ажар Алмабайевна
2. Әдіскер: Елюбаевна Асель
Ардаковна
Жарыс: 10 - бөлімнен
тұрады.
1.
«топ
таныстырулары» әр топ басшылары ортаға шығып,
өз тобының атын, ұранын, эмблемасын, таныстырып қорғап
өтеді.
Шығу үшін шымыр
боп
Шынығамыз
шаршамай
Бұлшық еттер шымыр
боп
Аламыз сосын тыныс
жай
Жалқаулықты
тастаймыз
Жаттығуды
бастаймыз
Қиынсынып
қашпаймыз
Шынығамыз жастай
біз.
2.
«Кім
шапшаң?»
Ойынның шарты: команда
мүшелері кедергілер арасымен берілген допты таяқшамаен алып
жүру.
3.
«Кенгуру»
Ойынның шарты: Қаппен межеге
дейін секіріп барып жерде жатқан шығыршықты бастан асыра киіп,
қайта қаппен топқа дейін секіріп келуі
керек.
4.
«Такси»
Ойынның шарты:Топ басшысы
берілген шығыршықты алып кедергілер арасымен жүгіріп келесі жатқан
шығыршықты алып топ командасын бір-бірден
жинау.
5.
Валеология - Салауатты өмір сүрудің
негізі. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын
қалыптастыру керек.
Денсаулық - баға жетпейтін
асыл дүние. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын
қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып,
еңбекке құлшына кіріседі.
Ендеше зиянды әдеттерден аулақ
болып салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Валеолог маманың дайындаған
тапсырмасы денсаулық туралы мақал мәтелді
толықтыр.
1. Тазалық – саулық
негізі,
(Саулық – байлық
негізі)
2. Денсаулық -(зор
байлық)
3. Дені саудың (Жаны
сау)
4. Дені сау ұрпақ -(ел
болашағы)
5. Шынықсаң (шымыр
боларсың)
6. Дені сау адам -(дәулетті
адам)
7. Денсаулықтың қадірін
(ауырғанда білерсің)
8. Азған денеге (ауру
үйір).
9.
Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады. )
6.
«Допты түсіріп
алма»
Ойынның шарты: ойыншылар
берілген допты тізелерінің арасына қыстырып секіріп белгіленген
орынға дейін жетіп кері қайтулары керек.
7.
"Доппен
секіру"
Ойынның шарты: әр команда
мүшелері үлкен доппен секіріп келіп келесі команда ойыншысына
береді
8.
«Ептілер
сайысы»
Ойынның шарты: әр команда
мүшесі жүгіріп келіп тұрған шарды алып, орындықа отырып жаруы
тиіс
9.
«Кім
жылдам?»
Ойынның шарты:берілген қасықта
допты кедергілер арасымен өтіп келесі команда мүшесіне
беру.
10.
«Секіртпе
сайысы»
Ойынның шарты: секіртпемен кім
көп секіреді
11.
«Күштілер
сайысы»
Ойынның шарты: Соңғы әрі
шешуші бөлім. Бұл бөлімде сайыскерлер тобы қарама-қарсы тұрып арқан
тартыс ойыныңа қатысады.
Жүргізуші:- Жарыс заңы
ежелден
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың
қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ -
қазылар алқасына беріледі.
Марапатталады:
1.
орын
2.
орын
3
орын
Уа,
халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген
сөзді
Құр
айтпаған ұлы Абай данамызда демекші
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.
Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Денсаулық басты
байлық»
сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз
үшін көп рахмет.