«БЕКІТЕМІН»
«Каспий» жоғары педагогика
және салалық технологиялар
колледжі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
__________Әмірбекова Г.С
«____»____________ 2025 ж.
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ
Тақырыбы: «Денсаулық және мен: темекінің зияндылығы»

Өткізген: Амантұрлы Ж.О.
2ИББ-23 б/б тобы
2024-2025 оқу жылдары

Апта дәйексөзі : Тәртіп – тәрбие бастауы
Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерге әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтан-дыру. Студенттердің ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;
2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Мұғалім : Құрметті ұстаздар,
студенттер! Бүгінгі біз «Нашақорлық-ғасыр дерті» деп өткізгелі
отырған дөңгелек үстелімізді бастаймыз. Елбасының «Қазақстан -2030»
жолда-уында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір
сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану,
зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп
тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне
үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық
тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып
табылады.
«Ғасыр дерті »
![]()
Шылым
Арақ
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі - қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай - кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын - көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін, есірткі заттарын орасан зор мөлшерде контрабан-далық жолмен тасымалдауға қолайлы екені жасырын емес. Осының салдарынан Республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті) қалыптастырудың маңызы зор.
Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту қажет деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз.
«Шылымның адам өміріне зияны»
Мидың жұмысын
бұзады.
Есті
жоғалтады.
Сөйлеу қабілетінен
айырлады.
Қарым-қатыныс
бұзылады.
Жағдаят сұрақтар:
-
Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?
-
Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?
-
Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?
-
Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?
-
Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
Сонымен, студенттер
нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор
екенін білдік. Енді мынандай дөңгелек үстел істеп көрейік.
Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап
дайындайық.
1. Нашақор адам мен дені сау адамды
салыстыру.
2. Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3. Плакаттағы суретті таныстырып,
қорғау.
Біз бүгінгі дөңгелек үстелімізді нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақы-рып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық.Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағаз-ға жазып, тақтаға ілесіздер. Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді:
Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақы-тыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің
түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты
азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі
болмақ».
Хаттама_____
Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі
Уақыты: 27.01.2025.
Отырыс: 507 каб.
Тобы: 2ИББ-23 б/б
Барлығы: 25 студент
Қатысқандар: 23 студент
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Денсаулық және мен: темекінің зияндылығы» тақырыбында өткен кураторлық сағаты жақсы деңгейде өтті. Студенттер нашақорлық жайлы пікірлерімен ой бөлісті, ададарға төндіретін қауіптерін атап көрсетті. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды талдап, өздерінің пікірлерін ортаға салды, бір-бірін тыңдай білді, берілген мақал-мәтелдерді жалғастырып, болашақта зиянды әдеттерден аулақ болатындарын айтты. Болашақ жастарға зияны туралы ақпаратпен бөлісіп, оларды аулақ болуға шақыруды айтты.
Шешім:
-
«Денсаулық және мен: темекінің зияндылығы» тақырыбында өткен кураторлық сағаты «жақсы» деп бағалансын.
-
2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысын және форма сақтау керектігі айтылды.
-
Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы
Жиналыс хатшысы: М.Козденова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Денсаулық және мен: темекінің зияндылығы

шағым қалдыра аласыз