Денсаулық күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денсаулық күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық күнін 5-6 сыныптары үшін қызықты өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Андрей Сумин атындағы орта мектебі» КММ















Эстафета:

«Денсаулық күні»

5,6 «А» сыныптар








Дайындаған: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Айынкір Бақболсын










2020-2021 оқу жылы

Денсаулық күні аясындағы 5,6 «А» сыныптар арасындағы

ЭСТАФЕТА


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Міндеті: Төзімділікті , шапшаңдықты арттыру, дене шынықтыру пәніне қызығушылықты арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: Түрлі-түсті жалаушалар, доптар, кедергілер, ысқырық. 



І кезең: «Эстафета» 
Көрнекілігі: Түрлі-түсті жалаушалар.

Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.


ІІ кезең: «Алтын қасық» 
Көрнекілігі: Қасық, теннис добы.

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.


IІІ кезең: «Кенгуру»

Көрнекілігі: Екі топқа бір-бірден қап.

Шарты: Оқушылар қап яғни арнай дайындалған мешокпен, кенгуру секілді секіріп жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.


ІV кезең: «Өрмекшілерше жүр»

Шарты: Әр топ мүшелері өрмекшілер тәрізді, мәреге дейін жүріп барып, қайта келуі тиіс, қай топ бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.


V кезең: «Кім мерген » 
Көрнекілігі: Баскетбол добы.

Шарты: Әр топ оқушылары кезек кезегімен баскетбол добын себетке салулары тиіс, қай топ оқушылары себетке көп доп салады сол топ жеңімпаз. 


VI кезең: «Қар лақтыру» 

Көрнекілігі: Қағаздан жасалған қарлар.

Шарты: Алаң екіге бөлінеді. Командалар екі жаққа тұрып өз алаңдарындағы қағаздан жасалған қарларды қарсыластың алаңына лақтыруы керек. Белгіленген уақыт өткенде (3 минут) қай команданың алаңында қар аз қалады сол топ жеңімпаз атанады.



VIІ кезең: «Қызықты сұрақтар» 
Шарты: Оқушыларға спорт зал ішінде әр түрлі жерлерде сұрақтар ілінген, сол сұрақтарды оқушылар шешіп алып жауап берулері қажет, қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз. 


Қорытынды бөлім 
Сайысымыздың шарттары, кезеңдердегі жиналған ұпайлар саны бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттау болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.06.2021
906
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі