400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денсаулық күні: "«Әкем, анам және мен!»

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы мен балабақша расындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, шапшандылыққа, ептілікке үйрету, ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қошақан» бөбекжайы









«Әкем, анам және мен!» денсаулық күні


Дунбаева Алмагуль Кабидулақызы

(Дене шынықтыру нұсқаушы)













Қажымұқан ауылы 2022ж.





«Әкем, анам және мен».

Мақсаты: ойынды ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізу, баланың дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытып, оларды жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулу, өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.


Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар, ата-аналар! Сіздерді «Әкем, анам және мен» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз. Эстафеталық жарысты бастамас бұрын қазылар сайлап алайық және таныстыру.

1. Утегулова Аманкуль Утешовна - Меңгерушісі


2. Кенжегалиева Тлектес Кенжегалиевна - Логопед

Жүргізуші:Енді ортаға жарысқа түсентін топтары шақырамыз. Команда аты, ұраны, эмблема. Әр команда өз эмблемасымен, топ атымен және девизімен таныстырады.

1.«Барыс» тобы – «Балақай» тобы

2. «Жас қыран» тобы – «Балдаурен» тобы

3. «Жас ұлан» тобы – «Балбөбек» тобы

4. «Тулпар» тобы – «Айгөлек» тобы

5. «Барыс -2» тобы – «Балапан» тобы

6. «Қыран» тобы – «Бүлдіршін» тобы

Жүргізуші: бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады.

Эстафеталық жарыстар.

1-эстафета:«Бәйге» .

Шарты: Әкелер –капппен секіреді, аналар – скалалкамен жугіреді, балалар – допты домалатады. Кезекпен сайысады.


2-эстафета: «Футбол».

Шарты: Екі топ футбол паносын ойнайды. Бір-біріне гол салады. Ұпай есепмеледі.



3-эстафета: «Кағазбен жүгіру».

Шарты: Әрбір қатысушы қолдарына екі А4 қағаз алады. Екі А4 қағазды қатар, яғни алдына қояды. Бірінші қағазды басып, екінші қағазды басады. Содан кейін артына айналып, қайтадан бірінші қағазды алдына қояды. Сөйтіп, соғына дейін осылай жасай отырып, қағазды өзімен бірге алып, қайтадан орнына жүгіріп келеді де, өзінің қарсыласына беріп кетеді.



Жүргізуші: жарайсыңдар, шыныққан шымыр екенсіңдер, енді спорт туралы білімдеріңді көрсетіңдер.

1-бала:

Ауыр атлетика

Пілге біткен зор дене,

Алып күштің айғағы.

Штанғасы-бөрене,

Жай көтеріп алғаны.





2-бала:

Хоккей

Арыстаңдай айбатты,

Хоккейшілер қайратты.

- Шайба!

-Шайба! – дегенде,

Шайқасады-ау, ой, қатты!

3-бала

Футбол

Жиырмасы да жарыста,

Жайбарақат қалған ба?

Футболшылар – барыстар,

Жұлқынады алаңда

Алға қарай екпіндеп,

Жүйріктерше бапталған.

Теңбіл допты тепкілеп,

Соғады әкеп қақпаға.


Жүргізуші: Өте тамаша. Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

4-эстафета: «Қырықаяқ».

Шарты: Шеңберлі мата ішінде әке мен ана жылдам жүру керек.


5-эстафета: «Кім жылдам».

Шарты: Екі әке бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Нұсқау бойынша дене мүшелерін айтылады. Ысқырық естілген кезде ортадағы допты мез алып қоюы керек.


Жүргізші:Музыкалық нөмірлер.

Әділқазылар бағалап, марапаттайды.

Қорытынды: Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек екенін ауырмай тұрып, алдын ала сақтану, спортпен шұғылдану, сонымен қатар айнала қоршаған ортаның біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік.

Таза ауада демалу, спортпен айналысу, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету. Дұрыс тамақтану – барлығы да салауатты өмір салтына жатады.

Picture 6 Picture 7 Picture 4 Picture 3 Picture 2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.01.2025
171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі