Материалдар / Денсаулық күніне арналған «Денсаулық-бұл күш » ойын – сауық кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық күніне арналған «Денсаулық-бұл күш » ойын – сауық кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ұжымның көтеріңкі көңіл – күйін туғызу. Денесін шыңдап күш – қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойындар арқылы спортқа ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір – біріне достық қарым – қатынастарын дамыту. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
664
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Денсаулық күніне арналған «Денсаулық-бұл күш » ойын – сауық кеші
Мақсаты:
 Ұжымның  көтеріңкі көңіл – күйін туғызу. Денесін шыңдап күш – қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойындар арқылы спортқа  ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір – біріне достық қарым – қатынастарын дамыту. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: Жалауша, кедергі, доп, фитбол, тунель, сақина , түрлі-түсті доп,арқан,асық, қағаз .
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №
30 «Жұмбақ» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс – шарасын өткізгелі отырмыз.
Салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, дене  шынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған
«Денсаулық-бұл күш» атты мерекелік сауықтыру іс – шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырады.
1. «Намыс» тобы
2. «Жігер» тобы

Жүргізуші:

Дүбірле бақшам дүбірле

Жақсылық болсын үйінде

Қуаныш толып жүзіңе

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар

Жеңіске жетер түбінде


Бүгінгі сайысымыз он бөлімнен тұрады

  1. Таныстыру

  2. Жалауша

  3. Түнгі бағдар

  4. Көңілді іздер

  5. Тунель

  6. Кубиктер

  7. Күш сынасу

  8. Фитбол добы

  9. Арқантартыс

  10. Асық ату


Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл

Әділ қазылар алқасының мүшесімен таныс болыңыздар

1.Айтжанова К.Б бөбекжай бақшасының директоры

2.Нурбаева М.Ж методист

3.Бердиева А.Т психолог


Залға сайқымазақ кіреді

Сайқымазақ:

Күлмейтінді күлдірген

Жүрген жерін бүлдірген

Көп ойнап, көп күлген

Сайқымазақ мен болам

Денсаулық күнімен

Жүргізуші:Сәлеметсізбе Сайқымазақ, қош келдің .Сіз мында не үшін келдіңіз ?

Сайқымазақ:Мен бүгін бұл жерде Денсаулық күніне ойын-сауық болып жатыр деп естіп, қатысушылардың жарыстарын тамашалап ,балдардың ептілігін көрейіндеп келдім.

Жүргізуші:

Рахмет Сайқымазақ

Олай болса ойын-сауығымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Дене шынықтыру жаттығулары

Екі команданың сәлемдесуі

Жүргізуші:Ал енді сайысымызды бастайық, әр топ өздерінің атымен ұраның таныстырсын.

1.«Жігер» тобы
Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз

«Намыс» тобынан «Жігер» тобына жалынды сәлем!

2. «Намыс» тобы

Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
«Жігер» тобынан «Намыс» тобына жалынды сәлем!



Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Жалаушаны алып, межені айнала жүгіріп келу, келесі қатысушының қолынан ұстап, қайта жүгіру.
2.
Түнгі бағдар,көзі байлаулы , орындыққа отырып кері қайту.

3.Көңілді іздер , іздермен жүру.

4. Тунельден өтіп, сақинаны лақтыру. Балалар есеп шешеді.
5. Артпен жүгіріп, кубок қою
6. Күш сынасу
7. Кедергілердің арасымен, фитбол добымен секіру.
8. Арқан тартыс
9. Асық ату

Спортшыларды  демалтып, көңілдерін көтеру үшін сергіту сәті.
Би: « Қара жорға »

Жүргізуші:

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
Жарысымыздың жеңімпазын аңықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз


Жүргізуші:

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз демекші  «Дене шынықтыру – бұлкүш!» - деп іс-шарамызды аяқтаймыз.

Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау тапсырады.
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан  тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңіздердер! Бүгінгі жеңістеріңіз  құтты болсын!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!