жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Денсаулық зертханасы”
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Тәрбиеші: Құбайдуллина Р.Ж.
Тақырыбы: «Денсаулық зертханасы»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: «Экология негіздері»
Мақсаты: балаларға өз ағзасы туралы, олардың қызметі туралы түсінік бере отырып, салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерту. Дене жаттығуларын орындауға ықылас таныту
Құрал- жабдықтар: АКТ, ми муляжы, сырты ашылған жаңғақ, лупа, А3 форматта ағза картиналары, өкпені зерттеуге арналған көрнекі құрал т.б
Әдіс – тәсілдер: Бала үні, тәжірибе, миға шабуыл, көрсету, АКТ
|
Қызмет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
1 кезең уәждік түрткі болу |
Баланың әрекетке кірісуіне турткі болуы: -Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біз «Денсаулық зертханасына» саяхатқа барамыз. Менімен бірге барғыларың келеме? Бірақ біздер ұзақ жол жүру керекпіз. Ол үшін қане ұшақпен барайық
|
Балалар ұшақ атрибутын киіп, ұшақ қимылын көңілді әуенмен орындайды |
|
2кезең Проблемалық ізденістік |
Балаларды проблемаларды шешуге бағдарлау Балалар, бүгін сіздер кішкентай зерттеушілер боласыздар. «Денсаулық зертханасында» адамның ішкі ағзаларын зерттейді екен. Енді мені мұқият тыңдаңыздар (миға шабуыл), ол біздің бас сүйегіміздің ішінде орналасқан, ол көп ойланады. Ол бізді басқарып тұрады. Ол не екен балалар. Дұрыс айтасыңдар, ми екен. Ми туралы не білеміз? (бала үні)
Өте жақсы балалар, сіздер ми туралы көптеген ақпарат білесіздер, жарайсыңдар Презентациямен «Ми» ағзасы туралы түсінік беру. Ми муляжын көрсету арқылы, мидың қыртыстығын түсіндіру. Зерттеу: Сырты ашылмаған жаңғаққа ұқсайтындығына көз жеткізу.
Ойын: Шеңберге тұрып, көздерін жұмамыз. Балалар қолдарына, әр түрлі жемістер беріледі. Балалар жемістерді сипап сезу арқылы қандай жеміс екендігін табады. Қорытынды: Балалар, көрдіңіз бе, біздер сипап сезу арқылы ми арқылы қандай жеміс екендігін таптық. Барлық сезім мүшелері миға ақпарат береді. Барлық адамдарда, жан жануарларда тыныс алу қызметін атқарып отыратын ішкі ағзаның бірі – өкпе екен. Өкпе туралы не білеміз? Ол неге ұқсайды? АКТ арқылы өкпе туралы ақпарат беру Тәжірибе: арнайы бала денесіне жасалған
түтікше мен өкпенің тынысын зерттеу Балалар келесі біздің зерттейтін ағзамыздың бірі – Жүрек екен. Аналарымыз сіздерді қалай еркелетеді. Міне балалар көрдіңіз бе, сіздерді аналарыңыз өздерінің мейірімге толы жүректерінен шыққан сөздермен еркелетеді. Сендерді кішкентай жүректеріңмен отбасыларыңды жақсы көресіңдер солай ма? Олай болса, менде сендерді қатты жақсы көремін кішкентай менің жүректерім. Жүрек туралы ақпарат беру. Бала үнін тыңдау Ортаға шақырып Жүрек көрнекілігін киіп, балалармен шеңберге тұрып Кішкентай зерттеушілер бүгін біздер не білдік? Өте жақсы ал осы ағзаларымыз сау болу үшін не жасау қажет? Тәжірибе: Жүрек соғысын тыңдату
|
-Ми бізді басқарады -Ол бастың ішінде ораналасады -Ол болмаса біз жүре алмаймыз -Ол біздің досымыз -біз оны көре алмаймыз -ол барлық адамдарда, жануарларда болады
-Өкпемен тыныс аламыз, -Оның тамырлары бар -Ол жолға ұқсайды -Оның түсі күлгін
-Жүрегім -алтыным -балапаным -құлыншағым -ботақаным -айналайыным т.б.
Ми, өкпе, жүрек туралы білдік Ол ағзалар бізге қажет Бір бірімзді жақсы көру керекпіз, спортпен айналысу керек, дұрыс тамақтану қажет, Мейірімге жүрегіміз толы болу керек |
|
3кезең Рефлексті түзетімдеуші |
Балалар қызметінің нәтежиелерін талдау: Ұшақпен балабақшаға оралу Кішкентай зерттеушілер медалін тағу |
Балалар қуанады |
|
Күтілетін нәтиже: |
балалар өз ағзасы туралы, олардың қызметі туралы түсінік алды, салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерді. |
|
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген