400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Денсаулық зор байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Денсаулық зор байлық"
Материалдың қысқаша нұсқасы

№6 нұрай балабақшасы























Ойын-сауық: «Денсаулық зор байлық»













Дш нұсқаушысы: Қопаш А.А







Көкшетау



«Денсаулық зор байлық»

 Мақсаты: спорттық жарыстарға балалардың қызығушылықтарын ояту, жүру және жүгіру дағдыларын дамытуды жалғастыру, жүргізушінің дабылы бойынша ата – аналардың, балалардың қозғала білулері, ойыншыларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өзінің қимыл – қозғалыс тәжірибелерін қолдану; физикалық сапалықтарды: шапшаңдылық реакциясын, алғырлығын, төзімділігін іске асыру. 

Құрал жабдықтар: сақиналар, құммен толтырылған қапшықтар, 2 гимнастикалық орындық, 2 доп, матадан тігілген 2 қапшық, 2 үлкен шар

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар!

Бүгін Сіздер «Әке, ана және мен – біз спортты жанұямыз» деген мерекеге жиналып отырсыздар Ойыншыларымыз жоқ болса, бұл қандай мереке болсын. Сондықтан, қарсы алыңыздар.

№1 жанұя

№2 жанұя

Және де әрине, әділқазыларымызғада қошемет көрсетейік.

-Сізге қатал болу жараспайды,

-Сізге көңілді болған жарасады,

- Дұрыс шешім қабылдап,

- Әділ баға берерсіңдер.

Ал, біздің әділқазыларымыз болып: (таныстырып өтеді). Кенеттен бір қатты әуен жүреді, сол кезде жарқыл ұшып келеді.

Жарқыл: Ха-ха-ха, менен ешқандай пайда жоқ. Мен адамдарды әртүрлі аурулармен ауыртамын. Сендерде бүгін ешқандай мереке болмайды, себебі барлық жанұя мүшелері аурып жатыр, ха-ха-ха! (барлық ойыншылар қашып, кетеді де бәрі де ауырып отырған көріністі салады).

Жүргізуші: Сонда аналар, әкелер және балалар ауырып қалды ма? Не болған сендерге?

1 бала: Менің ішім ауырып тұр.

2 бала: Көзімнен жас аға береді, қолым да, аяғым да ауырып барады.

3 бала: Ой, басым айналып барады, мен ешқайда бармаймын.

Жүргізуші: Жедел түрде телефон шаламыз,

--Алло, сәлеметсіз бе, дәрігер Айболит? Біздің балабақшаға тезірек келіңіз. Біздің балаларымызды емдеңіз.

Дәрігер Айболит келеді.

Жүргізуші: Сіздің тез келгеніңізге өте өте қуаныштымыз, өкінішке орай, мерекемізді бастай алмай отырмыз, себебі жанұямыз ауырып қалды, соларды тезарада емдесеңіз жақсы болар еді.

Айболит: «Қуаныштымын, мен бірақ

Артық айтып не керек,

Әрбір бала әр жағдайда әзір болу керек,

Ал, сендер балалар, саумысыңдар?!

Балалар: Жоқ, сау емес, сау емес!

Жүргізуші: Ал, емделуге дайынсыңдар ма?

Балалар: «Орнымыздан тұрамыз,

Жаттығуды жасаймыз,

Бәріміз де тыныс аламыз,

Демімізді сыртқа шығарамыз.

(Айболит бәріне дәрумендер үлестіреді).

Жүргізуші: Міне, барлық қатысушыларымыз емделген болса, біз жарысымызды бастаймыз.

1 - бөлім.

1 - тапсырма. Үй тапсырмасы «Ұран»

2 - тапсырма. Жаттығу «Қырықаяқ». Қатысушыларды жіппен байлайды, содан соң олар жарыстың бастау сәтіне қарай жүгіреді. Қырықаяқтың қайсысы тез жүгіреді, сол жеңімпаз атанады.

3 – тапсырма. Сақиналардан еңбектеп өту, құммен толтырылған қапшықты сақинаға лақтыру. 

2 - бөлім.

1 - тапсырма. Үлкендерге арналған – допты алдында жүргізе отырып, гимнастикалық орындықпен жүгіру. Балаға арналған ойын – төрт тағандап доғалар арасымен жүгіру.

2 - тапсырма. Үлкендерге арналған – әкелерге ойын қиындай түседі, қапшыққа бірнеше доп салады.Балаға арналған ойын – қолымен ұстай отырып, үлкен шармен секіру.

3 - тапсырма. Балаларға арналған ойын – матадан тігілген «туннель» астымен еңбектеу, Үлкендерге арналған ойын – «тәтті жұп», допты иыққа қойып, баспен екінші жаққа қарай қысып, жұбымен финишке қарай жүгіру және қайта оралу.

3 - бөлім.

1 - тапсырма. Баланы тасымалдау – айқастырылған қолдармен баланы жалауға дейін жеткізу және қайта оралу. 2 - тапсырма. Шарлы фейерверк. Барлық ойыншылар шарға отырады да, жарады.

3 – тапсырма. Қолмен жүгіру. Әділқазылар қорытындысын шығарады. Айболит қатысушыларды дипломмен марапаттап, сыйлықтарын үйлестіреді.Айболит: Денсаулықты сақтау құпиясын аштым,
Өздеріңді күтіңдер,
Нәтижеге жетіңдер.
Әрқашан дендерің сау болсын!
Тілегім қабыл болсын!












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі