Материалдар / Денсауық – зор байлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсауық – зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2020
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Денсауық – зор байлық

Мақсаты: Балаларға денсаулық ережелерін үйрету. «Денсауық – зор байлық» - деген қағидаларды бала бойына сіңіру.

Балалар дәрігер Айболит мультфильмін көріп отырады. Сол кезде жылап қоян келеді.

Тәрбиеші: Қоян саған не болды? Неге жылайсың?

Қоян: Көмектесіңдерші. Біздің орманда жануарлардың бәрі ауырып жатыр. Бізді емдейтін дәрігер Айболитті Бармалей ұрлап кетті. Енді не істерімізді білмейміз.

Тәрбиеші: Балалар қалай көмектессек болады?

Қоян: Айтпақшы, балалар, дәрігер Айболиттің үйінен мына бір картаның жартысын тауып алдым.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мынау қай жер деп ойлайсыңдар?

Балалар: Бұл біздің топ.

Тәрбиеші: Қане, балалар жан-жағымызды қарап, картаның жартысын табайық.

Балалар топтық ішінен сандықша тауып алады. Сандықшаны ашып картаның жартысын алып шығады. Картадан қай жер екенін тауып, жолға шығады. Жолда көптеген кедергілерден өтеді.

Асханадан аспазшыны көріп картаның жартысын тауып беруді өтінеді.

Аспазшы: Балалар сендер маған көмектессеңдер, мен сендерге көмектесемін. Бармалей менің тағамдарыма зиян тағамдарды қосып тастапты. Енді не істерімді білмей отырмын.

Тәрбиеші: Аспазшы апай көңіліңізді түсірмеңіз. Біздің балалар қазір денсаулыққа пайдалы және денсаулыққа зиян тағамдарды ажыратып береді.

Аспазшы: рахмет сендерге балалар. Көмектескендерің үшін сендерге шырын берейін. Кококола ішкенше денсаулыққа пайдалы шырын, кампот ішіп жүріңдер. Сендерге картаның жартысын берейін.

Балалар ары қарай жолға шығады. Жолда көптеген кедергілерден өтеді.

Балабақша медбикесі Елена Николаевнаға келеді. Ол кісі тазалық жайында мағлұмат береді. Дәрумен береді және картаның жартысын береді.

Балалар ары қарай жолға шығады. Жолда көптеген кедергілерден өтеді.

Музыка залында Дәрігер Айболитті тауып алады.

Қоян: Міне, міне біздің орманның дәрігері. Алақай, ормандағы жануарлардың бәрі емделетін болды. Біз дәрігер Айболитті таптық.

Бармалей: Неге шулап жүрсіңдер? Сендер кімсіңдер?

Балалар: Біз дәрігер Айболитті іздеп келеміз.

Бармалей: Айболитті жібермеймін. Оны орманда бәрі жақсы көреді. Ал мені ешкім жақсы көрмейді. (жылағандай болады) Менің шарттарымды орындасаңдар мүмкін жіберіп қалармын. Ойланамын.

Тәрбиеші: Ол қандай шарт?

Бармалей: Менің көңілімді көтеріңдер.

Балалар би билеп, ән салады. (Бармалейде қимылдарды бірге қайталайды )

Бармалей: Менің көңілімді көтердіңдер. Енді менімен бір ойын ойнасаңдар қайтеді?

Қимылды ойын: «Балықшы мен балықтар»

Бармалей: Ойын ойнаған қандай жақсы. Маған қатты ұнап қалды.Сендер менімен дос боласыңдар ма? Рахмет сендерге балалар.

Дәрігер Айболит: Ормандағы жануарларға менің көмегім қажет болып жатыр. Балалар мен тезірек орманға қайтайын. Өзіммен бірге қоян мен Бармалейді де ала кетейін. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар бағанығы картамызды құрастырып көрейікші.

Балалар пайдалы тағамдарды жеп, спортпен шұғылданып, тазалықты сақтасаңдар осындай дені сау бала болып өсесіңдер. Бүгінгі мерекеміз сендерге ұнады ма?

Осымен мерекеміз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!