жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дербестік пен жауапкершілік
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Х.Жұмабаев атындағы Қарсақ БМ
Мұғалімі: Нуртаева Роза Нурмадиевна
Сыныбы: 4
Оқушылардың саны: 4
Қатысқан окушылар:4
Тақырыбы: Дербестік пен жауапкершілік
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Дербестік, жауапкершілік.
|
Мақсаты: Оқушыларға дербестік және жауапкершілік ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru https://angimeler.wordpress.com
|
|
Сабақтың барысы:
2. Үй тапсырмасы. 1.Адам адамгершілігі атты эссе тапсырмасын тексеріп өту |
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді. (Стефан Цвейг ) Сұрақтар:
|
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Толағай (Аңыз) Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол малжанды қорғайтын батырымыз болса екен», – деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туғантуыстары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен», – дейді. Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» – дейді. Сонда қарт айтқан екен: «Шырағым, Толағай, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай емес. Дегенмен, ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын таулардың атасы бар, рұқсатты содан сұрарсың», – деп батасын береді. Сөйтіп тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз 1 Апайтөс – қен кеуделі. Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін басып, бірте-бірте әлсірей бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әбден әлсіреген Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса, батыр жігіттің үстінен басып қалыпты, Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал әлгі бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Сұрақтар: • Балаға неліктен «Толағай» деп ат қойды? • Толағай не үшін тауды арқалап келмекші болды? • Толағайдың іс-әрекетін қалай бағалауға болады? • «Елге қызмет ету» дегенді қалай түсінесіңдер? • Дербес адамнан қандай үлгі алуға болады? Айтып бер. |
|
|
5. Шығармашылық жұмыс,жұппен жұмыс Оқушылар жұппен жұмыс жасайды 1-тапсырма «Дербес адам қандай? Осы сұраққа ойланып, дербес адамды сипаттайтын сөз дерді тауып жазыңдар. 2-тапсырма Суретте бейнеленген көбелектің қанатындағы сұрақтарды оқып, оларға жауап жазыңдар. |
|
Дос болайық, бәріміз! Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз! Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста, Батыл бас, жас ұлан! Самға биік, алысқа, Жұлдыздарға, ғарышқа, Бойда күш тасыған. Қайырмасы. Отан біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз, Нұрлы күн сөнбесін. Бақыт болып жанамыз, Жарық біздің санамыз, Қара бұлт төнбесін. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №18 – сабақ. Жауапкершілік туралы мәтін құрастырып келу. |
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген