Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам» психологиялық сабақ
тренинг. «Көңіл-күйіңді бейнеле»
Мақсаты: Қатысушыларға өздерінің көңіл-күйлерін ақ қағазға түсіру.
Уақыт: 10 минут.
Жүру барысы: «Өз көңіл-күйімізді саламыз». Қатысушылар өз ұнатқан түрлі-түсті қарындашты алып, «Қазір және осы жерде» өз көңіл-күйлерін А4 қағазына түсіреді. Егер қатысушы өзінің көңіл-күйін төмен деңгейде салған болса, жүргізуші басқа ақ қағазға осы төмен көңіл-күйді жақсарту үшін тапсырма береді. Қатысушылар тапсырманы орындап болған соң жүргізуші жинап алады. Осыдан кейін суреттер дөңгелене отырады. Бірінші қатысушы суретте не ұнайды айтып беру, осылай сурет барлық қатысушыларға таратылады
Талқылау: Әр суреттегі ұқсастықты байқау.
2 тренинг. «Жасырын хат, ойлан тап!» (10 минут) Қажетті құралдар: ақ парақ түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш. Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады. Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі: 1-ші топ «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» 2-ші топ «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел»
3-ші топ «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық»
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ақ параққа сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
3 тренинг. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар: Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай? Сіздің сүйікті тағамыңыз? Сіздің хоббиіңіз? Спорттың қай түрін ұнатасыз? Қандай киім үлгісін ұнатасыз? Жылдың қай мезгілін ұнатасыз? Не үшін? Қай түсті ұнатасыз? Сүйікті әніңіз? «А» дыбысынан басталатын бес затты атаңыз? Сүйікті киноңыз? Сүйікті әншіңіз?
Сіздің арманыңыз?
Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?
4 тренинг. «Тату алақан» жаттығуы. (3 минут) Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
Тақырыбы: Менің өмірлік мақсатым (пікірлесу -тренинг)
Максаты: оқушылардың өмірлік мақсаты туралы көз қарастарын анықтау және өмірді калай сүйетіндерін байкау: өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын анықтау; өмірдегі қиындық неден шығатының, еліктеушілік, иланушылық қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін аныктау.
«Жан дүниемдегі сырымды таба біл» жаттығуы.
Шарты: катысушылар бір-біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып онын сырын аша бастайды. Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.
«Менің таңдауым» жаттығуы.
Шарты: білім алушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттін бірін жарнамалайды. Ал екінші окушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.
«Өмір» жаттығуы.
Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке-жеке талдап беру. Мысалы: өмір –өзен,өмір -мейірім, өмір –ірге тас, өмір - рахат.
«Релаксация» жаттығуы.
Шарты: психолог білім алушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, окушылар көздерін жұмып отырып оны елестетеді.
Терең демал, дем шығар,сендер сыныптастарынмен орман ішінде демалып журсіндер, алдарында жасыл шөп қызылды жасылды гүлдер. Гулдердін иісі нәзік, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскелеп, шөпке аунап,бірін доп ойнап, бірін гүлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып,күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріне мейірім ұялап, ал самал жел аркылы өзіне сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі сенімсіздік пен қорқынышты ұмытып, өзінді өмірдегі бақытты жандай сезініп,бәрің «біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір-біріне қолдарынды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қондыңдар. Көздерінді ашып, бір – бірілеріңе күлімдеңдер
Тақырыбы: Дау жанжалды жеңіп шық тренинг
Сіз ойнап шығу үшін беретін қақтығысқа арналған жағдайлар, адамдар бір-біріне ренжіп, ойын барысында бір-біріне жаман сөздер айтып қоймаулары үшін, өте қарапайым және адамдар үшін маңызды емес болулары тиіс екендігін есте сақтау маңызды. Әйтпесе содан соң олар тренингтен кейін де бір-біріне ұзақ уақыт ренжіп жүрулері мүмкін. Осы мақсаттарда, жағдай олар үшін тосын болмауы үшін, нұсқаулық барлық қатысушыларға бірден беріледі.
«Конспект» Ойынға екі адам қатысады.
Бірінші қатысушыға арналған нұсқаулық: «Сендер біліктілікті арттыру курстарында бірге оқыдыңдар, және бір адам конспект жазды, ал екіншісі жазған жоқ. Емтиханда оқытушы конспектіні талап етті. Сен емтиханды бүгін тапсырасың, сондықтан, жолдасың емтиханды ертең тапсыратын болғандықтан, сен одан конспектісін сұрадың. Сен емтиханды беске тапсырып, қатты қуандың да, дәрісханадан кетіп бара жатып, конспектіні алуға ұмытып кеттің. Ал есіңе түсіп, қайтып оралғанда, дәрісханада ешкім болған жоқ, конспекті де болмады».
Екі қатысушыға да арналған нұсқаулық: «Сендер дәлізде кездесесіңдер және әдетте өмірде қалай жасасаңдар, өздеріңді солай ұстауларың қажет».
Ойыннан кейін классикалық талдау жүргізіледі: алдымен бақылаушылар, содан соң қатысушылар өз пікірлерін айтады. Талқылау соңында жаттықтырушы өзара әрекеттестіктен кейінгі ойын қатысушыларының арасындағы қатынастарды айқындау үшін сұрақ қояды: «Келесі жолы конспект сұрауға сен оған барасың ба, жоқ па?»; «Ал сен келесі жолы, ол сұраса, оған конспектіңді бересің бе, жоқ па?» Талдау кезінде, егер қатысушылардың біреуі екіншісіне «соқтығуға» әрекеттенетін болса, екіншісі ренжіп, оның өзі кінәлы екендігін айтып, жай ғана кетіп қалуы мүмкін екендігін көрсету маңызды. Бірақ жауапкерді сөгіп тастау емес, конспектіні алу маңызды. Және ең соңғысы: егер жағдай жақсы шешілсе, жәбірленуші жауапкерден кінә сезімін, егер ол бар болса, алып тастауға көмектесуі тиіс.
«Есеп беру» Екі адам қатысады, нұсқаулықты олар да бірге алады.
Екеуі жұмыс туралы бірлескен есеп беруді жазады. Біреуі жұмыстан ертерек кетеді. Бастық кіріп, есеп беруді алып кетеді де, бұл біреуінің есеп беруі деп шешеді, енді екіншісіне: Петров өз есеп беруін тапсырды, сен өз есеп беруіңді алып кел, - деп айтады. Адам сасқалақтап, бірден не жауап берерін білмей қалады.
Қатысушыларға арналған нұсқаулық: «Сендер дәлізде кездесесіңдер. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?».
«Мақала». Екі адам қатысады, нұсқаулық екеуіне де оқып беріледі.
Сендер мақаланы бірге жаздыңдар. Біреуің мақаланы басып шығару үшін қалдыңдар да, екіншілерің үйлеріңе жарты сағатқа ертерек кеттіңдер. Бастық кіріп, мақаланың аттестациялау кезінде қатты көмектесетіндігін, оны қызметінде жоғарылатуы мүмкін екендігін айтады да, ол адам екінші фамилияны алып тастайды. Бірнеше күннен кейін мақала басылған журнал шығады да, бір фамилия ғана көрсетіліп тұрады.

«Журнал» Қатысушыға арналған нұсқаулық: «Сен кеше жұмысқа бір досың саған уақытша берген журналды алып келдің, ол оны Америкадан алып келген болатын. Бұл журналды сенен екінші қатысушы сұрап алды да, оны кешке қарай көлікте жоғалтып алды. Досың оған журналды таңертең қайтарып беруді өтінді, ал сен, оның жоғалып қалғанын білмей, уәде беріп қойдың. Сендер дәлізде кездесесіңдер де, былай дейсіңдер...».
«Мойын орауыш». Қатысушы екеу (міндетті түрде әйел адамдар).
Нұсқаулық: «Саған кеше сенің сүйіктің өзі Үндістаннан алып келген мойын орауышты сыйлады. Мойын орауыш өте әдемі, сондай ерекше. Құрбың сенен осы мойын орауышты бір сауық кешіне барып келуге сұрап алды да, сауық кешінде мойын орауыш балауыз шамға тиіп кетіп, күйіп қалды. Сен, оны білмей, өзіңнің досыңа ертең оны театрға тағып баратыныңа уәде бердің. Сендер құрбың екеуің кездесесіңдер. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?».
ҚАҚТЫҒЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Қақтығыстар туралы әңгімеде Томастың «Қақтығысты жағдайлардағы мінез-құлықтың бес тәсілі» деп аталатын пікіртерімі бойынша теория беруге болады.
Бірінші тәсіл «кету» деп аталады. Адам қақтығыстан барынша қашқақтайды, кез келген жағдайда ештеңе болмағандай кейіп танытуға тырысады; мұндай адам өзін қақтығысқа жоқ адам деп санайтынын, өзінде қақтығыстардың мүлдем дерлік болмайтынын жиі айтады.
Қақтығысты жағдайлардағы мінез-құлық тәсілдері
Бірақ, шын мәнінде, егер бұл тәсілді кәдімгі, тұрмыстық мысалда қарастыратын болсақ, басқаша көрініс шығады. Қақтығыстан кетудің нәтижесінде оның қатысушыларында наразылық жинақталып қалуы мүмкін екен. Екі адамның бір уақытта бір телевизордан екі түрлі бағдарламаны көргісі келетіндіктерін елестетіп көріңіздерші. Айтарлықтай қарапайым жағдай. Біреуі футбол көргісі келетінін, екіншісі сүйікті фильмін көргісі келетіндігін айтады. Осыдан кейін олар үнсіз қалады. Егер екі адам да қақтығыстан қашқақтау қағидатын ұстанатын болса, олардың мұндай жағдайда не істеулері тиіс екендіктері түсінікті – телевизорды өшіріп, өшірілген экранға қарап отырулары тиіс. Әрине, өмірде бұл азырақ дәрежеде драмалық болып көрінуі мүмкін. Мәселен, олар өз істерімен айналысып кетулері, немесе қандай да бір үшінші бағдарламаны қосулары және т.б. мүмкін. Бірақ жағдайдың мәнісі бұрынғы күйінде қалады: біреуі де қалағандарын алмайды. Және, әрине, бір-бірі туралы: «егер ол болмағанда, мен тыныш қана өзімнің ... көріп жатар едім», - деп ойлайды. Егер бұл жағдай бірнеше рет қайталанса, бір күні, біріншісіне телевизор қажет емес болып, ал екіншісі телевизор көргісі келетіндігін айтса, біріншісі оның да, бірақ басқа бағдарламаны көргісі келетінін айтуы мүмкін. Мәселе принциптік болып алған.
Қақтығыстық жағдайлардағы мінез-құлықтың екінші тәсілі «егес» деп аталады. Бұл тәсілді қолдану бір адамның жеңіп, екінші адамның жеңілуіне алып келеді, яғни, біреуі 100 % ұтысты алады да, екіншісі нөлді алады. Жеңіп шыққан адам сондай-ақ кінә сезіміне де, ал жеңіліс тапқан адам ренішке ие болуы мүмкін. Мұны біздің телевизор туралы мысалымызда қарастырайық. Біреуі пультты алады да: «Мен өзімнің футболымды көремін, мені сенің проблемаларың қызықтырмайды», - дейді. Ол қазір жеңді, бірақ бүкіл өмір бойына жеңген жоқ. Ал егер екіншісі оның бетпақтығынан бүгін сасқалақтап қалса да, ертең ол бұған дайын болады да, қаттырақ қарсылық білдіреді. Егер біреуі екіншісінен анық күштірек деп ойласақ та, бәрі бір екіншісі қарсылық білдіре алады. Мысалы, келесі жолы телевизордың пультын тығып тастайды немесе әлденені сындырып тастайды және т.б. Осылайша, мінез-құлықтың бұл тәсілі ұзақ мерзімдік перспективада тек теріс салдарға ие болып шығады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Девиантты балалармен жасалатын тренингтер

шағым қалдыра аласыз