|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 7 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№9 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының құрылысы. ДНҚ репликация механизмі.
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2025 жылғы " 21 " ______02______
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Wordwall.net, Кинометафора, Тест сұрақтар )
Пәнаралық байланыс: Химия
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
-РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы
Тәрбиелік:
-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
-ой өрісін кеңейту:
-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас орната білу;
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2. Күтілетін нәтижелер
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін «Wordwall» әдісі бойынша биологиялық диктант арқылы тексеріледі.

1. Ингибиторлардың қатысумен катализдік белсенділіктің төмендеуі фермент белсенділігінің ............................... деп аталады.
2.Ингибиторлар ............................ белсенділігін төмендететін заттар.
3.Ингибиторлар беріктілік деңгейі әртүрлі ферментермен өзара әрекеттесуіне байланысты ................................. және ................................ ингибирлену деп ажыратылады.
4. ................................. ингибирлену деп ферменттің белсенді орталығымен байланысқан және фермент - субстрат кешенінің пайда болуына кедергі келтіретін ингибитор туғызған ферменттік реакция.
5. ............................ .................... ингибирлену деп бәсекелес ингибитор ферментпен белсенді орталықтан ерекшеленетін аймақта әрекеттесетін ферменттік реакцияның ингибирленуін айтамыз.
6. ........................................ ингибирлену ингибитор молекуласы мен фермент арасында ковалентті тұрақты байланыстар пайда болғанда байқалады.
7.Көбіне .................................... ферменттің белсенді орталығы ұшырайды, нәтижесінде фермент катализатор қызмет атқара алмайды.
8.Ферменттерді қайтымсыз ингибирлеуге негізделген дәрілік препараттарға мысал ретінде кең қолданылатын препарат .......................... алуға болады.
9.Белсенді орталыққа әсер ететін белсендіргіштер тобына металл ........................, коферменттер, субстраттың өзі жатады.
10.Белсендіргіш ферменттің белсенді орталығынан тыс байланысатын болса, ферменттің ........................... модификациясы жүреді.
Биологиялық диктант жауабы
1. ингибирленуі
2.фермент
3. қайтымды, қайтымсыз
4. Бәсекелес
5. Бәсекелес емес
6. Қайтымсыз
7. модификацияға
8. аспиринді
9.иондары
10. ковалентті
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
«Кинометафора» тәсілі арқылы Дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының құрылысы. ДНҚ репликация механизмі тақырыбында бейнекөрсетілім:
ДНҚ-ның негізгі қызметі
тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтау болып табылады.
Нәруыз молекуласындағы амин қышқылдарының бірізділігі ДНҚ
молекуласында нуклеотид қалдықтарының орналасатын ретімен
анықталады

ДНҚ тұқымқуалаушылық ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа беруге қабілетті. Бұл өздігінен екі еселену ның қабілетіне, яғни репликациялану қабілетіне байланысты. ДНҚ екі комплементарлы тізбекке бөлінуге қабілетті, әрқайсысында (комплементарлық шарттарына сәйкес) нуклеотидтердің бастапқы реті қалпына келеді. ДНҚ көмегімен нәруыздардың, ферменттердің және гормондардың биосинтезі жүреді. ДНҚ-ның өзін-өзі өндіру процесі (авторепродукция) репликация деп аталады. Репликация генетикалық ақпараттардың көшірмесін жасайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар митоз нәтижесінде қалыптасатын, қосалқы жасушалардың генетикалық біркелкілігін және жасушаның митоздық бөлінуі кезінде хромосомалар санының тұрақтылығын сақтайды.
Репликация митоз интерфазасының синтетикалық кезеңінде жүреді. Хеликаза ферменті ДНҚ шиыршығының қос тізбегі арасында қозғалады және азотты негіздердің арасындағы сутектік байланыстарды үзеді. Содан кейін әр тізбек ДНҚ-полимеразасы ферменттері көмегімен, комплементарлық принциптері негізінде қосалқы тізбектердің нуклеотидтерімен толықтырылады. Репликация нәтижесінде ДНҚ-ның екі бірдей молекуласы түзіледі.
ДНҚ саны жасушада екі еселенеді. Әр жаңа ДНҚ молекуласы бір «ескі» және бір «жаңа» синтезделген полинуклеотидті тізбектен құралады.

ДНҚ құрылымы генетикалық ақпараттың сақталуына, сонымен қатар оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне мүмкіндік жасайды.
Репликация мүмкіндігі. Бұл механизм соматикалық жасушаларда диплоидті хромосома санын сақтауға мүмкіндік береді.
ДНҚ генетикалық рекомбинацияға қабілетті.
Генетикалық код – бұл барлық тірі организмдерге тән, ДНҚ молекуласында нуклеотидтер реттілігінің көмегімен нәруыздардың аминқышқылдарының реттілігін кодтау тәсілі.
Тірі жасушаларда генетикалық ақпаратты(яғни, ДНҚ-да кодталған нәруыз синтезі) екі матрицалық процестің көмегімен жүзеге асырады: транскрипция (яғни, ДНҚ матрицасында а-РНҚ синтезі) және трансляция (а-РНҚ матрицасында полипептидті тізбек синтезі).
ДНҚ- да төрт нуклеотид – аденин (А), гуанин (Г), – цитозин (Ц), тимин (Т), қолданылады. Бұл «әріптер» генетикалық кодтың әліпбиін құрайды. РНҚ-да да сол нуклеотидтер қолданылады, тек тимин урацилмен (У) ауыстырылады. осылайша ДНҚ және РНҚ молекулаларында нуклеотидтер тізбектелген кезде «әріптер» реттілігі пайда болады.
ДНҚ-ның нуклеотидтік реттілігінде болашақ нәруыз молекуласының әрбір аминқышқылына кодтық «сөзер» - генетикалық код болады. Ол ДНҚ молекуласында нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуынан тұрады. Қатарынан тұрған үш нуклеотид бір аминқышқылының «атын» кодтайды. Демек, 20 аминқышқылының әрқайсысы код бірлігі болып табылатын триплет немесе кодон деп аталатын үш нуклеотидтен тұратын комбинациямен шифрленген.
Қазіргі таңда ДНҚ шифрлері толығымен ашылған. Сондықтан ДНҚ «тіліндегі» ақпаратты нәруыз «тіліне» көшіруді қамтамасыз ететін биологиялық жүйеге тән белгілі қасиеттер жайлы айта аламыз.
ДНҚ генетикалық ақпаратты тасымалдаушы болып табылады. Бірақ нәруыз синтезіне ДНҚ жіпшелерінің бірінің көшірмесі а-РНҚ тікелей қатысатын болғандықтан, көбіне генетикалық код «РНҚ тілінде» жазылады.
Дезоксирибонуклеин қышқылының репликациялану механизмі.
ДНҚ-ның өздігінен екі еселену қабілеті (репликациялану) негізгі қызметі болып табылады. Репликация – қате жібермейтін өте нақты механизм

ДНҚ-да (кеибір вирустарда РНҚ-да), нуклеин қышқылдарының екі еселенуін, жаңа нуклеотидтердің синтезделуін жүзеге асыратын ферменттің құрылысы туралы ақпарат кодталған. ДНҚ-ның құрылысы, әсіресе оның қос тізбекті құрылымы-көшірме жасау процесін жеңілдетудің басты шарты. Себебі әр тізбек ДНҚ молекуласының синтезі кезінде матрица қызметін атқара алады. Мұндай болжамды 1953 жылы Джеймс Уотсон және Фрэнсис Крик ұсынған және оны тәжірибе жүзінде дәлелдеген болатын. ДНҚ-ның мұндай көшірме жасау механизмінде әр тізбек шаблон қызметін атқарады, ал жаңа синтезделген молекулалар гибридті болып келеді де (бір ескі және бір жаңа тізбектен тұрады), жартылай концервативті (жартылай сақтала екі еселену) деп аталады.

Жартылай концервативті түрден басқа және екі модель репликация сы ұсынылған: концервативті (сақтала екі еселену) және дисперсивті (бытыраңқы екі еселену). ДНҚ репликациясының бұл модельдерінің ерекшелігі келесі жағдайларға байланысты болады. Дисперсивті модельге сәйкес, ДНҚ-ның аналық шиыршығы екі еселенгенде әр оралымда көптеген қысқа бөлшектерге бөлінеді де, жаңадан түзілетін қос тізбектің негізі қаланады. Концервативті модельдер бойынша ДНҚ шиыршығы тарқатылмайды және жаңа қос тізбек үшін матрица қызметін атқарады. Соның нәтижесінде жаңа молекуланың біреуі бұрынғы ДНҚ-ның молекуласын, ал екіншісі жаңадан синтезделген молекуланы алады.
Уотсон және Крик тұрақты, тұйық құрылымды, қос шиыршықты ДНҚ-да өздігінен көшірме жасаудың немесе редупликацияланудың қалай жүретіндігін түсіндіруге тырысты. Олар тарқатылуға және негізін құрайтын әрбір комплементарлы жұптың сутектік байланысының үзілуі нәтижесінде бөлінуге қабілетті деп болжам жасады. Бөлінген әрбір тізбек болашақта пайда болатын тізбекке матрица бола алады, оған комплементарлық принцип негізінде сәйкес нуклеотидтер қосылады. Бұл нуклеотидтер аналық тізбекке комплементарлы жаңа тізбек түзіп, өзара фосфодиэфирлі байланыспен байланысады. Бұл процесс бастапқы молекулалардың әр бөлінген тізбегінде жүретіндіктен, нәтижесінде аналық ДНҚ-мен бірдей екі қостізбекті құрылым түзіледі. Репликацияның мұндай түрі жартылай концервативті деп аталады, себебі әр пайда боған жаңа молекладағы бір тізбек – ескі (аналық), ал екіншісі тізбек жаңа синтезделген (қосалқы) болады. Бұл механизм бөлінетін әр жаңа жасушаның ДНҚ молекуласының аналық және жаңа синтезделген тізбектен тұрады гибридті қостізбегін алуға мүмкіндік береді.
Тұқымқуалаушылық материалының химиялық табиғи анықталғаннан кейін хромосома репликациясының, дәлірек, генетипінің мәселен ДНҚ репликациясының мәселесіне айналды. Бұл мәселенің шешілуінің алғышарттары 1953 жылы Ф.Крик және Дж. Уотсонның құрастырған ДНҚ құрылысының моделі болды.
Қос оралымның құрылысы ДНҚ репликациясының қарапайым механизмін ұсынуға мүмкіндік береді: қос орлым алдымен тарқатылады, тізбектер ажырайды. Содан кейін біртізбекті ДНҚ молекуласының жартысы әрі қарай толық екітізбекті молекулалар құрады: жаңадан синтезделген тізбектің нуклеотидтерінің реттілігі комплементарлық принцип негізінде және тізбектегі (аналық) бар нуклеотидтердің орналасуына қарай анықталады. Немесе былай айтуға болады: ескі нуклеотидті тізбектер жаңа тізбектердің синтезінде матрица қызметін атқарады. Нәтижесінде бастапқы молекулаға ұқсас екі қостізбекті ДНҚ молекуласы түзіледі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Тест сұрақтар:
("Есте сақтау" деңгейі)
1. ДНҚ молекуласындағы
негізгі құрылымдық бірлік
қалай?
A) Нуклеотид ✅
B) Әминқышқыл
С) Полисахарид
D) Фосфолипид
Е) Липид
2. ДНҚ-ның құрамына кіретін
азоттық негіздер қатарына жатпайтыны
қайсы?
A) Аденин
B) Тимин
C) Цитозин
D) Гуанин
E) Урацил ✅
3. ДНҚ молекуласы қай құрылымдық модель арқылы
сипатталады?
A) Бета-қатпарлы
B) Альфа-спираль
С) Қос спираль ✅
D) Глобулалық
E) Липидті қабат
4. ДНҚ репликациясы кезінде қос тізбектің
ажырауын қандай фермент катализдейді?
A) Лигаза
B) ДНҚ-полимераза
C) Геликаза ✅
D) Транскриптаза
Е) Рибосома
5. ДНҚ молекуласы алғаш рет қай ғалымдардың
арқасында ашылды?
A) Уотсон және Крик ✅
B) Менделеев және Бойль
C) Линней және Дарвин
D) Павлов және Сеченов
E) Флеминг және Пастер
("Түсіну" деңгейі)
1. ДНҚ-ның екі тізбегі
бір-біріне қандай принцип бойынша
комплементарлы?
A) Полярлық
B) Азоттық негіздердің сәйкестігі ✅
C) Тілдердің бірдейлігі
D) Коваленттік байланыс
E) Фосфаттық байланыс
2. ДНҚ молекуласының
құрылымдық тұрақтылығын қандай байланыс қамтамасыз
етеді?
A) Иондық
B) Коваленттік
C) Сүтектік ✅
D) Дисульфидтік
Е) Металлдық
3. ДНҚ репликациясы қандай модель бойынша
жүреді?
A) Консервативті
B) Дисперстік
C) Жартылай-консервативті ✅
D) Радикалды
Е) Біртекті
4. ДНҚ репликациясы қандай жолмен
жүреді?
A) Г1 фазасы
B) S фазасы ✅
C) Г2 фазасы
D) Митоз
E) Телофаза
5. ДНҚ-ның негізгі қызметі
қандай?
A) Энергия сақтау
B) Ақуыз синтезін катализдеу
C) Генетикалық ақпаратты сақтау және тарату ✅
D) Көмірсуларды ыдырату
E) Жасушаны қорғау
("Қолдану" деңгейі)
1. Егер ДНҚ тізбегінің
бір бөлігі 5'-АТГЦГА-3' болса, оған комплементарлы тізбек қандай
болады?
A) 5'-ТАГЦГТ-3'
B) 3'-ТАГЦГЦТ-5'
С) 3'-ТАКГЦТ-3'
D) 3'-ТАГЦГТ-5' ✅
E) 5'-ТАГЦГТ-5'
2. ДНҚ молекуласының
репликация процесінде жетекші тізбекті қандай бағытта
синтезделеді?
A) 5' → 3' ✅
B) 3' → 5'
C) Кез келген бағыт
D) Бірнеше бағытта
E) Центромерадан периферия

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
Тапсырма: Тұқымқуалаушылық ақпараты қандай процестердің нәтижесінде берілетінін оқып түсінік беру.
Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология 58-63 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының құрылысы. ДНҚ репликация механизмі.

шағым қалдыра аласыз