Материалдар / Диалог арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диалог арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Диалог арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Диалог арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

 

        Диалог арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту тақырыбын алу себебім: оқыту мен білім беру жүйесінде жаңа тиімді тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабақ үлгеру сапасын стандартқа сай білім мен біліктілігін арттыру.

       Оқушылардың ой – өрістерін жан – жақты дамыту, сабаққа деген қызығушылығын, ынта -жігерін, танымдық қабілеттерін арттыра отырып, еркін ой қорытып, мәнерлі де мағыналы сөйлеуге үйрету.

       Мектептегі басты тұлға – мұғалім, ал оқу процесінің негізі – сабақ. Демек, мұғалім әр сабақтың тиімді, әрі сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті. Сабақтың сапасын арттыру – оқушының сабақ үлгеру сапасын арттыру болып табылады. Осыған орай оқыту мен білім беру жүйесінде жаңа тиімді тәсілдер кеңінен орын алады.

       Ж. Аймауытов:

       «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңа табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланың қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын, өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу. Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс – әрекеттері арқылы ғылым, білік дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісін бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

      Тіл мен әдебиет – ұлт байлығы, қымбат қазына. Тіл мен әдебиет – ұрпақ арасын жалғар алтын көпір, ақыл – ойдың түйінін танытар асыл қазына.

      Пәнге қызығушылықты мынадай жолдармен жүргізуге болады.

      Сонымен қатар келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Модульдік бөлікті сабақты өткізу.

      Қазіргі оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялар дендеп енуде.

        Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.

        Оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.

        Оқушы таңдап алған танымдық – білімділік түсініктерді бір – бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді.

      Ғалым М.М. Жанпейісованың жаңа модульдік технологияны пайдаланып, мемлекеттік тілді мектеп қабырғасында тиімді оқыту әдістерін ұсынып келеді.

      Модуль латынша өлшем, шама, мөлшер деген сөз.

      Модульдік технология ең алдымен жоспарлығымен, жүйелігімен, тақырыптарға бөлінуімен ерекшеленеді. Тиімді белгілерінің бірі – оқушылардың белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

      Модульдік технологияның оқыту мақсаттарының бірі – қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді меңгеру болғандықтан, коммуникативтік әдістерді пайдаланамын.

     Коммуникативтік құзыреттілік – сөйлеу әрекеті. Сөйлеу әрекетіне – монолог және диалог жатады. Ол ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазбаша жазу мәдениетін меңгерту.

     Модульдің нәтижелі болуын көздеп, сөйлеу сабағының түрін өзгерте отырып, әр түрлі белсенді әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы іске асырамын. Олар: жұптық, топтық, ұжымдық, жеке топтық. 

      Жұптық оқыту кезінде тілдік қатынас екі адамның арасында жүргізіледі. Бұның негізгі ерекшелігі – диалог арқылы жүзеге асырылады.

      Топтық оқытуда шағын 3-5 баладан тұратын оқушылар арасындағы қарым – қатынас жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың дұрыс сөйлеуіне, білімін жетілдіруіне негіз болады.

      Өз тәжірибемде «Модульдік оқыту технологиясы», «Дамыта оқыту технологиясы» бойынша әдіс – тәсілдерін пайдаланамын. Бұл технологиялар оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылығын, жеке қабілетін дамытуға бағытталған.

     Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады деп атап көрсеткен. Әңгімелесудің 3 түрі бар:
1. Зерттеушілік әңгіме
2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме)
3.Топтық әңгіме
Іс – тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім. Әңгімелесу – мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп,олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ – жауап, рөлдік, тапсырманы орындату , жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.

      Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде төмендегі әдістерді жүйелі қолданудың пайдасы бар екендігін айтуға болады.

Сұрақ-жауап әдісі: Бұл әдіс әсіресе мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.

Ситуация арқылы сөйлеу әдісі:

Сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрау естіген оқиға туралы ойын жеткізу.

Өз ойын айту әдісі:

Оқушыларды ойлану арқылы ойын ауызша жеткізуге дағдыландыру.

Әңгімелесу әдісі:

Оқушылардың білімдерін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушылармен де әңгімелесу арқылы қорытынды жасау.

Ойын әдісі:

Оқушының тілін дамытып, еркін сөйлеу қабілетін жетілдіреді.Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын элементтерін кірістіріп отырудың маңызы зор.

Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс.Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Мен отырмын.

Мен сыныпта отырмын.

Мен жарық сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.

     Оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, басқаны түсіну керек, оқыған шығарманың мазмұнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білу керек. Бұл үшін сабақ барысыдна мәтіндер қолданылады.

      Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдаларын қалыптастыру. Баланың тілін дамытуда мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді.

Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз.

Сұхбат құрастыру

Монолог

     Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды орындау.

А)Сөйлемдерді толықтыру.

Ә) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру.

Б) Сұрақтарға жауап беру.

В) Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу.

Г) Мәтінді жоспарлау.

Д) Сөйлемдерді ықшамдау. Сөйлемдерді кеңейту.

Е) Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу.

    Сұхбат (диалог)

Мәтінмен жұмыстың ең қажетті, ең негізгі түрі - оқушыларды сөйлеу, яғни екеуара сөйлесуін ұйымдастыру.

Осыны іске асыру барысында түрлі әдіс пайдалануға болады: бүл интенция әдісі (одағай, қыстырма сөздері пайдаланып жолдасының айтқанымен келісу/келіспеу, сөзін құптау/құптамау), инновациялық әдіс - сөйлеу жағдаяттарына (түрлі ситуацияларға), сөйлету, және проблемалық тәсіл-белгілі бір тақырыпқа проблема құрып, сол проблеманы шешу-(интерактивная методика дейміз).

Бұған:

а)драматизация әдісін пайдаланып, әңгімені рөлдерге бөліп оқу;

ә) рөлдік ойындар;

б)сөйлеу жағдаятын туғызу;

в) мақал-мәтел, нақыл сөз, дәстүр бойынша әңгімелету, ситуация құрастыру;

г) оқушыларды ойландыратын сұрақтар қою жатады

      Монолог.

Тіл үйренушілер сұрақ қойып, оған жауап беріп қана қоймай, ойын, пайымдаудың бір бүтін мәтін арқылы жеткізе алу керек,

Осыған байланысты жұмыс түрлері:

а)Жоспар бойынша әңгімені мазмұндау.

ә) Әңгіменің ұнаған эпизодтарын теріп алып мазмұндау.

б) Әңгіменің ең негізгі эпизодтарын мазмұндау.

в) Шығарма оқиғасының басталуын, байналысын, дамуын айқындау.

     Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін дамытуда әр – түрлі әдіс –тәсілдерді қолдануға болады.

        Ой – шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

     Жұмбақ құрастыру. Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал – мәтелдер құрастыру. Мұнда бала біріншіден ұйқас сөз табуға ойланады, екіншіден баланың қызығушылығы артады.

       Шығарма жаздырту. Бастапқы кезеңде бұл үйрету мақсатында жүреді. Көмек ретінде тірек сөздер беріледі, сюжетті суреттер арқылы дайындық жұмысы жүргізіледі. Шығарма жаздыртудың бір ерекшелігін ұғатын жері – кейбір бала өз ойын ауызша айтқаннан гөрі жазбаша жақсы жеткізеді.

       Мәтінді ертегі, әңгіме сияқты тапсырмаларда оқушылар өз бетінше мазмұндап өз бетінше аяқтау көзделеді. Бұл тапсырмада оқушылардың сөздік қоры молайып, бала қиялы дами түседі деп ойлаймын.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыта отырып, монолог, диалог, сұрақ –  жауап, мәтін бойынша жұмыстарға көп көңіл бөлемін.

      Әр сыныпта ауызекі сөйлесе алу, кез келген тақырып бойынша қысқаша өз пікірін білдіру, қарым – қатынас жасауға, өз ойын жазбаша сауатты жеткізе алу мәтінді оқып әңгімелей алу, мәтін бойынша сұрақ – жауап ұйымдастыру, нақышына келтіре оқу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, оқушыны коммуникативтік тілдік қатынас деңгейіне жеткізу арқылы қазақ тілінде пікірлесу құралына айналдыру әр – мұғалімнің тікелей басты мақсаты.

      Қорытындылай келе, жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану оқушылардың жеке басының дамуына, оқу шеберлігін қалыптасуына, өздік және өзара бақылаудың, өзінің оқу қабілетін бағалаудың дағдыларын жетілдіруге көмек береді. Бұл оқушылардың білімді меңгерудегі алға жылжуын қамтамасыз етеді және білім сапасын арттырудың басты негізі болып табылады. 

     Оқушылардың сөздік қоры молайып, қабілеті төмен оқушы саны азайып, ойларын еркін ,өз сөзімен жеткізуге үйреніп, бір-біріне сұрақ қойған кезде ойланып жоғары мәртебелі сұрақтың маңыздылығын түсініп , тақырып бойынша бір-бірімен пікір таластырып отырады. Сабағымда «оқушы-оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі қолданып отырамын.
      Кембридждік оқыту технологиясы білім саласында жүргізілетін жаңа реформаның бастамасы болғандықтан, күтілетін нәтижесі де зор.7 модульді терең игеріп, оқу үдерісіндегі сабақ беру әдістемесіне үлкен өзгерістер енгізе отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға,әр оқушының сабақ үстінде өзін және өзгенің әрекетін бағалап, топпен жұмыс жасап,өмірлік қажеттіліктерін шеше білуге үйретулері керек деп ойлаймын. 

 

 

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!