400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диалог «диалогтік оқыту» ұғымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістерінің педагогика мен оқыту салаларына жылдамдықпен енгізілуіне байланысты «ескірген» дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған, сыннан өтіп жатқан заманауи педагогикалық технологиялармен алмастырудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін анықтаудың маңыздылығы заман талабы болып табылуда. Сол аталмыш педагогикалық технологиялардың қатарына диалогтік оқыту технологиясы да енері сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Диалог «диалогтік оқыту» ұғымдары


Қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістерінің педагогика мен оқыту салаларына жылдамдықпен енгізілуіне байланысты «ескірген» дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған, сыннан өтіп жатқан заманауи педагогикалық технологиялармен алмастырудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін анықтаудың маңыздылығы заман талабы болып табылуда. Сол аталмыш педагогикалық технологиялардың қатарына диалогтік оқыту технологиясы да енері сөзсіз.

Диалогтік оқытуды талдамас бұрын бұл оқыту технологиясының негізінде диалог жататындығын айта кетіп, диалогтің мәні мен мазмұнын анықтап алсақ. Түрлі түсіндірмелік-анықтамалық оқулықтарды «диалог» сөзін «екі адам немесе екі жақ арасындағы келіссөздер немесе келісімдер» деп келтірілген. Яғни, оқыту процесінде тек педагогтің сөзсімен ғана емес білім алушылар арасында, біздің тақырыбымыз бойынша оқушылар мен мұғалім арасында, кейіннен оқушы мен оқушы арасындағы пән тақырыбын талдау, пікір-таластар ұйымдастыру, дөңгелек үстел, т.с.с. тәсілдерді сабақта кеңінен араластырып қолдану-осы аталғандардың негізінде диалогтік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.

Диалогтік оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері мен жолдары, тәсілдері туралы зерттеушілер қатарына келесі авторларды атай аламыз: И. А. Зимняя, В. Болотов, Н. И. Волков, Р. Джонсон, Дж. Спиро, Д. Джонсон, Е. В. Коротаева, Н. А. Морева, В. В. Рубцов, А. Ю. Уваров, Р. Л. Хон, Г. А. Цукерман.

Диалогтік оқыту технологиясының оқыту процесіндегі кезеңделуіне тоқталған И. Зимняя оқытудың диалогтік түрін орта мектепте ұйымдастырудың келесідей бірізділікті сақтауды ұсынады:

-оқу материалымен оқушыларды немесе білім алушыларды таныстыру.

-оқу материалының өзекті мәселесін анықтау, оқушылардың немесе білімгердің алдына көкейтестілігі басым мәселені алға тарту.

-оқу материалының өзекті, бүгінгі күнде шешімін табуды талап ететін мәселені оқушыларды топтастыру арқылы шешу жолдарын қарастыру.

-оқытудың ақпараттық технологияларына негізделген сабақ.

-оқушының өзіндік ойлауына, эмоция-сезімі мен іс-әрекеттеріне өзіндік бақылау жасауы.


Кесте-1. Орта мектеп жағдайындағы диалогтік оқытуды қолданудағы ұстанылатын бірізділік (И. Зимняя бойынша)


р/с

Диалогтік оқытуға негізделген сабақтағы ұстанылатын бірізділік іс-әрекеттер

1

Оқушыларды оқу материалымен таныстыру.

2

Оқу материалының өзектілігін анықтау.

3

Оқушыларға оқу материалындағы өзекті тақырыпты алға тарту, ұсыныс беру.

4

Оқушыларды топтастыру арқылы оқу атериалының өзекті, бүгінгі күнде шешімін табуды талап ететін мәселені шешу жолдарын қарастыру.

5

АТ негізделген сабақты жобалау/ұйымдастыру.

6

Оқушының өзіндік ойлауына, эмоция-сезімі мен іс-әрекеттеріне өзіндік бақылау жасауы.


Десек те, қазіргі заманауи оқыту технологияларының көп түрлілігі мен кең мүмкіндіктеріне қарамастан биалогтік оқыту технологиясын орта мектепте жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына қатысты көптеген «қате» пікірлер мен әдістемелік жағынан түсініспеушіліктер молынан кездестіре аламыз. Мәселен, интерактивті оқыту мен диалогтік оқыту технологияларының атауына және терминдік-анықтамалық тұстарына қатысты керітартпа пікірлер мен иүсініспеушіліктерді атап өтсек. Диалогтік оқыту термині ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында педагогтер мен әдіснамашылардың арасында кеңінен қолданысқа ие болғандығына қарамастан барлық дерлік анықитамалық жинақтарда интерактивті оқыту мен диалогтік оқыту «екі адамның немесе екі тұлғаның арасындағы қарым-қатынас пен коммуникацияға негізделген оқыту тәсілі (методика)» деген анықтамамен ғана шектеулі.

Интреактивті оқыту мен диалогтік оқытудың ұқсастығына қарамастан (кейбір ғалымдар интерактивті оқытуды диалогтік оқытумен тікелей ұқсастырып, синоноим мағыналас сөз, сондықтан бұл екі оқыту технологиясы бірегей деген ұсыныс та айтады (мәселен Н. Суворова)) диалогтік оқыту бөлек, интерактивті оқыту бөлек технология. Кейбір авторлар диалогтік оқытуды интерактивті оқытудың бір түрі ретінде деген де ұсыныстар айтары өтірік емес.

Диалог грек тілінен аударғанда «екі адамның арасындағы әңгіме-дүкен» деген мағынаны білдірсе де, педагогика ғылымында диалог адам арасындағы әңгімелесуші құрал, тілді байытуға түрткі жасайтын тәсіл ретінде емес, оқыту үрдісін ұйымдастыруда сабақ тақырыбының мәселелік тұстарын егжей-тегжейлі талдауға көмектесетін, оқушылардың (немесе білімгерлердің) өзара қарым-қатынас түсуі арқылы қол жеткізудің мүмкіндіктерін қарастыратын оқыту әдісінің (технологиясының) бір түрі ретінде алға тартылады.

Диалогтың педагогика саласында қолданылу мүмкіндіктері мен шарттарын зерттеушілер қатарына: М. М. Бахтин, Л. А. Беляева, В. С. Библер, М. Бубер, Г. Буш, М. С. Каган, Е. И. Казакова, Т. Б. Казачкова, М. В. Кларин, И. А. Колесникова, Е. В. Коротаева, Ю. Н. Кулюткин, С. Ю. Курганов, Л. М. Лузина, М. Н. Певзнер, А. П. Тряпицына атап өтуімізге болады.

Диалогтік оқыту ХХ ғасырдың соңында әдіснамашылардың арасында кеңінен қолданысқа ие бола басталды дегенімен Ежелгі Грекция мен Ертедегі Римде білім алушылардың арасында пікір-таластар мен өзара тартыс мәселелерді диалог арқылы талқылау негізінде сабақты ұйымдастырудың (Сократтық талдаулар) түрі кеңінен ұйымдастырылғандығын ескерсек, диалогтік оқытудың тарихи тереңге тартылғандығына көз жеткізе аламыз.

Ертеден бастау алған диалогтк оқытудың маңыздылығы мен педагогикалық саладағы алар ролі әлі күнге дейін өз орнынан қалмаған.

Диалогтік оқытудың маңыздылығын адамның ойлау жүйесіндегі механизмдерін анықтау арқылы көз жеткізе аламыз. Адам өз–өзін жетілдіреді, адам өскен сайын ойлау жүйесі де күрделене түсетіні белгілі. Десек те адамның күрделі тұрғыдан ойлануына басқа адам әсер етеді. Біздің жағдайымызда адамды күрделі ойлануына түрткі болатыны бұл басқа адамның әңгімесі, ой-пікірі, яғни қарым-қатынасқа (диалогқа) түсу арқылы адамның ойлану жүйесі күрделене түседі.

ТМД аумағындағы педагогтардың ішінде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде диалогтік оқыту мәселесіне арналған зерттеулер саны жеткілікті. Оларға:

-қарым-қатынастың педагогика саласындағы алар орны мәселесін зерттеушілерге: Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов, А. В. Петровский;

-педагогикалық психология саласында өзара байланысқа негізделген педагог пен оқушының, оқушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық үрдістегі алатын ролін зерттеушілер қатарына: В. А. Кан-Калик, А. В. Мудрик, В. А. Сухомлинский;

-оқушы мен оқушы арасында, ең бастысы оқушы мен педагог арасындағы педагогикалық қарым-қатынастағы диалогтың маңыздылығын зерттегендер қатарына: А. К. Маркова, Т. К. Мухина, Г. А. Цукерман.

-диалогтік оқытудың мәні мен мазмұнына қатысты анықтамалық-терминдік тұстарын анықтағандар қатарына: М. М. Бахтин, М. А. Глушенко, Г. М. Кучинский.

-орта мектепте, жалпы білім беру мекемелерінде диалогтік оқытудың енгізудің педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін зерттеген қатарына: Т. А. Ильина, М. В. Каминская, Е. В. Коротаева, С. Ю. Курганов, В. Ф. Литовский, Е. Л. Мельникова, С. Л. Рябцева.


Кесте-2. Диалогтік оқыту мәселесінің зерттелуі (ТМД аумағында)


р/с

Диалогтік оқыту технологиясына қатысты зерттеулері

Авторлар мен ғалымдар

1

қарым-қатынастың педагогика саласындағы алар орны:

  • А. В. Мудрик,

  • В. А. Кан-Калик,

  • В. А. Сухомлинский;

2

педагогикалық психология саласында өзара байланысқа негізделген педагог пен оқушының, оқушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық үрдістегі алатын ролі:

  • А. В. Мудрик,

  • В. А. Кан-Калик,

  • В. А. Сухомлинский;

3

оқушы мен оқушы арасында, ең бастысы оқушы мен педагог арасындағы педагогикалық қарым-қатынастағы диалогтың маңыздылығын зерттегендер:

  • А. К. Маркова,

  • Г. А. Цукерман.

  • Т. К. Мухина,

4

диалогтік оқытудың мәні мен мазмұнына қатысты анықтамалық-терминдік тұстарын анықтағандар:

  • Г. М. Кучинский.

  • М. А. Глушенко,

  • М. М. Бахтин,


5

орта мектепте, жалпы білім беру мекемелерінде диалогтік оқытудың енгізудің педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін зерттеген қатарына:

  • В. Ф. Литовский,

  • Е. В. Коротаева,

  • Е. Л. Мельникова,

  • М. В. Каминская,

  • С. Л. Рябцева.

  • С. Ю. Курганов,

  • Т. А. Ильина,


Е. В. Коротаева интерактивті оқыту негіздерін зерттеген әдіскер болғандықтан, осы аталмыш автордың диалогтік оқытуға қатысты тұжырымдарына және де интерактивті оқыту мен диалогтік оқытуды бір технология деп қарастыруын атап өткеніміз жөн болар. Автор диалогтік оқытудың сабақ барысында қолданылуына қарай екі түрге ажыратуды ұсынды, оларға:

-диалог-имитация.

-талқылаушы диалог.

Бірінші диалогтік оқыту тәсілімен ұйымдастырылған сабақта диало оқытушы мен оқушылар арасында жүріп, мұнда оқытушы сауал қояды, оқушылар топтасып немесе жеке-жеке жауап береді. Сонда мұғалім мен сынып арасындағы имитациялық диалог құрылған болып саналады деген автор (яғни Е. В. Коротаева) бұл сабақты бастамастан алдын қойылатын сұрақтар да, талқыланатын мәселелер де алдын ала жан-жақты дайындалуы қажеттілігін ескертеді. Осы тәсілмен ұйымдастырылған сабақта жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылса сабақтың тиімділігі одан әрі арта түсетіндігін де автор атап өткен.

Екінші диалогтік оқытудың тәсілі-талқылаушы диалог. Бұл тәсіл біріншімен салыстырғанда ерекшеліктері көптеу. Ең алдымен талқылаушы диалогта тек мұғалім мен сынып арасында ғана емес сынып оқушыларының өз арасында жүргізіледі. Кейін талқылаушы диалогқа алдын ала дайындалу (сұрақтарды дайындауды меңзеуде) қажеттілігі туындамайды. Сабақтың кездейсоқ оқиғалар мен бетбұрыстарға толы болуы талқыланатын мәселенің жан-жақты қарастырылуына жол ашады. Сонымен, Е. В. Коротаева диалогтік оқытуды интерактивті оқытумен байланыстырып, өзара біріктірді және диалогтік оқытуда компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы жөнінде ескерген.

Келесі бір зерттеуші Е.А. Зайцева оқу диалогының оқушының дамуы мен тәрбиеленуіндегі ролі мен маңыздылығын анықтауға тырысып, сабақ барысында сабақ пен оқу үрдісіне емес, баланың ішкі жан дүниесіне назар аударуды ұсынады. Бұл дегеніміз, диалог жасауда (сабақ үстінде) оқушының диалогқа деген ынтасы мен ықыласы, диалог тақырыбына, талқыланып жатқан мәселеге деген құштарлығын бақылау арқылы ғана диалогтік оқыту технологиясы зор жетістіктерге әкеледі деп сенеді.


Shape2 Shape1

«мұғалім мен оқушы»

«оқушы мен оқушы»


Бағыттары:







Сурет-1. Оқу диалогының бағыттары


Е.А. Зайцева оқу диалогы кезіндегі оқушының іс-әрекеті мен оқу диалогының педагогикалық мүмкіндіктері туралы зерттеулерінде орта мектеп жағдайында сабақтарда оқу диалогының екі бағытта жүргізілетіндігін сөз етеді, ол бағыттар:

-«оқушы мен оқушы» бағыты.

-«мұғалім мен оқушы» бағыты.

Автор сондай-ақ диалогтық оқытудың келесідей ерекшеліктерді де атап өткен:

-диалогтік оқытуда оқушының әрқайсысының жеке ерекшеліктері анықталады.

-диалогтік оқытуда оқушылар өздерін өзара теңдей сезінуіне мүмкідік туады.

-оқушылардың көзқарасы бойынша айырмашылықтары мен өзара топтасуы туындайды.

-оқушылар диалог барсында өзара байланысқа түскендіктен олардың арасындағы оң қарым-қатынас пен байланыстың орнығуына жол ашылады.

-сабақ тақырыбы бойынша ұсынылатын тақырыпты оқушының барлығы дерлік ұғынуы және қабылдауы, түсінуі.

Қазақстандық авторлардан Г.В. Мустакимова диологтік оқытудың келесі бір түрі веб-семинар сабағында ЖОО шеңберінде диалог арқылы оқытудың тиімділіктері мен ерекшеліктерін анықтаған. Дегенмен, автор диалогтік оқыту арқылы шет тілі мамандығы білімгерлерінің қарым-қатынасқа түсу арқылы тіл біліктілігін арттырудың педагогикалық шарттарын қарастырған.

Отандық авторлардың тағы біреуі Мукаева А.Т. орта мектепте жаратылыстану пәндері бойынша оқушының танымдық және интеллектуалды дамуына сабақ барысында диалог элементтерін қосудың артықшылықтарын атап өтіп, автор әңгімелесу мен диалог арасындағы ұғымдарды біріктірді де, сабақ барысында оқушылар мен мұғалім арасында диалог жүргізу арқылы өтілетін сабақтың келесідей артықшылықтарын атап өтті:

-тақырып бойынша жеке ой-тұжырымдардың қалыптасуына түрткі болады.

-оқушы өз серікігінің ойын есту арқылы басқаның өзіндік ой-тұжырымдары барлығын түйсіне алады.

-оқушылардың өз ой-тұжырымдарын өзі түсініп, диалог арқылы басқаға дәлелдермен жеткізуге көмектеседі.

Автор сонымен қатар диалогтік оқытудың мұғалімдер үшін де зор көмегі бар екендігін атап өткен. Мұғалім диалогтік оқыту барысында өз оқушысының қандай деңгейде екендігін анықтауға (бақылау жұмысы барысында) түрткі болады. Диалогтік оқыту барысында оқушыларда жауапкершілік сезімі де туындап, оқушының «тұлға» ретінде қалыптасуына әсер етеді деген тұжырымды да автор атап өтеді. Диалогты оқыту үрдісінде қолданудың өзіндік шарттары мен тәсілдері бар. Жоғарыда айтқанымыздай «диалог-бұл екі адамның немесе екі тұлғаның арасындағы қарым-қатынас стилі». Осы іспеттес қарым-қатынасты оқыту үрдісінде қолданудың өзіндік ережелері мен механизмдеріне тоқталсақ.

Диалог екі адамның арасындағы әңгімелесу. Дегенмен қарапайым диалог пен оқу диалогының арасында көптеген айырмашылықтар бар. Қарапайым екі тұлғаның арасындағы диалогтың мақсаты мен міндеті, белгілі бір тақырыпты ашу, белгілі бір мәселенің нәтижеленуі үшін талдау жасауға бағытталмайды, қарапайым диалог ешбір реттеусіз, басқарусыз, бақылаусыз-ақ жүріп жатады, ал, оқу диалогының жағдайы өзгешелеу. Қарапайым диалогпен салыстырғандағы оқу диалогының келесідей басты айырмашылықтары мен өзгешеліктері бар:

-оқу диалогында мұғалімнің ролі маңызды. Мұғалім сабақты диалогтық оқытуға негіздеп жобалайды, өзі басқарады.

-оқу диалогының алдына мақсаттар мен міндеттер қойылады. Жалпы сабақтың алдына мақсат пен міндеттер қойылғандықтан оқу диалогының алдына да мақсат та, міндеттер де қойылады. Диалогқа негізделген сабақта оқушыларға белгілі бір тақырыпты жеткізу, ұғындыру басты мақсат етіліп қойылғандықтан, сабақтың алдына арнайы (белгілі бір) міндеттер де қойылады.

-оқу диалогының белгілі бір тақырыпты егжей-тегжейлі диалог арқылы анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіледі. Ал, қарапайым диалог бей-берекет ешбір ретсіз тақырыпты талдау үшін емес, көп жағдайда ой бөлісу мақсатында жүріп өтеді.

-оқу диалогы бір сабақта бір тақырыпты ашуға бағытталғандықтан, уақыты шектеулі. Ал, қарапайым диалогта уақыт шектеулігі жоқ, кез-келген тақырыптан тақырыпқа (диалогқа түсушілердің еркі бойынша) ауысып отыруына мүмкіндіктер бар.

-оқу диалогы жоспарланады. Қарапайым диалогқа қарағанда оқу диалогы бір сабаққа жоспарланады, оқу диалогының басы бар, аяғы бар. Қалай жүріп өтетіндігін мұғалім егжей-тегжейлі жоспарлап, жобалайды.


Кесте-3. Қарапайым диалог пен оқу диалогының айырмашылықтары


р/с

Қарапайым диалог

Оқу диалогы

1

Қарапайым диалогта бастаушы мен жалғастырушы ғана бар.

Оқу диалогында мұғалімнің ролі маңызды. Мұғалім сабақты диалогтық оқытуға негіздеп жобалайды, өзі басқарады.

2

Қарапайым диалогтың алдына белгілі бір мақсаттар қойылмайды, сәйкесінше міндеттер де көзделмейді.

Оқу диалогының алдына мақсаттар мен міндеттер қойылады. Жалпы сабақтың алдына мақсат пен міндеттер қойылғандықтан оқу диалогының алдына да мақсат та, міндеттер де қойылады. Диалогқа негізделген сабақта оқушыларға белгілі бір тақырыпты жеткізу, ұғындыру басты мақсат етіліп қойылғандықтан, сабақтың алдына арнайы (белгілі бір) міндеттер де қойылады.

3

Қарапайым диалог бей-берекет ешбір ретсіз тақырыпты талдау үшін емес, көп жағдайда ой бөлісу мақсатында жүріп өтеді.

Оқу диалогының белгілі бір тақырыпты егжей-тегжейлі диалог арқылы анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіледі.

4

Қарапайым диалогта уақыт шектеулігі жоқ, кез-келген тақырыптан тақырыпқа (диалогқа түсушілердің еркі бойынша) ауысып отыруына мүмкіндіктер бар

Оқу диалогы бір сабақта бір тақырыпты ашуға бағытталғандықтан, уақыты шектеулі.

5

Қарапайым диалог кейде жоспарлануы мүмкін, кейде жоспарсыз жүріп өтеді.

Қарапайым диалогқа қарағанда оқу диалогы бір сабаққа жоспарланады, оқу диалогының басы бар, аяғы бар. Қалай жүріп өтетіндігін мұғалім егжей-тегжейлі жоспарлап, жобалайды.



Қазіргі таңда орта мектеп жағдайында сабақты диалогтік оқытудың келесідей артықшылықтары мен педагогикалық тиімділіктерін атап өте аламыз:

-оқушы тақырып бойынша өзіндік оқйы мен көзқарастарын басқаның ойынан ажырата алады.

-оқушы өз пікіріне сүйенгендей басқаның көзқарастары мен тұжырымдарын сыйлауға үйренеді.

-оқушылар арасында коммуникация дамиды, қарым-қатынас деңгейі жоғарылайды.

-оқушылар топтасу арқылы бірігуге топтасуға үйренеді.

-оқушы өз тақырыбы бойынша әңгімелесу барысында оқушының дүниетанымы арта түседі.

-оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, ізденімпаздық қабілеті дамиды.

Мукаева А.Т. өз еңбектерінде жаратылыстану пәндерінде диалогтік оқыту тәсілін қолданудың келесідей мүмкіндіктерін атап өткен:

-диалогтік оқыту мұғалім мен оқушының арасында байланысты одан әрі беки түсуіне түрткі болады. Өйткені сабақ барысында мұғалім «мағлұмат ұсынушы» ролінен әңгімелесуші немесе диалогқа түсуші роліне ауысуына байланысты мұғалім оқушымен бір деңгейде сабақты тиімді өтуіне ат салысқандықтан да мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының «бұрыңғы» бағыт алмасады.

-диалогтік оқыту оқушы мен мұғалімнің проблемалық тұрғыдан ойлануына (сыни ойлауына) түрткі болары да сөзсіз. Диалогтік сабақ барысында оқушылар өзара және оқушы мен мұғалім арасында ой алмасулар жүріп жатады. Ой алмасу барысында ойланудың барл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі