жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?»
|
Коучинг тақырыбы: |
«Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?» |
|
Мақсаты: |
1.Коучинг барысында пікірлесе отырып, диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейтеді 2. Диалог түрлерін өз практикаларында қолдана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырудың маңыздылығын бағалайды. |
|
Оқу нәтижесі:
|
Сабақта диалогтік оқыту әдістерін ұтымды пайдалану туралы бағыт-бағдар алады. Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттырады. оқушы диалог құру нәтижесінде білім алатыныа көз жеткізеді. |
|
Негізгі идеялар:
|
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. (МАН 102 бет) |
|
Материалдар мен құрал-жабдықтар: |
Бас, қол, жүрек , маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген слайдтар, бағдаршам, үлестірмелі материалдар. |
Коучинг барысы
|
Коучингтің жоспарланған кезеңдері |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
Коучингтің басы (7 минут) Тынышты сәті |
Сәлемдесу.Психологиялық ахуал
туғызу. Топқа бөлу (Бас, қол, жүрек) Коуч тыныштық сәтін ұйымдастырады: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Коучинг ережелерімен таныстыру : а) еркін сөйлеңіз. ә) тақырыпты ұстаныңыз, замандастарыңызға да тақырыпты ұстануға көмектесіңіз. б) өз сұрақтарыңызбен бөлісіңіз в) басқалар қойған сұрақтарға жауап беріңіз. г) басқалардың түсініктемесіне сүйеніңіз және тыңдаңыз. д) бір-біріңіздің идеяларыңызды талқылаңыз. |
Қатысушылар бір-бірімен амандасады. Қатысушылар бір - біріне қарап жаттығулар жасайды. Суреттерді алып, топқа бөлінеді. Топ ережелерін ширатады. А-парағына жазады. Топ ішінде бағалаушы белгіленеді. Таймерді қолданып тапсырмаларды орындауға кеткен уақыт пен іс-әрекетті бақылайды. |
|
Миға шабуыл (10 мин) |
«Ой қозғау» . Коуч бүкіл топқа таныстырылым ұсынады: «1 жасар бүлдіршіндердің өзара сөйлесуі » туралы видео-ролик көрсету. |
Қатысушылар өз ойларын түйіндейді. Коучинг тақырыбын ашады. |
|
Ұжымдық жұмыс (білу, түсіну) (10 мин) |
Слайдты көреді, ой түйіндейді. |
|
|
Топтық жұмыс (қолдану, талдау кезеңі) (10 мин) |
1-топ Көмір шығаратын зауыттың пайдасы мен зияны (әңгіме-дебат) 2-топ «Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» (куммулятивтік әңгіме) 3-топ «Өсімдіктердің қоршаған ортаға пайдасы» (зерттеушілік әңгіме) Сұрақ: -Бұл қандай әңгімеге жатады? -Осы әңгіме түрлерінің қайсысын сабақтарыңызда қолданар едіңіз? |
Топпен талқылап, постер құрып, басқа топтарға түсіндіреді. Топта пікірлесіп, шешу жолын іздейді. Бір-бірінің пікірін талқыға салады. |
|
Сергіту сәті (2 мин) |
Коуч үш түрлі аспаптың атың және әуенің тыңдатады. |
Әр топ берілген аспаптарды дыбыс шығару арқылы ойнайды. |
|
Жинақтау (3 мин) |
Коуч қатысушылардың ойды қорытуға тапсырма береді Тапсырма. Ұжымдық талдау. 1.Диалог дегеніміз бұл .... 2.Диалогтік оқыту дегеніміз бұл … |
Қатысушылар тапсырма бойынша ой қорытады |
|
Бағалау |
Коуч парақша таратып береді. |
Қатысушылар берілген парақшаларға өздерін бағалайды. |
|
Рефлексия |
Бүгін не нәрсе үйрендіңіз Көңіліңізден шықпаған нәрсе болды ма? |
Қатысушылар кері байланыс жасайды. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген