400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық материал жаңартылған білім мазмұны бойынша 5-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5- 9- сыныпқа сабақ өткізу барысында қолданылатын әдс- тәсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

































«Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі»





Жаңартылған

білім мазмұны бойынша интербелсенді

әдістер





Құрастырған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Бораншы С., Бақыт Қ.









«ҚОСУ-АЛУ-ҚЫЗЫҚТЫ»


«Қосу-алу-қызықты» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылайды.

Қосу Алу Қызықты






БББ КЕСТЕСІ


Білемін Білдім Білгім келеді














Түсінік хат


Бүгінгі күн ерекшеліктерінің, тіпті проблемаларының бірі ақпараттың «ақылға симайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық» мөлшерде дамуы. Сол себепті де оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

Бұл талап білім саласында тұлғалық дамуды оқудың/ оқытудың негізі ретінде қарастырады. Осы ұстаным білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) авторитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасқа өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінсек, бүгін бізге бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгерту керек.

Дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын игерумен шектейді. Ал инновациялық көзқарас оқу/үйренудің негізін тек пәндер емей, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Интербелсенді әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, оқушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Оқытуда авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастыру қажет. Ол дегеніңіз оқуда/оқытуда интербелсенді әдістер мен технологияларды қолдану арқылы іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату, жағымды психологиялық орта құрастыру, солар арқылы оқушылар өз біліміне деген жауапкершілікті нығайтады. Мен осы дидактикалық материалды 5-9 сынып оқушыларына арнап дайындадым. Дидактикалық материал үш бөлімге жіктедім.

І бөлім сабақтың басындағы тиімді әдістер. Оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым –қатынасына негізделеді. Жағымды писхологиялық ахуал тудыру мен топқа бөлу.

ІІ бөлім сабақтың ортасындағы тиімді әдістер.

Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

- ақпаратты жан-жақты талдауға;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;

- басқа да балама пікірлерді ескеруге;

- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;

- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);





«ВЕЕР»


«ВЕЕР» әдісі арқылы қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады, солай жалғастыра береді.




























«БІЛІМ ТЕҢІЗІ»


Әдісі арқылы жүзеге асырамын. Орындау шарты Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне», ал өз біліміне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.



«ШЫҒУ ПАРАҒЫН»



«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Бүгін не үйрендің?

2.Тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

3.Келесі сабақта қандай мәселелерге көңіл аудару керек?
















ІІІ бөлім сабақтың соңындағы әдістер.

Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз.) Оқушылардың пікірлері мен қойған сұрақтары ұстаз тарапынан ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.

Кері байланыс ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.




































































«ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫ»



Топ басшылары берілген сурет бойынша өз сөздерімен 1 минут ішінде ойларын білдіреді.





«КЕЗБЕ ТІЛШІ»



1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады

4-оқушы:

Тілші сұхбат алатын куәгер.








«Ақсүйек» әдісі

Тиімділігі: тақырып бойынша көп ақпарат алуға бірін-бірі үйретуге, өзара бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Жұптық жұмыс іске асырылады. Барлық модульді өтуде тақырыптарға сәйкестендіріп өтуге ыңғайлы.

Сипаттама: үстел үстіне жұлдыздың суреттері қойылады. Бірдей боялған жұлдыздар бірігеді. Мұғалімнің нұсқауымен «Ақсүйек» әдісі басталып, сүйек лақтырылады. Осы уақыттан бастап, жұптарға тапсырма беріледі. Жұптық жұмыс бірлескен түрде жасалады. Жұмыс соңында «Күн» және «Түн» суреттері ілінеді. Оқушылар осы жұптық жүмыстан белгілі бір дағды, ақпарат үйренген болса, «Күн» жақтағы суреттің қасына, ал үйрене алмадым десе «Түн» жақтағы суретке қарай тұрады. Неліктен осы жаққа тұрғанын оқушылар дәлелдейді.

Нәтижесі: қазақтың «Ақсүйек» ойыны негізінде алынғандықтан, бұл әдіс оқушылардың жан дүниесіне жақын болып жұптық жұмысқа ынталанады. Тапсырманы орындауда бірін- бірі үйретеді және сыни түрде бағалайды, өзінің әрекетін саралайды. Жұптық бірлескен жұмысты жүргізу маңызды екенін ұғынады.





«ҚАҒАЗ БЕТІНДЕГІ САЯХАТ»

Тимділігі: ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Бұл жаттығуды әсіресе «Сыныптағы психологиялық ахуал, оқушыларды ынталандыру, ынтымақтастық атмосферасын орнату» тақырыптарын өткенде қолдану тиімді.

Сипаттама: тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір – бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады.

Нәтижесі: оқушылар бұл жаттығуда олар салынған суретте әрқайсысының үлесі бар екендігін сезініп, соңында өз саяхаттарының қайдан бастау алып, жолда қандай кедергілер және қызықты оқиғалар кездескенін анықтап, қайда келіп тоқтағанын сипаттап айтып берді.












«ШЫНДЫҚ ПА, ЖАЛҒАН БА?»

«Шындық па, жалған ба?» әдісі арқылы

берілген сұрақтар бойынша сөздерді анықтаңдар. Әр топ алдына қорап беріледі, біреуі шындық қорабы, екіншісі жалған қорабы. Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

Мысалы: Беті шып – шып терлеп, азғана бусанып, күнге шағылысты. Бұл сөйлемдегі шып – шып сөзі еліктеу емес



«АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТ»

«Айналмалы бекет» арқылы 1минут ішінде тақырыпқа байланысты сөздерді жеке топтастырады.

Мысалы: дыбысқа байланысты еліктеулерді жеке бейнелеуішке байланысты сөздерді жеке топтастырады. Топтар өздерінің жауаптарын түрлі қаламдармен жазады.













«ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР САЛАТЫ»

Оқушылар дөңгеленіп отыруы керек. Отырғанда бір орындық бос болмауы қажет. Жүргізуші ортасында тұрады. Алғашқы үш ойыншы өзінің ұнататын жемістерін атайды. Басқалары әрі қарай жалғастырып аталған жемістердің бірін таңдап алуы қажет. (мысалы,Гүлнар – алма, Марат – банан)

Мұғалім бір жемісті атайды, сол жемістің атымен аталған ойыншымен орындарын ауыстыруы керек. Мұғалімнің мақсаты – бос орындықты иелену. Орынынан айырылған ойыншы жүргізушінің қызметін атқарады. Егер мұғалім «Жеміс салаты» десе бәрі орындарымен ауысуы керек.

Ұсыныс:

Бұл әдісті топқа бөлуде қолдануға болады ( қанша топқа бөлінсе, сонша жемістердің атын атауға болады)

Нәтижесі: Физикалық қозғалысты белсенді жүргізу арқылы адам бойындағы шаршауды шығаруға болады. Топтың эмоциялық жағдайын қалыптастыруға жағымды әсер етеді.







“АНЫҚТАМАСЫН ТАБУ”

Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып,

қиылған тапсырма араластырылған күйінде оқушыларға беріледі, олар əр сөздің анықтамасын табу керек.




“СИПАТТАМА ЖАЗБА”

«Сипаттамалы жазба» әдісін қолдана отырып,

сюжетті суреттер желісі бойынша тілдік бейнелерді қолданып тапсырманы орындайды. Мысалы:Кендебайдың ерлігін өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.


















“ЕРЕУІЛ” ӘДІСІ


«Ереуіл» әдісі бойынша топтарға 3 түсті стикерлер беріледі. 3 - минутта оқушылар берілген бөлімнен І топ эпитет, теңеу, ІІ топ қайталау, ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жазады да, ІІІ топ ертегіні құрылысын талдайды да қабырғада ілініп тұрған бағдаршамға апарып жабыстырады.

























«ҚҰПИЯ ҚОЛБАСШЫ»


Барлық оқушылар шеңбер болып тұрады. Олардың бірі (жүргізуші) топтың ортасына шығып көзін жұмады . Кейін топ бір қолбасшы таңдайды, ол қандай да бір қимылдар жасайды (отырып- тұру, қол соғу, қолын көтеру т.б) топтағылар осы қимылдарды қайталау керек. Жүргізушінің міндеті – қолбасшылық жасаған кім екендігін анықтау (қимылға бастама жасаған кім) Қолбасшыны ауыстырып отыруға болады, бірақ жүргізуші оны көрмейтіндей болсын.


Нәтижесі:

Оқушылар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру.

Байқағыштық, шапшаңдық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Ұжымды жинақтауға (топтастыруға) мүмкіндік туғызады.
















«Кемпірқосақ»

Мұғалім қандай да бір түсті атайды. Әрбір оқушы сондай түсі бар киім киген адамды ұстауы қажет. Осы әрекеттерден кейін мұғалімі басқа түсті атауды жалғастырады. 5-6 түсті айтуға болады.




Нәтижесі:

Оқушылардың қарым-қатынасындағы кедергілерді жоюға тиімді. Көңіл-күйін көтеру, ынтасын арттыру.




«ТҮЙІНДІ ШЕШУ»


Оның мағынасы оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір бірінің қолынан ұстайды, екі жағындағы көршілерін есінде сақтайды. Қолдарын жіберіп, араласып жүреді. Белгі бойынша сол орындарында қозғалмай тұрып, алғашындай көршілерінің қолдарынан ұстайды. Сондағы тапсырма: пайда болған түйінді шешу.











“ТӨРТ СӨЙЛЕМ”


Пікір: Оқыған үзіндіге бір сөйлеммен пікір білдіреді.

Дәлел: Өз пікірін бір сөзбен дәлелдейді.

Мысал: Пікірін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді.

Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жасайды.


























«ЖАН – ЖАҚТЫ» ЖАЗУ


«Жан – жақты» жазу әдісі бойынша екі топқа А3 парағында тақырыпқа байланысты екі сөзді жазып беріледі. сөздерінің мағынасын қалай түсінетіндерін жазады.




























«КІМ БҰРЫН ҮЛГЕРЕДІ»


Орындықтар шеңбер ретінде арқасы ортаға қаратылып қойылады. Қатысушылардың саны орындықтардан біреуі артық болуы қажет. Қатысушылар орындықты сағат тілімен айнала бастайды. Мұғалім қолын соққан кезде ойыншылар орындыққа отыра қалулары керек. Ойын бір ойыншы қалғанға дейін жалғаса береді. ( музыканы пайдаланып ойнауға да бол ады)




«АТОМДАР»


Оқушылар шеңберге тұрады. Көздерін жұмған қалпы әр түрлі бағытта жүреді. Жүргізуші кез-келген санды атайды. Оқушылар көздерін жұмған қалпында топ құрау керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады.


Нәтижесі:

* қарым-қатынастағы кедергілерді жоюда

* топтарға бөлуде тиімді

* қатысушылардың өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды












«ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІ»


Оқушылар 2 топқа бөлінеді де бір-біріне қарама-қарсы 2 тізбек болып тұрады. Өткен тақырып бойынша бір – біріне сұрақ қояды. Сұаққа жауап берген оқушылар келесі оқушының алдына отырып, сұрағына жауап береді. Ойын осыйлай жалғасады. Тізбек аяғына жеткенше.

Нәтижесі:


Топ болып жұмыс істеуге үйрену және бірін-бірі жақсы сезіне алу. Жылдам жауап беруге және мұқияттылықты дамытуға әсер етеді.




«ШЕҢБЕРДЕ ТҰРЫП МАССАЖ ЖАСАУ»


Оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне массаж жасайды. (Мысалы: жер жыртамыз, майдалаймыз, қопсытамыз, арам шөп т.с.с) Екінші жаққа айналып массаж жасауды жалғастырады..











«МИНА АЛАҢЫ»


Бұл әдісте сұрақтар мен тапсырмалар

жазылған қағазды уқалап жерге тастап,

оқушының көзін байлаймыз да сол қағаздардың арасынан жүреді, егер қағазды басып кетсе ішіндегі тапсырманы орындайды.

















































«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»


Оқушылардың әрқайсысында қатысушы бала санына қарай парақ қағаз болуы керек. Кесте бойынша әр баламен қалай қарым-қатынас жасайсыз, бағалайсыз.


Кесте:

+2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте жағымды.

+1 – сен қарым-қатынаста ашықсың.

0 – білмеймін, сенімен көп қарым-қатынас жасамаймын.

–1 – сенімен қарым-қатынас жасау кейде жағымсыз.

–2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте қиын.

Қатысушы әр бала түгеліне дерлік бағалауы қажет. Әр қағаз бүктеліп, бағаланған адамның аты жазылып өзіне беріледі.

Әркім бағалап болған соң – тер мен – тер жеке саналып есептелінеді. Соңынан балалардың өз пікірлері тыңдалады. Соның нәтижесінде сынып ішіндегі қарым-қатынаста жағымды, жағымсыз балалар анықталады.

Жаттығу: Сол жағыңда тұрған балаға қолыңды беріп, сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап, ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз» деп ай тады.

Әрдайым жылы шыраймен, күлімдеп адамдармен қарым-қатынас жасасаңыз, қарым-қатынас сәтті болмақ.







СТУДИЯ « БАТА»


Алдынан ала «Студия» дайындалады, өтетін орны. Оқушылар арасынан бір оқушы ортаға шығып, әр оқушыға бата береді. Бата дегеніміз не?

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.

Мысалы:

Талантың судай қаптасын,

Атағың Абайдай болсын,

Абыройың Абылайдай болсын,

Жүректi болсаң Қабанбай жебесiн,

iлектi болсаң Бөгенбай жебесiн.

Наурызбайдай батыр бол,

Бауыржандай батыл бол,

Жалғыз болсаң алланы есiңе ал,

Жарлы болсаң пайғамбарды есiңе ал,

Азамат бол, арлы бол,

Қатарыңның алды бол,

Бiлiмiңмен әлдi бол!

Халқың болсын тiрегiң,

Берiк болсын бiлегiң,

Қабыл болсын тiлегiң,

Жүз жыл соқсын жүрегiң.

Дос-жараның сүйiнсiн.

Дұшпаның iштей күйiнсiн,

Басыңа бақыт құйылсын!

Әумин


«ӘРІПТЕРДІ САЛУ»


Жаттығуында оқушыларды ортаға шығарып, жұптасуларын сұраймыз. Жұптасқан адамдар түрлі әріптер жасау арқылы шыққан сөзді табады. Ол сөз өтілетін тақырыптың аты, не болмаса бір түйінді сөзі болуы мүмкін. Мысалы тақырып «Әлемнің жеті керемет» тақырыбын өткенде, оқушыларды жұпқа бөліп, Ж; Е; Т; І әріптерінен сөз жазу сұралады. Артынан: қандай сөз шықты? ол не? ол туралы не білесіңдер? т.с.с сұрақтар қою арқылы тақырыпқа көшуге болады.

























































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі