400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дидактикалық ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
жексенбілік клуб
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидактикалық ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту.

Түркістан облысының білім басқармасының

«№3 арнайы мектеп - интернат» КММ

Тәрбиеші: Садыкова Гулия Тұрысбековна

Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық қасиеттері, мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім, ойлау процесімен тығыз байланысты болады.


А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.

Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.

Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.

Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:

- ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;

- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;

- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;

- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;

- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.

Ойын барысында бала өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.

Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, тәрбиешінің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы бала өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.

Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі.

Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы:

Қабат-қабат киінген,

Жұмырланып түйінген.

Доп-домалақ көк допты,

Күнде көрем үйімнен.

Ол қандай зат, балалар,

Сорпасы тіл үйірген?

(қырыққабат)

Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны.

Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын.

Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы.

Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын.

І. Математика

1. Санды сызып таста (кесте)

2. Суреттегі геометриялық пішінді ата.

3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты?

4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема)

5. Теңгемен жұмыс

6. «Сипат тап» ойыны



«Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту-бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабакшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуындадидактикалық ойынның алатыны өте ерекше.Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.


Оқу-тәрбие үрдісінде біртіндеп ойын әрекетінен оқу-әрекетін оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барасында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыралады.


Дидактикалық ойындар – арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.


Дидактикалық ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.


Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:


- танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;


- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен


қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.


Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:


1. оқушылардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен


оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.


1. Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі


1. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.


1. Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.


Заттық дидактикалық


Сөздік дидактикалық


Дидактикалық ойынның маңызы:


1. Дидактикалық ойын қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.


2. Әрбір дидактикалық ойын ойнай білуге баулып, сөдік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады.


3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.


Сөзімді қорытындылай келе дидактикалық ойындар – балаларды өз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б)














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
25
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі