Дидактикалық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дидактикалық ойындар

(сенсорикадан).
























1«Біреу және көп» дидактикалық ойыны

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді


2 «Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.


3 «Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.


4 «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.





5«Біреуі артық» дидактикалық ойын

Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады



«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6

Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.


«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.


«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8

Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған. - Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. - Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды. - Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер. - Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой. Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды. - Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар). Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды: - Қонжықтар нешеу?


«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9

Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.


«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10

Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту. Мазмұны. 1-нұсқа. Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды. 2-нұсқа. 1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді. - Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау). 3-нұсқа. 2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.


«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды. - Қазір жылдың қай мезгілі? Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. - Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті. - Не үшін сары карточка әкелді? Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.


«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12

- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет. - Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет. - Үшінші қаңқызында сол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет. - Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады). - Сендер оларды таба аласыңдар ма?


«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13

(2-сабақтың нұсқасын қараңыз). - Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды? - Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратинаға жақын отыр? - Кім Буратинодан алыс отыр? - Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр? - Кім Карабас-Барабастан алыс отыр? Үлестірмелі материалмен жұмыс. - Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар?


Не артық? «Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14

Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.


«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды. - Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы. Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.


«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16

Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. - Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. - Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. - Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. - Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. - Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме? - Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер. - Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер. - Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе? - Аңдардың қайсысы артық? Неге? Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.


«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17

Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру. Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген. Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды. - Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет). - Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір. - Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер. Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады. -Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?


«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18

Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту. Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді. Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді. - Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады? - Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.


«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19

Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту. Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді. Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген. - Айболитке емделу үшін қанша аң келді? - Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша? - Қане, тексеріп көрейік (санайды). - Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру). - Кім бірінші? Кім екінші? - Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...) - Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер. - Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты. - Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді? Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді


«Не өзгерді» ойыны №20

Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.



«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21

Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету. 1-нұсқа. Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді. Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады. 2-нұсқа. Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді. Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді. - Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).


«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды. «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23 Қапшықта геометриялық пішіндер: Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады. 4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді. «Жеті» - көсеу баяғы, Жалғыз оның аяғы. 7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.


«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.





Сөздік ойыны № 25

1-нұсқа. Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды. Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады). Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі). 2-нұсқа. (көлем туралы). Бұта аласа, ал ағаш...(биік). Бұлақ тар, өзен...(кең). Тәулік бөліктері туралы. - Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз. - Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз. - Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз. - Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз. - Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.


«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту. Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.


«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27

Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.


«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.


«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29

Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка. - Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады). - Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады? - Оларды өз орындарына қойыңдар. Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды. Түнде аяз күшейіп, Күндіз тамшы тамады. Күн білінбей ұзару, Бұл қай кезде болады? (Ақпан) - Ақпан айы қай айдан кейін болады? - Қыс айларын атаңдар. Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30

Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.































































Қуыршақтарға қонаққа ойыны Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.


Қоңырау қайдан естіледі? ойыны Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады. Жолмен (жалғыз аяқ жолмен) ойыны Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді. Кішкене өзен арқылы ойыны Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді. Пойыз ойыны Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады. Жел көбік ойыны Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады. Көпіре гөр көбік-шар, Көпіре гөр кеңіп шар. Осы күйі қал тұрып, Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады. Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту) ойыны Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.) Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі. Күн мен жаңбыр ойыны Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады. Допты қуып жет ойыны Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын. Айдапсал ойыны Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.com


Арынды арқан ойыны Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады. Арқан тартыс ойыны Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді. Атқаума ойыны Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды. Ақшамшық ойыны Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды Аңшылар ойыны Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді. Аңшылар мен қояндар ойыны Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерде бір-бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды. Біз де ойыны Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді. Ойын бастаушы: мен көлге барамын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: күшігім жейді. Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады. Дауыста, атыңды айтамын ойыны Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады. Көрші ойыны Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу. Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді. Монданақ ойыны Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,2,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.comОрдағы қасқыр және орамал тастау Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады. Соқыртеке ойыны Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн. Сымсыз телефон ойыны Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар. Таршы, кімнің даусы ойыны Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны: «Секір секір» деген кім, білгіш болсаң таба ғой. Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді. «Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді. Тасымақ ойыны Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады. Таяқ жүгірту ойыны Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады. Тымпи тымпи ойыны «Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді. Тұтқын алу ойыны Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды. Шалма ойыны Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді. Шертпек ойыны Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,3,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.comҚамалды қорға ойыны Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Қарагие ойыны «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды. Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады. Қарамырза ойыны Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады. Қассың ба? Доссың ба? ойыны «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы: ‑ Көршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе: ‑ Ендеше достығынды көрсет, ‑ дейді. Сонда әлгі адам көршісінің шашынан сипапнемесе сүюі керек. Егер «қаспын» деген жауап алса, ойынды жүргізуші: ‑ Ендеше, кіммен дос боласың? – деп сұрайды. Сонда ол біреудің есімін айтады. Сонан соң ойын бастаушысұралған адамның сыңарынан: ‑ Көршіңді бересің бе, бермейсің бе? – деп сұрайды. Егер бермеймін десе, ол сұраған адамның шартын орындауы тиіс. Шарт ‑ өлең айту, билеу, жұмбақ шешу, әйтпесе бір жаза болуы тиіс. Қындық сандық ойыны Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады. Ұшты ұшты ойыны Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Айгөлек ойыны Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып, төмендегі өлеңді айтады: Айгөлек-ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден дем шығар. Ақ терек пен көк терек, Бізден сізге кім керек? Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді. Айгөлек-ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден дем шығар. Ақ терек пен көк терек, Шолпан атты қыз керек,- дейді. «Шолпан» деген сөздің орнына басқа бір баланың немесе қыздың атын қойып айта береді. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ал үзсе, өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады. Ойыншылар түгел шақырылып болған соң, екі жақтың ойыншылары саналады. Қай топтың саны көп болса, сол топ ұтқан болып есептеледі. Теңге алу ойыны Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. Сиқырлы таяқ ойыны Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады.... Оқтау тартыс ойыны Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді. Аттамақ ойыны Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек. Егіз сөздер ойыны Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді. Жануарлар кеңесі ойыны Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық. Криптограммалар - "Халық даналығы" ойыны Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі. Кім жылдам? ойыны Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады. Құрылысшы ойыны Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады. Аяқталмаған сөздер ойыны Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,4,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.com Жай жүріп өт ойыны

Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады.

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.

Шеңберге түсір ойыны

Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.






Поезд ойыны

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді  тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.

Допты қуып жет ойыны

Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады.

Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады.

Жалғыз аяқ жолмен ойыны

Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады.

Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды.

Кім бояу? ойыны

Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады.

Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек.





Таяқшадан аттап өт ойыны

Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды.

Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.











Мені қуып жетіңдер ойыны

Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.

Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні

қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.



Торғайлар мен автомобиль

Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар.  Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», —  деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны  сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына»  дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.

         Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.







Маған қарай жүгіріңдер ойыны

         Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін  де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған  тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның  ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге  болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады.

Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда  орындықтарды  бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.




Айгөлек ойыны

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.

Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Мұнда сізге кім керек?

Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:

А тобы: — Құрсауды үзіңдер!

Ә тобы: — Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.

Ормандағы ақ тиіндер

Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.

 Табан балық және шортан ойыны

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.


Қуыршақтарға қонаққа ойыны Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.


Қоңырау қайдан естіледі? ойыны Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады. Жолмен (жалғыз аяқ жолмен) ойыны Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді. Кішкене өзен арқылы ойыны Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді. Пойыз ойыны Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады. Жел көбік ойыны Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады. Көпіре гөр көбік-шар, Көпіре гөр кеңіп шар. Осы күйі қал тұрып, Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады. Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту) ойыны Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.) Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі. Күн мен жаңбыр ойыны Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады. Допты қуып жет ойыны Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын. Айдапсал ойыны Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.com




Арынды арқан ойыны Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,2,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.comАрқан тартыс ойыны Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді. Атқаума ойыны Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды. Ақшамшық ойыны Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды Аңшылар ойыны Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді. Аңшылар мен қояндар ойыны Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерде бір-бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды. Біз де ойыны Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді. Ойын бастаушы: мен көлге барамын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: күшігім жейді. Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады. Дауыста, атыңды айтамын ойыны Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады. Көрші ойыны Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу. Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді. Монданақ ойыны Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,2,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.comОрдағы қасқыр және орамал тастау Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады. Соқыртеке ойыны Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн. Сымсыз телефон ойыны Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар. Таршы, кімнің даусы ойыны Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны: «Секір секір» деген кім, білгіш болсаң таба ғой. Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді. «Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді. Тасымақ ойыны Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады. Таяқ жүгірту ойыны Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады. Тымпи тымпи ойыны «Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді. Тұтқын алу ойыны Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды. Шалма ойыны Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді. Шертпек ойыны Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,3,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.comҚамалды қорға ойыны Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Қарагие ойыны «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды. Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады. Қарамырза ойыны Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады. Қассың ба? Доссың ба? ойыны «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы: ‑ Көршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе: ‑ Ендеше достығынды көрсет, ‑ дейді. Сонда әлгі адам көршісінің шашынан сипапнемесе сүюі керек. Егер «қаспын» деген жауап алса, ойынды жүргізуші: ‑ Ендеше, кіммен дос боласың? – деп сұрайды. Сонда ол біреудің есімін айтады. Сонан соң ойын бастаушысұралған адамның сыңарынан: ‑ Көршіңді бересің бе, бермейсің бе? – деп сұрайды. Егер бермеймін десе, ол сұраған адамның шартын орындауы тиіс. Шарт ‑ өлең айту, билеу, жұмбақ шешу, әйтпесе бір жаза болуы тиіс. Қындық сандық ойыны Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады. Ұшты ұшты ойыны Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Айгөлек ойыны Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып, төмендегі өлеңді айтады: Айгөлек-ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден дем шығар. Ақ терек пен көк терек, Бізден сізге кім керек? Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді. Айгөлек-ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден дем шығар. Ақ терек пен көк терек, Шолпан атты қыз керек,- дейді. «Шолпан» деген сөздің орнына басқа бір баланың немесе қыздың атын қойып айта береді. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ал үзсе, өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады. Ойыншылар түгел шақырылып болған соң, екі жақтың ойыншылары саналады. Қай топтың саны көп болса, сол топ ұтқан болып есептеледі. Теңге алу ойыны Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. Сиқырлы таяқ ойыны Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады.... Оқтау тартыс ойыны Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді. Аттамақ ойыны Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек. Егіз сөздер ойыны Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді. Жануарлар кеңесі ойыны Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық. Криптограммалар - "Халық даналығы" ойыны Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі. Кім жылдам? ойыны Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады. Құрылысшы ойыны Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады. Аяқталмаған сөздер ойыны Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/page,4,4416-kimyldyk.html
© www.ZHARAR.com


































Пойыз: Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады. Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.

Торғайлар мен автомобиль:Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», - деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді. Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.




Қуыршақтарға қонаққа ойыны


Кілемні
ң үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.


Қоңырау қайдан естіледі? ойыны


Балалар
қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.


Жолмен (жалғыз аяқ жолмен) ойыны


Т
әрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Б
ұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
К
үзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.


Кішкене өзен арқылы ойыны


Т
әрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.


Пойыз ойыны


Т
әрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.


Жел көбік ойыны


Балалар бір-біріні
ң қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.
К
өпіре гөр көбік-шар,
К
өпіре гөр кеңіп шар.
Осы к
үйі қал тұрып,
Кете к
өрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.


Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту) ойыны


Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып т
әрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Т
әрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балаларды
ң барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балаларды
ң басқа тобымен жүргізіледі.


Күн мен жаңбыр ойыны


Балаларды
ң алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.


Допты қуып жет ойыны


Т
әрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар
қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.


Айдапсал ойыны


Ойнаушылар екі топ
қа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынны
ң шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.



Арынды арқан ойыны


Ойнаушылар д
өңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді.
Немесе былай да ойнау
ға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.


Арқан тартыс ойыны


Ойынды жаздыг
үні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.


Атқаума ойыны


Ойынды алты бала
үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.


Ақшамшық ойыны


Ойын ж
үргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды


Аңшылар ойыны


Ойнаушылар екі топ
қа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.


Аңшылар мен қояндар ойыны


Б
ұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.
Екі жерде бір-бірінен
қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды.


Біз де ойыны


Б
ұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.
Ойын бастаушы: мен к
өлге барамын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан
үйрек ұстап аламын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы:
үйректің жарымын күшігіме беремін.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: к
үшігім жейді.
Осы кезде біреу; «біз де», деп
қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.


Дауыста, атыңды айтамын ойыны


Ойыншылар
қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.


Көрші ойыны


Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жал
ғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын ж
үргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.


Монданақ ойыны


Ойнаушылар ойын бас
қарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.



Ордағы қасқыр және орамал тастау


Ала
ңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.


Соқыртеке ойыны


Ойнаушылар д
өңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.


Сымсыз телефон ойыны


Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.


Таршы, кімнің даусы ойыны


Ше
ңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:
«Секір секір» деген кім,
білгіш болса
ң таба ғой.
Тауып ал да,
өзің кеп,
Сол орынды ала
ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.
«Секір секір» деген с
өзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.


Тасымақ ойыны


Б
ұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.
Ойынны
ң шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.


Таяқ жүгірту ойыны


Ойнаушылар кезекпенен
өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Ойын
қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады.


Тымпи тымпи ойыны


«Тымпи тымпи» ойынын бастаушы д
өңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.


Тұтқын алу ойыны


Ойнаушылар те
ң екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.


Шалма ойыны


Екі ойыншы к
үні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.


Шертпек ойыны


Ойнаушыларды орынды
ққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.



Қамалды қорға ойыны


Ойнаушылар
үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.


Қарагие ойыны


«
Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.
Ойын ж
үргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.




Қарамырза ойыны


Ойын басталмас б
ұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.


Қассың ба? Доссың ба? ойыны


«
Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы:
‑ К
өршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:
‑ Ендеше досты
ғынды көрсет, ‑ дейді. Сонда әлгі адам көршісінің шашынан сипапнемесе сүюі керек.
Егер «
қаспын» деген жауап алса, ойынды жүргізуші:
‑ Ендеше, кіммен дос боласы
ң? – деп сұрайды.
Сонда ол біреуді
ң есімін айтады. Сонан соң ойын бастаушысұралған адамның сыңарынан:
‑ К
өршіңді бересің бе, бермейсің бе? – деп сұрайды.
Егер бермеймін десе, ол с
ұраған адамның шартын орындауы тиіс.
Шарт ‑
өлең айту, билеу, жұмбақ шешу, әйтпесе бір жаза болуы тиіс.


Қындық сандық ойыны


Ойын
ға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.


Ұшты ұшты ойыны


Ойын бастаушы айнала отыр
ған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.


Айгөлек ойыны


Айг
өлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып, төмендегі өлеңді айтады:
Айг
өлек-ау айгөлек,
Айды
ң жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шы
ғар,
Үзеңгіден дем шығар.
А
қ терек пен көк терек,
Бізден сізге кім керек?
Б
ұған екінші топтың ойыншылары жауап береді.
Айг
өлек-ау айгөлек,
Айды
ң жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шы
ғар,
Үзеңгіден дем шығар.
А
қ терек пен көк терек,
Шолпан атты
қыз керек,-
дейді. «Шолпан» деген с
өздің орнына басқа бір баланың немесе қыздың атын қойып айта береді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ал үзсе, өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады. Ойыншылар түгел шақырылып болған соң, екі жақтың ойыншылары саналады. Қай топтың саны көп болса, сол топ ұтқан болып есептеледі.


Теңге алу ойыны


Асаба орта
ға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.


Сиқырлы таяқ ойыны


Ойнаушылар
қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады....


Оқтау тартыс ойыны


Б
ұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.


Аттамақ ойыны


Б
ұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек.


Егіз сөздер ойыны


Ойындардан б
өлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.


Жануарлар кеңесі ойыны


Тапсырма: жануарларды
ң аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық.


Криптограммалар - "Халық даналығы" ойыны


Тапсырма: алдымен с
өйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі.


Кім жылдам? ойыны


Ойынны
ң мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.


Құрылысшы ойыны


Ойынны
ң мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.


Аяқталмаған сөздер ойыны


Ойынны
ң мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.





Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар. Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Әдемі кілемшелер Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

Өз үйіңді тап Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер. Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.

 Әдемі кілемшелер Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

Мынау қай пішін? Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

Сиқырлы суреттер Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.  

 «Не қайда тұрады?» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту Керекті құрал-жабдықтар: Жануарлардың және олардың тұратын орталарының суреттері Шарты: Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)

«Суреттерді құрастыр» Мақсаты: Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту Шарты: Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі Көрнекілігі: әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері

«Жемістерді жина» Мақсаты: Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту Шарты: Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады Көрнекілігі : 3-түрлі көлемдегі үлкен,орташа,кішкентай, 3-кәрзеңке үлкен,орташа,кішкентай, картоннан қырқылған алма және алма ілінген ағаштар

«Көп және біреу» Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

Ненің дауысы?
Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін бекіту, жануарлардың дауысынажыратуға үйрету.
Шарты: Бір бала шығып бір жануардың дауысын келтіреді, қалған балаларқай жануардың дауысы екенін ажыратады.

Қуыршақты киіндіру
Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінугеүйрету.
Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығарукеректігін айтады. Балалар кезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.

Дәрігер
Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не?сұрағына жауап беру.
Шарты: Қуыршақ  дәрігер немесе бала  дәрігер балалармен амандасадыда өолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.

Сенде не бар?
Мақсаты: Сұрақты түсініп затты дұрыс атап, жауап беруге үйрету.
Шарты: Мұғалім заттарды балаларға таратып беріп, сенде не бар? — депсұрақ қояды, балалар жауап береді.

Бау  бақшада
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді дұрыс атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: Үстел үстінде бау  бақшаның суреті. Балаларда көкөністер менжемістердің суреті. Мұғалімнің белгісі бойынша, балалар көкөністерді,жемістерді бау  бақшаға орналастырады.

Кім көп сөз айтады?
Мақсаты: Өткен сөздерді пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Мұғалім тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланыстысөздерді айтады.
Мысалы: «Ойыншықтар». Балалар: доп, аю, қоян, зырылдауық т. б.

Бұл үйде кімдер тұрады?
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын арттыру, есте сақтау.
Шарты: Тәрбиеші үй терезесінен отбасы мүшелерінің суретін көрсетеді,балалар оларды атайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2019
3607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі