15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту
Ойын
ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?
(Абай Құнанбаев)
Баланың
өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл
әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні
ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке
танысы, психологиялық ерекшеліктері
осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп
жасына дейінгі баланы дамытатын ,
өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі
іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін
қоршаған ортамен,табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен,
қарым-қатынастарымен танысады. Ойын
балаларды жан-жақты дамыту құралы
есебінде ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін
шешіп отырады.Мысалы: дидактикалық
ойындар балаларда белгілі бір білімдер
қалыптастырады, дене тәрбиесінің
міндеті – ойын кезінде дене күшін
жұмсауына, адамгершілікке, кішіпейілділікке,
достық қарым-қатынасқа тәрбиеленетін
болуы керек. Эстетикалық тәрбие –
көрнекі құралдар, таныс әндер, рөлдер
болуы. Оқу мен ойын арасындағы байланыс
бала игерген білімдерін, ойын арқылы
тереңдетіп отырады. Ойындарды екі топқа
бөліп қарауға болады: 1) ережесіз ойындар;
2) ережелі ойындар. Ережесіз ойындар –
бұл көбіне өздері ойлап шығарады, ал
ережелі ойндарда үлкен адамдар шығарып,
балаларға ұсынады. Дидактикалық ойындар
ережелі ойындарға жатады. Ережелерді
оқыту міндеті мазмұнына қарай белгілі
ойын ережесімен үйретуші, ұйымдастырушы
балаларға не істеу, қалай істеу керек
екендігін ашса, ұйымдастырушы ережелер
ойын тәртібін, жүйелілігін балалар
арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Ойын нәтижесі қандай жолмен болсын ұтып
шығу емес, балалардың білімді қаншалықты
игергенділігі ақыл-ойын, тілін дамытудағы
өзара қарым-қатынас жасаудағы жеткен
жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық
ойын баланың ақыл-ойын дамытып, танымдық
түсінігін кеңейтеді. Дидактикалық
ойынның тәрбиелік, білімділік құндылығы,
қоршаған орта туралы түсініктерді
молайтады, бекітеді. Мысалы: әр нәрсеге
баланың түсінігі молаяды, жаңа білімдер
алады. Ойлау қабілетін дамытып, сөздік
қорын молайтады. Ақыл-ой қызметтерін
қалыптастырады. Ойын өткізген кезде
мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып,
балаларды оқытады. Ойынға балалар
қызығатындай жағдай жасау керек, сол
негізде балаларда ақыл-ой белсенділігі
артады. Мұғалім белгіленген ережені
қатал түрде орындауға талап ету керек.
Барлық балалардың ойынға тегіс қатысуы,
яғни ұжымдық міндет толықтай шешілуі
тиіс. Дидактикалық ойын ұйымдастырылуы
бала жасына сай бейімделуі қажет. Мысалы:
табу, көрсету, белгілеу, салыстыру,
жарыстыру. Бала өміріндегі ойын олардың
өзі-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіре
түсу құралы. Сондықтан да әрбір ұстаз
балаларға арналған дидактикалық
ойындарды ұйымдастыруға аса мән беру
керек. Дидактикалық ойындардың өздерін
сипатына қарай үш топқа бөлуге болады:
1) ойыншықтармен ойналатын дидактикалық
ойындар; 2) үстел үсті ойндар; 3) сөздік
ойындар. Ойыншықтармен ойналатын ойындар
өзіне тән сипат сол ойында заттардың
өзі алынады, ал үстел үсті баспа
ойындарында заттардың деректі бейнесі
мысалы: суретті тағы басқа.Ал сөздік
ойындарда затты бала көз алдына елестету
арқылы,сөздер арқылы ойналады.
Ойыншықтармен ойналатын ойындар. Мұндай
әр түрлі ойындар балаларға қызықты да
тартымды болады. Заттардың сапасымен,
пішінімен, қасиеттерімен танысады. Ойын
барысында салыстыру, топтастыру
міндеттері шешіледі. Балалардың заттар
жайындағы білімдерді меңгеруге қарай
ойын міндеті де күрделене түседі. Мұндай
ойындардың тақырыптары: «Ғажайып бақ»,
«Танып ал да атын айт», «Не өзгерді»
тағы басқа. Үстел үсті баспа ойыны –
мұндай ойындар көрнекілік принципке
негізделген. Мұндай ойындарда балаларға
сол зат өзі емес, бейнесі суреті беріледі.
Бұл ойынның мазмұны да әр алуан. Бұған
балалар үшін қызықты лотолар, доминолар,
кубиктер, суреттер жатады. Бұл ойындар
балалардың оқыту міндеттерін шешеді,
балалардың тілін ғана емес, шығармашылық
қабілетін танытады. Сөздік ойындар
басқа ойындарға қарағанда күрделі.
Күрделілігі ешқандай зат, ойыншық арқылы
емес, тек қана сөз арқылы, зат бейнесін
елестету негізінде жүргізіледі.
Дидактикалық ойындарды көптеген сабақтарында
пайдаланудың тиімділігін тәжірибе
көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта
меңгерген материал туралы түсінігін
кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту,
тіл байлығын молайту үшін ол ойындар
сабақтың тақырыбына,мақсатына сай
таңдалып отырады. Мына берілген дидактикалық
ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі
түрі- монологтық және диалогтық сөйлеуге
арналған.
Мысалы: «Телефон»
ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің
мақсаты –бір нәрсе жайында сұралып,
баланы оған жауап беруге, белгілі бір
әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады.
Антоним сөздермен
таныстырғанда жануарларды зообаққа
әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру
тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың
денесіне қарап, « үлкен, кіші» деп бөліп,
оларды соған сәйкес үлкен торға немесе
кіші торға орналастырады. Антоним
сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу
баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте
пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді
осы сияқты дидактикалық ойындарды
ұйымдастру арқылы меңгертуге
болады.
Жалпы және жеке ұғым
туралы түсініктерін тереңдету үшін
«Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын
бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты
дидактикалық ойындар ұйымдастырылады.
Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы -
«ыдыс-аяқтар», алма, алмұрт, шие –
жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша
- көкөністер.т.б.
Баланың
шығармашылығын дамытуға имитациялық
ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның
көңіл-күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі
эмоцияны білдіретін сөздерді және
оларды салып, көрсетуге үйрету. Ыммен,
мимикамен көңіл-күйді салып, оны сәйкес
сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр.
Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер
тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс
ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға,
сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге
аяушылық сезімге, қамқоршы болуға
тәрбиеленеді.
Мына
берілген дидактикалық ойындардың
мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі.
Бұл ойындарды сабақта және сабақтан
тыс уақытта пайдалану арқылы баланың
тілін дамытумен қатар ойынды өз
шығармашылығымен жалғастыруға, ойын
шартын дұрыс орындауға, белгілі бір
нәтижеге жетуге , ұжымдық мақсатқа
бағынуға, үлкендер мен балалар арасында
ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға
болады. Мұндай дидактикалық ойындарды
сабақтан тыс уақыттарда, сабақпен
байланыстыра өткізуге болады.
Ойын
мектепке дейінгі балалардың негізгі
іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі,
яғни оның рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы
балалар қоғамды тәжірибені меңгереді,
өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда,
ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін,
оның тілін жаттықтыратын, қимыл -
қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым -
қатынасын реттеп, құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз болып
табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің
қайнар көзі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген