Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі мен маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі мен маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып,ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойындарды сөйлеуді дамыту оқу қызметінде пайдалану,сонымен қатар күн тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылу тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі мен маңызы.


Жалпы ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсінеді. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде, тілін дамытуда, оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы өте зор.

Дидактика – термині гректің «дидактикос» , яғни үйретемін деген мағынаны білдіреді. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын әрекеті арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі. Білімді меңгерту және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай – ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс – әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлуге болады:

1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойындармен және түрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Заттық дидактикалық ойындар әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. «Жаңылтпашты тез айт», «Фонетикалық жаттығулар», «Мақалды жалғастыр» т. б.

Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындарға әр топтың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеледі, сондай – ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түседі және сөздерді дұрыс айтуға, есте сақтауын дамытуға көмектеседі.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Ересектер топтарында тапсырмалардың шешілуі күрделірек: кейбір балалар суреттегі салынған қимылдарды бейнелейді, басқалары суретте кім салынғанын, онда адамдардың не істейтінін, мысалы өрт сөндірушілер отты сөндіреді, теңізшілер теңізде жүзеді, құрылысшылар үй салады және т.б. табады.Мұндай ойындарда жеке тұлғаның осындай құнды қасиеттері: қайта түрленуге қабілеттілігі, қажетті бейнені жасаудағы шығармашылық ізденушілігі қалыптасады.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып,ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойындарды сөйлеуді дамыту оқу қызметінде пайдалану,сонымен қатар күн тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылу тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігімен баланың дүниетанымын, ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, шығармашылығын дамытумен мақсатқа жетеміз. Дидактикалық ойын – адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға көңілді әрі қызықты болады. Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.



Жарылгасова Бибенур Нурлыбековна

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №187 бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Дидактикалық ойындар жинағы» әдістемелік құрал

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика» Алматы, 2000

3.Коменский Я.А. «Ұлы дидактика»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі