Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Диктанттар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алғы сөз
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педогогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып жасалған диктанттар жинағы бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Бұл жинақта мұғалімдерге күнделікті практикалық жұмыстарына қажет деген материалдар жинақталған.Оларды оқушылардың тілін ұстартып, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін тереңдетуге, өтілген ережелерді қаншалықты меңгергендіктерін анықтап, сауатты жазуға одан әрі жаттықтыра түсу үшін пайдаланылады.
Бұл диктанттар жинағына 1-4 сыныптарда өтілетін ана тілі және қазақ тілі сабақтарымен қатар тіл дамытуға арналған материалдар жинақталған.
Мұндағы текстер әрбір сыныптың бағдарламалық талаптарына сай, оқушылардың жас ерекшеліктері мен ой-өрістері ескеріле отырып құрастырылған. Алынған текстердің білімділік, тәрбиелік мәндерінің жоғары болуы мен пәнаралық байланыс жағы да қарастырылған. Сабақ материалына лайықталған, оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз.
Оқушыларды ізденуге, ойлануға, шығармашылығын дамытуына арналған мұғалімдерге көмекші құрал.
1сынып
Буын диктанты
Іс, іс-ті, іш, іш-ті, іл, іл-ді, бір, екі, ки-ді, ки-ім, кім, ы-дыс, Ы-ды-рыс, Ы-рыс-ты, жыл, жы-лы. (16 сөз)
Ал-дық, ал-ды, су-шы, су-лы, аш-ты, жап-па-ды, жап-ты, би-ші, би-ле-ді, же-ді. (10 сөз)
Қол, жақ, қал, қар, лақ, а-уыз, тер-ді, то-ғай, і-ні, а-ға, ғы-лым. (11 сөз)
Шар-ды, бор-ды, тап-қыш, тап-ты, доп-ты, бар-лық, мал-шы, мал-ды, қа-ғаз, ша-шы-ра-ды, шаш-ты. (11 сөз)
Тон-ды, лас-та-ды, ме-ні, се-ні, нан-ға, май-ға, жаз-ды, клас-қа, кі-тап, ыс-тық, су-ық. (11 сөз)
Сөздік диктанты
Мұғалім, оқушы, ғарышкер, колхозшы, аңшы, егінші, конькиші, шаңғышы, жүргізуші, ұшқыш, кітапханашы. (11 сөз)
Кітап, журнал, қарындаш, дәптер, ағаш, жылқы, сиыр, түйе, көпір, ойыншық, парта. (12 сөз)
Абай даңғылы, Гауһар, Қазақстан, ғалым, торғай, қарлығаш, еңбек, қаһарман, шаңғы, шаң. (11 сөз)
Бақылау диктанты
Пайдалы кеңес
Өзіңнен кішіні ренжітпе. Оларға көмектес. Үлкендерді сыйла, алдымен өзің сәлемдес. Үйде апаңа жәрдемдес. Бұл – жақсы әдеп. (16 сөз)
Қалада
Әкем екеуіміз қалаға бардық. Қалада нағашы атам тұрады. Ол – жазушы әрі ғалым. Көп кітаптар жазды. Атамның немерелері көп. (18 сөз)
Біздің сынып
Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта үстел, орындық, тақта бар. Партаның үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (17 сөз)
Ана
Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. (22 сөз)
Көктем келді
Көктем басталды. Күн жылынды. Колхозшылар жер жыртты. Жер көгерді. Құстар келе бастады. Құмырсқалар дақызу жұмысқа кірісті. (17 сөз)
Көктемдегі жұмыстар
Желсіз тынық ауа. Күн жарқырап тұр. Көпшілік көңілді. Егіншілер егінін септі. Шопандар қойын жайды. Колхоз даласы еңбекке кірісті. (18 сөз)
Алматы
Алматы - әсем қала. Алматының көшелерінде трамвайлар, автобустар жүреді. Алматыда парктер, театрлар, мектептер көп. Парктері өте әдемі. (16 сөз)
2 сынып
Көк кит
Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның самағы жүз алпыс тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді. Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. (24 сөз)
Қарға мен бұлбұл.
(мысал)
Қарға ну орман ішінде сауық кешін өткізді. Кеште құстар өнер жарыстырды. Қарға қарқылдады. Сауысқан шықылықтады. Әупілдек әупілдеді. Торғай шиқылдады. Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды шақырмады. (26 сөз)
1.У дыбысы жуан болып тұрған сөздердің астын бір рет, жіңішке болып тұрған сөздердің астын екі рет сызғызу.
Егіс даласы
Сәкен жазғы демалыста ауылға келді. Ол жайқалған егіс басына барды. Егіс басынан төрт баласын ертіп жүрген саршұнақты көрді. Сәкен саршұнақ тышқанның зиянды екенін түсінді. Жаздай елу алты тышқан ұстады. (29 сөз)
Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады. (19 сөз)
Тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы ерекше болады. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін. Тақтаның шұңқыры мен қазаны бар.
Тоғызқұмалақ – математикалық ойын. (27 сөз)
Астана
Мен жазда Астана қаласына бардым. Қала маған қатты ұнады. Әдемі үйлер көп салыныпты. Астананы тамашалауға келген көп қонақтар көшеде жиі кездеседі. Есіл өзенінде қайықпен серуендедім.
(24 сөз)
Құстардың ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. (27 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі.
Үш буынды сөздердің астын сызғызу.
Тымақ.
Қазақта тымақтың түрлері көп. Ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкінің терісі тігіледі. Сырты асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі киізден құралып, шошақ болып келеді. (29 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Ормандағы тіршілік
Орманның басты байлығы – ағаштар. Олардан тақтайлар, үй жиһаздары жасалынады. Егер ағаш болмаса, қағаз да болмас еді. Кесілген ағаштың орнына ағаш өсіруге ондаған жылдар кетеді. Жыл сайын ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. (31 сөз)
Достық
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір-біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықта бір-біріне көмекке келеді.
Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта да, жамандықта да бірге болады. (32 сөз)
«Әдептілік - әдемілік» кітабынан
Құмырсқа және илеу.
Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши ауыр болып шықты. Құмырсқа оны жалғыз сүйрей алмады. Ол жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірдей шиді илеуге жеткізді.
И, й әріптерінің астын сызғызу. (32 сөз)
Түйе.
Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа туған бота әлсіз болады. Емген сайын күш-қуат кіріп өсе бастайды. Күн суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді. (31 сөз)
«Балдырған» журналынан
Қоян.
Ең жасқаншақ аң – қоян. Ол кішкентай сабдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды. (31 сөз)
Алмаағаш.
Жұмахан атасын алмаағаш көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқандай болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтің өлеңі. Бұл алмаағашты Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (32 сөз)
С. Бегалин
Жаз
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады. Адамдар жеңіл киінеді. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Тауға, орман, тоғайларға саяхатқа шығады. Лагерьге барады. Қала немесе ауылға қыдырады.
Жаз мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі. (33 сөз)
Бұлақ басында.
Әли мен Қали бұлақ басына келді. Қолдарында күрек , тырма сияқты саймандары бар. Екеуі бұлақтың айналасын тазаламақшы. Су бетіне, жерге түскен жапырақтарды тырмамен тазалады. Күрекпен ағаштардың түбін қопсытты. Оларды әктеді.
Осылайша екеуі игілікті іс атқарды. (34 сөз)
Қ мен К әріптерімен аяқталған сөздердің астын сызғызу.
Қызғаныш.
Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйегі бар. Ол судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді ол сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (33 сөз)
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Табиғат
Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бірдемде алай-түлей болып кетуінің себебі неде (33 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: басылмастан, алай-түлей.
Тұмау
Тұмау – жұқпалы аурудың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. (37 сөз)
«Денсаулық» журналынан
Күз
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып, киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз)
М. Дулатов
Зерлі шапан
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқалы жіппен өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33 сөз)
«Ұлттық аспаптар» кітабынан
1.Мәтіннен сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу.
Шоқан
Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші, тарихшы, саяхатшы.
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген. Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз)
С. Мұхтарұлы
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту.
Көктем.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. өзенде сең жүрді.
Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)
Кемпірқосақтың жеті түсі.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады. (36 сөз)
«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан
Жайлау
Жайлау - қыстайдан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да серігіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)
Н. Қазыбеков
Табиғат.
Табиғат – бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су, құнарлы жер сыйлайды. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс. Табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның дамуына кедергі жасамауымыз керек. (36 сөз)
3 сынып
Дала үні
Күн жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың орман. Қайың мен терек ағаштары сарғая бастаған.
Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында малдар жайылып жүр. Ағаш араларында киіз үйлер көрінеді. Жаздағыдай орман іші де, дала да у-шу болып жатқан жоқ. (44 сөз)
(С. Сейфуллин)
Қарағанды.
Қарағанды – еліміздегі үлкен қалалардың бірі. Сарыарқаның белесті, жазық, орта тұсында орналасқан. Батысы бұйратты жазық, ұсақ шоқырлардан тұрады. Ал оңтүстүгі таулардан құралған.
Аппақ Байжанов суыр інінің жанынан қара тас тапқан. Оның таскөмір екендігі анықталды. Кейіннен осы маңнан қала көтерілді. (38 сөз)
«Қазақстан» ұлттық энцеклопедиясынан
1.Мәтіннен заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді тапқыздырып, астын сызғызу.
Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Абай Семейдегі медреседе төрт жыл мұсылманша оқыды. Сонда жүргенде өз бетімен үш айдай оқып, орыс тілін үйренеді. Абай он екі жасынан бастап өлең жаза бастайды. Абайдың жиырмадан астам әндері бар.
Абай – халықтың қамын ойлаған ақын. (40 сөз)
Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мен терезе алдында отырмын. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр. (42 сөз)
В. А. Сухомлинский
Шахтада
Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Бір күні шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында, тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған қол шамды алып, тура шахтаға тарттым. (45 сөз)
М. Сәрсекеев
Анасының жұмысы
Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап-таза, жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апасы жазып берген дәрілерді оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады. (47 сөз)
Б. Соқпақбаев
Мәтіннен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Диқан
Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз)
Шыршалы тоғайда
Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп кірдік. Тарлау соқпақ көрінеді. Осы кішкентай соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде демалмақ болып жата қалдық. Иттің үрген даусы естілді. Ит қып-қызыл түлкіні қуып жүр екен. (49 сөз)
И. Корнеев
Сантастағы орман
Күн жылына бастаған кезде малшылар тауға беттейді. Ол кезде біз жалғыз болмаймыз. Тек өзеннің ар жағында ғана ешкім болмайды. Ол жақ қалың орман ғой. Орманға ешкімді жібермей, одан бір бұтақ сындыртпау үшін кіре берісте отырамыз. Бізге ғалым адамдар келді. Олар Сантастағыдай орман дүние жүзінде сирек екенін айтты. (47 сөз)
Ш. Айтматов
Достар
Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болып кетті. Құстар – адамның досы. (45 сөз)
З. Иманбаев
Түркістан
Түркістан – бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йассауи болатыны осы тұс.
Жаугершіліктен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген сөз. Қалада шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Медресенің бас мұғалімі Қожа Ахмет Йассауи еді. (47 сөз)
Жалаулы қоймасы.
Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың табылуы бір қызық оқиға. Оны Алматы облысындағы жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан оқушылар тауып алған. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдар әлдекімнің жасырған қоймасы болу керек. Зергерлік алтын бұйымдардың саны алты жүзден асады. Жалаулы қоймасының ғажайып сырлары әлі зерттеліп жатыр. (48 сөз)
Қорқыт ата
Аңыз бойынша Қорқыт Сырдарияның жағасында өмір сүрген. Күмбезі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болған. Осы мазар ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде төбесі күмбезделіп салынған екен. Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар ұзын сырғауыл қойылған. өкінішке орай, күмбезді су шайып кеткен. Қазір сол жерге күмбез салынған. (44 сөз)
Кішкентай көмекші
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы бағбан. Бау-бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (39 сөз)
Наурыз көже
Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Жаңа жылдың бірінші күні наурыздың 20-22-сі аралығында күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні» деп, жақсылық тілейді, еск жылдағы өкпе-араздықты ұмытады. Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көжені