Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Диктанттар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Диктанттар (І сынып)
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
І. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)
ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру).
Айгүл, алма, доп, (үлгi).
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер,әже, көкек, дұрыс.
Алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай, күн, май.
(10 сөз)
IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)
V.Кім? Не? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
Қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)
VI. Қандай? — деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады.Оның терiсi бағалы.Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты.Ертiс терең, әдемi өзен. Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық.Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)
VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; «Қазақ тілі» — газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі – Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
VІІI. Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздер.
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жақсы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.
(20 сөз)
IХ. Қайталау.
Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма:«сымбатты» сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.
(19 сөз)
Тапсырма: дауЫссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
*Бүгін- сөзін буынға бөліңдер.
Диктанттар (2 сынып)
І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ.
(15 сөз)
2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл.
(15 сөз)
3. Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым.
(19 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
1. Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем.
(15 сөз)
2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс.
(15 сөз)
3. Метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін.
(16 сөз)
ІІІ. Буынға бөліп жазыңдар.
1. Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын.
(15 сөз)
2. Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп.
(15 сөз)
IV. Кім? Не? деген сұрақтарды сөздің үстіне
жазыңдар.
1. Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс.
(15 сөз)
2. Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт.
(15 сөз)
3. Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды. Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк.
(16 сөз)
V. Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға.
(15 сөз)
2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға.
(15 сөз)
3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу.
(15 сөз)
VI.
1. Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым. Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi.
(16 сөз)
2. Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас iштiк. Менiң ұйықтағым келдi.
(15 сөз)
Қыс.
Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Еркiн шаңғы тептi.
(16 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша.
(17 сөз)
1. Бүгiн бiрiншi сабақ – есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн.
(16 сөз)
2. Есепте.
Сен тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады. Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы.
(19 сөз)
3. Қол еңбегi.
Бiз сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен қидым. Қызыл жiппен тiктiм.
(14 сөз)
Сурет.
Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер, бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi салдым.
(17 сөз)
Көктем.
Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы.
(15 сөз)
Наурыз.
Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi!
(15 сөз)
Жуан, жiңiшке жалғаулар.
1. Ойындар.
Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық.
(16 сөз)
2. Жаз.
Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу.
(17 сөз)
Әншi.
Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады.
(15 сөз)
Жазғы каникул.
Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын.
(18 сөз)
Диктантар (3 сынып).
Менiң сыныбым таза, жылы. Бiз сабақта тыныш отырамыз. Қазiр қазақ тiлi сабағы. Мен жолкөз дәптерге жаттығу жазып отырмын. Екiншi сабақ – дүниетану. Сабақ кестесi бойынша қазақ тiлi бiрiншi болады. Бiздiң сыныпта тақта жаңа. Оқушылар қазақ тiлiн ұнатады. Мұғалiм сабақты жақсы түсiндiредi.
(40 сөз)
Тапсырма: *дәптер*, *күнделiкке* сөздердi буынға бөлiңдер.
Күз.
Күз келдi. Күн суыта бастады.
Бүгiн үшiншi сыныпта бес сабақ. Мен өзiм қазақ тiлi сабағын
ұнатамын. Ал менiң досым Айнұр сурет сабағын ұнатады. Ол күзгi
табиғатты жақсы салады. Мен қазақ тiлiнде күз туралы өлең жаттадым.
Алтын күздi барлық адамдар сүйедi.
(40 сөз)
Тапсырма: жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар.
Көйлек жуу.
Менiң қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.
(41 сөз)
Емен.
Емен – мәңгi көгерiп тұратын жасыл ағаш. Оның жапырақтары әдемi. Емен ағашы өте мықты, қатты. Еменнен кеме, вагон, үй жиһаздары жасалады. Емен қабағының дәрiлiк қасиетi бар. Еменнiң жаңғағын шошқа жейдi. Алматы көшелерiнде емен көп өседi.
(34 сөз)
Қазақстанның рәмiздерi.
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше.Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Жиырма бесiншi қазан – мемлекеттiк мереке.
(32 сөз)
Күз айлары.
Күз тамаша уақыт. Күз айлары – қыркүйек. қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр жауды. Менiң қолшатарым бар. Мен күздi жақсы көремiн.
Тапсырма: қыркүйек, қазан сөздерiне дыбыстық талдау жасаңдар.
(32 сөз)
Кiтап дүкенi.
Алтынсарин көшесiнде кiтап дүкенi бар. Дүкен тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық, сөздiк сатып алдым.
Сөздiк он бес теңге тұрады. Дәптер алпыс тиын тұрады.
(32 сөз)
Санау.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды есептеу машиналар осылай шықты.
(64 сөз)
Сабақта.
Балалар мектепте жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кiрдi. Есiк ашылды. Сынып кең, жарық. Оқытушы келдi, сәлемдестi. Үйге берiлген тапсырманы тексердiк. Зарина жауап бердi. Мен да бүгiн баға алдым. Тапсырманы дұрыс орындадым.
(31 сөз)
Петровичтiн еменi.
Қырқыншы жылдың аяғы. Мен оқушымын. Қыс қатты едi. Сол жылғы қыста мектебiмiзге бiр мұғалiм келдi. Ол оқушылармен бiрге ағаш отырғызды. Келесi жылы соғыс басталды. Мұғалiм соғысқа кеттi. Сол отырғызған ағаштардан қалЈғаны – жалғыз емен. Қазiр оны Сергей Петровичтiң еменi деп атайды.
(С.Сарғасовтан)
(40 сөз)
Iшiк.
Iшiк – жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен қапталады. Iшiктi қыстыгүнi күн суытқанда киедi. Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар.
Тапсырма: *жасайды*, *тоңбайды* сөздердi буынға бөлiңдер.
(32 сөз)
Менiң Отаным.
Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала. Алматы – мәдени астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның рәмiздерi өте сұлу.
(31 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата баларға сыйлық әкелдi. Балалар биледi. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.
(31 сөз)
Тапсырма: *шырша*, *сыйлық* сөздерiне дыбыстық талдау жасандар.
Сурет.
Қанат сурет салуды жақсы көредi. Оның
альбомында неше түрлi суреттер бар. Әрбiр сурет түстi қарындаштармен, бояумен боялған.Қылқаламы жаңа. Қанат күннiң суретiн салды.Оның астына: “Әрқашан күн сөнбесiн” деп жазды.
(30 сөз)
Әншi.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты.Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi.Балалар: “Бұл кiм?” деп таң қалды.Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.
(30 сөз).
Әже.
Менiң әжем бар.Әжемдi өте жақсы көремiн.Ол саған ертегi айтып бередi.Қобыланды, Алпамыс батырлар туралы жырлар айтады.Бүгiн аналар мейрамы.Мен әжеме гүл сыйлаймын
(30 сөз)
Тапсырма: «мейрам» сөзiнiң схемасын жасаңдар.
Ана.
Ана отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй – береке.
Барлық ана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласының
бақытты болуын қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз,
құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын!
(27 сөз)
Тапсырма: «аналар» «береке» сөздердi буынға бөлiңдер.
Ауа.
Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмiр жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын тазартып тґру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы жақсы болады. Бiз ауа туралы валеология сабағында оқыдық.
(30 сөз)
Тапсырма: «ауа» «бiз» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Ауа райы.
Бґгiн ауа райы суыј болды. Серiк ерте
тґрады. Дене шынықтырады. Суық сумен жуынады. Суық сумен жуыну денсаулыққа өте пайдалы. Серiк жеңiл киiм киедi. Күндiз жаңбыр жауған жоқ. Ол қолшатырын үйде қалдырды.
(31 сөз)
Ұя.
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. Достық – үлкен күш.
(32 сөз)
Наурыз.
Наурыз-жыл басы.Наурызда күн мен түн теңеледi.Қазақ күнпарағы бойынша наурыз-жаңа жыл. Жиырма екiншi наурызда наурызкөже пiсiредi. Қаламызда наурыз тойы жақсы өтедi. Наурыз күнi ауа райы да жақсы болады.
(30 сөз)
Волейбол.
Бүгiн дене шынықтыру сабағы бесiншi сабақ. Мектеп алдындағы кiшкене алаң.Екi бағанға керiлген волейбол торы. Ол биiктеу.Бәрiнiң секiргiсi келедi.Бiрақ доп тордан аспай қалады.Данияр мен Жанар шапшаң қимылдайды.Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.
(34 сөз.)
Айна.
Адам өз түрiн айнаға қарап көредi. Айна жүзiң қандай болса, сондай етiп көрсетедi. Жағаңды айнаға қарап түзесең, шашыңды айнаға қарап тарайсың.Айна шыныдан жасалады. Айна да адамның жақсы көмекшiсi.
(29 сөз)
Көкек.
Көкек шағын құс.Ол «көкек, көкек» деп дыбыстайды.Сондықтан оны көкек дейдi.Ол бiрден артық жұмыртқаламайды. Көкек ұя салмайды. Көкек балапан баспайды. Жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастайды.Оны торғай басып шығарады.
(32 сөз.)
Тапсырма: Көкек балапан баспайды.- сөйлемнiң схемасын жасаңдар.
Бүркiт.
Бұркiт-қыран құс. Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейдi. Бүркiт кейде ақбөкен мен тауешкiнiң төлдерiн ұстайды. Бұрын қазақтар бүркiтпен аң аулаған.Үйретiлген бүркiт түлкi мен елiктi,қасқыр мен қоянды ұстаған.
(31 сөз.)
Жазда.
Жазда бiз түйе фермасында болдық. Фермада түйелердi, олардың боталарын көрдiк. Бiзге әсiресе ақ бота ұнады. Ақ бота өте сүйкiмдi. Ақ ботаға бiз жем, су бердiк.
(28 сөз.)
Достық.
Шоқан әкесiмен Потаниннiң үйiне келдi. Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар. Аты -Григорий. Ол Шоқанмен достасып кеттi. Григорий Шоқанға орысша үйреттi. Шоқан арабша сауатты болатын. Шоқанның зеректiгiне Григорий таң қалды.
(29 сөз.)
Диктанттар. (4 сынып.)
Қазақ тiлi сабағы.
Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» — дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.
Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.
(43 сөз.)
Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар.
Қала.
Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.
(42 сөз.)
Тапсырма; «көшелерi», «үйлерi» «тұрғындары» сөздерiнiң түбiрiн ажыратыңдар.
Кезекшi.
Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.
(43 сөз)
Көбелек.
Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.
(50 сөз.)
Мектеп бағы.
Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
(40 сөз.)
Астана.
Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)
Қостанай.
Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.
(38 сөз.)
Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар.
Ақылбек Шаяхмет.
Ақылбек Шаяхметов-Қостанайлық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз. жаттаймыз, аударамыз. Биыл ақынмен кездесу кешiн өткiземiз. Ақылбек Шаяхмет — дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз.
(39 сөз.)
Менiң атам екеу.
Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.
Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.
(46 сөз).
Тапсырма: «шаш», «қара» сөздерiнiң омонимдерiн жазыңдар.
Аға.
Менiң ағамның аты –Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп.
» Ағасы бардың жағасы бар»дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де өскенде ағам сияқты боламын.
(42 сөз.)
Менiң бөлмем.
Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта –шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.
(39 сөз.)
Ине.
Әжемнiң көзi жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай алмайды. Инеге жiптi мен сабақтап беремiн. Журнал, газеттердi оқып беремiн. Әжем маған қолғап тоқып бередi. Әжем менi «Сен менiң жарығымсың, көзiмсiң» деп жақсы көредi. Қазiр менiң әжем зейнеткер. Әжем менiң ең бiрiншi ақылшым.
(41сөз.)
Боран.
Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.
(59 сөз.)
Қыста.
Қыс келдi. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауады.Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
(40 сөз.)
Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым — 2030 жылы президент болу.
(41 сөз.)
Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Соның сексен бес жылы ақындықпен өттi. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған.
(41 сөз.)
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
(41 сөз.)
Бiлiп ал.
Бiр жылда он екi ай бар. Жыл төрт мезгiлге бөлiнедi. Әр мезгiл үш айдан құралады. Бiр айда төрт апта, отыз күн болады. Көктемнiң бiрiншi айы-наурыз. Екiншi айы –сәуiр,үшiншi айы-мамыр.Көктемде үлкен мейрамдар бар. Олардың бiрiншiсi-8 наурыз-аналар мейрамы. Екiншiсi –наурыз. Аптада жетi күн бар. Әр күннiң атын бiлiп алыңдар.
(53 сөз.)
Тапсырма; мейрам — сөзiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Қазақ тiлi апталығы.
Бiздiң мектепте қазақ тiлi апталығы басталды. Таңертең сынып сағаты болды. Түсте, сағат он екiде бiлiм сайыстары болады. Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады. Бүгiн сабақтар аз. Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын. Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi. Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.
(41 сөз.)
Қойдың пайдасы.
Қой- өте пайдалы мал.Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүннен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда койды көп өсiредi.
(36 сөз.)
Қияр.
Қияр-көкiнiс. Ол бақшада өсiрiледi. Қияр денсаулыққа пайдалы. Одан салат жасайды. Қиярда ақ ауыз көп. Қиярды тұздап, қысқа сақтауға да болады. Бiздiң бақшада қияр көп өстi. Бiздiң отбасымызда қиярдан жасалған салаттарды өте жақсы көредi. Мен бақша жұмысына көмектесемiн.
(41 сөз.)
Қараторғайлар.
Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.
(46 сөз.)
Наурыз.
Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша -Жаңа жыл. Наурыз-көктемнiң бiрiншi айы. Адамдар наурызды асыға күтедi. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. үлкен кiсiлер ақ тiлек бередi. Наурыз-менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.
(40 сөз.)
Тапсырма: сын есiмнiң астын сызыңдар.
Аққу.
Бұл көлдi «Аққу көлi» деп атапты. Бiз
«Аққу көлiне» жақын келiп тұрдық. Онда аққулар қос-қостан жүзiп жүр. Аққу мойыны ұзын, тiсi аппақ,өте көрiктi, сұлу құс екен. Әне, екi аққу көл бетiнде баяу қалғып жүзiп барады. Аққу-көлдiң көркi.
(47 сөз.)
Тапсырма: «аққу», «көркi» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Көктем.
Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi.
(44 сөз.)
Орман.
Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.
(41 сөз.)
Табиғатты қорғаңдар.
Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.
(46 сөз.)
Сауысқан.
Сауысқан — өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi — жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды, түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.
(48 сөз.)
Мәншүк Маметова.
Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден, бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.
(З.Байкуловадан.)
(47 сөз.)
Мамыр.
Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады, төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.
(46 сөз).
МАЗМҰНДАМА
Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алған білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді.
Мазмұндама 1-сыныпта оқу жылының екінші жартысында басталып, 2-4 сыныптарда бірте-бірте күрделендіре жүргізіледі. Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіліп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады.
Мәтіннің көлемі 1-сынып үшін – 40-50 сөз, 2-сынып үшін – 50-60 сөз, 3- сынып үшін – 60-80 сөз, 4-сынып үшін – 80-90 сөз болғаны дұрыс.
Мазмұндамаға екі баға қойылады:
1)сауаттылығына
2)мазмұндылығына.
Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады:
1. дайын мәтін бойынша
2. сурет бойынша
3. шығармашылық жолмен
кино, бейнефильм бойынш
Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз
1. Саған қыс мезгілі ұнай ма?
2. Өлең неге «Көңілді қыс» деп аталған деп ойлайсың?
3. Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдың?
«Менің мысығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз:
Жоспар:
1. Менің мысығымның аты.
2. Мысығымның ұнататын тағамы.
3. Мысығыммен ойнайтын ойындарым.
4. Мысықтың тазалығын қадағалау.
5. Мысықтың адамға пайдасы.
БАЛАПАН
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай береді.
Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
· Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
· Олар ата-әжесіне қалай көмектесті?
· Олар нені көрді?
· Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
· Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады?
· Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Тірек сөздер:
1. 1. білімменсусындатады;
2. тәлім-тәрбиебереді;
3. өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
4. табиғатты танып-білуді меңгертеді;
5. адамдарды түсінуге үйретеді.
ТОРҒАЙ
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім
алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті…
Әңгімені өз ойыңша жалғастырып жаз.
Суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.
Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.
Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.
Суреттерге қараңдар.
Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
ТАБИҒАТ АЯСЫНДА
· Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
· Қандай ағаш гүлдеп тұр?
· Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің?
· Қыз балаға ат қой.
· Ол табиғат аясында не істеп отыр?
· Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?
ҰЛЫ КҮН
Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды.
Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. ҰлыОтанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз!
1. Біздің сүйікті атамекеніміз қалай аталады?
2. Қазақстан тарихындағы ұлы күнді ата.
3. Еліміз қандай мемлекет болды?
4. Қазақстанды әлем тани ма?
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз
1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
2. Дастархан басында кімдер отыр?
3. Олардың көңіл күйлері қандай?
4. Дастарханға қандай тағамдар қойылған?
5. Олар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?
ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚОҚИҚАЗ
Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Олар Қорғалжын қорығындағыТеңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар «от» немесе жалын «құс» деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді
1. Қоқиқаздардың дене бітімі қандай?
2. Олар қайда үялап, жұмыртқалайды?
3.Қоқиқаздар қалай қоректенеді?
4. Қоқиқаздар ұя жасауға нені пайдаланады?
5. Қоқиқаздарды неліктен «жалын құс» деп атайды,
қалай тіршілік етеді?
Сурет пен өлең жолдарын пайдалана отырыпәңгіме құрастырып жаз.
1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
2. Қысқы табиғатты суреттеп жаз.
3. Балалар сырғанақты қалай жасады?
4. Олар қалай ойнады?
5. Саған сырғанақ тепкен ұнай ма?
ЖАСТЫҚ
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына тиянақты кісілер жаздыгүні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерін бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды. (М.Дулатов.)
1. Бір жылда қанша рет жаз болады?
2. Ағаш, гүл, жапырақтар неше рет жасарады?
3. Жастық шақты жылдың қай мезгіліне теңейді?
4. Кәрілікті неліктен күзге теңейміз?
5. Адам өнер-білімді, жақсы мінездерді қай уақытта бойына жинауы тиіс?
Мазмұндамалар жинағы
2- 3 сыныптарға арналған
Көмек
Қыстың ашық күнінде Ернар, Айдын, Талғат үшеуі ауыл шетіндегі кішкентай көлшіктің жанына ойынға шықты. Олар қардан аққала жасап, бір-бірімен қар лақтырысып ойнады. Одан кейін үшеуі қатып жатырған көлшікке сырғанақ тебе бастады. Кенеттен көлдің мұзы жарылып, Айдын суға күмп ете түсті. Ол қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде Ернар мен Талғат жүгіріп келіп, оған қолдарын созып , судан шығарып алды. Бұл жағдайды естіген Айдынның анасы достарына рахмет айтып, « Міне, нағыз достық осындай болады!»- деді.
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі ?
2. Балалар қайда ойынға шықты?
3. Олар қандай ойындар ойнады?
4. Айдын қандай жағдайға тап болды?
5. Достары оған қандай көмек көрсетті?
6. Айдынның анасы достарына ризашылығын қалай білдірді?
Қайырымдылық
Қыстың аязды күні. Бірінші сынып оқушылары, ағайынды Алдияр мен Әли жылы киініп, үйлерінен сабаққа беттеді. Олар әңгімелесіп келе жатырды. Олардың алдында аяғын жайлап басып, қолында таяғы бар қарт әже келе жатырған болатын. Кенет қарт әжейдің аяғы тайып,, құлап түсті. Мұны көрген Алдияр мен Әли сөзге келместен жүгіріп келіп, әжейді екеулеп тұрғызып, қолына таяғын ұстатты. Қарт әжей екеуіне риза болып, « Рахмет, айналайындар. Қайырымды екенсіңдер, » -деп бастарынан сипады.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: кенеттен, сөзге келместен
Сұрақтары:
1. Алдияр мен Әли қайда келе жатырды?
2. Олардың алдында кім келе жатырды?
3. Әжейге не болды?
4. Алдияр мен Әли не істеді?
5. Әжей оларға қалай алғыс білдірді?
Туған күн
Бүгін Аяулым үшін ерекше күн. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Сұрақтары:
1. Аяулым неге қуанышты?
2. Анасы Аяулымның туған күніне арнап не пісірді?
3. Оған қандай жазу жазды?
4. Әкесі Аяулымға қандай сыйлық жасады?
5. Туған күніне тағы кімдер келді?
6. Туған күн қалай өтті?
Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр.Түс мезгілінде оқитын Ажар мен Ақжол мектептен шығып, үйлеріне келе жатты. Олар біраз жүргеннен кейін жол бойында бүрісіп тұрған кіщкентай күшікті көздері шалып қалды.Екеуі күшікті аяп, үйлеріне алып кетпек болып келісті. Олар күшікті үйлеріне алып келіп, алдына сүт, тамақ қойды. Кішкентай күшік жылы жерде тамаққа тойып алып, бұйығып, ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болып, бір-біріне жымыңдай қарады.
Түсіндірілетін сөздер: бүрісіп, бұйығып, жымыңдап
Сұрақтары:
1. Ауа райы қандай?
2. Ажар мен Ақжол қайдан келе жатырды?
3. Олар жолда нені көріп қалды?
4. Олар күшікке қандай қамқорлық көрсетті?
Күз
Күз келді. Күн бұлттанып, әлсін –әлі ақ жауын бүркіп жауады. Күзгі қатты жел соғып тұр. Желмен бірге қызыл- сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы легі жылы жаққа ұшып барады. Ауыл адамдары еккен егіндерін жинап алып жатыр.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бүркіп, күн ұзарып, түн қысқарады, соңғы легі
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі басталды?
2. Ауа райы қандай?
3. Күзде жапырақтарда қандай өзгеріс болады?
4. Күзде күн мен түн қалай ауысады?
5. Күзде ауыл адамдары қандай еңбекпен айналысады?
Су.
Су- табиғатта ең көп таралған, негізгі тіршілік көзі. Су барлық тірі ағзаның құрамында болады. Су болмаса адамдар өмір сүріп, өсімдіктер өсіп, жан-жануарлар тіршілік ете алмас еді. Таза суды көп ішетін адамның өңі жасарып, күш- қуаты артып отырады. Су адамның күнделікті тірлігі үшін де маңызы өте зор. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тіршілік көзі
Сұрақтары:
1. Су табиғатта қалай таралған?
2. Су нелердің құрамында болады?
3. Судың адамдар тіршілігі үшін маңызы қандай?
Торғай
Қыстың күні болатын. Үйдің сыртқы терезесінің алдына бір торғай ұшып келді. Бұны сыртта ойнап жүрген Бауыржан мен Алмас көрді. Олар аяушылық танытып, терезені ашып, торғайды үйге кіргізді. Торғай жылы жерге ұшып кірді. Бауыржан оның алдына нанның қиқымдарын тастады. Аш торғай нанның қиқымдарын жылдам –жылдам шоқып жей бастады. Балалар келесі күні ағаштың басына ұя жасап ілді. Оған күнде жем салып тұрды. Балалар енді торғайды күнде көретін болды.
Сұрақтары:
1. Жылдың қай мезгілі?
2. Үйдің терезесінің алдына не ұшып келді?
3. Торғайды кімдер көріп қалды?
4. Бауыржан мен Алмас торғайға қандай қамқорлық жасады?
5. Аш торғай не істеді?
6. Балалар торғайға арнап не жасады?
Ақтөс
Қанаттың Ақтөс атты иті бар еді. Ол үнемі Қанаттың қасынан қалмайтын. Қанатта иті көрінбей қалса іздей бастайды. Бір күні Қанат көлге шомылуға барды. Көлдің айналасы тыныш, ешкім жоқ. Қанат суға жүгіріп түсіп кетті. Кенет Қанат дем ала алмай суға батып бара жатырды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз, Ақтөс жүгіріп келіп, Қанатты іш киімінен сүйреп жағаға шығарды. Есін жинаған Қанат итіне рахмет айтқандай мойнынан құшақтады. Осыдан кейін Қанат итін бұрынғыдан да жақсы көретін болды.
Сұрақтары
1. Қанаттың итінің аты не?
2. Қанат итімен екеуі қандай дос еді?
3. Қанат қайда барды?
4. Қанат қандай жағдайға тап болды?
5. Иті қандай көмек көрсетті?
6. Қанат итіне алғысын қалай білдірді?
Таныстық
Жалғас мектептен келе жатыр. Бүгін сабақта апайлары ертең сыныпқа жаңадан оқушы келетінін айтты. Кенет ол бұрылысқа жақындай бергенде бір кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіді. Жалғас жалма-жан дауыс шыққан жерге жүгіріп жетті. Өзімен жасты қыз балаға үлкен ит шаңқылдап үріп, атылғалы тұр екен. Жалғас қорықпастан қолына тас алып, итке лақтырды. Ит шегіншектеп кетіп қалды. Қыз бала « рахмет» деп жүгіріп кетті..
Келесі күні Жалғас сабағына барды. Апайы жаңадан келген оқушыны сыныпқа әкеліп таныстырды. Жалғас кеше өзі қабаған иттен құтқарған қызды бірден таныды. Қыздың аты Әсел екен. Сабақтан соң Жалғас пен Әсел үйлеріне бірге қайтты.
Түсіндірілетін сөздер: бұрылысқа, шегіншектеп, қабаған
Сұрақтары:
1. Жалғас қайдан келе жатыр еді?
2. Апайлары сабақта не айтып еді?
3. Ол кімнің даусын естіді?
4. Ол қызды иттен қалай құтқарды?
5. Жалғас сыныбына келген қыз баланы қалай таныды ?
Аққу
Аққу –киелі құс. Аққулар алыс Африкадан көктемде келіп, күзде үшып кетеді. Қазақ халқы аққуларды атпаған. Оны атқан адамды аққудың киесі ұрады деп есептейді. Аққуды нәзіктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп санайды. Әдемі, сұлу қыздарын аққуға теңейді. Аққулар екеу болып өмір сүреді және жұптарын жазбайды. Біздің Қазақстанда аққудың екі түрі кездеседі.Аққу табиғаттың қайталанбас, сұлу көрінісі.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: киелі, киесі ұрады
Сұрақтары:
1. Аққу қандай құс?
2. Аққулар елімізге қай кезде оралады?
3. Қазақ халқы аққуларды неге атпаған?
4. Сұлу қыздарын не үшін аққуға теңеген?
5. Аққулар қалай өмір сүреді?
6. Қазақстанда аққудың неше түрі кездеседі?
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Аналық жүрек.
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек, мамықтай,
жатсынбай, еміренген.
Мазмұндама жоспары:
1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру, мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Бұлақ басындағы оқиға.
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам, сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.
Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ, бір лақ бақпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға, көк майса, батпаққа батып,
талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.
Мазмұндама жоспары:
1.Жайлауға бару.
2.Қой тоғыту.
3.Ешкінің бақылдаған дауысы.
4.Бақпаққа батқан ешкі.
5.Лақты ұйықтан шығару.
6.Қатты қуану.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтінді рет-ретімен баяндап жазуға машықтандыру;
-сөздік қорын дамыту;
-батылдыққа тәрбиелеу.
Қорқақтық жараспайды.
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да, шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: майда жауын, дегбірсізденіп, абыржи,
Үйіріліп тұрды,өткінші жауын, сабырға шақырды.
Мазмұндама жоспары:
1.Асанның қорқақ атану себебі.
2.Жауын басталғандағы Асанның дегбірсізденуі.
3.Асанның жарқылдаған найзағайдан қорқуы.
4.Ойынды тоқтатуы.
5.Асанның шыдамдылығы.
6.Жаңбыр басылып, ойынның жалғасуы.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: сөздерді дұрыс қолдана отырып мәтін мазмұнын дұрыс баяндап жазуға төсілдіру;
-сөз тіркестерін қолдану дағдыларын тексеру;
-жауапкершілікке тәрбиелеу.
Аю мен бөрене.
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекей шұбырып, оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналды.
Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсірді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып, сілекейі шұбырып.
Мазмұндама жоспары:
1.Аюдың бал арасына кездесуі.
2.Балға ұмтылған аю.
3.Аюға кедергі жасаған бөрене.
4.Аюдың ажалы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұнын, түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
— мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Жолда.
Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,
жапырақтың арасында бұғып, көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі, Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да, бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
Түсіндірілетін сөзер мен сөз тіркестері: жолдың жиегі, жан сауғалап, шыбын-жанын, мүшкіл халі, таптап.
Мазмұндама жоспары:
1.Өріске бұзау айлап баруы.
2.Қайтып келе жатып, тышқанның баласын көруі.
3.Оның жан сауғалауы.
4.Тышқанның аянышты халі.
5.Таптап тастамақ болған аяғын қайтып алуы.
6.Тышқанның жөніне кетуі.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру.
-сөздік қорын, сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Емші құмырсқалар.
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын.Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыс-
тар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес.Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді.
Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауыр-
сындарын тарақтап болып ұшып кетті.
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді.
Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажеті.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: алаңқай,құмырсқа илеуі,қан сорғыш насекомдар.
Мазмұндама жоспары:
1.Күн қандай ?
2.Қарға қайда аунап жатыр ?
3.Қарға құмырсқа илеуін не үшін пайдаланады ?
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнында сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру;
-сауатты жазуға төсілдіру;
-ұқыптылыққа, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.
Ақ тоқаш.
Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп, тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,
қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,
қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп, оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық, мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта ілбіп келе жатты.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қаужалап, шұжығымен,қуалай жөнелді.
Мазмұндама жоспары:
1.Көңілді екі дос.
2.Ақ тоқаш пен шұжық.
3.Жол жиегінде «доп» болған нан.
4.Қажыкеннің ақылы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұныны, түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
-қызығушылығын арттыру.
Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.
Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,
әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.
Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың, ағаштардың,
таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: археология мұражайы, экспонаттар, тайпа-лар жас ханзада-сақ жауынгері,әдіптелген, дулығасы,
кіреуке сауытын, көне зергер, Есік қорғаны.
Мазмұндама жоспары:
1.Балаларға қандай экскурсия ұнады ?
2.Мұржайдағы экспонаттар нені білдіреді ?
3.Қазақстан археологиясы нені анықтады ?
4.Балалар қай экспонаттың жанында ұзақ тұрды ?
5.Онда кімнің киімі қойылған ?
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: жоспар бойынша мәтінді ретімен жазуға төсілдіру;
-сауатты жазуға үйрету; сөздік қорын дамыту;
-білім-білік дағдыны қалыптастыру.
Алматы апорты.
Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.
Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді.Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Орал уезінен, Редько деген орыс,
апорт, сорт.
Мазмұндама жоспары:
1.Алматыға кім көшіп келді ?
2.Ол құмыраға отырғызып не әкелді ?
3.Жаңа қоныста ағаш қандай жеміс берді ?
4.Басқа жерде апорттың бұл түрі өсе ме ?
5.Сендер Алматы апортын жеп көрдіңдер ме ?
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты; мәтінді түсінігі бойынша жазуға дағдыландыру;
-сауатты, көркем жазуға үйрету;
-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түнгі шайқас.
Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.
Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,
Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.
Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу, ал Қасен-
нің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу, жапалақтап,үйірілі жылқы, түнгі тебінге, арлан бөрі,қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын, сауаттылығын дамыту;
-дүниетанымын қалыптастыру.
Еділбай қойы.
Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.
Қойларының денесі кішкентай, жүні аз, еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,
басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.
Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды.
Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бетпақ дала, татымсыздау, сегіз пұттық,
қазақы тұқымды, шөлейт, саулықтары, егіз қозы.
Мазмұндама жоспары:
1.Еділбай деген қойшы қай теңіздің жағасында тұрған ?
2.Ол бала күнінде күнде не істеген ?
3.Қойлары қандай болған ?
4.Өз қойларына қандай қойлар қосылып кетеді ?
5.Еділбай қойларды қалай бағады ?
6.Кейіннен қой тұқымы қайда тарайды ?
7.Оны қалай деп атап кетеді ?
8.Саулықтары қанша қозы табады ?
9.Еділбай қойының мал шаруашылығы үшін маңызы қандай ?