Дін – рухани үйлесім негізі. Ашық тәрбие сабағы 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дін – рухани үйлесім негізі. Ашық тәрбие сабағы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сабағы 9-10-11 сынып оқушыларына өтуге болады. Ислам дінінің тарихы, таралуы және өзге ағымдардың тигізетін зардаптары туралы мәліметтер келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
















Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Дін – рухани үйлесім негізі»











Тарих пәні мұғалімі: Карикбаев Бакдаулет
















2018-2019оқу жыл

Күні:21.01.2019ж Сынып: 11 «Ә»

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: Дін – рухани үйлесім негізі.


Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Ислам дінінің тарихын біліп және өзге дінге құрметпен қрауға. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, сенімін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер.


Ашық тәрбие сабақтың бөлімдері: І бөлім. Наным сенімдер.

ІІ бөлім. Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы.

ІІІ бөлім. Дін және дәстүр.

І бөлім. Наным сенімдер.


Мұғалімнің сөзі:

Дін тек діни ілімнен немесе құлшылықтан тұрмайды, ол отбасылық мәдениетті, заңдылықты, ұлттық діни дәстүрлерді, ұлттық рухани мәдениетін, білімін қамтиды.Сондықтан дін дегеніміз оны ұстанған ұлттардың, қоғамның рухани мәдениетімен ажырамас байланыста дамиды.Осы тұста елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде діни білім алудан емес діни сауаттығымыздың жоқтығынан қорқуымыз керек деген екен.

Дін ежелден келе жатқан рухани білім мен түсінік. Адам баласы жаратылған кезден бастап табиғаттан тыс белгісіз күштерге сенген. Өздеріне белгісіз бір жаратушы күш бар деп ойлаған. Бірақ сол жаратушының кім екенін әрине білген жоқ. Алғашқы адамдар тәңірге табынды, суға, отқа табынды. Ерте кезде қазақ халқында түрлі наным - сенімдер орын алған.


Оқушыларға « Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.


Діннің көне наным нысандары Мазмұны 
Фетишизм (португал тілінен «ерекше қасиеті бар зат»). Жансыз заттардың ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер – жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды. 

Тотемизм (солт.Америка үндістерінің тілінен «оның тегі»). Тотемизм құбылысын зерттеген ғалым дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. 
Анимизм (латын тілінен animus-жан, рух). Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Ол алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан. 
Магия (сиқыр, аяр, жады). Жаратылыстан тыс күш шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия немесе тылсым. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды. Магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды; 
Леви-Брюль адамның ой келбеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, 1-сі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша, 2-сі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болады; 
Б.Малиновский «Магия, ғылым және дін» (1926 ж.); 
Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1)тікелей әсер ету, 2)инициалды(қол жетпейтін объектіге әсер ету), 3)парциалды (тамаққа т.б. нәрселер арқылы әсер ету), 4)имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету); Мақсатына қарай: емдік, әскери, кәсіптік және т.б. болып бөлінеді. 
Шамандық –ертеден келе жатқан діни наным. Шаман трансқа кіріп, ауру адамдарды емдеп, жазады. Шамандар-ежелгі тәуіп емшілері.шаманның киім киісі елден ерекше болады. Оның басты құралы барабан немесе бубен, олар арқылы шаман трансқа кіреді.қазақ халқының рухани тұрмысында шамандыққа ұқсас бақсылық деген бар. Қазақта бақсы балгер деп ауру адамды емдейтін емшілерді айтқан. Академик Ә.Марғұланның пікірі бойынша, 
Бақсы – бұл тек емші-дәрігер емес, сонымен қатар ақын, музыкант. 

Тәңірлік – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастырады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын ұғымның негізін құрайды”, –деп жазады С.Н. Ақатаев.
Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.


ІІбөлім. Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы.


Мұғалімнің сөзі: Мемлекет басшысы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында:

«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал»- деген.

 «Ислам – дін ғана емес, ол – бізідің мәдениетіміз» деген ойлы сөзін ескерсек, Ислам дінін рухани мәдениеттің де ошағы деп санауға мүмкіндік береді.

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық.

Оқушыларға тапсырма:

Артығын алып таста” әдісі. Жұптық жұмыс берілген тапсырмада оқушылар 1 дұрыс бапты таба отырып 1артық бапты алып тастау қажет

ҚР Костетутциясында заң жүзінде бекітілген діни сенімдерге байлаанысты жазылған баптарды оқушылар айтып өтеді.

1- бап: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

14-бап: Тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғалықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынща ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды

19-бап: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.


Оқушыларға жалпылама сұрақ қойылады: Ислам дініні пайда болуы және Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы не білесіңдер?


Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.

Алла сөзі Жәбірейіл періште арқылы төрт  пайғамбарға тапсырылады, яғни Мусаға «Таурат», Ғайсаға «Інжіл», «Дәуітке «Забур» және Мұхаммед пайғамбарға «Құран кәрім».

Құран дегеніміз не?

Құран  - мұсылмандардың қасиетті кітабы. «Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан, құран кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида, әрі түгел ғылыми құрылым. Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен.

Алғаш рет кітап етіп Осман Халифа бастырған. Құран 114 сүре, 6600 аяттан тұрады.  Алланың сөзін жеткізуші Мұхаммед пайғамбар Ғалейһи-с-салам.

Пайғамбарымыз Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдениде Жәбірейіл періште арқылы естіп, өз қауымына жариялаған. Осыған байланысты құранның сүрелері меккелік және мәденинелік болып екіге бөлінеді

Мұғалімнің сөзі: Мысал «Дұрыс жол табу»

Мәзһабтар туралы түсінік

Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар бола қоймады. Өйткені, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырды. 

Оқушыларға тапсырма: Қандай масқаптарды білесіңдер?

1. Ханафи мәзһабы

2. Мәлики мәзһабы

3. Шафиғи мәзһабы

4. Ханбали мәзһабы

Сахабалар кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге (мәзһабтарға) қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699-767), имам Мәлик (717-795), имам Шафиғи (767-820), Ахмед ибн Ханбал (780-855) секілді Ислам ғұламаларының мәзһабтары дүниеге келді. Бұлар Ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы мужтаһид (білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың алды алынып келді. Сондықтан бұл төрт мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені, олар Құран Кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан «әһлу сунна уәл-жамаға», яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік-ынтымақты жақтаушы қауым мәзһабтары атанды.

Ханафи мәзһабы

Әбу Ханифаның әкесі де, анасы да өте тақуа адамдар болған. Әкесі Сәбит жас жігіт кезінде арықтағы сумен ағып бара жатқан алманы бір тістеп жегені үшін бағбаннан кешірім сұрап, кешірімін алу үшін оның қол астында қызмет етеді. Осындай тақуалығы үшін бағбан оған өмірінде ешқашан ұят нәрселерге қарамаған, ұят және балағат сөздерді естімеген, Алла тыйым салған нәрселерді ұстамаған, бұзық жерлерге бармаған, жаман сөз сөйлемеген тақуа қызын әйелдікке береді. 

Осындай тақуа отбасынан һижраның 80-інші жылы (миләди 699 жылы) Ирактың Куфа қаласында атағы бүкіл әлемге әйгілі ғалым Әбу Ханифа дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған шын аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит әл-Куфи. Оның білімділігі мен парасаттылығын құрметтеп, халық «Әбу Ханифа», «Имам Ағзам» (Ұлық Имам) деп атаған.

Әбу Ханифа бала кезінен-ақ сөзге шешен, өте зерек және ақылды болған. Ел ауызында оның бала кезінде Алланың бар екендігіне сенбейтін бір дінсіз философпен айтысып, оны сөзбен жеңгені туралы әңгіме күні бүгінге дейін айтылып келеді. 

«Әбу Ханифа» деген сөз тікелей – «Ханифаның әкесі» деп аударылатын болса да, шын мәнінде бұл оның шын аты емес. Өйткені, оның Ханифа атты баласы болмаған. Бұл жерде «әбу» деген сөз – «басшысы, жетекшісі» деген мағынада, ал «ханифа» деген сөз – «хақ жол, тура жол» мағынасында қолданылып, «Әбу Ханифа» – «хақ жолдың басшысы, тура жолдың жетекшісі» деген ұғымды білдіріп тұр.

Әбу Ханифаның әкесі Сәбит жібек мата сататын саудагер болған. Әке жолымен ол да мата сататын дүкен ашып, саудамен айналысқан. Ғылыммен айналысып жүрген кезінде де Әбу Ханифа саудасын тастамай, тіршіліктегі ризығын содан тауып отырған. Ол жастайынан Құран, хадис, араб тілі мен әдебиетін оқып үйреніп, көп нәрседен хабардар болса да, мешітке жамағатпен бірге бес уақыт намаз оқу үшін баратын. Ол тек 22 жасында ғана терең ислами білім алуға бел буады.

Оның ғылымға шындап бет бұруына сол заманның атақты ғалымы Шағби себепкер болады. Шағби – Куфадағы ғана емес, бүкіл әлемдегі атақты төрт Ислам ғұламаларының бірі еді. Ол Әбу Ханифаға: «Уақытыңды босқа өткізбей, ғалымдардың дәрісханаларына қатысып, сабақ оқы» – деп кеңес береді.

Әбу Ханифа Куфада 18 жыл Шағби мен Хаммад ибн Сүлеймен сияқты сол заманның атақты ғұламаларынан кәлам, хадис, фикһ (құқық), қырағат салалары бойынша терең білім алады. Әбу Ханифа Әнас ибн Малик, Абдулла ибн Ауф, Сәһл ибн Саһд, Әбу Туфайл деген сахабалардан дәріс алғандықтан, Ислам әлемінде «табиғин» мәртебе-сінде танылды.

Куфадағы оқу-ағарту орталығының жетекшісі, ұстазы Хаммад ибн Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін, Әбу Ханифа оның орнын басып, осы орталықта 30 жыл ұстаз болып еңбек етеді. Осылайша, оның мектебі Куфадағы атақты оқу орнына айналады. Оның өзі сол заманның ең атақты, білімді, беделді ғалымы дәрежесіне көтеріледі. Әбу Ханифаға Ирактан, Хорасаннан, Йеменнен, Арабстаннан, т.б. жерлерден келіп, білім алған  шәкірттерінің саны 4000-нан асатын.

Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен, әрі демократиялығымен де ерекшеленіп тұрады. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының тағы бір себебі − өз дүние танымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заманға сай жұмыстарын үйлестіре жүргізіп, бірқатар мұсылман мемлекеттермен байланыс орнатты. ҚМДБ қарауындағы мешіттердің түгел дерлігі Әбу Ханифа мәзһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет етеді деген сөз. Сол себепті елімізде дін туралы қабылданған соңғы заңда Қазақстан мұсылмандарының осы мәзһаб-пен амал жасайтыны шегелеп көрсетілген.


ҚР аумағында сотың шешімімен тыйым салынған ағымдар:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде

«Аль-Каида», «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс», «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»);

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес 

«Асбат аль-Ансар», «Ихуан муслимин», «Талибан» қозғалысы, «Боз гурд», «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер», «Лашкар-е-Тайба», «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»;

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес

«Хизб-ут - Тахрир» ұйымы; ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімімен «АУМ Синрикё», «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»;

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешімімен

«Түркістан ислам партиясы»;

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес

«Джунд-аль-Халифат»;

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес

«Сенім. Білім. Өмір» қоғамдық бірлестігі;

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес 

«Таблиги джамагат» халықаралық діни ұйымының қызметтеріне еліміздің аумағында жұмыс жасауына тыйым салынған.


Видео ролик: «Адасқандар»

ІІІ. Дін және дәстүр.

Салт-дәстүр дегеніміз - өте ерте кезден осы күнге дейін халықтың өмірі мен тұрмысында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан үлгілі істер.
    Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-ананы ардақтау сияқты ізгі дәстүрлер бар.

Қазақтың  дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері  ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.Халқымыздың салт -дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз.Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойғанынан  бастап,дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі  аралықта көптеген дәстүрлеріміздің  Исламнан нәр алғанын байқайсыз.                                               

Қазақтың ең үлкен  дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады.Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил – «40»,  хана – «той» деген мағынаны білдіреді.Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні ел-жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Баланың дүниеге келуі – тек бір ғана отбасының емес,бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған.Атам қазақтан:«Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар»деген сөз қалған. Сондықтан да, ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған.Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа»деп аталады.Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша«қалжа» делінеді.Атаулары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа»қойы ер балаға екі, не бір қой соятын болған.Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға қарағанда қомағайлау болатындықтан,(анасын көбірек емеді)екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар,бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп,өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп.

 Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге,жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Екі қазақ кездесе қалғанда  жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкумассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.

 Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.
Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.

Оқушыларға тапсырма:

Салт-дәстүрге,дінге байланысты мақал-мәтел жарысы

1. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

2. Жарлы деп сөкпе,

   Пайғамбарға тілің тиеді.

   Жалғыз деп сөкпе,

   Құдайға тілің тиеді.

3. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

4. Адамгершілік абырой әпереді.

5. Ұяты жоқтың иманы жоқ.

6. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.

7. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

8. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік


Оқушыларға жалпылама сетуатциялық сұрақ қойлады:

1. Сенің досың немесе баурың дін жолын таңдауда адасты сен қандай ақыл немесе көмек көрсетесің?


Қорытынды: Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап,  Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз..

Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсіген.  

Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды.


Кері байланыс. Оқушыларға стикер тарқатылады

Ойды аяқта:

1. Бүгін мен білдім.....

2. Қиындық тудырды......

3. Мен үйрендім.....

4. Колымнан келді...



Тексерілді:



















«Дін – рухани үйлесім негізі» атты ашық тәрбие сабағынан көріністер



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі