жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Динамика негіздері
Физика 9
сынып
Сабақтың
тақырыбы: «Динамика негіздері» тарауын
қайталау
Сабақтың
мақсаты: Білімдік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін
жинақтау, білімді игеру деңгейлерін
бағалау;
Дамытушылық:
оқушылардың осы тарауда нені білді, алған білімдерін есте сақтау
мақсатында ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік:
шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың типі:
Қайталау сабағы
Сабақтың түрі:
сайыс сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырма
парақтар
Сабақтың
жоспары:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
2. Сайыс
кезеңдері
1) «Қарлы
кесек?» ойыны
2) «Кім жүйрік?»
деңгейлік тапсырма
3) «Кім жылдам?»
(формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап
(постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын
(мұғалім, дәрігер, инженер)
6)
Тест
3.
Қорытынды
4. Үйге
тапсырма
Сайыстың
кезеңдері:
1) «Қарлы
кесек?» ойыны
2) «Кім жүйрік?»
деңгейлік тапсырма
3) «Кім жылдам?»
(формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап
(постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын
(мұғалім, дәрігер, инженер)
6)
Тест
7) Қорытындылау,
бағалау
1 - тапсырма: «Қарлы кесек?» ойынында әр топ
берілген тапсырма бойынша сұрақ қойып, келесі топқа беріледі,
ауызша жауап тыңдалады.
1 - топ:
«Күш»
2 - топ:
«Масса»
3 - топ:
«Дененің салмағы»
Әр топ өзара
бағалайды
2 - тапсырма: «Кім жүйрік?» / есептер
шығару/
1 - топ 1.
Массасы 2т автомобиль орнынан қозғалып, 10 ішінде 100 м жол жүрді.
Тарту күшін табыңдар. /4
кН/
2. 50мН күш әсер
еткенде дене 0, 2 м/с2 үдеу алады. Егер дене тыныштық қалпынан 30
түзусызықты қозғалса, онда оның орын ауыстыру қандай болады?
/90м/
2 - топ 1. Массасы 0, 5 кг доп 0, 02с уақытқа
созылған соққыдан 10м/c жылдамдық алады. Соққының орташа күшін
табыңдар. /250 Н/
2. Қатаңдығы 105
Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0, 5 м/с2
үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмейді. /0,
01м/
3 - топ 1. Массасы 2т автомобиль тас жолмен
бірқалыпты қозғалып барады. Егер дөңгелектерге әрекет ететін
кедергі коэффициенті 0, 02 тең болса, автомобильдің тарту күші
қандай? /0, 4 кН/
2. Массасы 2 кг
ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь
ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс
коэффициенті 0, 3 тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар. /0,
06м/
3 - тапсырма: «Кім жылдам?» (формуланы
толықтыр)
4 - тапсырма:
Ойлан - тап (постермен
жұмыс)
1 - топ: Ньтонның 1 - ші
заңы
2 - топ:
Ньтонның 2 - ші заңы
3 - топ: Бүкіл
әлемдік тартылыс заңы
Әр топ өзара бағалайды (бағдаршам
арқылы)
5 - тапсырма: Рольдік ойын (денелердің Жерге
тартылу күші туралы)
1 - топ: Мұғалім
/балалар «мұғалім» болып
сөйлейді/
2 - топ:
Дәрігер
3 - топ:
Ғалым
Әр топ өзара бағалайды
(бармақпен)
6 - тапсырма: Тест
жұмысы
1 -
топ:
1. Денеге әсер
етуші барлық күштердің тең әсерлі күш нөльге тең болғанда дене
қалай қозғалады?
А/дененің
жылдамдығы артады;
В/дененің
жылдамдығы кемиді;
С/ дененің
жылдамдығы нөлге тең;
Д/ денеге әсер
етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нөлге тең болғанда дене
тұрақты жылдамдықпен
қозғалады;
Е/ дененің
жылдамдығы нөлге тең емес, уақыт аралығында өзгеріп
отырады.
2. Күш моменті
физикалық шама, ол неге
тең?
А/ дененің
массасы мен оның жылдамдығының
көбейтіндісіне;
В/ күш пен иінің
көбейтіндісіне тең;
С/ күш пен бұл
күштің әсер ететін уақытының көбейтіндісіне
тең;
Д/ күш пен
жылдамдығының көбейтіндісіне
тең;
Е/ күш пен
дененің үдеуінің көбейтіндісіне
тең.
3. Жоғары қарай
1 м/с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр.
Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және
бағыты?
А/ 770 Н; В/ 700
Н; С/ 630 Н; Д/ 675 Н; Е/ 725
Н.
4. Дененің жерге
тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін
күші
А/ дененің
массасы;
В/ дененің
үдеуі;
С/ дененің
жылдамдығы;
Д/ дененің
салмағы;
Е/ дененің
импульсі
5. Ньютонның
екінші заңы:
А/ денелердің
бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және
бағыттары бойынша қарама -
қарсы;
В/ басқа
денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін
сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай
инерциялық санақ жүйелері
болады.
С/ денеде
туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның
массасына кері
пропорционал.
Д/ екі дене бір
- біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және
арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен
тартылады.
Е/ бүкіләлемдік
тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы
жүзеге асатын жылдамдық.
2 -
топ:
1. Қандай
жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан
аз болады?
А/ дене
бірқалыпты жоғары
қозғалғанда;
В/ дене
бірқалыпты үдеумен жоғары
қозғалғанда;
С/ дене жоғары
қарай үдеумен қозғалғанда;
Д/ дене
бірқалыпты төмен
қозғалғанда;
Е/ дене
бірқалыпты үдеумен төмен
қозғалғанда.
2. Серпімділік
күші дегеніміз не?
А/ Жердің
центріне бағытталған жерге тарту
күші;
В/ бағыты
денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара
тартылыс күші;
С/ дененің
пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын
күш;
Д/ денелер
тікелей жанасқанда пайда болатын
күш;
Е/ тіректің
денеге әрекет ететін күш.
3. Массасы 1кг
денені Жер бетінен 3м/с2 үдеумен жоғар көтеру үшін жұмсалатын
күш?
А/ 13 Н; В/ 33
Н; С/ 10 Н; Д/ 30 Н; Е/ 7
Н.
4. Дененің басқа
денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын
сипаттайтын физикалық
шама...
А/ дененің
массасы;
В/ дененің
үдеуі;
С/ дененің
жылдамдығы;
Д/ дененің
күші;
Е/ дененің
импульсі
5. Ньютонның
бірінші заңы:
А/ денелердің
бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және
бағыттары бойынша қарама -
қарсы;
В/ басқа
денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін
сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай
инерциялық санақ жүйелері
болады.
С/ денеде
туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның
массасына кері
пропорционал.
Д/ екі дене бір
- біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және
арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен
тартылады.
Е/ бүкіләлемдік
тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы
жүзеге асатын жылдамдық.
3 -
топ:
1. Лифтімен
байланысқан санақ жүйесін инерциал деп санауға болад,
егер
А/ лифт
еркінтүссе;
В/ лифт
бірқалыпсыз жоғары
қозғалса;
С/ лифт үдеумен
төмен қозғалса;
Д/ лифт
бірқалыпты төмен қозғалса;
Е/ лифт баяу
жоғары қозғалса.
2. Үйкеліс күші
дегеніміз не?
А/ Жердің
центріне бағытталған жерге тарту
күші;
В/ бағыты
денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара
тартылыс күші;
С/ дененің
пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын
күш;
Д/ денелер
тікелей жанасқанда пайда болатын
күш;
Е/ тіректің
денеге әрекет ететін күш.
3. Рычагке әсер
етуші күш 5Н. Күш иіні 0, 4 м болса, күш моменті неге
тең?
А/ 5 Нм; В/ 2
Нм; С/ 0, 4 Нм; Д/ 20 Нм; Е/ 0, 16
Нм.
4. Дененің
өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін
қасиеті..
А/ дененің
уақыты;
В/ дененің
үдеуі;
С/ дененің
жылдамдығы;
Д/ дененің
инерттілігі;
Е/ дененің
импульсі
5. Ньютонның
үшінші заңы:
А/ денелердің
бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және
бағыттары бойынша қарама -
қарсы;
В/ басқа
денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін
сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай
инерциялық санақ жүйелері
болады.
С/ денеде
туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның
массасына кері
пропорционал.
Д/ екі дене бір
- біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және
арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен
тартылады.
Е/ бүкіләлемдік
тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы
жүзеге асатын жылдамдық.
Бағалау
критерийлері
Үй
тапсырмасы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген