Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Діни экстремизм -қауіпті бағыт"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
Өткізген: Адильгереева Г.С
2018 – 2019 оқу жылы
Діни ағымдардың біздің елімізде тарауы туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана - сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр» - дейді. Бізде негізгі екі дін бар. Қазақстан халқының 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады, 29 пайызы христиан дінінде. Діни бірлік дегеніміз – мұсылмандардың бірігуі, христиандардың бірігуі және осы дін өкілдерінің өкілдерінің бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болуы. Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет, бірнеше ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған халқымызға ХХ ғасырдың соңғы он жылында азат еткен, еркін тәуелсіз мемлекет болу нәсіп болды. Бодан болған жылдары біз ұлттық мемлекетті қалыптастыратын дәстүрлерден айырылып қалдық, яғни, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттік дәстүрлер әлсіреді. Оның ішінде дін институты да бар. Бірсыпыра азаматтар дәстүрлі дініміз – Ислам дінін тастап басқа сенімдерді қабылдады. Осының бәрі айналып келгенде, ұзақ мерзімді Қазақстанның мемлекет ретінде дамуына қауіп тигізуі мүмкін.
Қазақстандағы діни өмір соңғы онжылдықта діни бірлестіктердің күрт өсуімен және бұрын елімізде болмаған бірқатар конфессиялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Жаңа діни ағымдардың өсуі сонау советтік кезеңде миссионерлік қызметтің етек ала бастауымен, соның ішінде мына бағытта (кришнаиттер, бахаилер, «Трансцендентальная медитация»), харизматикалық протестантизм, Иегова куәгерлері, «Дианетика» қоғамы» және тағы басқалар пайда болды. Әсіресе олар ХХ ғ. 90 жылдарында өздерін белсенді көрсете білді.
Егер де дәстүрлі емес діни ағымдардың даму тарихына келетін болсақ, оларды екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдарда басталды.Осы кезеңде Қазақстан аумағына діни оқуларды жүргізушілер келе бастады, олардың қатарында Иегова куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, пятидесятниктердің түрлі ағымдары, түрлі конфессиялардың өкілдері бар.Сол кезеңнен және Совет Одағының күйреуіне дейін үкіметтің атеистік саясатының күштілігіне қарамастан бұл бірлестіктер өмір сүре берді.
Екінші кезең 80 жылдардың аяғында басталып осы кезеңге дейін жалғасып келеді. Коммунистік идеологияның күйреуі рухани күйзеліс жағдайына алып келді. Сол кездерде шығыс культтеріне қызығушылық басталып, оккультизм тамыр жая бастады. Осы негізде жаңа діни ағымдардың белсенділігі күшейіп, ірі қалаларда( Алматы, Астана, Қарағанды және т.б.) орын тебе бастады.
Белсенді түрде «Общество создание Кришны», Виссарион шіркеуі, «Трансцендентальная медитация», «Церковь унификации»(«Церковь объединения» өздерін көрсете білді. Баспасөзде жарияланымдардың шығуына байланысты сатанистердің, пұтқа табынушылардың шыға бастағаны белгілі болды.
Бүгінде елімізде тіркеліп, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да адам шатасатындай халге жетті. «Вайшнавтар», «Бахаи» сенімі, «Бірлестік шіркеуі», «Иегова куәгерлері», «Соңғы өсиет шіркеуі», «Кришнаны тану қоғамы», «Саентология» шіркеуі, «Мормондар», «Сахаджа йога», «Жаңа аспан», «Жаңа өмір шіркеуі»… Тізе берсек, тым көп-ақ. Және олар елімізде тіркеліп алып, тыныш жатқан жоқ. Арбауына кәріні де, жасты да іліндіріп, соңдарынан ілестіруде. Мәжіліс депутаты Асхат Бекеновтің: «Еліміздегі жастардың 60 пайызы түрлі діни ағымдардың жетегінде жүр», – деп дабыл қағып, депутаттық сауал жолдауының өзі бүгінде діни ағымдардың күн өткен сайын қауіпті болып бара жатқанының айғағы болса керек.
Әділет департаментінің ресми деректері бойынша, «Иегова куәгерлері» ізбасарларының саны 6000-нан, ал «Саентология шіркеуі» ізбасарларының саны шамамен 5 000-нан асатын көрінеді. Еліміз шын мәнінде әлемдегі дәстүрлі емес діндердің орталығына айналғандай. Басқаны қойып, исламның өз ішіндегілер де қырық тармаққа бөлінуде. Мұсылмандықты шолақ балақ, қаба сақал, кебінге оранып жүру деп ұғатындар «Ахмадие жамағаты», «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағымы, «Ата жолы» («Ақ жол»), тахриршілдер, таблиғшылар, салафилер, такпиршілер, кораниттер болып санға бөлінуде. Ал осынау негізгі мақсаты белгісіз діни ағымдардың әрқайсысының етегінде бір-бір қандасымыз кеткен күннің өзінде ұлт қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнетінін бағамдай беріңіз. Негізінен, жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе, жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігетін көрінеді. Еліміздің батыс өңірінде ислам дініндегі түрлі діни ағымдарды ұстан-ған жастардың да көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Ендеше мұның алдын алуда қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
Діни секталардың жастарға теріс әсері.
Шыны керек, «зайырлы мемлекетпіз» деп, идеология тұрғысынан халқымызды тым еркін жіберіп алған секілдіміз. Тіпті бүгінде мамандар көпұлттылықтан гөрі, көпдінділіктің зардабы ауыр екендігін жарыса айтып жүрсе де көпдінділіктің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жоқтың қасы. Деректерге сүйенсек, 90-жылдардың басында Қазақстанда 500-дей діни бірлестіктер мен ұйымдар болса, бүгінде олардың саны 4000-нан асып кетіпті. Бұған негізінен «он адам бірігіп, діни бірлестік құрып, тіркеле бер» дейтін заңымыз ықпал етуде. Ең қорқыныштысы, елімізде олардың ісін бақылауға алып отырған да ешқандай мекеменің жоқтығы. «Ағылшын тілін оқытамыз, психологиялық көмек көрсетеміз» деп, алдап-сулап маңайларына адамдарды жинап алып, өз ағымдарын насихаттап жүрген діни бірлестіктер бүгінде өз қараларын күн өткен сайын көбейтуде. Діни бірлестіктерді бей-берекет тіркеп, олардың іс-әрекетін бақылаусыз қоюымыздың арқасында бүгінде олар мыңдаған қандастарымызды өз бауырларына тартып үлгерді. Ағымға ерген азаматтардың сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден өткізуден бас тартып, тіпті екпе егуден қашыртуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, евангелші баптистердің «жер бетінде шекара болмауы керек» деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын. Тіпті кейде мүмкін де емес. Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.
Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқынышты емес пе?! Сондай-ақ түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін-бірі жау көруі, өзінен туса да өзгедей күй кешіп, әке-шешесін тыңдамай балалары басқа діннің ағымында кеткен ата-аналардың зары әлі күнге тиісті орындардың құлағына жете алмай отыр. Еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да «басқа діни бірлестіктер өз діндерін насихаттаса насихаттай берсін, ал біздің дінде зорлық жоқ» деп өздерін «салқынқанды» ұстауда. Сонда дәстүрлі емес діндердің іріткі ісіне тосқауылды кім қоюы керек?! Айтпақшы, «біздің дінде зорлық жоқ» деп Мұсылмандар діни басқармасы қол қусырып отырғанда, еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісе бастапты. Олар бұл әрекетін христиан дінін қабылдаған кей қазақтар үшін қажет деп түсіндіруде. Тіпті жақын арада қазақ тіліндегі аудармалар жинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отырған көрінеді. Ал сонда біздікі қандай жайбарақаттылық?
Айта кетерлік жайт, сау қоғамда азаматтардың санасының улануына сынамалап кірген діни ағымдардан бөлек, басқа елдерден діни сауатын жетілдіріп келген азаматтар да өз «үлесін» қосып отырған көрінеді. Бұл турасында Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Соңғы кездері Пәкістан, Египет сынды көптеген мемлекеттерге барып діни сауат ашушылар көбейіп кетті. Бұл – жақсы үрдіс емес. Қазіргі уақытта түрлі ағымдар, ұйымдар бар. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Алайда біздегі көптеген жастар шетелдерде әдетте өзге масхабпен білім алып келіп жатады. Мен өз басым шетелде діни сауат ашуға сақтықпен қараймын.
Сондықтан біздің елімізге осындай білім ордалары аса қажет» – деген еді. Ендеше шетел асып, діни сауатын ашқысы келетіндерге тосқауыл қоятын кез де жеткен секілді. Сондай-ақ бүгінгі қоғамда көбейіп бара жатқан хиджаб киген қыздардың қай ағымда екенін айтып беретін дінді саралап зерттейтін институттар да жоқ. Ең бастысы, осынау дін саласындағы бей-берекетсіздіктердің бәріне тыйым салар «Дін және наным-сенім бостандығы жайлы» заңды қатайту туралы көптен бері айтылып келе жатса да әлі күнге қолға алынар емес. Айта кетерлік жайт – жастарымыз саналы түрде өзге діннің ағымында кетіп жатқан жоқ, олар діни сауатының төмендігі мен қоғамдағы алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі салдарынан адасып жүр. Сондықтан түрлі діни ағымның жетегіндегі жастарымызға араша түсер кез жеткен секілді.
Бір жағынан, жастарда діни мәдениеттің болмауы, білім деңгейінің төменділігі – бұның бәрі дәстүрлі емес діндарлылық, экзотикалық культтардың қоректік ортасы болып табылады. Басқа жағынан, әлем діндері мәдениеті курсын енгізуге сауатты қараған кезде жастар ортасындағы қауіп туралы айтуға болады, басқа сөздермен, күтіністегіден гөрі, шынайыдағы діндар жас адамдардың санының өсіп жатқандығын айта кету керек.