Діни экстремизм мен терроризмнің түсінігі және түрлері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Діни экстремизм мен терроризмнің түсінігі және түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені қазіргі әлемде адамзат үшін күрделі проблемаға айналған терроризм мен экстремизм сияқты құбылыстардың көбеюі байқалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

«АСТАНА» КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ






ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Діни экстремизм мен терроризмнің түсінігі және түрлері.







Құқық негіздері пәні оқытушысы: Исмаилова А.Қ.





















Тараз 2025 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ

1.1.Дін және мемлекет

1.2.Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні

1.3.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы

1.4. Діни экстремизм мен терроризм түсінігі

1.5.Қазіргі экстремистің/террористтің психологиялық портреті

1.6. Қазақстанда қанша дін мен діни ұйымдар бар?



II. ТЕРРОРИЗМНІҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІН ТҮСІНУ

1.1.Мемлекеттік терроризм

1.2. Биотерроризм

1.3.Кибертерроризм

1.4.Экотерроризм

1.5. Ядролық терроризм

1.6.Наркотерроризм

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



















КІРІСПЕ


Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені қазіргі әлемде адамзат үшін күрделі проблемаға айналған терроризм мен экстремизм сияқты құбылыстардың көбеюі байқалады. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ғаламдық өзекті мәселеге айналған теріс ағымдар жайлы былай деп атап көрсеткен: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп».

Расында, бүгінгі таңда теріс ағымдардың жетегінде жастардың ере кетуі, діни сауатсыздық мәселелері алаңдатуда. Тіпті террорлық әрекетке итермелейтін жат ағымдар әрекеті белең алып бара жатыр. Не десек те дін қазіргі әлемнің ең өзекті мәселесіне айналып отыр.  Көптеген теріс күштер дінді өздерінің қитұрқы мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланып бағуда. Соның бірі ретінде мұсылмандардың қолымен әлемнің түкпір-түкпірінде  жасалынып жатқан экстремизм мен терроризм әрекеттерінің көрінісін айтуға болады. Алайда осындай әрекеттер мұнымен шектелмей, онан әрі ушыққан түрде БАҚ өкілдерінің қолымен әлемге тарала келіп, нәтижесінде мұсылмандарға деген іштей жеккөрушілік туғызылуда.Осындай қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Осы орайда қаламызда дін өкілдерінің қатысуымен түрлі іс- шаралар өз жалғасын тауып жатқаны да барлығымызға белгілі.
«Ислам» араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам 
дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік 
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Еліміз егемендікті алып, тәуелсіз мемлекет аталғалы 27 жыл өтті. Осы жасампаздыққа толы 27 жылдың ішінде еліміз ұлы жеңістерге жетті. 27 жылдың ұлы жемісінің бірі – діни сенім бостандығы, ар-ұждан бостандығы. Дін бүгінде мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі. Ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы ерекше. Қазақстанда осы екі діннің достығы қатынастың биік үлгісін көрсетіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанына мақтан тұтамыз. 

Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген.

Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.









































1. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ

1.1. Дін және мемлекет. «Дін» сөзі латынның «religio» деген сөзінен шыққан , «діншілдік», «құдайшылдық», «аса құрметті», «ғибадаттық» деген мағынаны білдіреді.

Дін – бұл әлемді танудың бар әдісінің көмегімен түсіндіруге немесе логикалық ұғынуға беріле қоймайтын әлдебір ғажайыпқа сенуді білдіретін дүниетаным немесе дүниені сезіну (және оның адамның мінез-құлқына себепші болуы).

Кез келген діни дүниетанымның негізін сенім құрайды. Діндар адам Құдайдың бар екеніне логикалық дәлелдемелер немесе материалдық айғақтарды қажет етпейді. Оған құдайшылдықпен өзара әрекеттесудің өзіндік тәжірибесі, ішкі сенімділігі жеткілікті.

Діни түсініктердің пайда болуы көптеген мыңжылдықтар барысында тән рухани дамыған адамның өзінің жетілуімен байланысты болды.

Адамдарды қоршаған сыры білінбес, құдіретті табиғат бастапқыда адам табынған барлығын тегіс қамтушы және ұлы Құдірет болатын.

Діннің тарихи ең ежелгі түрлігі – тотемизм, анимизм, магия,сыйқырлық,шаманизм.

Адамдардың діни түсініктері адамзат тарихының бір бөлігі бола отырып, адамзат қоғамымен бірге бола отырып, адамзат қоғамымен бірге өзгеріп отырды.

Ықпалды абыздық ерекше тобы бар, күрделі иерархиялық құдайшылдығы мен биліктің монархиялық жүйесі қалыптасқан ірі мемлекеттердің пайда болуы монетеистік дінге, яғни бір құдайлыққа өтуге негіз болды.

Біртіндеп Бүкіл әлемді жаратушы, барлығын қамтушы, бір Құдайға сенім пайда бола бастайды.

Адам өмірінің мақсаты адамға рухани даму жолында көп жетістікке жеткен өзінің ағайындарынан (пайғамбарлар және т.б.) берілген өсиеттер мен уағыздар арқылы өзін-өзі жетілдіру болды.

Монотеистік діндер (иудаизм,буддизм христиандық,ислам) дәуірінің келуімен адамзаттың діни тарихында жаңа кезең басталды.

Жоғарыда айтылғанды түйіндей келе, дін адамзат мәдениеттің игілігі бола отырып, тарих барысымен бірге әрдайым өзгеріске ұшырып отырғандығын айтып өткен жөн. Сонымен, бір жағынан, діни сенім ілімдері адамды рухани байытты, оның жаңа өркениеттік деңгейге көтерілуіне септігін тигізді.

Зайырлылық дегеніміз не?

«Зайырлылық» термині қоғам мен мемлекеттің мемлекеттік-саяси орнығуының айқындаушы сапалы сипаттамасы/ белгісі болып табылады.

Даль сөздігі «зайырлылық» түсінігін «жерлік», «бұқаралық,тынымсыз», «азаматтық» деген ұғымдармен түсіндіреді.

Зайырлылық сипаттама/белгі (біздің жағдайда мемлекеттің) ретінде:

  • Мемлекеттің кез келген дінге және кез келген метафизикаға қатысты бейтараптығын;

  • Мемлекеттің кез келген діннен тәуелсіздігі, сол сияқты діннің мемлекеттен тәуелсіздігі;

  • Ар-ұждан және діни сенімнің еркіндігі;

  • Қандай да болмасын ресми діннің болмауы және нәтижесінде әрбір жеке адамның өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстану немесе ешбірін ұстанбау құқығын;

  • Мемлекеттік мектеп сипатының кез келген діннен еркіндігі ресми мәлімдейтін қағидалардың/ережелердің жиынтығын өзіне жинақтайды.

Бұдан шығатын қорытынды, «зайырлылық» түсінігі мынадай сипаттамалардан тұрады:

  • Бейтараптық (мемлекет пен мектептер),

  • тәуелсіздік (мемлекеттің діннен және керісінше),

  • еркіндік (ар-ұждан және діни сенім)

Мемлекеттік-құқықтық салаға байланысты зайырлылық :

  • жалпы азаматтық бағыттылықты,

  • діни санкциялаудан немесе қысым жасаудан, діни бірлестіктерге немесе сол сияқтыларға бағынушылықтан тәуелсіздікті білдіретін қоғамдық өмір салаларының, мемлекеттік немесе қоғамдық институттардың сипаттамасы болып табылады.

Зайырлы мемлекет дегеніміз не ?

Зайырлы мемлекеттің көпшілік мақұлдаған белгілері:

  • оның діни немесе өзге де идеология көздерінен әлеуметтік және формальды тәуелсіздігі

  • мемлекеттік тәртіптің шексіз егемендігіне ешбір алдыңғы болып өткен немесе жоғары тәртіпті қарсы қоюға жол бермеу;

  • жалпыға міндетті діннің/идеологияның болмауы;

  • мемлекеттің және мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тәуелсіздігі;

  • діннің қысым көрсетуінен яки оның идеологиясынан немесе сакциялаудан;

  • идеологияны таратуға бағытталған діни бірлестіктерге мемлекеттік қызметтің бағынунан

  • олардың саяси, бұқаралық-биліктік қатынастарды, мемлекеттік билік органдарының, өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелердің, сондай-ақ құқықтық және қоғамдық-саяси институттардың құрылымы мен қызметін құқықпен реттеушіліктің барлығына араласуынан.

Зайырлы мемлекеттің негізгі критериі оның барлық азаматтары үшін міндетті діннің болмауы болып саналады. Бұдан келіп шығатыны, мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінуі зайырлы биліктің өзара қарым-қатынастарын құрудағы негізгі қағида болып табылады.

Мемлекеттің діни бірлестіктерден және қызметі идеологияны таратуға бағытталған бірлестіктерден бөлінуі – мемлекеттік қызметтің діни бірлестіктерге бағынуынан және діннің санкциялануынан және қысым көрсетуінен мемлекет пен мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тәуелсіздігін білдіретін немесе бекітетін мемлекет зайырлылығының елеулі белгілерінің бірі.

Мемлекет пен діни бірлестіктер – олардың бір-бірінен бөлінуін абсолюттеу үшін тең құқықты субъектілер емес. Бұл жерде әрқашан мемлекеттің үстемдігі жүреді. Бұған қоса мемлекеттің зайырлы сипаты діни бірлестіктермен өзара әрекеттеспейді дегенді білдірмейді. Ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етеді және діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардың жүйесі қоғамдық қатынастардың барлық қалған жүйелерінен оқшаулығын білдірмейді. Діни бірлестіктер қазақстандық қоғамның бір бөлігі, институттары, ал діндар адамдар Қазақстан Республикасының толық құқықты азаматтары болып табылады.

Мемлекеттің зайырлы сипаты діни бірлестіктердің қоғамдық өмірден, әлеуметтік үрдістерден, ең алдымен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және сол сияқты басқада салалардан оқшаулығын білдірмейді.

1.2 Дін саласындағы мемлекеттік саясат.

Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз екенін атап өтеді. Біздің көп этникалық еліміздегі бейбітшілік пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесіуі әлемдік үлгіде әділ мойындалған. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталықтарының бірі болып табылады.

Шынында, бүгінгі күні Қазақстанда 130-дан астам этникалық және 18 конфессиялық топтардың өкілдері бірге тұрады, олардың қатар өмір сүруі мен дамуы үшін елімізді қолайлы жағдай қалыптасқан.

Қазақстанда діннің дамуы мен рухани салт-дәстүрлердің жаңаруы еліміздегі діни сенім бостандығын,рухани дамуды, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет пен оның Басшысымен жүргізіп отырған жүйеленген және өлшемденген саясатының нәтихесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері:

  1. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара келісім орнату.

  2. Қазақстндық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.

  3. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінже жүзеге асырылады.

Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негіз болатын басты қағидалар:

  1. Елдің Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік береді. Конституция конфессионалдық, этникалық және өзгеде белгілердегі кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы діни бірлестіктердің еркін қызмет етуі үшін құқықтық негізді нығайтты. Қазақстан адам құқығы аясындағы маңызды халықаралық келісімдер мен шарттарға, оның ішінде осы саладағы БҰҰ-ның негізгі папкілеріне қосылды.

  2. Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтері мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды.

Аталған қағидалар діни бірлестіктер санының айтарлықтай артуына және конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепші болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін мұсылман санауы өзге діни сенімдердің толыққанды қызмет етуіне кедергі жасамайды. Мұсылман емес діни бірлестіктер санының артуы оған дәлел бола алады. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері православиелік,католиктік, протестанттық қауым саны бірнеше есеге өсті.

Азаматтық қоғам институттарының – үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бүұаралыұ аұпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивті, оның ішінде жалғандіни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады.

Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл, жалпы алғанда Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым міндеттері болып табылады. Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, этникалық немесе конфессионалдық белгілердің, діни экстремизм мен терроризмнің мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет.

Қорыта келе, қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.

2013 жылғы әлеуметтанулық сауалнаманың мәліметтері бойынша дін исаласындағы мемлекет саясатын ел азаматтарының 89% - ы қолдайды. Осыған сәйкес, дін саласындағы мемлекет саясатын, осы саладағы мемлекеттік бастамалардың қоғамдық қолдауға ие болғандығын есепке ала отырып, толықтай жетістікке ие деп атауға болады.

Біздің еліміздің түрлі конфессиялармен өзара әрекеттестік орнату тәжірбиесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестіктер, оның қатарында БҰҰ, ЮНЕСКО,ЕҚЫҰ зерттеп, зерделейді.

1.3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы .

Тәуелсіздік алғаннан соң Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ, ТМД, ШЫҰ,ҰҚКҰ және т.б бірнеше халықаралық ұйымдардың қатарына өтті.

1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46- сессиясының қорытындысы бойынша 46/224 – Резолюциясымен Қазақстан Республикасы БҰҰ – ның мүшелігіне бірауыздан қабылданды. 2012 жылдың 12 қарашасында БҰҰ – ның Бас Ассамблеясының 67- сессиясы шеңберінде Қазақстан республикасы алғашқы рет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне 2013-2015 жылдар аралығына алғашқы рет мүшелікке сайланды.

Бүгінгі күні Қазақстандағы тіршілік әрекетінің түрлі салаларында БҰҰ – ның 15 өкілдігі нәтижелі қызмте жасап отыр.

Тұрғындардың көпэтникалық және конфессиялық құрамын есепке ала отырып, Қазақстан бірқатар сындарлы халықаралық бастамаларды ұсынды, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты, ел ішіндегі, халықаралық кеңістіктегі мәдениет пен дін арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған әлемнің басқа мемлекеттері басшыларының озық идеяларын қолдады.

Төзімділік пен бейбітшілік, өркениеттер ынтымақтастығы идеялары Қазақстан Републикасының ірі сыртқы саяси бастамаларының өзегіне айналды және Орталық Азия мен Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін үлкен мәнге ие болды.

ЕҚЫҰ мен ИЫҰ сияқты Еуропа мен мұсылман әлемінің ең ірі халықаралық ұйымдарын басқаруды Қазақстанға сеніп тапсыру әлемдік қауымдастықтың этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдаудың қазақстандық үлгісіне жоғары баға беруінің айғағы болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында тиым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізіміне келесі шетелдік ұйымдар енгізілген:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида»

2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»

3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»

4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар»

6. «Братья-мусульмане»

7. «Талибан» қозғалысы

8. «Боз гурд»

9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»

10. «Лашкар-е-Тайба»

11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё»

14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

X. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:

20. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)

21. «Ан-Нусра фронты»

22. «Йакын Инкар» Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес экстремистік ұйым болып табылды.

Айта кету керек, терроризм әдетте бір мемлекеттің аумағымен ғана шектелмейді. Бұл ретте, Қазақстанға келген экстремистік топтардың, идеялардың артында Ауғанстан, Пәкістан және Кавказдағы кейбір елдердегі діни, саяси радикалды топтар жатқанын айта кеткен жөн. Қазақстан заңымен тыйым салынған біраз ұйым елімізде нақты төбе көрсетпегенімен, Қазақстан әріптестік танытқан немесе шекаралас орналасқан мемлекеттердің аумағында тыйым салынған қауіпті ұйымдар болғандықтан тізімге енді. Алайда Хизб-ут – Тахрир, Таблиғи жамағат, Джунд-аль-Халифат, Ислам мемлекеті, Ат-такфир уаль-хиджра сияқты ұйымдар жоғарыда аталған аталған елдерден бастау алатын идеология екендігі баршамызға белгілі жайт. Діни идеологиямен санасы уланып, отбасын ертіп Сириядан шыққан Қазақстан азаматтары аз болған жоқ. Қазақстан қауіпсіздік қызметтері ұйымдастырған «Жусан» операциясының арқасында олардың көпшілігі елімізге қайтарылды. Олардың барлығы қайта реабилитациялаудан өткізіліп, қылмысы дәлелденгендері ел заңына сәйкес сотқа тартылып, жазасын өтеу орындарына жабылды.

Сондай-ақ, көп жылдан бері Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шаралары ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар аясында терроризмнің халықаралық деңгейдегі таралуына қарсы операцияларға ұдайы қатысуда. Ирактағы соғыста қазақстандық Қазбат сарбаздары да қатысып, жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмыстары атсалысты.

Терроризммен күрес кешенді түрдегі операциялар арқылы іске асады. Мысалы террористік ұйымдардың көпшілігі есірткі саудасы арқылы қаржыландырылып отырады. Сондықтан терроризммен күрестің маңызды бөлігі халықаралық есірткі саудасын тоқтату амалдарында жатыр. Оның ішінде Қазақстан аумағы Ауғанстаннан Еуропаға тасымалданатын есірткінің негізгі транзит жолдарының бірі саналатындықтан біздің елімізге осы бағыттағы жұмыстарды үнемі дамытып, қауіпсіздік шараларын ұдайы күшейтіп отырғаны абзал.

Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жетекшілік ететін Терроризмге қарсы орталық, жергілікті атқарушы органдар жанында облыс және қала әкімдері төрағалық ететін Терроризмге қарсы комиссиялар қызмет етеді. Аталған құрылымдарға елдегі мүдделі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар енгізіліп, мемлекет аумағындағы радикалды экстремизмнің алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде іске асыру, террористік іс-әрекеттерге қарсы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру сынды маңызды жұмыстарды үйлестірумен айналысады. Аталған құрылымдардың жұмысы көзге көрініп, БАҚ беттерінше ашық жазылмағанымен, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды бастамалар мен іс-шаралардың ұйытқысы болуда.

1.4. Діни экстремизм мен терроризм түсінігі.

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады.

Дін және оның құндылықтарымен бүркемеленген уағызшылар адамзат қауымдастықтары арасында алауыздық пен өшпенділік туғызып, бүкіл әлемде төзімсіздік пне зорлықты орнатады.

«Діни экстремизм» астарында мынаны түсіну керек – діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдану.

Діни экстремизм тар мағынасында діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, агрессия және шектен шыққан қаталдық құрайды.

Кең мағынасында бұл ұғым мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағыттылған діни мотивацияланған немесе діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру.

«Терроризм» терминіне келсек, латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей» дегенді білдіреді, яғни экстремизм сипатының көрініс табуы. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметті білдіреді. Бұл барған сайын түрлі формаларға еніп, қарқынды үрей туғызып келе жатқан қазіргі заманның ең қауіпті әрі болжамы күрделі құбылысы.

Террористік актілер адамдардың жаппай қырылыуына әкеледі және бұқара халықтың басым бөлігіне психологиялық қысым көрсетеді,материалдық және рухани құндылықтардың бұзылыуына, кейде мұндай зардаптардың салдары қалпына келтірілмейтіндей деңгейде орын алады, мемлекеттер арасында алауыздықтар туындату арқылы соғыстардың тұтануына ықпал етеді, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділіктің пайда болуына әкеледі.

Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіріуімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жетуі үшін террорды қолдануларын ақтайтын жаппай «идеологиясыздандырудың» нәтижесі болып табылады. Түрлі қылмыстық топтар өздерінің қылмыстық топтары үшін қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік билікке ықпал ету, үрейлендіру мен жою мақсатында террорлық актілерді жүзеге асырады.

Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы мен жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйіткілді мәселеге айналды.

Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметке әкеліп жатқан зияны аса қауіпті, оның көрініс табуы келесідей:

  • Қоғам мен мемлекетке психологиялық және материалды шығынан бастап, жеке тұлғаның өмірін қиюға дейін;

  • Азаматтық өшпенділік немесе алауыздықты тұтатудан бастап, өз алдарына мемлекеттің конституциялық құрылымының өзгеруін және оның аумақтық тұтастығының бұзылуын мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмететуіне дейін.

Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары сәйкесінше әрекеттерден кейін бірден көрінуі мүмкін немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.

1.5.Қазіргі экстремистің/террористтің психологиялық портреті

Психологиялық зерттеулерге сәйкес бұл санатқа жататын адамдар сипатының бірнеше жиынтыға бар.

Ғалымдардың пайымы бойынша тұлғаның бойындағы маңызды өзгерістер оның белгілі бір террористік ұйымға мүше болуымен, оның нормативтік жүйелері мен ұстанымдарын қабылдаумен байланысты. Ол түбінде тұлғаның өзгеруіне, қоғамнан ажырауына және жасырын әрекет етуіне әкеп соғады.

Әдетте террористік ұйымдарда агрессивті параноиктардың пайызы жоғары болып келеді. Оның мүшелері экстернализацияға – өздерінің сәтсіздіктері мен жүйесіздіктерін сыртқы факторлардың әсерінен көруге бейімдік болады. Сондай – ақ, бірқатар діни культеттердің дұшпандарының образы ортақ сипатта болады (мысалы, шайтан, билік, өзгеде конфессиялар және т.б) және өздерінің кез келген ішкі және сыртқы мәселелерін осылардың кесірінен деп айыптайды.

Террористік топтардың қандай айырмашылығы болмасын, олардың барлық мүшесін біріктіретін бірден бір нәрсе – ол ұйымның мақсаты мен идеяларына деген адалдық. Бұдан бөлек бұл мақсаттар мен идеалдар адамдарды ұйымға кіруге үгіттейді.

Террорист болу үшін адам ең алдымен апатиядан және әлеуметтік дезадаптацияның басқада түрлерінен өтеді.

Террористтердің ортақ сипаты олар бірегейлік пен өзін-өзі бағалауда ауытқушылықтары бар адамдардың тобына қосылуды қатты қажет етеді.Бұл ауытқушылықтар бірнеше факторлар әсерінен туындайды, соның ішінде толық емес отбасында тәрбиелену, қоғамдық құрылымдар аясындағы қиындықтарды бастан кешу (жұмыстан айырылу немесе оның мүлде болмауы).

Террористің қалыптасу процессін үлгілеп жасауға Э.Шоу талпыныс жасайды, ол адамды терроризмге жетелейтін 4 факторды белгілейді, олар:

  • Ерте әлеуметтену;

  • Өзімшілдік немесе өзін өзгелерден жоғары қоюшылық;

  • даулы жағдайлар, әсіресе полициямен тайталасу;

  • террористік ұйымдардың мүшелерімен жекелей қарым-қатынаста болу.



Зерттеуші, террористер мынадай қатерлі топтан шығады деп қорытынды жасайды, яғни бала күнінен өзін-өзі бағалауда қиындық көргендер. Мұндай адамдарға террористік топпен бірігу негативті болсада әлеуметтік мән маңыз береді. Террорист үшін топтан ажырау мүмкін емес, ол психологиялық тұрғыдағы өзін-өзі өлтірумен бірдей.

Террорист үшін ұйымнан шығып кету, өзін-өзі жоғалтумен тең. Террорситтің өзіне деген сенімінің төмендігі соншалық, ол қайта қол жеткізген өзіндік сәйкестенуден бас тарта алмайды. Олар ерікті түрде немесе аңдаусызда қатаң авторитарлы топтардың мүшесі атанып отырады, ол жерде авторитаризм алдындағы қорқыныштан пана табады. Олар топқа жасалған кез келген шабуылды жеке өзіне жасалған шабуыл ретінде қабылдайды. Соған сәйкес сыртта жасалған кез келген әрекет топтық тұтастықты күшейтеді.

Террорист өз ұйымының идеологиясын ұғынған дәрежесіне қарай, оның абсолютті риторикасын меңгереді. Ол адам үшін әлем «өзіміз» және «жауларымыз», «ақ» пен «қара», «дұрыс» және «дұрыс емес» болып екіге ажыратылады, бұл өз кезегінде террористтердің дұшпанына қарсы, ол кім және қандай сипатта болмасын соққы жасауға деген дайындығын көрсетеді.

Ықтимал террористтердің мұндай ерекшеліктерін ескере отырып, сақтандыру шараларын ұйымдастырып тұрған жөн. 2014ж 9 сәуірінде ҚР Бас прокуратурасы өткізген баспасөз-мәжілісінде, Бас прокуратураның, қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры террористің әлеуметтік келбетін назарға ұсынды. Ол әдетте:

  • 28 жастар шамасындағы жұмыссыз ер адам;

  • Орта білімі бар;

  • Арнайы діни білімі жоқ;

  • Отбасылы

1.6. Қазақстанда қанша дін мен діни ұйымдар бар?

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарда ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3 658 діни бірлестік тіркелген.

Олардың ішінде саны жағынан ең көбі – ханафи мазхабындағы мұсылман мен православ христиандар. Сондай-ақ католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да діни қауымдар бар.

Жалпы елімізде 3464 ғибадат үйі тіркелген, оның ішінде 2 550 мешіт, 294 православие және 109 католик шіркеуі, 495 протестант храмы мен ғибадатханасы, 7 иудей синагогасы, 2 буддашылар храмы, 7 "Кришна санасы қоғамы" және бахаи қауымының ғибадатханасы бар.

Ғибадатханалар кімге тиесілі?

Жұмыс істеп тұрған 2550 мешіт "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" республикалық діни бірлестігінің (бұдан әрі – ҚМДБ) меншігіне жатады. Соңғы жылдары ҚМДБ филиалдарының саны, әсіресе, Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбейгені байқалады.

"Қазақстан православие шіркеуі" республикалық діни бірлестігі (бұдан әрі – ҚПШ) өкілдерінің саны жағынан екінші орында. Құрамына 325 діни субъект, оның ішінде 301 приход, 9 епархия және 294 діни құрылыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі кіреді.

Республика аумағында армян апостол шіркеуі, шетелдегі православие шіркеуі, помор православие шіркеуі және 3 ескі ғұрыптық шіркеу жұмыс істейді.

Қазақстандағы Рим католик шіркеуі (бұдан әрі – РКШ) 85 діни қауымнан тұрады, оның 5 қауымы грек католик шіркеуіне қарайды. РКШ орталығы католик шіркеуі провинциясына (митрополия) жататын Астана қаласындағы Әулие Мариям Архиепархиясы болып табылады. РКШ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісім негізінде 1998 жылдан бері жұмыс істейді.

667 протестанттық діни субъект қызмет атқарады. Ең ірі протестанттық қауымға елуіншілер шіркеуі, інжіл христиан-баптистер шіркеуі, пресвитериан, жетінші күн адвентистері және інжіл-лютеран шіркеулері жатады.

Қазақстанда қанша миссионер бар?

Республикада 13 конфессияның 531 миссионері тіркелген. Тіркелген миссионерлердің арасында саны жағынан РКШ өкілдері басым –257. Православиені 84 миссионер насихаттайды, оның басым көпшілігі Ресей азаматтары.

Қазақстанда 15 діни білім беру ұйымы, мешіттер мен жексенбілік мектептер жанындағы 400 бастауыш курс, ғибадат үйінен тыс діни іс-шараларды өткізуге арналған 383 үй-жай, оның ішінде намазхана, ғибадат бөлмесі және шіркеулер бар.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған 257 арнайы стационарлық үй-жай және бар.

Жаңадан тіркелген діни ағымдар да бар

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы" мәліметі  бойынша жаңа діни ағымдарға (дәстүрлі емес діндер) нақты бір этникалық топтармен байланысы жоқ, салыстырмалы түрде жақында пайда болған (ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында) ағымдар жатады. Олардың ілімдерінің мемлекеттік немесе арнайы этностардың мәдениетімен, тарихымен ешқандай байланысы жоқ.

Бұл ағымдар көбінесе дәстүрлі емес деп аталады. Олар: "Бахаи" қауымдастығы, соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі (мормондар), Кришна санасы қоғамы (КСҚ) және Мун бірлестік шіркеуі (муниттер).

Бахаи қауымы

Бахаи қауымы 2002 жылы 19 Баһаи қауымдастықтары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазіргі таңда елімізде 6 Баһаи Діни Бірлестіктері тіркелген. Қазақстандағы Бахаи қауымының пайда болу тарихы 1938-1939 және 1950 жылдары Орта Азия және Кавказдан Петропавловскіге, Ертіске, Павлодарға және Алматы облысының Шілік ауылына отбасыларымен бірге қоныс аударған табынушылармен тығыз байланысты.

Кейін кейбір отбасылар діни әрекет ету бойынша қатаң шектеуге қарамастан, Қазақ ССР жерінде қала берді. 1990 жылдың қазанында Алматы қаласында Бахаи қауымының жергілікті діни жиыны құрылды.

1991 жылдың мамырында Кеңес Одағының Ұлттық Діни Жиынның сайлауына Алматы қаласындағы қауымы қатысты. Қазақстан қалаларындағы Бахаулла идеясының таралуы негізінде 1992 жылы жергілікті діни жиында 18 қауымы болды.

1994 жылы Қазақстанның Бахаи Ұлттық Діни жиынына сайлау өтті. Ұйым осы жылы тіркеліп, 1997 жылы қайта тіркеуден өтті.

Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі (мормондар)

Өздерін христан ретінде санайтын аталған дін орталығы – АҚШ-тағы Юта штатының бас қаласы Солт-Лейк-Сити. Мормондар шіркеуі 1830 жылы пайда болған. Алғашқы рухани жетекшісі – Джозеф Смит.

Жұмысы 1997 жылы Қазақстанға шіркеу мүшелері келгеннен басталды. 2000 жылы "Қазақстандағы соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі" атты діни бірлестік тіркелді.

2012 жылдың тамыз айындағы есебі бойынша Қазақстандағы шіркеу мүшелерінің саны – 193 адам.

2012 жылғы қарашада Қазақстан аумағындағы діни бірлестіктерді қайта тіркеу үрдісінен кейін Астана, Алматы қалаларында соңғы күн әулиелері Иса Мәсіх шіркеуінің 2 діни бірлестігі қызмет етеді. Қазіргі ақпар бойынша 2 шіркеуі жұмыс атқарады.

Кришнаиттер неге табынады ?

Халықаралық Кришна санасы қоғамы Харе Кришна Қозғалысы немесе Кришна санасы қозғалысы атымен де таныс неоиндуистік діни ағым кришнаизмге негізделген. XV ғасырда құрылған Чайтаньи-бхакти діни доктринасы бойынша, Вишну құдайына айналған "малшылардың көк құдайы Кришна" үстемдікке ие деп есептеледі.

Ұйым мүшелерінде төрт негізгі қағидат бар, атап айтар болсақ: олар еттен, ішімдіктен, темекі шегуден және нашақорлықтан бас тарту, құмар ойындардан, ақша қулығынан, жыныстық қатынастан (жұбайымен тек ұрпақ өрбіту мақсатында жақындасуға болады) бас тартады.

Индуизмде Құдай (Абсолют) тұлғалы емес және оны танып білу мүмкін емес. Кришнаиттер Абсолютті Кришна бейнесінде тұлғалық келбетін құрған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 діни бірлестік қызмет етеді. Діни ғимараттар саны – 3. Этникалық құрамы – славянтілді халық. Қазақстан бойынша 450-ге жуық ізбасарлары бар. Кришнаиттердің белсенділігін олардың жиі ұйымдастыратын шараларынан көруге болады.

Кришнаиттер гаудия-вайшнавизмді ән салу арқылы таратады. Қоғамдық жерде Харе Кришна мантрасын орындау және санскрит тілінен аударылған, Бхактиведант Свам Прабхуладтың түсіндірмелерімен жазылған кітаптарын сатумен айналысады.

Халықаралық Кришна қоғамының басқару ұйымының атауы Джи-би-си деп қысқартылған – Халықаралық Кришна санасы қоғамының басқарушы органының атауы.

Мунның бірлестік шіркеуі (муниттер)

"Бірлестік шіркеуі" Қазақстанда 2013 жылы тіркелген. Қазіргі таңда республикада Алматы қаласында орналасқан бір ұйым жұмыс жасайды.

"Бірлестік шіркеуі" – 1954 жылы Сеулда (Оңтүстік Кореяда) қасиетті Мун Сон Мен негізін қалаған, жаңа діни қозғалыс.

Муниттердің басқарушы орталығы Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан.

Мун тұлғасы "Бірлестік Шіркеуі" ілімінің орталығы болып табылады, оның негізін – құрушының жаңалықтары құрайды, сондықтан оның ілімі "мунизм", ал ерушілері "муниттер" деп аталады.

2016 жылдың бірінші сәуірдегі жағдай бойынша ҚР бір мунның бірлестігі тіркелген.

Қоғамдағы діни даулар ҚМДБ-ның осы мәселеде Қазақстандағы діндарлармен түсіндіру жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізбегенінің салдарынан туындайтынын мойындау қажет.

Зайырлы қағидаттарды қорғайтын мемлекет пен мемлекеттік органдар халықтың дінге сенуші бөлігімен тікелей тартысуға мәжбүр. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Діндар азаматтарға зайырлы мемлекетке тән заңнамалар мен талаптарды құрметтеуді діни құрылымдар үйретуі қажет. Бұл жағдайда діни бірлестіктер өз жамағаты арасында ағартушылық білім беру функцияларын жүргізуі тиіс, басты рөлді діни заңдар емес, демократиялық заңнама атқаратын, құқықтық және демократиялық мемлекетте жұмыс істеп, өмір сүруді үйретуі керек.

Дін – жеке мәселе, ал әлеуметтік қатынастар – мемлекеттік даму мәселесі, сондықтан мемлекет бұл саланы реттеп келеді және реттей береді де.

Зайырлы мемлекет дегеніміз ең алдымен оқыту мен тәрбиелеудің зайырлы жүйесі деген сөз. Бұл – құқықтық және демократиялық мемлекеттің негізі. Сондықтан мемлекет мектептегі балалардың бір-бірінен діни, этникалық, әлеуметтік, мүліктік немесе кез-келген басқа кедергілер салдарынан оқшауланбауы үшін барлық шараларды қолданған және қолдана береді де.

Балаларға толық және жан-жақты білім беру, кез-келген салада шығармашылығын дамытып, таланттарын ашу үшін барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажет. Менің ойымша, мектепті аяқтағаннан кейін және толық кәмелет жасына жеткеннен кейін балалар өз өміріндегі діннің орнын өздері анықтауы керек. Тиісінше, діндарлардың мемлекеттік мектептердегі зайырлылық қағидаттары мен талаптарын сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстарында ҚМДБ-ның рөлін күшейту қажет. Діни бірлестіктер қоғамдағы діни себептерге байланысты жанжалдарды болдырмауға елеулі үлес қосуы керек.

Дін адамды рухани жағынан байытып, оның адамгершілік және этикалық қасиеттерін дамытса, қоғамда ізгілік пен бейбітшіліктің жалпыға ортақ адами құндылықтарын насихаттаса, бұл елдің дамуы мен оның халқының өркендеуіне баға жетпес үлес қосады. Басқаша айтқанда, егер дін қоғамның сапалы дамуы мен мемлекеттің экономикалық өркендеуіне ықпал етсе, нұр үстіне нұр.

Алайда егер адам толығымен дінге беріліп кетіп, бұл дүниелік өмірден қол үзіп, о дүниені ғана армандаса, онда бұл адамның қоғам мен мемлекет дамуына қосар үлесі айтарлықтай төмендейді.

Қазір біздің қоғамымызда кейбір діндарлар белгілі бір діни ережелерді қаз-қалпында қабылдап, соның салдарынан қоғам мен мемлекетке, оның заңдары мен дәстүрлі негіздеріне қарсылық көрсете бастаған мысалдары жеткілікті. Өздеріне қатысты әр қадамында заңсыз болса да діни догмаға сүйеніп жауап табуға тырысады. Осыдан діни негіздегі экстремизм мен терроризмге құрылған қылмыстық фактілер пайда болады.

Ашығын айтқанда, діндегі шектен шығушылық – тұйыққа тірейтін жол, – дейді Ғалым Шойқин.

Дін – тек дін танушылардың мәселесі емес

Азаматтық қоғамның арасына түскен шаладай тұтанған түрлі секталар ертең елімізді отқа орамай ма деген қорқыныш та жоқ емес. Қазір діни сала – елдің ішкі саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. Бұл салаға барлық мемлекеттік органдар тарапынан үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет діни экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермейді, ол ұлтаралық және конфессияаралық келісімді үнемі қадағалап отырады. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның, ең алдымен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялардың діни саладағы жағымсыз құбылыстардың алдын-алуға белсенді түрде араласпайтынын көріп отырмыз.

Біз қоғамда радикализм мен экстремизмнің кез-келген түрін жалпы жұртшылық болып қабылдамау қабілетін қалыптастыруымыз қажет.

Омар Жәлел:

Дін – мәдениет ретінде бүкіл қоғамның, әрбір отбасының ісі. Отбасын да, мемлекетті де діни біртектілік сақтап қалады.

Қазақтардың аруаққа сенімі исламға жатама?

Ғалым Шойқин:

Қазақтардың дәстүрлі ислам сенімі әруақтарға деген құрметті жоққа шығармайды. Бұл – қазақ этносы дамуының тарихында, далалық рухани дәстүрлер әсерінен қалыптасқан ерекшелік. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, бұл бізді ислам дінін ұстанатын басқа ұлттардан ерекшелейтін нәрсе.

Қазақстанның кең даласына қарап көріңіздерші – онда жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, біздің жеріміздің тарихын қалыптастырған адамдарға арналған қаншама киелі кесенелер мен ескерткіштер бар. Оларды жадында сақтай отырып, қазақтар бұл үрдісті ешқашан Жаратушыға деген сенімдеріне қарсы қоймаған. Сондықтан, әрине, бұл мәселеде бөлшектеушілікке жол бермеуіміз керек.

Өкінішке қарай жат діни ағым өкілдері далалық исламның осы ерекшелігін қазақтардың дәстүрлі дүниетанымына соққы беру мақсатында пайдалануға тырысып жүр. Қайталап айтамын, бұған жол беруге болмайды.

Омар Жәлел:

Мемлекет өзін тудырып отырған қоғамның дәстүрлі дүниетанымын сақтап қалуға міндетті. Сондықтан Аруақ, Әулие деген дәстүрлі қазақ дүниетанымына жасалып жатқан шабуылды діни астыртын әрекет деп бағалаймын.

Әр діндарға азамат ретінде не істеу керек?

Ғалым Шойқин:

Барлық іс-әрекеттері арқылы уақыт сынынан өткен рухани құндылықтарымыз бен мәдениетімізді сақтауымыз керек. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге ықпал етпесе болмайды. Діни немесе өзге де негіздер бойынша қақтығыстарға жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттің заңдарын сақтауы және құрметтеуі қажет. Үздік білім мен мамандық иесі болуға тырысуы керек. Өз бойында ең жақсы адами қасиеттер мен құндылықтарды дамытуы қажет.

Омар Жәлел:

Азамат ретінде әрбір қазақ "Мұсылман болғың келсе, әуелі қазақ болып ал!" қағидасын берік тұтынуы қажет.
















































ТЕРРОРИЗМНІҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІН ТҮСІНУ

    1. Мемлекеттік терроризм

Терроризмнің көптеген анықтамалары оны мемлекеттік емес субъектілердің әрекеттерімен шектейді.

Алайда, мемлекеттердің террористер бола алатынын және болуы мүмкін деп айтуға болады. Мемлекеттер соғыс жариялай отырып, азаматтарды қорқытуға және саяси мақсатқа жетуге күш немесе күш қолдануы мүмкін. Осылайша Германия фашистік режимде сипатталған.

Сондай-ақ, мемлекеттер халықаралық лаңкестікке қатысатыны туралы жиі айтылады, көбінесе прокси. Құрама Штаттар Иранға терроризмнің ең тиімді демеушісі болып табылады, өйткені Иранның сыртқы саяси мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін Хизбалла сияқты қару-жарақ топтары. Құрама Штаттар террорист деп аталды, мысалы, 1980 жылдары Никарагуа Контрацияларының жасырын демеушілігімен. 

«Мемлекеттік терроризм» терроризмнің өзіндік тұжырымдамасы сияқты қарама-қайшы. Терроризм көбінесе әрқашан емес, төрт сипаттамаға сәйкес анықталады:

  1. Зорлық-зомбылықты немесе зорлықты қолдану;

  2. Саяси мақсат; мәртебелік квотаны өзгерту ниеті;

  3. Көрнекі қоғамдық әрекеттер жасау арқылы қорқынышты тарату ниеті;

  4. Азаматтардың қасақана бағытталуы. Бұл соңғы лаңкестікты мемлекеттік зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен ажыратуға бағытталған күш-жігермен ерекшеленетін кінәсіз бейбіт азаматтарға бағытталған. Соғысты жариялау және әскери қызметкерлерді басқа әскерилерге қарсы жіберу терроризм емес, зорлық қылмысы үшін сотталған қылмыскерлерді жазалау үшін зорлық-зомбылықты қолдану болып табылады.

Мемлекеттік терроризм тарихы

Теориялық тұрғыдан мемлекеттің лаңкестік әрекетін ажырата білу қиын емес, әсіресе, тарихтың ең керемет мысалдарын қарастырған кезде. Әрине, француз үкіметінің террорлық билігі бар, ол бізге алдымен «терроризм» түсінігін әкелді. 1793 жылы француз монархиясын құлатқаннан кейін көп ұзамай революциялық диктатура орнады және онымен революцияға қарсылық көрсетуі немесе бұзуы мүмкін кез келген адамды жою туралы шешім қабылданды. Ондаған мың бейбіт тұрғындар түрлі қылмыстар үшін гилотинмен өлтірілген.

20-шы ғасырда авторитарлық мемлекеттер зорлық-зомбылықты қолдануға және өз азаматтарына қауіп төндіретін төтенше нұсқаларды қолдануға тырысады, олар мемлекеттік терроризмнің жай-күйін бейнелейді. Фашистік Германия мен Сталиндік басқармадағы Кеңес Одағы жиі мемлекеттік терроризмнің тарихи оқиғалары ретінде айтылады.

Үкімет нысаны, ең алдымен, мемлекеттің терроризмге бару үрдісіне байланысты.

Әскери диктаторлар террор арқылы билікті жиі қолдайды. Латынамерикалық терроризм туралы кітаптың авторлары ретінде мұндай үкіметтер зорлық-зомбылық пен оның қатері арқылы қоғамды іс жүзінде парализациялауы мүмкін:

«Осындай жағдайларда қорқыныш - бұл әлеуметтік әрекеттің басты ерекшелігі, себебі ол қоғамдық актілердің өздерінің мінез-құлқының салдарын алдын-ала болжауға қабілетсіздігімен ерекшеленеді, себебі мемлекеттік билік еркін және қатал түрде жүзеге асады». ( Қорқыныш: Қырғызстан терроры мен Латын Америкасындағы қарсылық, Эдз Хуан Корриди, Патриция Вайс Фаген және Мануэль Антонио Гарретон, 1992).

Демократия және терроризм

Алайда көптеген адамдар демократияның терроризмге де қабілетті екенін айтады. Бұл екі мәселе АҚШ пен Израиль болып табылады. Екеуі де азаматтардың азаматтық құқықтарының бұзылуына қатысты маңызды кепілдіктері бар демократиялық елдер болып сайланады. Алайда, Израиль көптеген жылдар бойы сыншылармен 1967 жылдан бері жұмыс істейтін аумақтардың тұрғындарына қарсы лаңкестік түрін жасау ретінде сипатталады. Құрама Штаттар да үнемі Израиль оккупациясын қолдауға ғана емес, сондай-ақ, өз азаматтарын билікті қолдау үшін террорлауға тырысатын репрессивті режимдер.

Анекдотикалық дәлелдер, демек, мемлекеттік терроризмнің демократиялық және авторитарлық нысандары арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Демократиялық режимдер халықтың терроризмін олардың шекарасынан тыс жерлерде немесе шетелдікте қабылдауы мүмкін. Олар өздерінің популяциясын қорқытуға келмейді; бір жағынан, азаматтардың басым көпшілігінің зорлық-зомбылықпен күресуге негізделген режимі демократиялық болмайды. Диктатуралар өздерінің популяцияларын қорқытып отыр.

Мемлекеттің терроризмі, ең алдымен, айтарлықтай тайғақ тұжырымдамасы болып табылады, өйткені мемлекеттердің өздері оны операциялық тұрғыдан анықтай алады.

Мемлекеттік емес топтардан айырмашылығы бар мемлекеттер терроризмнің қандай екенін айқындауға заңнамалық билікке ие және анықтаманың зардаптарын белгілейді; олардың иелігінде күш бар; олар бейбіт тұрғындар мүмкін емес масштабта бейбіт азаматтар мүмкін емес көптеген тәсілдермен зорлық-зомбылықты заңсыз пайдалану туралы талап қоюға болады. Айыптаушы немесе террористік топтар өздерінің қолында жалғыз тілге ие - олар мемлекеттік зорлық-зомбылықты «терроризм» деп атауға болады. Мемлекеттер мен олардың оппозициясы арасындағы бірқатар қақтығыстар риторикалық өлшемге ие. Палестина әскерлері Израиль терроршысын атады, ал күрд жақтастары Түркия террористі деп атайды, Тамил жақтастары Индонезияның террорист деп атайды.

1.2. Биотерроризм

Биотерроризм - бұл саяси немесе өзге де себептерге байланысты бейбіт биологиялық агенттерді бейбіт тұрғындарды зиян келтіріп, қорқытуға бағытталған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығы шабуылда қолданылуы мүмкін вирустар, бактериялар мен токсиндерді сыныптаған. А санатындағы биологиялық аурулар - ең көп зиян келтіретіндер. Олар мыналарды қамтиды:

  • Антрах (Bacillus anthracis)

  • Ботулизм (Clostridium botulinum toxin)

  • Оба (Yersinia pestis)

  • Кішкене шоқ (Variola major)

  • Туляремия (Francisella tularensis)

  • Эбола вирусына немесе Марбург вирусына байланысты геморрагиялық қызба

Биотерроризм дегеніміз не? Биотерроризм тарихы адамзатқа қарсы соғысқа дейін барады, онда қару ретінде микробтарды және ауруды әрдайым қолдануға тырысады. XX ғасырдың соңында зорлық-зомбылықсыз мемлекеттік емес субъектілер азаматтарға шабуылдауға арналған биологиялық агенттерді сатып алуға немесе дамытуға тырысты. Бұл топтардың саны өте аз және биотеррорлық шабуылдардың тіркелмегені дерлік. Дегенмен, аталған тәуекел АҚШ үкіметіне ХХІ ғасырдың басында биогефектілер үшін зор ресурстарды жұмсауға жол берді.

Биологиялық агенттерді соғыс жағдайында қолдану жаңа болмайды. Алдын ала заманауи әскерлер өздерінің пайдасына жаратылыстану ауруларын қолдануға тырысты.

1346 жылы Татар (немесе татар) әскері Обады, Генуидің бөлігі болған Капа қаласының портын қоршауда қолдануға тырысты. Обадан өлгенде, армия мүшелері қайтыс болғандардың басшыларын катапультерге байлады, содан кейін оларды қонды - және олардың «қара өлімі» - олардың құрбандарының қабырғалы қаласына кірді. Оба індетіне ұшырап, қала моңғол әскерлеріне берілді.

18 ғасырдың аяғында француздық Үнді соғысындағы ағылшын генералы сэр Джеффри Амхерст хабарлауынша, жергілікті американдық күштерге (француздар тарапынан болған) кішкентай токпен жұқтырған көрпелерді таратқан.

Жиырмасыншы ғасыр биологиялық соғысы

Лаңкестер емес, мемлекеттер биологиялық соғыс бағдарламаларының ең үлкен әзірлеушілері болды. ХХ ғасырда Жапония, Германия, бұрынғы Кеңес Одағы, Ирак, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның биологиялық даму жоспарлары болды.

Биотеррорлықтың бірнеше шабуылдары расталған. 1984 жылы Құрама Штаттардағы Ражнеештегі табыну салаты, Салмонелла тифиморийін Орегон штатындағы салат барында тамақтандырып, жүздеген адамға тамақ етті. 1993 жылы жапон культасы Аум Синрикёя шатырдан сібір жарасын сорғызды.

Биоресурстық шарттар

1972 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Батериологиялық (биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге, өндiруге және жинауға және оларды жоюға тыйым салу туралы конвенцияны (әдетте Биологиялық және Токсиндiк қару туралы конвенция деп аталады) жасады. 2001 жылдың қараша айына 162 адам қол қойды, олардың 144-і конвенцияны ратификациялады.

Биотерроризм туралы қазіргі заманғы алаңдаушылық тудырады

Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Дуглас Л. Ловэсэстің айтуынша, биотерроризмнің соңғы себептері:

Біріншісі, 1990 жылдардың басында ... АҚШ-тың ресми мәлімдемесінде шабуылға ұшыраған BW бағдарламаларының көбеюі ... өсу үрдісі болды.

Екіншіден, КСРО ... жасырын биологиялық қару-жарақ бағдарламасын жасады ...

Үшіншісі 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы комиссиясының растауы болды, бұл Ирак ... көп мөлшерде агенттерді жинақтады. 1995 жылы Жапонияның Aum Shinrikyo тобы 4 жыл бойы ... екі патогенді биологиялық агенттерді шығаруға тырысқан. (2005 жылғы желтоқсан)

1.3.Кибертерроризм

Кибертеррористер ақпараттық технологияларды азаматтық тұлғаларға шабуылдау және олардың назарын аудару үшін пайдаланады. Бұл компьютерлік жүйелер немесе телекоммуникация секілді ақпараттық технологияларды дәстүрлі шабуыл жасаудың құралы ретінде қолдануы мүмкін. Кибертерроризм көбінесе ақпараттық технологияларға шабуыл жасайды, ол желілік қызметтерді түбегейлі бұзады. Мысалы, кибер-террористер желілік төтенше жағдайлар жүйесін өшіре немесе сыни қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін желілерді бұзуы мүмкін. Кибер террористердің қолданыстағы қауіп-қатеріне қатысты кеңінен келіспеушіліктер бар.



1.4.Экотерроризм

Экотерроризм - бұл экологияның мүддесі үшін зорлық-зомбылықты сипаттайтын жақында айтылған термин. Жалпы экологиялық экстремистер жануарларға немесе табиғи ортаға зиян келтіретін салаларға немесе актерлерге экономикалық зиян келтіру үшін мүлікті саботайды. Бұлар, мысалы, мүйізді компанияларды, журнал компанияларын және жануарлардың ғылыми зертханаларын қамтиды.

1.5. Ядролық терроризм

Ядролық терроризм террористік тактика ретінде ядролық материалдарды пайдаланудың бірнеше жолдарын білдіреді. Бұл ядролық қаруды сатып алу, ядролық қаруды сатып алу немесе ядролық қаруды жасау немесе радиоактивті материалдарды тарату жолдарын табу жолдарын қамтиды.

1.6. Наркотерроризм

1983 жылы есірткіге қарсы күрес бірнеше мәрте болды. Бірде есірткі саудагерлерінің үкіметке әсер етуі немесе есірткі саудасын тоқтату үшін үкіметтің әрекеттеріне жол бермеу үшін қолданатын зорлық-зомбылықты белгіледі. Соңғы бірнеше жылда есірткіні террористік топтардың есірткі айналымын басқа операцияларды қаржыландыратын жағдайларды көрсетіледі.

































Қорытынды

Қазіргі уақытта әлеуметтік қауіптер - лаңкестік пен діни экстремизм дамуда. Осыған байланысты қоғамда пайда болған қауіптер туралы білім алушыларымызға уақытымен ақпарат беру маңызды істердің бірі болып табылады. Білім алушы жастарымыз дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны туралы және балалар мен жасөспірімдер сана-сезіміне тигізетін кері әсері туралы білуі керек.

Қазақстан Республикасы терроризмді болдырмау және алдын алу мақсатында бірнеше заңдар қабылдады. Атап айтсақ, 1999 жылғы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданды. Бұл заңдарда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері белгіленген, негізгі ұғымдық анықтамалар мен осы бағыттағы мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары айқындалған. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету дамытылуда. Алдын алу, соның ішінде ақпараттық-түсіндіру қызметі саласындағы іс-шаралар өткізу тәжірибесі қалыптасқан. Экстремистік және террористік топтар мен ұйымдар қызметінің жолын кесу жөнінде арнаулы және терроризмге қарсы операциялар өткізудің белгілі бір практикалық тәжірибесі жинақталған.

Қазақстан терроризмге қарсы күрес саласындағы негізге алынатын барлық халықаралық әмбебап актілердің қатысушысы болып табылады. Арнаулы мемлекеттік қызметтер мен құқық қорғау органдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік Комитетімен, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Терроризмге қарсы бөлімшесімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Терроризмге қарсы орталығымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды.

Соңғы кездері әлемге терроризмді ислам дінімен байланыстыратын жаңсақ пікірлер таралуда. Алайда бұл пікірлердің, әсіресе, ислам ғалымдары дұрыс еместігін айтып, дәлелдеуде.

Сырттай қарасаңыз Қазақстанда діни түсіністік пен татулыққа арналған шаралардың бүкіл әлемге ықпалы айтарлықтай бола қоймайтын секілді. Бұл күндері әлемнің түкпір-түкпірінде дінаралық, ұлтаралық қақтығыстар болып жатса, оларға Қазақстандағы түсіністікке, тату, бейбіт өмір сүруге шақырған жиындардың ықпалы қандай болмақ? Таяу Шығыстағы еврейлер мен Арабтардың арасындағы діни қақтығыстар мен соғыстар, Үндістандағы дінаралық және ұлтаралық қарсыласулар, Еуропадағы сербтер мен албандар арасындағы дүрдараздық, тіпті көршілес Ресейдегі орыстар мен шешендердің, Кавказ халықтары арасындағы қақтығыстар мен Ресейде шовинизмнің бой көрсетулері секілді оқиғалар қаншама? Соларға Қазақстандағы татулық пен келісім қандай дәрежеде әсер ете алмақ? Әрине, бұл жөнінде саясаткерлер түрлі болжамдар пен пікірлер түйіндеуде.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Бүгінде терроризмге қарсы  әлемнің бірнеше мемлекеті мен халықаралық ұйымдар күресуде. Бұл, өз кезегінде, дендеп еніп бара жатқан терроризмнің алдын алуға, жол бермеуге  апаратын бірден-бір жол болып табылады.

Қорыта келгенде, бір ұлттың емес тұтас әлемнің бас ауруына айналған экстремизм мен терроризммен күрес еш уақытта толастамақ емес. Өйткені бұл жұмыстың астарында әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмірі, оның бостандығы мен қауіпсіздігі жатыр.













































Әдебиеттер тізімі:

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
2. ҚР Қылмыстық кодексі. А.,1997 ж.
3. ҚР-ның Жоғарғы Сот Пленумының Атыс қаруын, оқ дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау оларды заңсыз алып жүру, ұстау немесе өткізу туралы істер жөніндегі 1995 жылдың 21 шілдедегі №4 қаулысы.
4. ҚР-ның терроризмге қарсы күрес туралы заңы 1999 жыл 13 шілде.
5. Терроризм және экстремизм көріністерінің алдын-алу және тыю жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің Жарлығы 2000 жыл 10 ақпан №332.
6. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің терроршылыққа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы ҚР-ның заңы 2000 жыл 23 қазан.
7. Терроршылыққа сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту туралы ҚР-ның заңының жобасы туралы ҚР-ның Үкіметінің қаулысы 2002 жыл 4 қаңтар №3.
8. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылгы 19 ақпан №295-11.

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТ
1. А.Н.Агыбаев. Қылмыстық құқык, (ерекше бөлім). А., 2002 ж.
2. Ю.М.Антонян. "Терроризм" криминологическое и уголовно-правовое исследование. Москва, 1998.
3. Е.Г.Ляхов. Терроризм и международные отношения. Москва, 1991 г.
4. Уголовно-правовая охрана общественного порядка. Москва, 1973 г.,
5. Гришанин П.Ф., Владимирова В.А. Преступления против общественного порядка и безопасности и здоровья населения МВШ; МООП,РСФСР, 19963 г.
6. Дурманов Н.Д. Уголовная ответственность за преступления против общественной безопасности и здоровья населения. Москва, 1962г.
7. Ефимов М.А. Борьба с преступлениями против общественного порядка общественной безопасности и здоровья. Минск, 1971 г.
8. Мотышевский П.С. Ответственность за преступления против общественной безопасности общественного порядка и здоровья населения. Москва, 1964 г.
9. Яценко С.С. Ответственность за преступления против общественного порядка. Киев, 1976 г.
10. Генри Э. Против терроризма. Москва, 1981 г.
11. Основы борьбы с организованной преступностью. Москва, 1996г.
12. Меленьтева О.А. Размышление о терроре. Элементы евразийского обозрения. 1996г. №7.
13. Карпец. А.И. Преступления международного характера. Москва, 1979г.
14. Латынов У.Р. О созданий механизма расследования актов международного терроризма. Советское государство и право, 1990 г., №9.
15. Маджорян Л.А. К вопросу о сотрудничестве государств в борьбе с международным терроризмом . 1990 г., №3.
16. Овчинский В.С. Основы борьбы с организованной преступностью. Москва, 1996 г.
17. Н.А.Назарбаев. "Критическое десятилетие". Алматы, "Атамура". 2003г.
18. Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификации преступлений, М. 1963.
19. Михайлов М.П. Уголовная ответственность за кражу личного имущества и разбой. М.-; Госюриздат, 1958




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі