Материалдар / Дипломдық жұмыс.5-6 жас аралығындағы балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дипломдық жұмыс.5-6 жас аралығындағы балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде ертегі терапиясын қолдана отырып психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2021
464
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Дипломдық жұмыс



Тақырыбы: 5-6 жас аралығындағы балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсері















Орындаған Нағимуллина А.

















Орал, 2021



МАЗМҰНЫ







Кіріспе............................................................................................................... 3

1 Мектепке дейінгі балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсерінің теориялық негізі

1.1Мектепке дейінгі балаларға психо-педагогикалық талдау..................7

1.2Мектепке дейінгі балалардағы агрессия мәселесі....................................15

1.3Мектепке дейінгібалалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсері.........27

2Мектепке дейінгі балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсерін

эксперименталды зерттеу

2.1Мектепке дейінгі балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсерін зерттеу жұмыстарымазмұны, зерттеу әдістері..............................................37

2.2Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен ............................43

2.3 Мектепке дейінгі балалар агресивтілігін ертегі терапиясы арқылы түзету-дамыту жұмыстарының нәтижелері мен қорытындылары...............47

Қорытынды......................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................56

Қосымша....................................................................................................59




























КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды [1].

Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.

 Ерте дамыту – баланы туғаннан бастап үш жасқа дейін дене, зияткерлік және эмоционалдық дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру[2].

Басты рухани құндылық ─ жақыныңа деген сүйіспеншілік. Жаныңдағы адамның өмір сүру дәстүрін, әдет-ғұрпын, сезімін, пікірін, ойын сыйлау.Өскелең ұрпақты елінің дәстүрі, ғұрпын, ұлттық құндылықтары мен тәрбиелеу қай заманда болсын басты мәселе болған.

Елбасымыз «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабала ртұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орындымақтан ететін болады», - деді. Салт-дәстүрімізді қастерлеп, бабалар ерлігін,даңқты істерін үнемі насихаттау, тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай айтқандай «болмаса да ұқсап бағуға» бағыттау, электронды құралдар арқылы көрсету, тарихи оқиғаға байланысты ойларын айтқызу, қиялын шарықтату барысында отаншылдыққа баулу мектеп жасына дейінгі тәрбиеде өзі нәтижесін берері хақ. Сондай-ақ, ұлттық ойындардың да тәрбиелік мәні зор.Бала ойнау арқылы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің үлгісін саналы түрде орындайды.

Рухани-адамгершілік тәрбиенің түп қазығы ─ ұлттық педагогика.Ұлттық педагогика ─ баланың санасына отансүйгіштік, еліне, жеріне дегенмахаббаты арттыру бесік жырлары, батырлық жырлар, ертегі, ұлттық ойындар арқылы ұлттық патриоттық сананы қалыптастыруға негізделеді.

Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді[3].

Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар:З.Фрейд,А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.

Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж.Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған[4].

Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия – бұлшектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру – бұлпсихологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.

Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық – яғниүйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады[5].

Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді)[6].

Осы мәселені көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г.А.Андреева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б.) кездесті.

Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде агрессия анықтамалары мен сипаты, агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін агрессияның айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.

Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын келесідей төрт бағытпен жүргізілген жағдайда агрессиялы күйді жеңілдетуге болатындығы дәлелденді.

Агрессиялы баланың ызалы кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет[7].

Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.

Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, түрлі ойындар, жаттығулар, ертегі терапиясын қолдану арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектепкедейінгі балалар эмоция сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.

Агрессиялық қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп жасына дейінгі шақтан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын агрессиядан арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі.

Біздін зерттеу жұмысымыз, аталған мәселені шешуге арналады.

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде ертегі терапиясын қолдана отырып психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.

Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:

1.Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

3.Мектепжасынадейінгібалалардыңагрессиялықәрекетіне ертегі терапиясы әсерін эксперименталды зерттеу.

4.Мектепжасынадейінгібалалардыңагрессиясынжеңілдетуге ертегі терапиясын қоладан оытырып психологиялық көмек көрсету,психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

5.Мектепжасынадейінгібалалардыңагрессиясынжеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер көрсету.

Зерттеу объектісі: бес-алты жас аралығындағы агрессивті балалар.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігіне ертегі терапиясы арқылы психологиялық көмек көрсету.

Зерттеу жұмсысы барысында қоданылған нормативтік құжаттар:

1.Қазақстан Республикасы білім беруді жәнеғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсан №988 қаулысы.

2. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

3. «Мәңгілік Ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялык негізі:

Біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. ілімдері; агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг ілімдері; К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильманның агрессиялылық үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар, агрессиялық күйді сипаттауға бағыттылған теориялық материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін сипаттайтын теориялық ілімді толықтырады. Агрессия мен агрессивтілік күйдің өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда көрінетін агрессиялы әрекеттердің түрлерін айқындауға көмектеседі. Зерттеу жұмысымыздағы агрессия туралы ілімдер ересек адамдардағы кейбір санадан тыс болатын, оның жемісті әрекетіне кедергі жасайтын психологиялық сипатынының астарын түсіндіреді.

Зерттеу жұмысының базасы: зерттеу жұмысы Батыс Қазақстан обласы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылы мектеп бала бақшасында жүргізілді. Бүкіл мектепке даярлық және ересек топтарынан агрессивтілікті анықтау мақсатында алынған диагностиканың нәтижесінде 15 бала зерттеуге алынды.

Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, «әлемде жануар», «кактус» проективті әдістемесі, ойын әдісі, пиктограмма әдісі, эксперимент әдісі, интерпретациялау әдіс, ертегі терапиясы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысында кесте,график түрінде келтірілген.


15-6 жас аралығындағы балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсерінің теориялық негізі


1.1 Мектепке дейінгі балаларға психо-педагогикалық талдау

Зерттеу жұүмысымыздың негізгі міндеттерін шешу мақсатында алдымен мектепке дейінгі балалардың педагогикалық-психолгиялық сипаттамасына тоқталып өту маңызды болмақ. Жахандану заманында орын алып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік жағыдайлар мектеп алды кезең балаларын жан-жақты зерттеуді талап етуде. Бұл - жас аралығындағы балалар. Олардың қызығушылықтарын, қарым-қатынас аймағын, өмірлік жағыдайларын, жағымды және жағымсыз әсерлерін қарастыру маңызды.

Мектепке дейінгі кезеңді 3 кезеңге бөліп қарастырамыз: кіші мектепке дейінгі 3-4 жас, орташа 4-5 жас, жоғары 5-6 жас.Бұл кезеңде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. 5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді [8].

Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады.6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.

Мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде Н.Н. Поддъяков, Л.А. Венгер, З.М. Леонтьев, B.C. Мухина,
Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар үлкен үлес қосты
[9].

Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі.Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді.Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады.Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады.Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама – қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді [10].

Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні.Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады.Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал. Ойын мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекетін дамытуда негізгі жетекші рөл атқарады.Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар мен педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойынды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді [11].

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар [12]. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеуалдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік — рөлді ойындар.Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады.
Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі — оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!