| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Махаббат пен абырой | Мектеп: "Есет" мектеп-балабақша кешені |
| Күні: 20.02 | Мұғалімнің есімі: Өмірғалиева Роза Сарсенқызы |
| СЫНЫП: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы | Д.Исабеков «Әпке» драмасындағы кейіпкерлер әлемі |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8 Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.8Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: кейіпкерлерге портреттік мінездеме бередіОқушылардың көпшілігі орындай алады: кейіпкерлер бейнесін ашады, тура және жанама мінездеулерге жіктейді.Кейбір оқушылар орындай алады: көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады. |
| Бағалау критерийі | кейіпкерлерге портреттік мінездеме бере алады;тура және жанама мінездеулерге жіктей алады; кейіпкерлерге байланысты өз көзқарастарын дәлелдей алады. |
| Тілдік мақсат | Тура мінездеу, жанама мінездеу;Заман, қоғам, орта, әулет, әпке, бауыр, мейірімділік, сыйластық, адамгершілік, парыз, борыш,...Менің ойымша... Менің түсінгенім бойынша... |
| Құндылықтарға баулу | Отбасы құндылығы |
| Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану |
| Алдыңғы оқу | Дулат Исабеков «Әпке» драмасының композициясы |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Сабақтың басы5 минут
| * Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ - Отбасы, 2-топ - Орта, 3-топ - Әпке, 4-топ - Бауыр. * Психологиялық ахуал орнату."Сатамын және сатып аламын" тренингі. (Оқушылар өз бойындағы кемшіліктерін сатып, көршісінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап алады)
* Үй жұмысын тексеру.Шығарманың композициясыІ. Сәйкестендіріңіз (Жұптық жұмыс)Смайликтер арқылы бағалау | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2. Қазақ әдебиеті оқулығы. 8-сынып3. Үлестірмелі материалдар.4. "Мұғалім кітабы" (8-сынып)5. Смайликтер6. Слайд
|
| Сабақтың ортасы 30 минут | Жаңа сабақ. "Әпке" драмасындағы кейіпкерлер әлемі Бұл кім? (Кейіпкер сөзіне байланысты кім екендігін анықтау)1. Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет... імм... тамақ дайындап жіберейін. (Қамажай)2. Тоқтат, тіліңді кесіп, отварной язык жасаймын. (Тимур)3. Қазіргі заманда жұрттың бәріне ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субъективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік. (Кәмила)4. Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады. (Нәзила)5. Марат айтады, папаң сендерді тастап кеткен дейді. Ол ешқандай да ұшқыш емес дейді. Ол өтірік айтады ғой, ә?.. (Ермек)6. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп... (Омар)
Топтық жұмыс. "Пирамидалық талқылау" стратегиясы бойынша ортақ пікір қалыптастыру."Отбасы" тобы: Омарға "Орта" тобы: Темірбекке "Әпке" тобы: Қамажайға "Бауыр" тобы: Нәзилаға
Дескрипторлар:- әр оқушы кейіпкер туралы өз пікірін жазады;- пікірлерді саралап, топ ортақ идеяға келеді;- жұмысты қорғайды.Өзара бағалау
Жеке жұмыс. "Адаспай тап" әдісі бойынша кейіпкерлерді тура мінездеу мен жанама мінездеуге жікте. (Үлестірме қағазда берілген мінездеулерді тура және жанама мінездеу деп бөлінген конвертке салады)Шығармашылық жұмыс.1. "Синквейн" әдісін қолданып, әпке сөзімен 5 жолды өлең құрастыру. (Оқулықтағы 3-тапсырма, 186-бет)2. Ойбөліс.Анасының еске алу 60 жас мерейтойына бауырларының келмеуі әпкесі берген тәрбиенің жеміссіз болғаны ма, әлде?.. "Қол шапалақ" әдісімен бағалау | ОӘК материалдарыСлайд Интерактивті тақта
" Пирамидалық тал-қылау " стратегиясы
"Адаспай тап" әдісі
"Синквейн" әдісі |
| Аяқталуы 5 минут | Кері байланыс. Хабарлама (SMS)Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады; стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі.
Үйге тапсырма. «Маған ұнаған кейіпкер» тақырыбына аргументативті эссе жазу. |
Аргументативті эссе |