Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Д.Исабеков "Ата үміті"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні:27.04.2013ж. |
Әдебиет |
6-сынып |
Сабақтың тақырыбы: |
Д.Исабеков «Ата үміті» 1-сағаты |
|
Жалпы мақсат: |
Дулат Исабековтің шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Ата үміті» шығармасын түсіну, талдау. |
|
Сілтеме: |
1.МАН 2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б.Әpiнoва, А.Аққұлова 3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Әpiнoва, P.Баттал |
|
Күтілетін нәтиже: |
«Ата үміті» шығармасының мазмұнын біледі. Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құрады, тарихи кезеңін анықтайды. |
|
Негізгі идеялар: |
Шығарма мазмұнымен таныса отырып, ұрлықтан, арамдықтың жақсылыққа жеткізбейтінін біледі. Қазақ даласында болған оқиғаларға тарихи тұрғыдан көз жібереді. Адалдық –ардың ісі екенін түсінеді. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
1.Үлестірмелі материалдар Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы туралы үлестірмелі материалдар 2.Постер, маркер |
|
Оқыту әдістері: |
Оқытудағы жаңа әдістер АКТ СТО Дарынды және талантты балалармен жұмыс Көшбасшылық Жас ерекшелігіне сай оқыту |
1.Диалогтік оқыту 2.Жеке жұмыс 3.Топтық жұмыс |
Дереккөздер: |
Ғаламтор материалдары «Рефераттар сайты», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы |
|
Тапсырмалар: |
а/ ашық сұрақтар ә/ Дулат Исабеков шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер
а/ шығарма мазмұнын бөлімдер бойынша оқу; ә/ топтық жұмыс арқылы әңгімелеу; б/ композияциялық құрылымына талдау
а/ «Адамгершілік» сөзіне ассоциация құру. ә/ ашық сұрақтар. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 2.05.2013ж. |
Әдебиет |
6-сынып |
Сабақтың тақырыбы: |
Д.Исабеков «Ата үміті» 2-сағаты |
|
Жалпы мақсат: |
«Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасау. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беру. |
|
Сілтеме: |
1.МАН 2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б.Әpiнoва, А.Аққұлова 3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Әpiнoва, P.Баттал |
|
Күтілетін нәтиже: |
«Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасайды. Әңгіме мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды, өз көзқарасын айтады. |
|
Негізгі идеялар: |
Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді салыстырады. Жағымсыз қылықтардан, қорлық, жамандық тілеуден аулақ болады. Өз ойын еркін айтуға үйренеді. Өмірде адамгершіл тұлға болады. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
1.Постер, маркер |
|
Оқыту әдістері: |
Оқытудағы жаңа әдістер АКТ СТО Дарынды және талантты балалармен жұмыс Көшбасшылық Жас ерекшелігіне байланысты оқыту |
1.Диалогтік оқыту 2.Жеке жұмыс 3.Топтық жұмыс |
Дереккөздер: |
Ғаламтор материалдары «уаndex», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы |
|
Тапсырмалар: |
а/ жабық сұрақтар б/ ашық сұрақтар в/ Дермене туралы жасаған слайдтарын қорғау.
а/ шығарма көркемдік тіліне талдау
а/ Семантикалық кесте толтыру, қорғау. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин) |
Кірпі биі арқылы сергіту сәтін өткізу. Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттер (сыпайылық, адалдық, шындық, бауырмалдық) жазылған сөздер арқылы топқа бөлу. |
Топқа бөлінеді, әр топ өз сөзіне қатысты мақал-мәтелдер айтады. |
ІІ.Қызығушылықты ояту (10мин) |
Ой шақыру үшін берілген тапсырма. а/ Жабық сұрақтар 1.Шығармадағы Омаш қандай тұлға? 2.Қарт Омаштан неге қорықты? б/ Ашық сұрақтар 1.Әңгіменің қай тұсы сені толқытты? Неге? 2.Өзіңді Тоқаңның орнына қойып, оның көңіл-күйін сезіне аласың ба? Қалай? 3. Дермене туралы жасаған топтық жұмыстарын қорғайды. |
Берілген сұраққа жеке жауап береді. Слайдтарын қорғайды. |
ІІІ.Мағынаны тану (15мин) |
Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасау. а/ Теңеулерді табу (кем дегенде 5-еу) ә/ Пейзаж суреттелген тұсты тауып оқу б/ Диалог пен монологтарды табу (1-2 үзінді оқу) |
Оқулықпен жұмыс жасайды. Топта ақылдасады, пікірлерін қорғайды. |
ІV.Қорытындылау (10мин) |
Топ болып кейіпкерге мінездеме беру, оны дәлелдеу 1-топқа Омаш 2-топқа Тоқаң 3-топқа Еркешбай 4-топқа Еркешбайдың әжесі |
Топ мүшелері ақылдасып, кейіпкерлер мінезін ашады. Ортада қорғайды. |
V.Үйге тапсырма (1мин) |
Шығарманы жан-жақты талқылауға дайындалу (Эдвард Де Бононың 6 ойлау қалпағы) |
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу. |
VІ.Бағалау (5мин) |
Топтық бағалау |
Қай топтың жауабы, жұмысы жақсы болғанын айтады. |
VІІ.Рефлексия (1мин) |
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу |
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 4.05.2013ж. |
Әдебиет |
6-сынып |
Сабақтың тақырыбы: |
Д.Исабеков «Ата үміті» 3-сағаты (шығарманы жан-жақты талдау) |
|
Жалпы мақсат: |
Оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылық пен іздене оқи білуге үйрету. Өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу. |
|
Сілтеме: |
1.МАН 2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б.Әpiнoва, А.Аққұлова 3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Әpiнoва, P.Баттал |
|
Күтілетін нәтиже: |
Шығарма туралы сыни ойлайды. Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді. Топтық жұмыста ЖАДА бойынша өз құрдастарына қол ұшын береді. |
|
Негізгі идеялар: |
Іздене отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді. Білгенін түрлі тәсілдер арқылы көрсетіп, жақсылық жасауға, жан-жақты талдауға тәрбиеленеді. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
1.Постер, маркер 2.Компьютер |
|
Оқыту әдістері: |
Оқытудағы жаңа әдістер АКТ СТО Көшбасшылық Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту Талантты және дарынды балалармен жұмыс |
1.Диалогтік оқыту 2.Жеке жұмыс 3.Топтық жұмыс |
Дереккөздер: |
Ғаламтор материалдары «уаndex» |
|
Тапсырмалар: |
а/ жабық сұрақтар
а/ Эдвард Де Бононы 6 ойлау қалпағы туралы айту. ә/ Эдвар Де Бононың 6 ойлау қалпағы бойынша жұмыстанады
Тест сұрақтары |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин) |
Оқушыларды 1-ден 6-ға дейін саналу арқылы топқа бөлу. Сергіту сәтін «Қызыл өрік әні» бойынша билету арқылы жүргізу. |
Топқа бөлінеді, әр топ өз ұранын, атын айтады. |
ІІ.Қызығушылықты ояту (5мин) |
Ой шақыру үшін берілген тапсырма. Жабық сұрақтар - Шығарманың өмірмен байланысы бар ма? - Сен қалаған затыңды (велосипед) аларда ата-анаң сен үшін қандай әрекет жасайды? |
Берілген сұраққа жеке жауап береді. |
ІІІ.Мағынаны тану (25мин) |
Әңгімені жан-жақты талдау Эдвард Де Бононың 6 ойлау қалпағы, оның ерекшеліктері туралы айту. Топтық жұмыс Әр топқа 6 қалпақты бөліп беру. 1-топ –сары қалпақ 2- топ- қызыл қалпақ 3-топ- көк қалпақ 4-топ- жасыл қалпақ 5-топ- қара қалпақ 6-топ- ақ қалпақ |
Тапсырманы түсіну үшін тыңдайды. Топта жұмыс жасайды, жұмыстарын қорғауға дайындалады. |
ІV.Қорытындылау (7мин) |
Әңгіме мазмұнына сәйкес 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын беру |
Сәйкесінше тест сұрақтарына жауап береді. |
V.Үйге тапсырма (1мин) |
«Менің ұнатқан кейіпкерім» атты эссе жазу. |
Түртіп алу. |
VІ.Бағалау (3мин) |
1/ Сумативті бағалау 2/ Топтық бағалау |
Тест жауап парағын тексеру |
VІІ.Рефлексия (1мин) |
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу |