МАЗМҰНЫ
|
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР |
4 |
|
|
АНЫҚТАМАЛАР |
5 |
|
|
БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
6 |
|
|
КІРІСПЕ |
7 |
|
1 |
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
10 |
|
1.1 |
Тәрбие туралы философиялық көзқарастары |
10 |
|
1.2 |
Ұжым бірлігі, өзара қарым-қатынастарының тәрбиелік әсері |
19 |
|
2 |
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
35 |
|
2.1 |
Бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері |
35 |
|
2.2 |
Мектепте тәрбие жұмысын жан.жақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері |
49 |
|
3 |
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ТӘРБИЕ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ |
72 |
|
3.1 |
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде мәдениеттендiру және ізгілендіру |
72 |
|
3.2 |
Мектептегі сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары |
82 |
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
88 |
|
|
ТҮЙІНДЕМЕ |
90 |
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ |
96 |
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.
Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.
Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.
Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік, шыдамдылық, байқағыштық ж.т.с.с. қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.
Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.
Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектептерде тәлім-тәрбие мазмұнының ғылыми-теориялық негіздерін айқындау, тәрбие мазмұнын ізгілендіруге байланысты әдістер мен ұйымдастыру формаларын дайындау.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
-бастауыш мектепте тәрбие жұмысының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
- бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формаларын ұғсыну.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы оқу пәндері.
Зерттеу әдіістері: тақырыпқа байланысты психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми, әдістемелік жаңашылдығы:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды.
2. Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының ғылыми-педагогикалық негіздері анықталды.
3. Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары ұғсынылды.
Ғылыми және қолданбалы маңыздылығы: магистрлік зерттеулер барысында алынған ғылыми және практикалық нәтижелер бастауыш сыныпта сабақ өту үшін тиімді бола алады.
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие туралы философиялық көзқарастары
Тәрбие мәселесі дүниеде алғашқы адамдардың пайда болуынан бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тәрбие өте қарапайым болған. Өйткені ол кездегі адамдар бала тәрбиесіне қарапайым талаптар қойған.
Тарихтан білетініміздей алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бала үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен ғана шектелген. Негізгі қалыптастырылған қасиет үйрену, дағды, салт-дәстүр болатын. Ал қолөнердің шығуы тәрбиені де күрделендірді. Еңбек бөлінісі таптық жіктеліске алып келді. Тәрбие қоғамдық әлеуметтік жағдайға байланысты болғандықтан, таптық сипат алды. Үстем тап тәрбиесі (аристократтар), қарапайым халық тәрбиесі болып бөлінді, сол себептен тәрбиенің мақсаты өзгерді және оны іске асыратын әдіс-тәсілдер де өзгеріп отырды. Жалпы әр ұлттың тәрбие ерекшеліктеріне байланысты адамзат тәрбиесі кеңейтілді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, әртүрлі елдердің ұрпақ тәрбиесі ертедегі өркендеу кезеңінен тәжірибе жинақтағанын көрсетеді.
Адам қоғамының дамуы барысында бір қоғамды екінші қоғам алмастырып отырады. Мысалы, алғашқы қоғамды құлдық қоғам алмастырған. Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ежелгі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ежелгі мәдениетті дамытуға үлес қосқан. Қытай, Үндістан, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер ашылып, онда үстем таптың балалары оқытылып тәрбиеленген. Алғашқы кезеңде діни мектептер пайда болған.
Діни мектептермен қатар кейінірек кітап көшірушілер даярлайтын мектептер пайда бола бастаған. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер тұжырымдалған.
Педагогика ғылымы да басқа ғылымдар ретінде өз бастауын философиядан алған. Ежелгі грек философтары — Гераклит (б.з.д. 530 — 470 ж.), Демокрит (б.з.д. 460-370 ж.), Сократ (б.з.д. 469 — 399 ж.), Платон (б.з.д. 427-347 ж.), Аристотель (б.з.д. 384 -322 ж.) т.б. еңбектерінде білім беру мен тәрбие мәселесі жазылған [1].
Бастапқы кезде педагогикалық білімдер философияның элементі болып табылатын. Мәліметтердің жиналуымен тәрбиелеу тәжірибелерін жинақтау, теориялық бастауларды анықтау әрекеттері жүзеге асырылып, алғашқы педагогикалық ой-пікірлер туындап, нәтижелер алына бастады, бұл өз кезегінде педагогиканың ғылым ретіндегі бастауы болды. Оның теоретиктері ретінде ірі ежелгі гректің ойшылдары Сократ (б.з.д. 469 — 399 ж.), Платон (б.з.д. 427 — 347 ж.), Аристотельді (б.з.д. 384 — 322 ж.) атауға болады, олардың еңбектерінде адамды тәрбиелеу, оның тұлғасын қалыптастыруға байланысты идеялар мен ой-пікірлер орын алған [2].
Оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы әдістемелік тәсілдерінің бірін Сократ ойлап тауып, кейіннен оны практикада қолданды, ол — сұрақ-жауаптық оқу әдісі («сократтық әдіс»). Сократтық әдістің мәні — оның сұрақтарының ретті қойылуында, яғни оларға жауап бере отырып білім алушы белгілі бір шынайы қорытындылар жасаған. Сократтық әдісті өз шыңына Сократтың дарынды шәкірті ұлы философ Платон жеткізген.
«Мемлекет туралы» трактатында Платон оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жүйесін жасады, ол «идеалды мемлекеттің» нығаюына қызмет ету керек болды. Платонның тұжырымдамасына сәйкес барлық адамдар үш кастаға бөлінеді. Тәрбиелеу мен білім беру жүйесі әрбір кастаға өз функцияларын жақсы орындауды да қамтамасыз етуі тиіс еді. Ал жер өңдеушілер тобы өндірістік тәжірибелерді қабылдаулары қажет болды. Тәртіп сақшылары (батырлар) және басшылар, ең алдымен, физикалық, дене тәрбиесі курстарын өтуін, гимнастиканы, содан кейін оқу, хат, есеп пэндерін игерулері талап етілді. Бұл — поэзия мен ән сабақтарына дайындық кезеңі. Жаттығулар, ән және математика жиынтығы сақшылар үшін қажетті білім шеңберін анықтайды [3].
Білім шыңы деп, — Платон, — диалектикамен айналысуды санады, оны игеру жаттығуды, әуенді және математиканы меңгергеннен кейін ғана басталады. Сонымен қатар ол диалектиканы, әсіресе басшылар игеруі керек деп санады.
Платонның педагогикалық көзқарастарын Аристотель жалғастырды, ол этикалық жақсы істерді тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Аристотель жақсы істер адамдарға табиғаттан берілмейді, алайда табиғат оған себепкер болады деген. Бұл мүмкіндік адамның өзінің тырысулары, оның әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Әділ істер жасай отырып, адам әділетті болады, ерлік жасай отырып, адам батыр болады, сабырлы әрекет етіп, адам сабырлы болады. Жалпы алғанда, Аристотель тәрбиені адамның физикалық, әсемдік және ақыл-ойы бойынша жетілуінің бірлігі деп қарастырған.
Антикалық педагогикалық ойдың дамуына өзіндік үлес қосқан римдік философ және педагог М.Ф. Квинтиллиан (б.з. 35-96 ж.) Ол өзінің «Об образовании оратора» атты трактаты арқылы білім, тәрбие мәселелерін жетік қарастырып, халыққа танылды. Квинтиллианның еңбегі ұзақ уақыт бойы педагогикалық сала бойынша ең басты еңбектердің бірі болды, Цицеронның шығармаларымен қатар оны риториканың барлық мектептерінде оқыды [4].

Тарихтан білетініміздей, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бала үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен ғана шектелген. Негізгі қалыптастырылған қасиет үйрену, дағды, салт-дәстүр болатын. Ал қолөнердің шығуы тәрбиені де күрделендірді. Еңбек бөлінісі таптық жіктеліске алып келді. Тәрбие қоғамдық әлеуметтік жағдайға байланысты болғандықтан, таптық сипат алды. Үстем тап өкілдерінің тәрбиесі (аристократтар), қарапайым халық тәрбиесі болып бөлінді, сол себептен тэрбиенің мақсаты өзгерді және оны іске асыратын әдіс-тәсілдер де өзгеріп отырды. Жалпы әр ұлттық тәрбие ерекшеліктеріне байланысты, адамзат тәрбиесі кеңейтілді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, әртүрлі елдердің ұрпақ тәрбиесі ертедегі өркендеу кезеңінен тәжірибе жинақтағанын көрсетеді.
Педагогика тарихында ежелгі өркендеу кезеңі шығыстық және батыстық деп екіге бөлінген. Б.э.д. 1 мың жылдықта Қытайда ежелгі өркендеу дәуірі — конфуцианистікке дейінгі кезең қалыптасқан. Білім үстем тап өкілдерінің балаларына берілді және алты түрлі негізге бағытталып оқытылды: жазу, оқу, санау (санаудың тоғыз түрін), ауызша айтуға дағдылану, өлең оқу, жылнамаларды оқып-білу. Сонымен бірге әскери дене тәрбиесі бойынша бес түрлі садақпен ату әдісіне, бес түрлі атарба жүргізу әдісіне, қалқан мен семсерді қолдана білуге жаттықтырылды. Сондай-ақ абыздар мектебі өмір сүрген.
Абыздар мектебінде магия (сиқырлы күш), музыка, би, жалпы білім беретін пэндер оқытылды. Конфуцийлік кезеңде (б.э.д. 1 мың жылдықтың 2-ші жартысы) білімді адам бейнесі гуманитарлық біліміне байланысты теориялық қорытындысында болды. Бұл кезең атақты Кун-фу-цзының есіміне байланысты аталған.
Қытай елінің атақты философы Кун-фу-цзы б.э.д. 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, 15 жасынан бастап білімге құштарлығын танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырған. Кун-фу-цзы шәкірттері ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийлік ілімнің негізі болған шығармаға жинақтаған [5].
Кун-фу-цзының ілімі бойынша, ең жоғары жаратушы күш аспан деп танып, ол жерде әділеттіліктің болуын қадағалап отырады деп тұжырымдаған.
Ол, негізінен, адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қарастырған. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөлген: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».
«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі — «сяо» — «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде-кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Осы «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас жасауды конфуцийлік әдептілік туралы ілімнің негізгі өзегі ретінде қарастырады. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқаға да жасама», — дегенді уағыздайды. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» («цзюнь-цзы») ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды деп санаған.
Конфуцийшілер өздерінің шығармаларында осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» — заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда табам деп ойлайды; «текті адамға» үлкен, маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады деген ой-пікірлерге тоқталған.
Кун-фу-цзының келесі бір тоқталған мәселесі білім, білу, оқу болды. Білу дегеніміз — табиғатты емес, адамдарды танып білу», — деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғары болады. Ал олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар түрады. Оқу, білім таңдамалы түрде болу керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан алшақ болу қажет. Білу дегеніміз — тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі деп түсіндірген.
Тарихи деректерге жүгінсек, Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген. Ежелгі Грекия бірнеше қүл иеленуші ұсақ мемлекеттерден қүралған. Олардың ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) жэне Лакония (орталығы — Спарта) болып табылады.
Спартада қүлдар қатал қанауға негізделген егін шаруашылығын кәсіп етті. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде әскери дене тәрбиесіне ерекше мән беріліп отырған, балалардың денесін шынықтырумен қатар, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамдылық көрсетуге, әскери ойындарға үйретілген.
Моральдық адамгершілік және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылыққа байланысты арнаулы әңгімелер жүргізіледі. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18-20 жастағы жігіттер әскерге алынса, сонымен бірге қыз балаларға да әскери дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлініп отырған.
Бай отбасылардың балалары гимназияда фйлософия, саясат және әдебиет сияқты пәндерді оқи отырып, мемлекеттік басқару ісіне байланысты білімдерін жетілдіріп отырған.
Қарапайым халықтың балалары қолөнерге үйретілді, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлеуші құрал» ретінде бағаланды.
Демокриттің, Платонның, Аристотельдің, Квинтиллианның және т.б. педагогикадағы жалпы көзқарастары мынадай:
-
Тәрбиенің мақсаты — белгіленген әлеуметтік функцияларды орындауға даярлау Жеке адам болып қалыптасу табиғат пен тәрбиеге байланысты;
-
Талап: бала тәрбиесін ерте кезеңнен қолға алу керек;
-
Қоғамдық тәрбие идеясын бекіту, ой тұжырымдары.
Демокрит (460-370). Демокрит өзінің атомдық теориясы негізінде жеке адам дамуының материалистік көзқарасын ұсынды. Ол тәрбиені барлық жерде, барлық уақытта алуға болады деп ой түйді. Демокрит үлкендерді үлгі тұтып, олардың айтуларымен тәрбиелеуге аса көңіл бөлген. Ол сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды деген ой қорытады [6].
Жалпы, таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит, танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында оның мәнін, табиғатын дұрыс түсініп білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмас еді деп түйеді Демокрит.
Көрнекті грек философы Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің теориялық негізін қалаған. Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірі бойынша ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тэрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар уақытын тэрбиешілердің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын эңгіменің мазмұнын іріктеп, таңдап алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгілер арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды. Ол білім берудің жоғарғы сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды [7].
Атақты Грек философы және ғалымы Аристотель б.з.д. 384-322 жылдары өмір сүрген, мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады, ал даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады деген ой қорытқан [8].
Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді. (7 жасқа дейін, 7 жастан 14 жасқа дейін, 14 тен 21 жасқа дейін) 7 жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, дене шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді. Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда, алдымен, дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді.
Аристотель тәрбиенің әртүрлі салаларының байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қажеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мүндай дэрежеде әйелдерге білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлықты жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандарды, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасының рөлін өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.
Бұл кезеңдерде элементарлық (қарапайым) және грамматикалық мектептер түрі болған. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың балалары да оқитын болды және оларды оқу, жазу, санауға үйретті. Ал грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика оқылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқылатын болды.
Осы мектепті бітірушілер жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Ежелгі Рим педагогтаріның ең көрнекті өкілі Марк Фабий Квинтиллиан болды (біздің заманымыздың 42-118 жылдары өмір сүрген). Ол — «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Квинтиллиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.
Квинтиллиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлуі қажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады. Квинтиллиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтиллианның педагогикалық еңбектері өте жоғары бағаланды.
Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де "сегіз қырлы, бір сырлы" қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам; [9].
Осылайша ойшыл Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән берумен қатар, ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. "Мұғалімдік" (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады» [10] деп жазды өзінің "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде.
Ешбір жанға бағынбайтын басшы – адам, міне, осындай. Ол - иман, ол– қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол – халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. «Жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінетін, айтылған сөзінің сөйлеушінің ойындағысындай және істің мән-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгенін айдан - анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт; өнер - білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек; шындықпен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік, жалған мен суайттарды жек көру керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылыстан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуы тиіс; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмауы керек, әділеттілік алдында ойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздікпен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек [11].
Әбу Насыр Әл-Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Ол-адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады. Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы - адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі ләзім. Фарабидің пайымдауы бойынша оқу — философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие — ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.
Бала тәрбиесі қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас мұның бәрі ұлы ұстаздың педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократикалық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтеді [12].
Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастарымен», «Философияның дінді қажетсінбеуі» т.б. философиялық трактаттарында шеңбер-қала болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы -өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары - мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік-имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады [13].
Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. Мәселен, "Философияны үйрену ушін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде бірінші алғышарт ретінде жан тазалығын, ар тазалығын қойған. Адам өмірі үшін, әсіресе ұстаздарға бұл құралдың қажеттігі түсінікті. Ұстаздың негізгі мақсаты – өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-кұлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егер де өзінің бойында кездеспейтін болса, онда логика саласында надан деп есептелініп, қайсыбір мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз бойында кездесетін болса, сөзсіз оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне дұрыс баға бере алмағандықтан, олардың арасында түсінбеушілік, кейде бір-біріне деген дөрекілік, жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық туралы дұрыс түсінік болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-талағамын жетілдіру, оның іс-әрекет жасауына көмектесу – ұстаз парызы.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Әл-Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде.
Әл-Фарабидің гуманистік идеялары әлемге тез тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл-Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол – өмір шандығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Әл-Фараби тәрбиеге гумандылық бағыт берді,ол барша адам баласын достыққа, адамгершілікке шақыра отырып, адамзат баласын мұрат - мақсатына жеткізуді көздеді.Фараби ағартушылық пен парасаттылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол халықтарды бейбіт өмір сүруге шақыра отырып, адам баласын білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер [14].
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби өмір сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда ол оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. «Еңбектің өзі – өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысьн қалыптастырады», – деген болатын Фараби. Ол еңбек өмір сүрудің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл тұжырым – «оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беру, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу» деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Фараби «еңбек ету, сапалы болу, адамгершілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет» [15] – деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы материалистік бағытты ұсынған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. "Біздің міндетіміз — бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт материалдық жөне рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен кұштарлықтарынан тыс та оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты — асқақ та биік мақсат — жаңа өмір жолында жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде.
Кемеңгер ұлы ғалым ұстаз туралы былай деген екен: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да жай адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақындық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" [16]. Расында да, жасампаздыққа жаны құмар, өнер мен білімге құштар, болып жатқан құбылыстарға саналы түрде әділ баға бере алатын педагог – бүгінгі қоғамның мұқтажы, сұранысы, қажеттілігі.
1.2 Ұжым бірлігі, өзара қарым-қатынастарының тәрбиелік әсері
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері.
Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне түседі.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашылық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамға пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымның оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.
Тұлға мен ұжымның дамуы – өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстардың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.
Ұжым және жеке адам проблемасы ең әлеуметтік проблемалардың бірі болғандықтан педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде «ұжым» түсінігі 2 мағынада қолданылады:
– ұжым – кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;
– ұжым – жоғары ұйымдасқан топ.
Ұжым тәрбиеленушілердің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:
– ұжым – басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;
– жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;
– ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
– ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсының өзіндік пікірі болуы;
– ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;
– ұжым мүшелерінің арасында өзара жауапкершілік, көмек және жолдастық, қайырымдылық қарым-қатынас болу.
Ұжым – іс-әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс-әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Мақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, және басқада көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады [17].
А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.
Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.
Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі [18].
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский [19], т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К. Крупская 1926 жылы Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету, – деп атап көрсетті [20].
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С. Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеген.
А.С. Макаренконың [21] дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі [22].
В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.
Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С. Макаренконың ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алуын төмендегі кестеде берілген [23].
1-кесте- А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері
*Кезеңдер
*Сипаты
*Бірінші кезең
*Тәрбиеленушілерге тәрбиешінің талап қою кезеңі
*Екінші кезең
*Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі
*Үшінші кезең
*Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы
*Төртінші кезең
*Берік игерілген ұжым тәжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормаларды сақтау оның қажеттілігіне айналуы
Төмендегі кестеде Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі берілген.
2-кесте- Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі [24]:
*Бірінші кезең
*Ұжымның бірігу кезеңі
*Екінші кезең
*Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы
*Үшінші кезең
*Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы
Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.
Үлкен дәстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымды қамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.
А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым – ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым – бұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым – факультет, т.б.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:
1) Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайдаланылатын жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады;
2) Орта перспектика – бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т.б. жатады;
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалім оны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық деңгейін есепке ала білуі керек.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы бір орнында тоқырап қалмайды, даму, ілгері жылжу – ұжым өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған дұрыс.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінеміз.
Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл – нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс – тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу – балаларды еліктірудің, ұжым істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Кез келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей болуы керек. Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің үлкен ұйымдастырушылық жұмысы қажет.
Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелері қалыптасқан:
– педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тәуелсіздікке табиғи ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуге тырысуымен үйлестіру;
– ұжым – ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны педагогикалық басқару да үнемі өзгеріске түсіп отыруы керек. Яғни ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы керек;
– ұжымдық тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші сол ұжымда жұмыс жасайтын басқа педагогтарға сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік әрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;
– формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қайта құру;
– ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға үйрету;
– ұжымдық тәрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру;
– ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;
– оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкестендіру;
– ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды бақылау;
– оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар қалыптастыру;
– балаларды жаңа қарым-қатынасқа тартатын ұжымдық іс-әрекеттің сипаты мен түрлерін өзгерту.
Сонымен бірге, ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн:
– ұжым мүшелері тең құқықты болады;
– басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;
– жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады, оның негізгі белгілері мынадай:
· сергектік стилі – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
· балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;
· басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.
Қорыта айтқанда, ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек сыныпта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы — партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп ұжымы тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам – ұжым – қоғам – өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында ұжым қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы ұжымға тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды — идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.
Өзіндік ынта, шығармашылық,ұсыныс ұжым мүшелері арасындағы әр түрлі қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік: өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық, ата-аналар басшылығы болмайынша, ұжымда нағыз өзіндік ынта болуы мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда. Ұжымның әрбір мүшесі тәрбие процесіне белсенді қатысқанда ғана нағыз өзіндік ынта, шығармашылық,ұсыныс мүмкін болады [25].
Рухани байлықтарды, әсіресе идеялық және интеллектуалдық байлықтарды үнемі көбейте беру керек. Бұл, біздің пікірімізше, жалпы оқу мен тәрбие ұштасқан тәрбие жұмысы саласының ең нәзік проблемаларының бірі.
Ойдың, сенімнің байлығы, затында, оқу көзінде алған білім мөлшеріне байланысты болады. Ал егер бұл байлық оқушының сабақ пен оқулықтан алған білімімен ғана шектелсе, оның рухани дүниесі мол болмайды. Ол ең алдымен ұжым пен жеке адамның қоғамдық белсенді қызметіне араласқанда ғана идеялық жағынан байиды. Идеялық өресі білім өресінен олқы түспеуге тиіс, қайта, керісінше, әрдайым одан асып түсуі тиіс.
Басқаша айтқанда, интеллектуалдық байлықтарды үздіксіз молайта беру мектеп ұжымын баулудың маңызды шарты болып табылады. Түлектердің ой-арма-ны, оларды толғантатын мүдделер, білімге деген құштарлықтың бекіп, жетілуі, ұжым өмірінде интеллектуалдық байланысқа негізделген қарым-қаты-настардың алатын орны — мектеп өмірінің рухы, ұжымның тәрбиелік күші міне осыған байланысты. Өйткені, мектеп өмірінің бүкіл мәні — бұл өздігінен ойлау, ойлану қабілетін баулу. Үнемі терең интеллектуалдық, рухани өмір сүру, сенім күшіне берік болу, өзін-өзі білімді құрметтеу рухында баулу — міне осының бәрі адамнан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бұл күш-жігердің қайнар көзі ұжымның интеллектуалдық өмірі екендігіне, оқушылар мен оқушылардың арасындағы, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарда, сабақтардың, оқулықтардың шеңберінен шығатын қарым-қатынастарда ақыл-ой байлығын үздіксіз молайта беру екендігіне тәжірибе көз жеткізеді.
Асқақ, ізгі мүдделердің, қажеттіліктің, тілек-ниеттің үйлесімі. Ұжымның тәрбиелік күші көп ретте мектеп оқушыларының қандай мүдделері мен талап-талғамының қалыптасуына және осылар мектеп оқушыларының тілек-ниеттерімен, әсіресе жас өспірімдер мен жоғары сыныптағы жеткіншектердің тілек-ниеттерімен қалай үйлесетініне байланысты.
Жалпы мектеп ұжымы — бұл ондаған бастауыш ұжымдар, олар мейлінше әр түрлі қарым-қатынастар арқылы, рухани өмірдің, тұтынудың, мүдденің мейлінше бай сарындары арқылы құрылады.
Кәдімгі ауыл шаруашылығы жұмысын — астық өсіруді мысалға алайық. Білгір тәрбиеші балаларға жекелеген еңбек операцияларын орындау жөнінде жай ғана тапсырма беріп қоймайды, қайта олардың қызметіне қоғамдық зор мән береді, оқушылар өздерінің колхоздың көптеген гектар жеріне себетін арнайы тұқым өсіріп жатқанын біледі, колхозда егіншілікті өркендету жөніндегі жауапкершілік сөзімі оларды жігерлендіреді. Ал азаматтық жауапкершілік сөзімі — бұл идеялық-тәрбие қатынастарының айқын көрінісі деген сөз. Бастауыш ұжымдар үлкен роль атқарады, оларда ересек тәрбиеленушілер өздерінің кіші жолдастарына еңбек іскерліктері мен дағдыларын үйретеді. Біздің мектепте жас өспірімдер, жас жігіттер мен қыздар — кіші және орта буындағы мектеп оқушыларының (үшінші жетінші сынып оқушыларының) техникалың және ауыл шаруашылығы үйірмелеріне басшылық етеді. Бізде жас конструкторлар, слесарьлар, токарьлар, радиотехниктер, электротехниктер, тракторшылар, өсімдік өсірушілер, бағбандар, омарташылар үйірмелері бар. Жас бағбандар үйірмесінде үшінші-бесінші сынып оқушылары ойдағыдай жұмыс істеп жүр. Жас еңбеккерлер үйірмесін басқару жоғары сынып оқушылары үшін өзін көрсетудің, өзін орнықтырудың, өзін тәрбиелеудің мейлінше айқын формасы болып табылады. Өзінің бойындағы бар бүкіл тәуір қасиетті өзінің жолдастарына беруге тырыса келе, үйірме жетекшісі тәрбиешіге, адамды жасаушыға айналады [26].
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі – тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру- мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский және т.б
Латынның «коллективус» деген сөзі «жиын», «ұжым» «топ» дегенді білдіреді.
«Ұжым» түсінігінің екі мәні қолданылады:
1. Ұжым- кез-келген адамдар тобы;
2. Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.
Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның жан-жақты жетілуі балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қоғамға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.
А.С. Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді:
«Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық. Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның тәуелсіздігін білдіреді. Жеке адамның өз еркімен ұжымға кіруі құқығын білдіре отырып, ұжым бұл адамнан ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі ұжым суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін «,- дейді [27].
Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті. «Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы- деп атап көрсетті Антон Семенович,- тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне , құқықтары мен міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады» [28].
Мектеп ұжымы- бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персональды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы- өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.
Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы , неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы- бұл азаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді; ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының болу [29].
Мектептің балалар ұжымы бастауыш ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардын мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты кқызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді [30].
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің манызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамнын моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кенейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады. Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет.
Балалар ұжымынын үлкендер ұжымына қарағандағы ерекшеліктері:
– қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның манызды мақсатына
бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
– ұжым мүшелерінін еркін қарым-қатынас жасауы;
– ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және
тәуелділігі;
– өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқа да ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін бітуі қажет.
А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын Ұстаздық дастанда келтірген [31]. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі куанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету куанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінін канағат сезімін тудырады. Ұжымнын іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, онын стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-құлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ықпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін баскару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсеңділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық – тұлға аралық (достық, ұнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткендей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш модельі қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый) [32].
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғанын даралығын,өзін-өзі көрсете білу кабілетін калыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғанын ара қатынасын, білуі қажет.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан – жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі – “ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу” деп анықталған.
Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол – ортақ мақсатпен, іс – әрекетпен, гуманистік қарым – қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден — бір көзі — адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.
Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында “ұжым” ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі – өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш – қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
-
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
-
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс – әрекетінің формалары мен әдістері, өзін – өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
-
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс – әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындылап, ұжым (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: «Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс»,- деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл ұжымның сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар ұжымыне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: «Ұжым дегенміз – бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол ұжымда бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады,» – деді [33].
А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс – ркымның өмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді [34].
Бірінші саты – ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі – бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты – осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым – дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
-
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
-
Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді. -
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
бөлігі. -
Ұжымның өзін – өзі басқару органдары және өкілдері –
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым — бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың “Коммунар әдісі” игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс – әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс – әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың “Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
-
В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде “Мудрая власть коллектива”, “Коллективтің құдіретті күші” т.б баяндалды.
ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым – қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым – қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым – қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс – әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Балалар дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зеріттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік талап етіледі.
Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:
- ұжым мүшелері тең құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;
- жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді.
Осындай жағымсыз жайларды болдырмау үшін әрбір ұжым мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы- адамгершілік, мораль және демоктатия принциптері негізінде ұжым нормаларын нығайту.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі белгілері:
- сергектік стиль-ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір- біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
- балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс;
- басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар( көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік- эканомикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет т.б.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Тәрбие жұмысында моралдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын қалыптастыру әдісін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығартуға, дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір –бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Ұжым даму заңдылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады.
Әрине, осы кезендердін арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуте болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінін барлығын педагогтардын дұрыс менгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
«Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Н.Ә Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырда құрушы іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» - деп жауапты міндет қойып отыр. Педагог беделі оның парасаты мен жанының жемісі, өз мақсат мұратына сенімдеріне орнықтыра білуі шеберлігіне, іскерлігінде, ізденуінде екені белгілі [35].
Мақсаты:
-
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,белсенді іс – әрекетке бағыттау.
-
Тиімді әдіс – тәсілдерді әріптестерінен үйрену, өз іс – тәжірибемен бөлісу.
-
Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа жолдарын айқындау.
Міндеті:
-
Оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
-
Оқу – тәрбие процесін тиімді пайдалану дағдысын ойластыру.
-
Өнегелі, еңбексүйгіш абзал азамат болып өсу үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны өздігінен ізденуге,ой – өрісін, жан – жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіні-өзі сенімді,интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Мектеп өңірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп,рухани дүниесін қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелерін терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп.
Бастауыш саты – білім, дағды іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш сыныптың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға
деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдістерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру, мұғалімнің басты міндеті.Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жаңалықтың енуі қажеттілігі білім алуға мұқтаждықтан пайда болады.
Қазіргі кезде ұстаздарға зор талаптар қойылуда. Заман талаптарына сай болу үшін, өзгелерді үйретуі үшін ұстаздардың көп ізденуі,үйрене білуі қажет. Осы ұлағатты мақсатты көздей отырып, күнделікті қызыметіме пайдаланудамын. Осы орайда мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты.
Педагогикалық ғылыммен озық тәжірибені бүгінгі даму деңгейіндегі белгілі бір оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, ең тиімдісін таңдап алып, шығармашылықпен сабағымды сапалы жүргіземін.
Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырудың оқыту технологиялары» тақырыбында дәріс алдым. Сонымен бірге «Жылдың үздік жаңашыл сынып жетекшісі» байқауда оқушыларға білім мен тәрбие беруде озық иновациялық әдістерді қолдана білгені үшін «Шыңдалған шеберлік» аталымына ие болдым.
Бүгінгі таңда аудандық білім беру бөлімінің ұсынысымен «Ізденіс шеберлікке бастайды» атты тәжірибем аудан көлеміне таратылды. Жинақталған тәжірибеме сүйене отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан шығатындай өзгерістер енгізу керектігі жолында ізденудемін.
Бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшіліктерінің кейбір түрлеріне тоқтала келіп мен оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын жұмысқа баса назар аударамын. Өзіндік жұмыс - бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда жол ашатын қолайлы кезең – бұл оқушылардың жасына сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені 7-10 жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, яғни шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Мұны тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның маңызы зор.
Шығармашылық жұмысқа баулып олардың білімін арттыру үшін төмендегі тәсілдерге назар аударайық.
-
Біз бастауышта кішкентай бүлдіршіндерге білім беріп жатқандықтан сабақта ойынды көп қолдануымыз керек. Ойын – баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті. Ол баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
-
Ойын баланың сабаққа ынтасын арттырып қабылдауын жақсартуға, білімді толық игеруге ықпал етеді. Оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде сыныптағы оқушыларды топқа бөліп жарыстырамын. Сол арқылы сабаққа деген ықыласын, еңбексүйгіштігін, жинақылығын қадағалаймын. Мысалы: математика сабағында есеп шығарғанда шапшаңдықты қажет етеін ойын түрлерін «Кім жылдам?», «Жалғастыр», «Фигураны ата», «Тездет, бірақ қателеспе!», «Орнын тап» ойындарын қолданамын. Бұл ойындар нәтижесі оқушылардың білімдерінен байқалады.
-
Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмаларға «Сөзжұмбақ», «Анаграммаларды» алуға болады.
-
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлеріне тоқталсақ, кері есептерді құрастыру жатады. Есеп туралы білім ала бастағанда өнемі көрнекіліктерді пайдалануға тырысамын. Көбінесе суреттік көрнекіліктер бойынша есептерді өздері құрап, неше амалмен, қандай амалмен шығаратындығын сұрақтар қою арқылы жауаптарын күтемін. Бұдан шығатын қорытынды әр баланың көру, қабылдау сезімдері дамыса, өз ойларын жүйелі түрде жинақтай отырып, тіл байлығын қалыптастырады, әрі есепті дұрыс шығаруға жағдай жасайды, түгелдей оқушылардың қатысуына мүмкіншілік туады.
-
Сабақ үстінде математикалық диктант тест жұмыстары өтіп тұрады. Өз тәжірибемде оқушылардың білі сапасын көтері үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Себебі, жазба жұмысы – сапа көрсеткіші. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарының артатыны байқалды.
Тіл сабақтарында өзіндік жұмысты жүргізу оқушының ойлау әрекетіне жол ашады. Сонда әрбір сабақта оқушылардың қабілеті көбірек дамып, оқуда белсенділігі артады. Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстардың түрлері көп. Мысалы диктант түрлерін алайық: ескерту диктанты, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, сөздік диктант т.с.с. Осының ішінде шығармашылық диктантты алсақ, мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет арқылы бір тақырыпқа сөйлемдер құрауға болады. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі, еске түсіріледі. Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған – тұрмағанын байқайды, қажет болса өзгертеді. Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін өте қолайлы, өйткені оқушылар сөйлем құрауға белсенді қатысады, сөздерді де ойлап табады. Өздігінен жұмыс жүргізу үшін әр түрлі топшамаларды пайдалануға болады. Жаңа тақырыпты өткенде оқушылардың қалай қабылдағанын тексеру үшін, бірнеше балаға топшама таратылып беріліп, сабақтың соңында сол талдынып тексеріледі.
Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулуымыз қажет. Әдебиеттік оқу сабағында өздіктерімен жұмыс жасауға үйретуде екі мақсат көзделеді.
-
Кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру;
-
Тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету;
-
Өз еңбектерінің жемісін көру;
-
Қуану сезіміне бөленуге жағдай жасау.
Өздігінен орындалатын жұмыстың негізгі мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттырады. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындаған тапсырмаларының түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері:
-
Кітаптың мазмұнымен таныстыру.
-
Оқу кітабында бөлімдері бар үй жануарлары туралы оқығандарын кітаптың мазмұнынан белгілейді.
-
Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Мұнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны суреттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады.
Мәтінге ат қояды. Мәтінді бөлікке бөліп оқиды.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу олардың белсенділігін көтереді.
Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта келіп бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшіліктерінің маңызы зор.
«Шәкірт – шәкірт емес,
-Ұстазын ол сүймесе
Ұстаз – ұстаз емес
Шәкірт үшін күймесе» - деп ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас бүлдіршіндердің жүрегіне жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз [36].
Адамның бойындағы рухани құндылықтар оның жаратылысы мен бірге пайда болатынына көңіл аудармай, оны сырттан іздеп келеміз. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарында ғана емес, ана тілі пәнінде бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерде, үйелменде, қоғамдық орындарда басты назарда болып келеді. Адамгершілік қасиеттер үлкен мен кішінің шынайы қарым- қатынас кезінде бала бойына дариды. Көзге көрінбейтін өте сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен- жүрекке үзбей жеткізу тек тәлімгер, ұстаздың қолынан келеді. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікпен жүргізілетін міндеттер тұр.
Педагог қауымы бала жанының бағбаны екені рас болса, сол адамгершілік қасиеттерді қалай дамытып, одан қандай нәтиже алып келеді деген сұрақтар туындайды.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
А.С.Макаренконың «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» т.б. кітаптарында оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық талаптарын зерттеп, жинақтады. Оқушы тәртібінде мінез-құлқындағы ауытқулар кездесіп отырады. Қайта тәрбиелеу арқылы оқушы санасындағы және жүріс- тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу үшін оқушы дамуындағы ауытқуларды алдын алу. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С.Макаренко жасаған арнайы әдісі.
Жалпы педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым- педагогтардың еңбектерінде өз кезеңдеріне сай мектептегі оқу, таным, іс- әрекеттер, шығармашылық процесін жетілдіруде озық ойлы пікірлер айтқан.
Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский «Жас өспірімге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлікке, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік саналар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыру, кішіпейілділік, єдептілік, т.б. қасиеттер қалыптастыру қажет»,- деді.. Н.Г.Чернышевскийдің көрсетуі бойынша адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Тәрбиенің әдістер ретінде сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқытудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршін, жүрегі таза, ниеті таза, пейілі кең, пәк періште күйінде азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма. Егер мұғалім өзінің адам қалыптастырудағы міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр.
Мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тіл алғыш, жүрегі таза, сенімі пәк жас бүлдіршін орта немесе буынға келгенде өзгеріп сала береді.
Сол кезе мына бала қандай еді, қалай өзгерді. Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп алды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сұрақтар туындайды. Әрине, оның себептерін жан- жақтан іздеуге болады. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамгершілік қасиеттерінің дамуына үлес қосатын мұғалім. Мұғалім оқушыға оның өмірінің азық болар асыл қасиеттер- адамзаттың құндылықтарымен, белеммен қамтамасыз етеді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны, формалары мен әдістері барлық жас сатыларында біркелкі болып қала бермейді. Олар оқушылардың дамуына қарай , жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мектеп қабырғасында жас ұрпақ өзінің дамуына бір қатар сатысынан өтеді. Мектеп оқушылары әлем жайындағы бастапқы мағлұматтардан табиғат, қоғам және адам туралы неғұрлым дәл білімдерге ауысады. Оқушылардың сезімдері де бірте- бірте дамиды, олардың сапасы қалыптасады, мінезі қалыпқа түседі , мінез-құлық әрекеттері өзгереді. Тәрбиешілер үшін тәрбие беру процесінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ,олардың тәрбиелік деңгейін білуі.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өздеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Олар сезімтал әрі әсершіл келед: Сондықтан оларды бірлесе атқаратын өте тартымды істер мен қызықтыруымыз тиіс. Айналысатын жұмыстарының түрлерін жиі ауыстырып , әлде қайда ұзақ және жүйелі істерге бірте-бірте үйрету керек. Кіші мектеп жасындағы оқушылары тұрақсыздау тез шаршағыш келеді. Осыған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысын әр ыңғайға қарай бөлу және олардың сабақтары формалары мен түрлерін сан құбылтып тұру керек.
ІІ. А.С. Макаренко “Бала айналасы қоршаған ортамен шексіз қарым қатынасқа түседі, дамиды, баланың дене күші артып ,адамгершілік қасиеті жақсарады”. Жылдар өткен сайын баланың қоршаған ортамен қарым қатынасы маңызды бола бастайды, қарым –қатынас дамуы мен тәрбиеге ықпал етеді;- дейді .
Мектеп оқушыларының жас шамасына және даму деңгейіне қарай оларға педагогтың басшылық етудің сипатыда өзгереді . Кіші мектеп жасындағы оқушылардың күнделікті іс -әрекеттерін ұйымдастырушы және басшылық етуші ролін атқарады. Орталау, әсіресе жоғары сыныптағы жас шамасындағы өмір және іс-әрекетті ұйымдастыруда өзіндік беталысқа жол кеңірек ашылады. Тәрбиені ұйымдастыру процесінде жас ерекшеліктерін ғана емес , жеке –дара ерекшеліктерді ескерудің де маңызы зор. Балалар бір-бірімен темпераментімен , мінезі мен , қабілеті мен, мүддесімен, бейімділіктері мен ерекшеленеді. Әркімнің өз бойы талпынысы ,арманы болады. Соны ескере отырып , тәрбие беру процесінде әркімге жеке –дара қарауды қамтамасыз етуге болады. Тәрбиеге жеке –дара қарау –оқушының ерекшеліктеріне қарай нем құрайды ыңғайлану емес , жеке дара қасиеттерді психикалық даму еекшеліктерін ,жеке және қоғамдық тәрбиелене отырып , оған тәрбиелік әсер етудің тиімді жолдарын табу керек.
Тәрбие беру процесінде ұлдар мен қыздардың ерекшеліктерін ескеру керек. Кейбір мектептерде ұл балалардың қоғамдық белсенділігінің төмендеуі байқалады. Мұны бұл мектептерде туризмді, әскери ойындарды техникалық модельдер жасауды және ұл балаларға ұнайтын тағы басқа істерді ұйымдастыруға болады. Ұнаған іспен айналысқанда , балалар әрқашан жауапты бола бермейді. Олар айтқанды орындаушылар қызметін атқарады . Бұл олардың қоғамдық белсенділіктерінің төмендеуіне апарып соғады. Тәрбие өнерінің мәні оқушыларды пайдалана және қызықты істерді табуға ,ойластыруға оларды ұйымдастыруда творчествалық инциатива көрсетуге оларға жауап беруге жетелеуде.
Тәрбие қызметінің мазмұны қазіргі кездегі мектеп оқушысының ерекшеліктерін есепке алу мен анықтау керек. Олкөп біледі көп нәрсені істей алады, және көп нәрсеге талпынады. Оған дүнтетаным теңдігі мен мүдденің жан-жақтылығы , романтикалық көңіл –күйі мен эмоциялық әсер алғыштық , өзінің толық қуаныш түйсіну мен басқа адамдарға әсіресе ата-аналарға , мұғалімдерге сын көзімен қарау тән жігіттер мен қыздардың көбінде ойдың әрекетінің кемділігі мен шексіз арманшылдық, көз қарас адамгершілік сенім ролінің артуы мен жақ жолдастық достық және сүйіспеншілік сезімі айқын көрініс береді. Осының бәрін тәрбие жұмысының мазмұнын сұрыптаған кезде және оны ұйымдастыру процесінде білудің және ескерудің маңызы зор.
Соңғы жылдары симпозимда қабылданған жас кезеңдерінің схемасын яғни бұзбай балдан бастап жас өспірімдер шақтарына дейінгі өзгерістер кіреді.
1.Жаңа туған бала ( туған сәттен 1-2 айға дейін )
2.Нәрестелік шақ (1-2-айдан 1 жылға дейін)
3.Ерте сәбилік шақ (1-жастан 3 жасқа дейін ).
4.Мектепке дейін балалық шақ(4-7 жасқа дейін)
5.Бастауыш шағы( 7 жастан 11-12 жасқа дейін)
6.Жеткіншек шағы (11-12-14-15 жасқа дейін)
-
Жас өспірімдік шақ (14-17 жасқа дейін)
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауына байланысты 5-6 және7 сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Тәрбие мен оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары .
Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан – жақты, дамыған етіп тәрбиелеу.
Адам іс әрекеті сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өқмір сүріп отырған қоңамдық тарихи жағдайларға тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі бір сатысында педагогикалық, филос офиялық ой пікірлер пайда болып қалыптпса бастайды. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Тәрбие беру қоғамдық білімін іс әрекет мазмұны анықталады. Қазақстан Республикасының өз алдына дербес , тәуелсіз болуына байланысты ұрпақ тәрбиесінің алдында тұрған мақсат міндеттер Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8- бабында жазылған.Олар:
-
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлтық және жалпы азаматтық құндықлықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби, шыңдауға бағытталған, білім алу ұшін қажетті жағдайлар жасау.
-
Білім беру жүйесінің басты міндеттері – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адмгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін байыту.
-
Азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
-
Республиканың қоамдық саяси экономикалық және мәдени өмірімен қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтарымен міндеттеріне сапалы көзқарасын қалыптастыру.
-
Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республикасының басқада халықтарының тарихын әдет – ғұрыпы мен дәстүрлерін зерделеу.
Тұлғаны жан жақты жетілдіріп дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінде тікелей байланысы дененің және ақыл ой дамуныың бір тұтастығы деп түсіну керек.
Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру.
Тәрбиелеуде ең басты мақсат – қоғамға қажетті мақсат адамгершілік қасиеттер жоғары, еңбек сүйгіш, ғылыми дүниетанымын қалыптасқан, эстетикалық талғамы сезімі мен дене күші сыйғыш, белсенді, өмірлік поэзиясы орындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Қазіргі тәрбиенің негізгі басты міндеттері қандай ?
Бала қоғамда тәрбиелену ,бірақ ол өздігінен рухани өмірін байытып, дене күшін арттырып, жан-жақты білім ала алмайды, сондықтан баланы тәрбиелейтін тәрбиеші міндетті түрде керек.
Оның міндеті баланың дамуына жағдай жасау. Бала өсіп келе жатқан гүл сияқты , оның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасап оны күту керек.
Сонда ғана бала жан –жақты болып өседі. Бұл туралы 30-шы жылдары Л.С.Кыгодский “Тек қана ғылыми көз қарастарды түсіндірумен біреудің екінші тәрбиеленуі” мүмкін емес деп жазды.
Бұдан мынандай бірнеше ереже пайда болады.
1.Тәрбиеші баланың негізгі табиғи даму заңдылықтарын білуі керек.
2.Олтәрбиеленуі үшін сыйлы, мейірімді адам болуы қажет .
3.Тәрбие технологиясын меңгерген баланың өзіндік тәрбиелеуіне педагогикалық жағдай жасай алатын болуы тиіс.
Педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің түпкі мақсаты баланың өзі н-өзі тәрбиеленуін туғызу.Бұрынғы кеңестік мектептер тәрбиесінде, балаға оның қандай болу керектігін айтып, оған қатаң талаптар қойып отырады.
К.Н.Крупская мен А.КЛуничепскийдің белсене қатысуымен жасалған Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптерінде былай делінген. ’’Балалар мектептің бүкіл өміріне қатысулары тиіс. Бұл үшін олар өзін-өзі басқару правасын пайдалану және тұрақты белсенді көмек көрсетуі қажет. Мемлекет азаматы болуға әзірлене отырып, олар одан бұрынырақ өздерін өз мектебінің азаматы сезінуі қажет шығар.
Н.К. Крупская “ Ұйымдастыру тұрғысынан балаларға өз беттерінше әрекет етуге жол берілуі тиіс- мұнсыз балалардың бойына жұмысқа деген қажетті жауапкершілікті тәрбиелеуге болмайды’’ деп көрсетті.
Халық педагогикасының негізгі қағидалары.
-
тәрбиенің халықтық сипаты.
-
–табиғилығы
-
–еркін тәрбиелеу.
-
–еңбекпен байланыстылығы.
-
–еңбек арқылы тәрбиелеу.
-
–тәрбие ісін баланың жас ерекшелітерін ескере отырып ұйымдастыру.
-
–ата—ананың , ұстаздың жеке басының үлгісін ескеру , өскен ортаның ықпалын , өнегесін пайдалана білу.
-
–өмірмен байланыстыру.
-
-қатаң талап қою, жеке басты құрметтеу,
-
–баланың қателіктерін дер кезінде байқап , дұрыс жолға салу.
Болашақ ұстаздарды сабақ оқыту барысында оқушылар арасында халықтық тәлім – тәрбие негіздерін насихаттауға және тәрбие сағаттарын ұйымдастыруға үйрету мақсатын көздейді.
Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде , дейді Елбасы Н. Назарбаев, оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек , тәрбиелесек , сонда ғана біз рухы дамыған , Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.
Ұлтымыздың тәлім – тәрбиесін ұрпаққа жеткізу әрбір ұстаздың алдына қояр негізгі талабы.
Шәкіртерге ұлттық негізде сапалы тәрбие мен білім беруге сіздердің , болашақ ұстаздар, мүмкіндіктеріңіз бар. Тек ұстаған сара бағытымыздан ауытқымай, оны жаңарта , дамыта түскеніміз ләзім. Бүгінгі уақыт талабы ұстаз қауымынан осындай тың ізденіс пен батыл іскерлікті талап етеді.Оқушылар мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың халықтық педагогика негізіндегі үлгісі
Тәрбиелеу әдістері: Сенім; Үұлгі-өнеге көрсету; Талап қою; Бұйрық; Түсіндіру, ұғындыру, мысал арқылы дәлелдеу, көзін жеткізу; әңгімелеу , шешендік өнер үлгілері; сенім, ырым- жырым, наным; тұспалдап, жанамалдап ұғындыру; айту; өткір сөз; әзілсықақ, әжуа, өкпе-наз арқылы білдіру; жаттығу, дау; ымдау; ишаратпен,жұмбақтап, қимыл –қозғалыспен көрсету; жаратпау; тыйым салу, жазалау,ұрсу, жеку, қорқыту, сабау; қарғыс; ұлыттық ойын; жарыс сабақ.Жастайынан имандылық пен салауаттылық қасеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек,сонда ғана біз рухы дамыған,Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз…
Ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін ұрпаққа жеткізу әрбір ұстаздың алдына қояр негізгі талабы.
Шәкірттерге ұлттық незізде сапалы тәрбие мен білім беруге сіздердің, болашақ ұстаздар, мүмкіндіктеріңіз бар. Тек ұстаған сара бағытымыздан ауытқымай,оны жаңарта, дамыта түскеніміз ләзым. Бүгінгі уақыт талабы ұстаз қауымынан осындай тың ізденіс пен батыл іскерлікті талап етеді.
Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Тәрбие заңдылығы деп отырғанымыз педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті байланысы. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің баланыстығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.
Тәрбие процесінің қажетті буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.
Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады.
Оқыту мен тәрбиелеу кезінде білім беру іске асады. Білім беру дегеніміз – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Оқушылар білімді тек оқыту кезінде емес, өз бетінше оқуы және бұқаралық құралдар радио, теледидар арқылы да алады.
Жас ұрпақтың дамуы мен қалыптасуы мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстарға ғана, орталық әсеріне де байланысты. Орта деп отырғанымыз кездей соқ, кейде жүйелі әсер ететін, түрлі сыртқы құбылыстардың жиынтығы. Ортаға әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар және адамның табиғи өмір сүру жағдайлары жатады.
Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Біз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негізге алдық. Ол баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен еркін араластыру керек, әр түрлі баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып,жүргізу қажет деген ұсынысын зерттеуімізге басшылыққа алдық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетілдіре түседі. Бұл туралы психолог Л.С. Выготский. “Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуальды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...”,- дейді.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқадық.
Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды.
Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;
Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,
Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;
Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.
Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт –дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.К. Төлеубаева адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.
Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”,- дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”,- деген болатын В.А. Сухомлинский.
А.Бейсенбаева “Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастары, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”,- деп көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.
Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болшақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзінен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.
Қайырымдылық – адам баласындағы тәрбие мен тәлім арқылы қалыптасатын мінез-құлықтардың ішінде, әсіресе қайырымдылық пен зұлымдық өз алдына ерекше орын алады. Естеріңізде болар, Адам ата мен Хауа – ананы жұмақта ұстаған сәтінде, әуелі оларды Алла – тағала осы жоғарыда айтылған екі түсініктен сақтандырады. Оларға “жеуге болмайды” деп тиым салған алма жемісінің мәні де осында. Төбесінен төнген қып-қызыл алмаға қызығып, есі кетіп тұрған Хауа-анаға данышпан Жылан сыбырлап: “Жо-жоқ, қорықпа... тіпті де өлмейсің. Қайта, көзің ашылып, құдайдың өзіне ұқсап мынау тіршіліктегі қайырымдылықпен зұлымдылықтың сырын ұғынасыңдар”- деген еді ғой. Міне, осылай дүние сырын түсінуге ынтыққан Адам - ата мен Хауа – ана жұмақпен қоштасқан болатын. Содан бері қарай жылан “бауырымен жер сызып” жүрсе, әйел атаулы - “ұрпағын қиналып тууға”мәжбүр болған, ал еркектер – тіршілікке қажет қоректі “маңдай терімен” табуды әдетіне айналдырады. Осылайша, адамзат шын мәнінде, ақылдан азап шегеді.
Қанша азап шексе де адам баласының түпкі мақсаты, қайырымды қоғам орнатып, өзінің тіршіліктегі бақытын табу.Сондықтан , шамасы жетсе, қайырымды іс істеуден артық ешнәрсе жоқ екенін әркім біледі. Бірақ адамдар айналасындағы жайсыз жағдайлардың әсерімен және ұрпақ тәрбиесіндегі келеңсіз тәлімдердің салдарынан қайырымдылық атаулыға қас, қарама-қарсы мінез-құлықтарды бойына сіңіреді. Сонан келіп, өмір тіршілігінде жиі кезедесетін жақсы мен жаман адамдардың пайда болатынын білеміз. Міне адамдардың осындай бейнелерін суреттейтін “Жақсылық пен Жамандық” сияқты қиял-ғажайып ертегілерден мысал келтіруге болады.
Міне, осылай ұзақ жылдарда адам баласы тіршіліктің ащысы мен тұщысын татумен келеді. Бірақ, жай ғана келе жатқан жоқ, ғасырдан ғасырды артына салып есейіп ер жетіп келеді. Түптеп келгенде адам баласы өз құдіретін өзі тауып бүкіл табиғат анасының қамқоршысы болары хақ дейміз.
Міне, мұндай ойға дәлел болатын Шындық пен Әділет адам баласының мінез-құлығына білгенде ғана сіңетін, аса құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі. Иә, қайырымсыз қоғамда шындық пен әділеттің жолы тым алыс болмақ. Әйтсе де, ол екеуінің арқалаған абыройлары да аз емес. Өмірдің шындығы болса, тіршіліктегі әділет атаулы сөзсіз содан туындап жатады. Ендеше шыңыраудың түбінде шындық қана сақталмақ. Бірақ оны танудың өз қиыншылығы бар. Бір адам шындықтың бір қырын, екіншісі – қырын көріп, әрқайсысы өзінің ғана көре білген шындығын айтып, бір-бірімен келісе алмай, дау-дамайға ұшырады. Кейде қатты кеткен даудың аяғы аса үлкен соқтығыстарға да апарады. Сайып келгенде, бір қарағанда – екеуі де кінәлі болып шығады.
Міне, мұның бәрі ақыл мен білімнің шолақтығынан туындайтындығынан барынша жылдамырақ ұғынып, тезірек түсінгеніміз жөн. Халқымыздың даналығына сүйенсек: “Көзі соқырдан гөрі, көкірегі соқыр жаман”- деген ғой. Бұл тіршілікте әртүрлі жағдайлармен дұрыс тәрбие ала алмаған. “Көкірек соқырлар’’ тым көп. Сондықтан да өмір шындығын асқар таудай ұлы көріністері, олар үшін күнделікті ішіп-жегендерінен артық емес сияқтанып көрінеді. Егер шындық адам бейнесіне еніп, көкіректері көр тобырдың ортасына түссе, оны топастықтың қара күйесі қымтап алып, ыстандырып жіберері хақ.
Шындық пен әділетті суреттейтін көркем шығармалардың ішінде аңызды айтсақ - “Аяз биді’’ еске алып, ғұламалыққа бой ұрсақ ,- “құтты біліктегі’’ шындық пен әділетті сипаттайтын баптарға жүгінер едік. 19-шы қара сөзден бастап оқу керек – сөздің турашылығы, қадір-қасиеті, шыншылдығы жайлы.
Әділет пен шындыққа сүйенбеген сөзден қауіпті нәрсе жоқ екенін айтады. Бұл еңбек шын мәнінде де бүкіл түркі тілдес халықтардың құты мен бақытына, ырысы мен адамшылық қасиеттеріне айналған құдіретті білім арнасы. Сонымен бірге “Құтты білік’’ атты кемеңгер кітаптың құдіреті де оның біте қайнасқан халықтығында жатыр. Кітаптың өң бойында айтылатын парасаттың бәрі де халық даналықтарымен астасып кеткен. Енді әділет жайында айтылған баппен танысайық.
Сонымен, адамзат баласы өзінің ұзақ ғұмырында екі рет Құдайдың қаһарына ұшырапты. Әрине, біз аңыз ретінде жазылғандарын ғана айтып отырмыз, әйтпесе, оның бойындағы кемшіліктері сан жетпестей көп екендігіне күмәніміз жоқ. Бірақ, адам баласы үнемі өзін-өзі тәрбиелеп, бойындағы кемшіліктерден айырылумен келеді. Саналы тіршіліктермен жеткен жетістіктері аз емес.
Біздердің қазіргі “Халық педагогикасы’’ деп жүргеніміз, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып - терген тәсілдері мен тәрбиелерінің жиынтығы. Олай болса, бұл күллі адамзат мәдениетінің тарихының анасы тәріздес, аса үлкен құбылыс. Сөйтіп дүние жүзіндегі халықтардың тәлімі мен тәрбиесінің бастауын сонау топан су заманынан бастау керек. Сонан бері адамзат баласы басынан талай қилы замандарды кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайдасы болып, әрқайсысы өзінің тарихы мен мәдениетін жасады. Сол рухани қазыналарға жататын фольклордың ішінде, бүкіл халықтық педагогиканың негіздері айтылады.Ендеше, қазақ халқының жүзден аса батырлар жырында, қаншама ғашықтық дастандарында, небір ғажайып ертегілер мен аңыздарында, тіпті мақал-мәтелдерінде тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер тәлім екені анық. Тек мұны жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек.
Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы қабылданған “Бағдарламада”, “Салт”, “Асыл мұра”, “Бабалар өсиеті”, “Қыз бен жігіт”, “Заманай”, “Достық”, “Ата-ана”, “Қайырымдылық”, “Сөнбес жұлдыздар” атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қайсысы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесін іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениетті ел қатарына сатылуына мол үлес қосқан болар едік.
2.2 Мектепте тәрбие жұмысын жан – жақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Бүгінгі күнгі мұғалімнің баста мақсаты- өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.
Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім ана тілі сабақтарында халық педагогикасының сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстары отырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге борышты.
Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оның жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол- болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оќу- тәрбиенің процессінде мұғалім мен оқушының арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балалар күнделікті оқу-тәрбие процессінде тікелей өмір тәжірибесінде «жақсы» мен «жаманды» байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Бұл меңгергендері балалардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі. Еңбек процессінде балалардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу- өте күрделі нәзік те жауапты іс. Бұл жолда сынып мұғалімінің бастауыш мектеп жасындағы балаларды қалай тәрбиелеу керек, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді: Отанға деген сүйіспеншілікіті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
Әрбір бала өмірінде, іс әрекетінде кездесетіп мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер дұрыс іс әрекеттер оқушылар бойында мінез—құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты боып табылады. А.С.Макаренко эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазғанды: «Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерің жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім».
В.А.Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол оқушылардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру мен ұштасып отыруға тиіс деген бүкіл сенімде болды.
Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.
Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім турал ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгіліі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.
Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата - аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш - қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды»,- деген.
Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.
Танымдық іс - әрекет. Сыныптан тыс танымдық іс - әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс - әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс - әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық - танымдық іс - әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6 - 7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8 - 10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көруге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В. А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды.
Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс - әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп - салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.
Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс - әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс - әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.
Еңбектік іс - әрекет. Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу - көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс - әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан - сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады. Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды, гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т. б. Қамқорға алынған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора – жайларды көгалдандыруға қатынасады. Еңбектік іс - әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл - күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың еңбектік іс - әрекеті ересектердің еңбегімен кең танысу арқылы жүргізіледі. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды ата - аналарының еңбегімен таныстырады, еңбек озаттары жөнінде баяндайды. Өндіріске фермерлік шаруашылық даласына, мал шаруашылығы комплекстеріне экскурсия жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұндай экскурсиялар ересектердің еңбектік іс - әрекетіне балалардың қатынасуымен жүреді. Бастауыш сынып оқушылары еңбектік іс - әрекеттердің қатынасулары болып қана қоймайды, олар мұғалімнің ол істерді ұйымдастырудағы белсенді көмекшілері де бола алады.
Ойын. Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс - әрекеттің түрі, әрі барлық іс - әрекет түрлерінің міндетті элементі. Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей, ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н. К. Крупская аса зейін қойып қарады. Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек. Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы, басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс - әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс - әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым - қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.
Спорттық іс - әрекет. Бұл іс - әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс - әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т. б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс - әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Баcтауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс - әрекеті спорттық мекемелерді, әскери – спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс - әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс - әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан - жақты және үйлесімді дамытады.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс - әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама – қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата - аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.
Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек. I - II сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау, III - IV сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады.
Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс - әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата - аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс - әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата - аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:
• сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
• олардың іс - әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
• кез - келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
• мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
• жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
• Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
• Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішіре білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсың.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:
- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;
- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;
- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;
- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:
- жалпы және жеке;
- негізгі және кездейсоқ;
- теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
- әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).
Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан – жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар – намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта – ықылас, ерік – жігер т.б. туралы түсіндіріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары. Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі.
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді.
Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік, эстетикалық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, әдебиет, көркем - өнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.
Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.
Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез – құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.
Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез – құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.
Мадақтау– оқушылардың тәртібін, мінез – құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігіне сезінуіне, өзінің мінез – құлқы мен көңіл – күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі
Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланыпқарауы тиіс. Жазалау баланың жағымсыз мінез – құлқы мен іс - әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай болуы керек. Сонымен қатар жазалау тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Мектеп тәжірибесіне арнайы қабылданған нұсқау бойынша жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендету шаралары қолданылады.
Жарыс. Мектеп жағдайында мінез – құлық пен іс - әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік – психологиялық фактор ретінде жастардың бір – бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс - әрекетіне жаңа серпін жаңа ой – сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама.
Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
• Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
• Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді.
Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.
Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі.
Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады.
Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу".
"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.
Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.
Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.
Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Даму дегеніміз ең алдымен, адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында өтеді. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбие қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып, бағыттайтын үрдіс. Қоғамның жаһанданған қазіргі және болашық өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі тәрбие арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие үрдісі жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан, мәдениеттану тұрғыдан оқып үйренуге тура келеді. Олай болса, бұл үрдіс балаға ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы мәдениетке енуіне мүмкіндік береді.Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады. Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Баланың оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуы тиіс, сондықтан тәрбие ісі жалпы адамзаттық гуманистік бағытта жүргізіліп, жеке бастық рухани дамуына бағытталу керек.
Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.
Ж.Наурызбаев “Ұлттық мектептің ұлы мұраты” атты еңбегінде жас ұрпақ тәрбиесіне ұлттық мәдени құндылықтарды пайдалану мәселелерін жан-жақты қарастыра отырып, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандырумен болашаққа аманаттау, ұлттық тектестікті сақтау міндеті ең алдымен мектеппен байланысты”-дей келе ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың, мәдениеттік мүдделердің құралы болып табылатын білім беру ісі алдына басты-басты үш міндетті береді: табыстаушылық (ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау және дамыту); даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностың ұлттық-мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау); ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының этнопедагогика және тәрбие зертханасының даярлаған “Мектептегі тәрбие жұмысынын теориясы мен әдістемесі” атты еңбекте жеке тұлғаның дамуының ерекшелігіне байланысты, тұлғаның өздігінен дамуының мәні ретінде ең алдымен адамның шығармашылық мүміндігін табумен, содан соң оқушының өзіне деген сенімін бекітумен, өзін-өзі құрметтей білуін арттырумен және “мен” деген идеалымен жақын болумен тиянақталады. Осы заманғы тұлғаның маңызды белгілерінің негізі оның даралығы, ақылдығы, жауапкершілігі, еріктілігі, жеке басының қасиеті болып табылады-деп атап көрсетеді [37].
Ал И.П.Подласый “Педагогика” атты еңбегінде “Ұжым және жеке тұлға” атты бөлімінде оқушы мен ұжым арасында қарым-қатынасқа тоқтала отырып, жеке тұлғаның дамуына тәрбиенің ұжымдық ықпалының зор екенін көрсетеді. Яғни, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына орта мен ұжымның игі ықпалы бар екені көп жылғы іс-тәжірибеден көрініп отыр. Әсіресе, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында анкеталық сұрақтар мен тестік жұмыстар бойынша оқушылардың берген жауаптарынан айқын аңғарылады. Оқушылардың жауаптарының көбінде оларға ең күшті және белсенді түрде ықпал ететін “орта және ұжым” деген жауаптар берілген. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін негізгі күш-орта. Жеке тұлғаның қалыптасуына сыртқы жағдайлар: табиғаттың ықпалы, әлеуметтік орта, мектеп және жанұя үлкен ықпал етеді [37].
Жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру мәселесіне аса назар аударуымыз керек. «Әлеуметтендіру дегеніміз-дейді О. Нұсқабаев-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу үрдісін белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті ғылыми-білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрлысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу».
Жеке тұлғаның дамуы оның әрекетінен және басқа адамдармен ой алмасу, соңдай-ақ сана-сезімінің пісіп жетілу үрдістерінде өтеді. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру мектепте атқаратын іс-шараларда негізгі орын алады. Яғни, оқушының өмірге деген көзқарасын, адамзат мәдениетін меңгерту, қоғамдағы орнын еркін табуы, ұлтаралық мәдени қатынастарды меңгерту мектептің оқу-тәрбие жұмысынын негізі болып табылады. Сондықтан біздің алдымыздағы негізгі міндет-білімді, тәрбиелі мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаһандану жағдайында мәдени этникалық білім мен тәрбие берудің негізгі міндеттері ретінде мыналарды ұсынады және үнемі басшылыққа алынады: жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу. Тұлғаның өзінің төл мәдениеттен сусындауы және өзге мәдениеттерді ұғынуы үшін жағдай жасау. Мәдениеттер алмастығына, бірін-бірі байытуына бағдар ұстау. көп тілді тұлғаны қалыптастыру. Өзінің ана тілінде және мемлекеттік тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзінің этникалық тобына қатысты “бірдей адалдык,” үлгісін көрсету. Өмірде үш, төрт, одан да көп тілдерді шебер меңгертуге мүмкіндік бар екеніне көз жеткізу.
Жеке оқушының мәдениеттілігінің қандай дәрежеде дамып, қалыптасуын зерделеу барысында Ж.Наурызбаев, Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Сейдімбек т.б. ғалымдардың «мәдениетті тұлғаға» берген анықтамалары негізге алынады. Мәдениетті тұлғалық сипатты қарастырғанда-дейді Т. Ғабитов-маңызды ұғымға тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі бірден көзге түсетіндері: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұғымдар, ұжымдар. Бұлардың арасында ең маңыздысы-мәдени әрекет. Әрекеттену жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарын атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көрсетеді. Бұл маңызды үрдіс мектеп қабырғасында, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар негізінде қалану шарт екеніне тоқталады [39].
Бүгінгі мектеп қабырғасында отырған жас буынды ұлттық менталитет дәстүрлерге негіздей отырып тәрбиелеу қажеттілігі, осыған дейінгі өмір тәжірибелерімізден айқын аңғарылады. Жалпы адам бойындағы мәдениеттілік адам мен адамның, қоғам мен адамның, адамның іс-әрекеттері негізінде көрініс табады. Адамның мәдениеттілігін айқындайтын негізгі күш-орта. Осы тұжырымдардың қай-қайсысы да мәдениеттің ұлттық формада өмір сүретінін аңғартады. Сондықтан да, мәдениет арқылы этностық, тарихи, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады деуге әбден болады. Көптеген авторлар жеке адамның дамып қалыптасуына әсер ететін факторлар тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта т.б. дей келе, тәлім-тәрбие жұмыстарына жан-жақты тоқталады.
Олай болса, мектеп баланың қарқындап даму кезеңі болып саналады. “Даму”-дегеніміз-әр уақытта бірыңғай тұтас үрдіс. Оның кейбір ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ағзаның дамуы ең алдымен мүшелерінің өсіп-жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер бір қалыпты өсіп жетілмейді, өйткені, ағзаның өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс мүшесінің жетілу кезеңінде өсу күшейеді, соңынан баяулай бастайды. Жеке адамның психикалық дамуы-бұл оның іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы саналылығының өсіп жетілуі. Сананың дамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни, әлеуметтік ортаға көзқарасымен қатынасын айтады. Ал, сана дегеніміз-обьективтік шындықтың бейнелеуінің жоғары формасы. Бұл әрекет оқу-тәрбие үрдісімен тікелей байланыста жүзеге асырылады.
Жеке адамның дамуы дегеніміз-оның нерв жүйесіңдегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы болып табылады. Баланың дамуында іс-әрекеттің рөлі өте зор. Ол дамудын негізі. Оқушы іс-әрекеті арқылы танымын жетілдіріп, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге жол ашылады. Мектеп оқушыларының мынандай бағыттағы іс-әрекеттерін ұйымдастыруға және рухани-адамгершілік ұстанымдарға бағыттауға болады: өмірлік бағытты көздей білу;тадамдық қадір-қасиетін сақтау; қоғамдағы өз орнын таба білу; ой-сезімін дамыту,өз іс-әрекетіне талдау жасау; өзін-өзі еңбекке, дербестікке бейімдеу,т.б.
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттерінің салаларының мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әртүрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады. Мектепте іс-әрекеттердің бірнеше түрі бар. Олар: оқу еңбегі, баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбекке баулу. Еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі іс-әрекеттері іске асырылады. Еңбек тәрбиесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің маңызы зор. Оқушының еңбек ету іс-әрекеті оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста өтеді. Бастауыш сыныптардағы іс-әрекеттер көбіне ойын түрінде, үлкендердің еңбек әрекеттерін қайталау үлгісінде дамиды. Осы кезеңдегі берілетін тәлім-тәрбие түрлерінің сапалы болуы өте маңызды.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы мен тәрбиелік бағытының бес жасқа дейін қалыптасатынын айтса, ал американ психологы Блюм 7-8 жасқа дейін баланың жеке қасиеттерінің 70% қалыптасады дейді [40]. Осы пікір қазақ педагогы М. Жұмабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. “Педагогака” атты еңбегінде “тәрбиенің қолданатын жолы–ұлт тәрбиесі”, дей келе негізгі тәрбие бесіктен басталуы керектігін жан-жақты талдайды, нақтылайды. Оқушыны дамытуда-білім мен тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу негізгі орын алады. Білім ала отырып оқушының ғылыми-танымдық және бүгінгі экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мағлұматтары молаяды. Бұл жерде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісі қандай ықпал етеді деген сауал туындайды [41].
Тәрбие қоғамдық өмір талаптарына сай өзгеріп, жетіліп отыратыны белгілі жағдай. Мәселен, ұзақ мерзімді іске асырылатын және күн сұрасына қарай жедел шешімін күтетін мақсаттар болады. Тәрбие мақсаты әрдайым қоғамдағы мәдениет пен өркениеттің айнасы тәрізді (Мәселен, руханилық, адамгершілік, бостандық т.б.). Біздің қоғамыздағы жедел шешуді қажет ететін тәрбие мақсатына: өзіндік ой-әрекетін дамыту (инициатива), қоғамдағы жетістіктерге ілесу, нарықтық-экономикалық қатынастарды түсіну т.б. Тәрбие теориясында қамтылған мәселе адамды тұлға ретінде қалыптастырып, дамыту. Психология тұлғаның мінез-құлқын, түрткілерін, тұлғаның сипаты мен іс-әрекеттерінің негізін анықтайды. Жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар тәрбие мақсатының өзегі. Олар-руханилық, бостандық жауапкершілік, ізгілік т.б. адамның өмір сүру мәнділігін айқындайтын мақсаттар мен мүдделер жиынтығы.
Жоғарғы ізгілік мұраттарының ең біріншісі-руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі адамгершілігін дамытуға ұмтылады. Бостандық адамның ішкі және сыртқы еріктілігі, басқаның құқын сыйлау, әлеуметтік жағдайына, ұлтына, сеніміне, саясатына қарамастан еркін қарым-қатынаста болу. Бостандық бар жерде жауапкершілік басым. Расында, бала табиғат заңдылықтары арқылы жетісіп,оның бойындағы мүмкіншіліктер мен қасиеттер біртіндеп дамып отырады. Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеретін орта мектеп және ондағы тәлім-тәрбиелік іс-шаралар. Мектеп оқушыларының ең керемет ерекшелігі-оның еліктеу, қызығу, қайталау, өзгеге ұқсау, бейімділік т.б. қасиеттері. Міне,осы кезеңдегі тәрбие негізі гуманистік таза адамгершілік бағытта берілуі шарт. Осы орайда оқушының даму негіздері етіп мына бағытты ұстануға болады: жеке адамды дамытуға байланысты қажетті жағдайларды жасау, іс-әрекеттік ортаны құра білу (мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер, мәдени қажеттіліктер, мәдени ұғымдар); қоғам дамуымен жас ұрпақ тәрбиесі арасындағы сабақтастықты сақтап, мектептегі тәрбиені мәдени құндылықтар негізінде құру, оқушы өмірінің мәнін ашатындай сипатын анықтау; оқушының ішкі мүмкіншілігіне байланысты сыртқы әсердің біртұтастығын сақтау, жас және дара ерекшеліктеріне байланысты саралап оқыту мен тәрбиелеу жолдарын іздестіру; оқушының анатомиялық, физиологиялық, психикалық, рухани және қоғамдық дамуына қосымша жағдайлар мен іс-шаралар жасақтап, жүйелі жұмыстар жүргізіп отыру.
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі, оның өзін-өзі танып, өз айналасындағылармен, қоғамдық ортамен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасқа түсуі-әлеуметтік және рухани дамуының алғы шарттары болып есептеледі. Сондықтан балаға жастайынан өзінің төл мәдениетімен қатар басқа да әлемдік мәдениетті меңгертуге жағдай жасау қажет. Дүнетанымдық көзқарасын қалыптастыруда этно-мәдени білім негіздерін меңгертудің маңызы ерекше. Кез-келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы тарихи дамудың заңды құбылысы. Сондықтан жас ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру-тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі.
Жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде, білім негіздерін меңгерту арқылы оның тәндік, жандық, рухани, қоғамдық, әлеуметтік үйлесімділігі сақталады. Өмір сүру құндылықтары мен мәнін түсініп, табиғатпен сабақтаса отырып, адамдық игі қасиеттер негізінде дамуға мүмкіндіктер алады. Адам өзін-өзі рухани дамыту үшін үнемі тәрбиелеп, өздігінен білім алып, өз бетінше оқып үйренуге ұмтылуы шарт. Осы қасиеттер оқушы бойынан көрініс табу үшін, жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың рухани байлығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық сана, дін және рухани құндылықтарды жоғалтпай пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Сондықтан мектепте ұйымдастырылатын тәлім-тәрбиелік іс-шаралар мен тәрбиелік жұмыстар, оқушыларды жан-жақты дамытып, үнемі жетілдіріп отыратын бағытта болу керек.
3 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ТӘРБИЕ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
3.1 Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде мәдениеттендiру және ізгілендіру

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
• ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформаланцуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім берудің реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде “үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
• қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
• әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
• оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
• параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
• мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің , болуы т.б.
Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);
• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);
• түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);
• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
• іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);
• оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);
• ойын әдістемесі және оны қабылдау;
• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буын:
• проблемалық оқыту;
• іздену, зерттеу әдістері;
• топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);
• оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);
• нәтижелі технологиялар;
• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);
• өзіндік жұмыс әдістері;
• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
• оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);
• дискуссиялық әдіс;
• дидактикалық ойындар.
Жоғары сыныптар:
• оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
• өзіндік жұмыстың әдістемесі;
• іздену, зерттеу әдістері;
• нәтижелі технология, жобалау әдісі;
• даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);
• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
• "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;
• бағдарламалы оқыту;
• әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
• профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
• тірек конспектісін қолдану;
• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;
• модульдік технология;
• семинар-сынақ түрлері;
• өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:
-
Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
-
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
-
Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
-
Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:
• білім сапасының төмендігі;
• білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
• директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
• оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
• оқушылардың және окытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.
I кезең: Жаңа идеяны іздеу
Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
III кезең: Жаңалықтарды енгізу
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту
Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.
Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:
• білім беру жүйесіндегі инновациялар;
• оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:
• Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:
Мектеп - бала бақша;
Мектеп- жоғары оқу орны;
Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;
•Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:
• Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді
Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
v Барлық баланы оқыту;
v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға ауапіздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірінтыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау,барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән.Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан,оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артады
Оқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Сараптауға, бағалауға дағдыланады
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
-
Ø Қызығушылығын ояту;
-
Ø Мағынаны тану:
-
Ø Ой толғаныс
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс.Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса,соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Жаңа технологияның принциптері- оқытудыізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрысшешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаңескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
3.2 Мектептегі сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.
5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.
6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.
7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым
толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.
-
балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.
-
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
-
Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.
-
Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.
-
Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.
Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.
Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.
Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.
-
сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.
-
баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.
-
жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.
-
коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.
-
этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбие жұмысының формасы.
Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.
ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
|
ПІКІРТАЛАС |
Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді. Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау. |
|
САЯСИ ХАБАРЛАМА |
Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру. Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді. |
|
ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ |
Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған. Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі. Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді. Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады. |
|
БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ |
Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады. Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды. |
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, оларға мамандық таңдау кезінде көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының маңызды принциптерін көрсетуге болады .
Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады. Сыныптан тыс жұмыс инициативаға және жеке әрекетке тіректі талап етеді, бұл жасөспірімдік жаста өте маңызды, себебі кез келген әрекет немесе шара оқушылармен өздерінің еркімен пайда болған әрекет деп қабылданады, сондықтан оларды белсенді твочестволық әрекетке ынталандырады.
Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сынытас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.
Кешендік принципін іске асыру әр шараның тәрбие жұмыстарын максималды шешуге бағытталған болу керек. Мазмұнды, ұйымдастыру формалары, және әдістерін таңдау кезінде оқушылардың өсіндік және жеке ерекшеліктері сақталады.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (мектеп кештері, конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Олардың мазмұны және әдістемесі теледидар бағдарламаларының атақты ойындарымен байланысты («Дөңгелек стөл», «Аукцион», «Не?Қайда?Қашан?)
Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:
1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);
2) тану фомалары (экскурсиялар, фестивальдар, ауызшы журналдар, газеттер, тематикалық кештер);
3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).
Қазіргі жағдайларда тәрбиелеушілер назары тұлғаны қалыптастыру мәселесіне аударылады. «Тұлғалық бағытталған тәрбие», «оқушыға бағытталған оқу» түсініктері тәжірибелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық мазмұнмен толықтырылады: интеллектуалды, физикалық және эмоционалды даму деңгейінің диагностикасы, білім мазмұнын жеке қарқынының тактикасын және стратегиясын жасау және мінездің нақты ерекшеліктерін қалыптастыру. Осыған байланысты қатысушылар санына байланысты сыныптан тыс тәрбие жұмысын іске асыру формаларының жіктелуі терең зерттеліп келеді. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың жеке, топтық және жалпы формалары бір жағынан тәрбиеленушінің ерекшелігін есептеу және әрекетін ұйымдастыруды, ал екінші жағынан- барлығының жеке тұлғалармен әріптестігінің әлеуметтік жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Осы түрдің пайда болу қажеттігі оқушыларды тәрбиелеуді эстеткалық, құқықтқы және т.б. әрекеттер бойынша жинақталған әрекетті жүргізуден байланысты болды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек деп айтты .
Осылайша, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны жасөспірімнің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде нақты жағдайлар қатарымен анықталады, олар осы әрекеттің ұйымдастыру принциптеріне негізделеді: шараларға еркін қатысу, тапсырыстарды таңдау еркіндігі және оларды іске асыру, жастық жеке психологиялық ерекшеліктер деңгейіндегі қол жетерлік, ұжымдық талаптарды ескеретін қызығушылық.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу маңызды болып табылады. Болашақта бірлікшіл, ынтымақшыл, мейірімді оқушыларымызды тәрбиелеу мектеп кезінен басталады. Сондықтан да, сынып ішіндегі ұжымдық танымдық іс-әрекеттерге бейімдеу, әрине ұжымшылдыққа тәрбиеге бағыттай аламыз.
Ұжымшылдыққа тәрбиелеуде сыныптан тыс тәрбие жұмысы үлкен рөл атқарады. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарға аса көңіл бөлуі керек. Осыдан келе, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бірігуіне, бір-бірін дұрыс танып білуіне, бірін-бірі түсінісуіне жағдай жасайды.
Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының ұжым ішіндегі қарым-қатынасын нығайту, бұл тиімді нәтиже бере алуына жағдай тудырады. өйткені, бастауыш кезінен ұжымшылдыққа тәрбиеленген бала алдағы уақытта тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Осы кезден бастау алған тәрбие тиімді нәтиже бере алады.
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды.
Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жұмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде.
Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауының “ XXІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау” атты бөлімінде болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтау қажеттігі, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануы шарт екендігіне баса назар аударады. Жолдауда: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларыньщ сапасын арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз ».
Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондықтан да бастауыш мектепте оқу үлгермеуін болдырмау жолында оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру қажет. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары оларды шығармашылық іс -әрекетке баулу қажет екенін деп қорытындылаймыз. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
-
ҚР Ата Заңы. – Алматы, 1995. Толықтырулар мен 21.05.2007ж.
-
ҚР Білім туралы заңы 07.06.1999ж.
-
ҚР Білім туралы заңы. (толықтыру, өзгерту енгізілген) 15.08.2007ж.
-
ҚР МЖМБС Жоғарғы кәсіптік білім беру. Негізгі ережелер. 25.08.2005ж. №857 бұйрық
-
ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 09.01.2004ж.
-
ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы. 14.05.2004ж.
-
ҚР-ның Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.
-
ҚР-ның жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.
-
Н.Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттеріне арнап оқыған лекциясы: Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Астана, 27 мамыр, 2006ж.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, Астана-2006.
-
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана.
-
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты.- Алматы, 1998.
-
Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. – Алматы, 1990.
-
Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991.
-
Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. – Алматы, 2003.
-
Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы.- Түркістан, 2005.
-
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.
-
Педагогикалық және жас ерекшелік психология./ Редакцияны басқарған А.В. Петровский.- Алматы, 1987.
-
Бабаев С. Бастауыш мектеп педагогикасы.- Алматы, 2007.
-
Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. – Астана, 2006.
-
Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика.- Астана, 2007.
-
Жарықбаев Қ.Жалпы психология.- Алматы, 2004.
-
Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика.- Алматы, 1999.
-
Мирозова А.Т. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің кәсіптік шеберлігі. // Ұлағат. 2/ 2000, 3-8 бет.
-
Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. А., 2001.
-
Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыу. А., 2004.
-
Аймағанбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - А., 2003.
-
Сабақ беру тиімділігін арттыру. / Құрастырған Б.Сманов. - А., 1989.
-
С.Н. Жиенбаева. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселелері. / Бастауыш мектеп, №2, 2007.
-
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. А. Айнақұлова. / Бастауыш мектеп, №1, 2007.
-
Сухомлинский В.А. «Методика воспитания коллектива» Москва, 1981г. 286б.
-
Сластенин В.А. «Методика воспитательной работы» Москва, 2002г. 306б.
-
Төлеубекова Р. «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» Алматы, 1994ж. 140б.
-
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. «Педагогика» Алматы, 2004ж. 272б.
-
Қалиев Ж. «Халық педогогикалық және ағартушы ғалымдардың шығармаларындағы ұлттық тәлім – тәрбие үлгілері.» // Ұлт тағлымы.-2005.-№2, 31
-
А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.
-
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
-
Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г.
-
Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
-
Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
46
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Диссертация Ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз