400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диуани хикмет

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп: №127 жоббм

Күні: 25.09.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Алим М. С.

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Диуани хикмет («Даналық кітабынан» үзінді)

1, 2-аудиомәтіндер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

көркем шығарманың тілі (А/И3);

шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасау (8.А/И3).




Негізгі мақсаты

Қожа Ахмет Иасауи туралы түсінік бере отырып, «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

* «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Иасауиді тарихи тұлға , ақын ретінде таниды.

Оқушылардың басым бөлігі:

* «Даналық кітабындағы» хикметтерінің мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихатын ұғынады.

Кейбір оқушылар:

* Иасауидің өмірлік мақсат-мұратын танып, имандылық туралы ойларын қазіргі заманғы тәрбиемен ұштастыра біледі. Діни ұғымдардың мағынасын ұғынады.

Бағалау критерийі

Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығын, ислам дініне сіңірген еңбегін, хикметтерінің мазмұнын зертеу арқылы түсінеді;

Шығармашылық қабілеттері артады; шығарма бойынша білімдерін жинақтайды;

тақырыпқа байланысты түйінді сөйлем жаза алады;топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді.

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Тиісті термин сөздерді ойын жеткізу барысында ұтымды қолдана алады, диалогқа түсу, кері байланыс жасау арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Композиция, образдар (кейіпкерлер) жүйесі, тақырып, идея, теңеу, эпитет, метафора, ұлттық өрнек, салт-дәстүр, көне мұра, әке батасы, қайғылы тағдыр, сұлулық нышаны, қатал заман құрбаны, салт-дәстүрлер көрінісі, жасампаз жыр, махаббат, сүйіспеншілік, әмеңгерлік, т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Бұл қандай жырау? Қандай хикметтін білдіңдер??

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Бүгінгі таңда Ахмет Ясауй не ойлар бар ?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Әке батасы өмір ағымында балаға дұрыс жол сілтейді.

Қатал заман құрбаны болған жастарымыз өмірде қосыла алмады.

Алдыңғы оқу

Талдай алу, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу, түйінді ой тастау дағдылары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин

Психологиялық ахуал:

1. «Сұрақты қағып ал» тренингі бойынша өткен лиро-эпостық жырлар туралы оқушылардың алған білімдері тексеріледі. Оқушылар түрткі немесе жоғары деңгейлі сұрақтар қою арқылы білім деңгейлерін көрсетеді.

2. Оқушылар берілген фигураларды (төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, ромб) таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.

Оқушылардан үй тапсырмасын тест сұрақтарына жауап жазу арқылы тексеру.

Үй жұмысын қорытындылау үшін берілетін сұрақтар.



Доп




Фигуралар


Ортасы

6-7 минут

СТО

АКТ

ОЖЕСО





8-18 минут

ОмОЖТ

ОүБжОБ

ОЖЕСО

ОБжК



19-30 минут

СТО

ОүБжОБ

ТжДБО

ОБжК

ОЖЕСО






31-34 минут

СТО

ОЖЕСО

ТжДБО












35-39 минут

СТО

ОүБжОБ

ТжДБО

ОЖЕСО

Білу:

1. Қызығушылықтарын ояту. «Оқушылар назарына Қожа Ахмет Йассауи туралы видеоролигін ұсынады

«Мозайка» әдісі бойынша топ мүшелері өзге топтарға бөлініп барып, оқыған өз тақырыпшаларын түсіндіреді, үй топтарына қайтып оралып, түсінгендерін топта айтады.

Ахмет Иасауидің өмірінен мәлімет, «Даналық кітабы» жайлы мәлімет беру.
«Даналық кітабынан» келтірілген үзінділерден өз өмірлеріңе пайдалы нәрсені таптыңдар ма? «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабағымның негізгі идеясын ашамын.

Кубизм әдісі негізінде тапсырмалар:

1-топ: зерттеу «Зерттеу –зерделеу кілті»

Тапсырма: Ақын өмірі мен шығармашылық жолы туралы ізденіп, мәлімет береді

Қожа Ахмет Йасауи - - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).

Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі - - Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - - Сайрамда. Ұстазы -Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті.

Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің "Хикметтер" ("Диуани хикмет") кітабында баяндайды.

Диуан" - жинақ, "хикмет" - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.

Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы -- Түркияға дейін таратып алып кеткен.

Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуга, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.

Қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған.

Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана.

Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.

А.Иассауидің біздің заманға жеткен көлемді шығармасы 149 хикметтен тұратын « Диуани хикмет »/ Даналық кітабы / кітабы .Бұл кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған . Еңбек кішіпейілдікке , адалдыққа , имандылыққа шақырады . 1878 жылы алғаш жеке кітап болып басылып шықты . Содан кейін Ыстамбұл , Қазан , Ташкент қалаларында бірнеше рет басылды . Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Иассуидің бұдан басқа «Көңіл айнасы»,

«Пақырнама»деген еңбектері бар .

2-топ: талдау «Талдау-табыс кілті»

Хикметтердің тақырыбы мен негізгі ойын,поэтикалық тіліне талдау

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен, Пәрмен болса өлгенше жырласам мен, деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге,Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни, бізге бағыштаған аманатындай.

Сөздік жұмыс

Зікір- бұл құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.

Тақуа-діндар, діншіл.

Ақырет- о,дүние, машхар

Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.

Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.

Ахмет Иассауи ////Абай Құнанбайұлы

1.Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтан

Менмен тәкәппар болма .

Дүние- мүлік үшін арыңды сатпа .

Арамдықтан аулақ бол .

Еріншек болма .

4-топ: байланыстыр «Бүгін және кеше.Ойыңды ортаға сал» Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстыру Мұғалімнің қорытынды сөзі: Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын, Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған.


Интербелсенді тақта, «Гәкку» әні











Флипчарт, маркер, қарындаш, қалам, скотч, қайшы, т.б.





Сөздер мен сөз тіркестері













Аяқталуы

40-45 минут

ОүБжОБ

СТО

ОЖЕСО

ОБжК

1-топ:«Имандылық -адам бойындағы ең үлкен қасиет» тақырыбына эссе жазу;

  1. -топ:ақынға хат жазу;

  2. -топ: замандастарына хат жазу;

-топ:жарнама ( Йассауи шығармаларын насихаттау)

Дескриптор бойынша бағалау


Зерттеу тобының бағалау дескрипторы:


-нақты ақпарат келтіруі-2 балл


-қосымша ақпарат немесе АКТ пайдалану-2 балл


Талдау тобының бағалау дескрипторы:


-тақырып пен негізгі ойды ашуы-2 балл поэтикалық тіліне талдау-2 балл

Салыстыру тобының бағалау дескрипторы:


-ұқсастық пен айырмашылығын анықтауы-2 балл


-өлең жолдарынан дәлел келтіруі-2 балл


Байланыстырушылардың тобының бағалау дескрипторы:

-екі заманды байланыстыра суреттеуі-2 балл


-өзіндік нақты ойын жеткізуі-2 балл

Рефлексия:

«Еркін микрофон» әдісі арқылы сабақ тақырыбы бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді

2. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Стикерлер таратылып, сабақтағы жеткен екі жетістікті және бір ұсынысты жазу тапсырылады.


Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы жауап аламын; берілген тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрауда көмек көрсетемін;

  • Қабілеті жоғары оқушыларды түйінді ой айтуды, кешегі мен бүгінгіні салыстыруда дәлелдер келтіруді талап етемін

  • Қошеметтеу, бас бармақ - уәж.

  • «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

  • Тест

  • «Бағдаршам»


  • Музыка, тарих, қазақ тілі

  • АКТ – интербелсенді тақта

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшық сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.


2.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.




2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім? (балаға, өзіңе қоюға болады)





Х и к м еттер

Даналардың айтқаны келер болды,

Қияметтің қияпаты төнер болды,

Ақымақтар айқаймен жеңер болды,

Бұл не деген замана болды достар.


Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телі-тентек зақым етті,

Тал түсте талапайда ақыл кетті,

Бұл не деген замана болды достар.


Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,

Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,

Бұл не деген замана болды достар.


Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,

Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді,

Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,

Бұл не деген замана болды, достар.


Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,

Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,

Патшаларға әділдік міндеті жоқ,

Бұл не деген замана болды, достар.


Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,

Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,

Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ.

Бұл не деген замана болды, достар.


Азған заман ғалымы залым болар, Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,

Анығын айтқан адалдар жазым болар,

Бұл не деген замана болды, достар.


Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған

Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.


2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ, Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,

Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,

Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.

Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,

Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,

Алла басқа салғанда көнбес болсаң,

Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.


Зікір айтып, зар еңіреп- еміренбесең,

Иіп үш жүз алпыс тамырың, тебіренбесең,

Төрт жүз қырық төрт сүйегің сөгілерде сен Қиналмасаң, құр сөзіңнің салмағы жоқ.


Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,

Саған разы болар бүкіл жамағат та.

Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа, Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.


Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,

Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,

Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-

Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.


Безбүйріктер қайтсін іште дертің барын,

Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін, Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,

Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.


Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,

Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,

Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың, Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.

Қиын жолда қиылып басың кетер,

Бұл жайында айта берсең болар бекер,

Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер, Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.

Ғашық емес құштарына жан бермесе,

Дихан емес кетпен шауып нан бермесе,

Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,

Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.

Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,

Дару тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама,

Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама, Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.

Тақуа болма, тентек болма, ғашық болғын,

Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.

Нәпсің тыйып, күнәдән қашық болғын,

Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.

*Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,

Алла алдында тәубасы зайғы болар.

Есіл дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,

Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.

Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін, Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,

Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,

Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.




Эпитет


Теңеу


Метонимия


Қайталау


Қысыр сөз Қысқа өмір Құр сөз


Шам айналған көбелектей


Ит дүние

Болар, жоқ, болсаң (эпифора)

Мәнерлеп оқу.3. Дүние-мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар, Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.

Молла, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар, Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.

Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға, Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы. Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,

Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы. Таңдап Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды

Shape1

тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі