жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дизайн және технология
Көркем еңбек Негізгі мектеп 8-сынып |
||
3 Бөлім А Дизайн және технология |
||
Осыған дейін меңгерілген білім |
||
Оқушылардың Дизайн және технология бөлімі бойынша білім, білік және дағдылары бар. Қауіпсіздік техникалары ережелерін сақтай отырып, әртүрлі материалдарды қол және электрлік құралдармен өңдеуді біледі. Біліктіліктерін қолданып, құрал-жабдықтар, материалын және орындалатын операцияның бұйым эскизінен бастап бұйымның аяқталуына дейінгі реттілігін сипаттай отырып технологиялық құжаттама дайындайды. Оқушылар жоба дайындау барысында өз шығармашылық қиялдарын қолдана отырып жеке және топта жұмыс жасай алады. Бұйым дайындау барысында АКТ құралдарын қолданады. Өзінің және өзгелердің жұмысын бағалау және таныстырылым жасау дағдылары бар. |
||
Пәнді оқу мақсаты |
Тілдік оқу мақсаттары |
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері |
Қазақ халқының тұрмысын, салт, дәстүр, қолөнерін зерттейді және соның негізінде тұрмыстық әртүрлі бұйымдарды, ойыншықтар, кәде сый бұйымдарын жасайды. |
Оқушылар:
|
Салт, дәстүр, тұрмыстық ұлттық бұйымдар, үстел ойындары, технологиялық құжаттама.
|
Для постановки других языковых целей и для дополнительных инструкций по целям преподавания языка, которые относятся к преподаванию и обучению академическому языку, см. «О языковыхцелях» выше. |
||
Қысқаша шолу |
||
Оқушылар адам өміріндегі маңыздылығын анықтай отырып, салт-дәстүрлер мен қазақ халқының ұлттық ойындарын үйренеді. Ойынның жеке бөлшектері мен оларды жасаған материал қасиетінің ерекшелігіне, ережелеріне назар аудара отырып, ұлттық үстел ойындарын зерттейді. Зерттеген үстел ойыны негізінде оқушылар өздерінің жаңа ойын дайындауға арналған технологиялық құжаттамасын дайындайды. Құрал-жабдықтар мен материалын, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін сақтап операцияларды орындау реттілігін сипаттай отырып, технологиялық карта құрастырады. Таныстыру барысында талқылайды, бағалайды және дайындалған бұйымды жақсарту бойынша ұсыныс жасайды. |
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Сабақтағы ұсынылатын іс-әрекет түрлері |
Мұғалімге арналған ескертулер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқу ресурстары |
1.2 Тарих, мәдени- ет және дәстүр туралы білім мен түсінік |
8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету |
Үстел үсті ойыны. Шығу тарихы. (Ұ) Оқушылардан «үстел үсті ойындары» туралы не білетіндерін сұрастырыңыз.
(Т) Оқушыларға ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, кезө келген үстел үсті ойыны туралы ақпарат қарастыруды ұсыныңыз. Қай елде, қай уақытта пайда болғанын айтып беруді сұраңыз. Ойынның нұсқаулығы, ережелері мен құрылымын түсіндіруді сұраңыз. |
Үстел үсті ойындары туралы әңгімелесіңіз. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың жауаптарын түзетеді және толықтырады. Жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз. Бұл тақырыпқа 1 сағат қарастыруға болады. |
Үстел үсті ойынының шығу тарихы: http://blog.trud.ru/users/rodich2007/post147562373/ Үстел үсті ойынының түрлері: http://www.minimum-price.ru/articles/vidu_nastolnuh_igr/ |
1.2 Тарих, мәдени- ет және дәстүр туралы білім мен түсінік
|
8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету |
Заманауи үстел үсті ойындары. (Т), (ОТ) Сыныпты топқа бөліңіз. Әрбір топта оқушылар заманауи үстел үсті ойындарының қаншалықты қажет екенің талқылайды. Кейін сұрақтар арқылы келесі топта зерттеу жұмыстарын жүргізеді:
Көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны. Үйрету ойындары. Басқатырғыш. Коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар). Зияткерлік.
(Т) Тапсырманы орындап болғаннан кейін, әрбір топ өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстырады. Таныстыруда заманауи үстел үсті ойының қаншалықты қажет екендігін атап өтеді. |
Оқушыларға топта отырып, заманауи үстел үсті ойындарының адамдарға қаншалықты керек екендігі туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсыныңыз. Әрбір топ арнайы сұрақтарды пайдаланып, басқа топтан сауалнама жүргізіп, жауаптарды жазып алып, нәтижелерін таныстырады. Оқушылар үйден ғаламтор ресурстарын пайдаланып, қазақтың үстел үсті ойындарын жасауға арналған материалдар мен ақпараттар іздестіріп, таныстырылым жасап келуді сұраңыз. Бұл тақырыпқа 1 сағат қарастыруға болады. |
Түрлі үстел үсті ойындары: шахмат, шашка, балалар доминосы, лото жәнет.б. Үстел үсті ойынның антологиясы: http://boardgamer.ru/p-antology |
1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау 1.5 Дизайн (эскиз) дайын- дау бойын- ша тапсыр- малар- мен жұмыс істеу |
8.1.4.2 Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне қажеттілігін анықтау 8.1.5.1- Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау |
Үстел үсті ойынына тұжырымдама. (Ұ) Оқушылардан заманауи үстел үсті ойындары айтып берулерін сұраңыз:
(Ө), (Қ) Оқушылар қазақтың үстел үсті ойындарына үйден дайындап келген таныстырылымдарын көрсетеді. (Т), (ОТ), (Қ) Оқушылар топта ескі немесе заманауи үстел үсті ойындарын негізге ала отырып, жаңа ойын үлгісін дайындап, сынып алдыңда таныстыра алады. Таныстыру барысында ойынның бөлшектерін (ойын алаңы, фишкалар, ойын сүйектері, кәртішкелер, олардың саны және т.б. ойын заттары), ойынның түпкі мақсаты, қанша ойыншының болуы, ойынның уақытқа шектелуі, ойыншылардың қандай да бір қасиеттерін дамытатыны және ойынның ережесімен таныстырады. |
Оқушылармен әңгімелесу барысында ежелгі үстел үсті ойыннан заманауи ойындардың айырмашылығы электронды нұсқада болатынын түсіндіріңіз. Оқушылармен бірге қазақтың үстел үсті ойынары туралы әңгімелесіп, одан кейін берілген тақырып бойынша үйден дайындап келген таныстырылымдарын көрсетуді сұраңыз. Оқушыларға келесі сабақта өздері ойдан жаңа ойын түрін құрастырып, дайындайтындары туралы ескертіңіз. Оқушыларға кез- келген ежелгі немесе заманауи үстел үсті ойын түрлерін негізге ала отырып, жаңа ойын түрін құрастыруға болатындарын түсіндіріңіз. Оқушылар үстел үсті ойының түрлендіру, басқа бөлшектер енгізу, жаңа ереже ойластыру, ойыншы саның өзгерту, және т.б. жұмыстарын жүргізе алады. Бұл тақырыпқа 1 сағат қарастыруға болады. |
Үстел үсті ойынын қалай жасауға болады: https://www.youtube.com/watch?v=TrQB19N7_CY Үстел үсті ойының өз қолымен қалай жасауға болады: https://www.kakprosto.ru/kak-18115-kak-sdelat-nastolnuyu-igru-svoimi-rukami Үстел үсті ойынын қалай жасауға болады: http://blogforlady.com/deti/igraem-s-rebenkom/kak-sdelat-nastolnuyu-igru Қазақ хандығы үстел үсті ойыны: https://www.olx.kz/obyavlenie/nastolnaya-igra-kazahskoe-hanstvo-46964-IDbFQtC.html#6cf8c5cbaa «Тоғыз құмалақ» ойынның ережесі: http://pravilaigr.ru/togizkymalak.php Үстел үсті ойының құрастыру: |
1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу |
8.1.5.1 Функционалды талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау 8.1.5.2 Бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау |
Үстел үсті ойындарын дайындау. Графикалық құжаттар. (Т) Әрбір топ өз ойындарын ескі ойын түрінен айырмашылығын, қандай жаңа элементтер еңгізгендерін, дайындауға қандай материалдар қажет екендерін баяндайды. Оқушылар алған білімдері мен шеберлік дағдыларын пайдаланып, болашақ ойындарының нобайын орындап, қажетті ойын бөлшектерінің санын және өлшемдерін анықтап, технологиялық карта құрастыруға кіріседі. Технологиялық картада материалдар мен құралдар, орындалу кезеңдерін, сәндік өңдеу жұмыстары туралы мәліметтер жазылады. |
Оқушыларға үстел үсті ойындарын дайындауда функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарды ескертіп, өте күрделі емес, мектеп жасындағы балаларға сай болуы керектігін естеріне салыңыз. Бұл тақырыпқа 1 сағат қарастыруға болады. |
Өз қолымен жасауға болатын 7 үстел үсті ойыны: http://it-mama.com.ua/2015/10/16/7-board-games/ Жүру үстел үсті ойының қалай дайындауға болады: http://akak.ru/recipes/17153-kak-sdelat-detskuyu-nastolnuyu-igru-hodilku Үстел үсті ойының өз қолымен қалай жасауға болады http://www.medcent.ru/svoimi-rukami/kak-sdelat-nastolnuyu-igru-svoimi-rukami.html |
1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары
|
8.1.6.1 Жобаланатын нысанның тағайындалуы мен қасиет-терін ескеріп, материалдарды өңдеу мен безендіру тәсілдерін анықтау және таңдау 8.1.6.2 Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау |
Үстел ойының бөлшектерін дайындау Материалға өлшем қою және дайындау. (Т) Оқушылар топта технологиялық құжаттарға сәйкес материалдарға өлшем қою және дайындауды талқылайды. Көп мөлшерде фишкалар немесе басқа да бөлшектерді дайындау барысында үлгі қиып алып немесе трафареттер арқылы орындауға болады. Үлгілерді өлшеу барысында материалдарды үнемдеу мақсатында оның жазықтық бетіне дұрыс орналасқаның қарау керек. Оқушылар өлшеу жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін, сол және өзгеде материалдарды пішуге қандай құралдар қолданатындарын топта отырып талқылайды. Ойынның бөлшектерін және ойын алаңдарының эстетикалық түрін жақсарту мен өз шығармашылық идеяларын іске асыру үшін оқушылар түрлі материалдарды құрамдастыра алады. |
Мұғалім үстел үсті ойының дайындауға қажетті материалдар мен құралдардың дайындауы керек Әр топқа ойынның дайындалу кезеңдерін фотосуретке немесе бейнематериалдарға түсіріп, алдағы уақытта өз таныстырылымдарына қолдану ұсынылады. Жұмыс барысында материалдар шығындарын үнемдеу мақсатында мұғалім оқушылардың бөлшектердің өлшемдерін материалға дұрыс түсірілгенін қадағалау керек. Және де өлшемдерді түсіруде жиектерінен артық өлшем қалдыру керек екендерін ескертіңіз. Өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында. Бұл тақырыпқа 1 сағат қарастыруға болады. |
Үстел ойындарының үлгілері. Материалдарды өндейтін құрал-саймандар. Технологиялық карта. Үстел ойындарының бөлшектерін жасау: http://boardgamer.ru/aksessuary-dlya-nastolnyx-igr-svoimi-rukami Ағашты өндеу әдістері: http://www.stalvit.ru/obrabotka_dereva http://noeasy.ru/manufacture-of-stoljarno-furniture-products/manual-processing-of-wood |
2.3 Жасау техноло-гиясы 2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау |
8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану 8.2.6.1 Использовать материалы и инструменты, соблюдая технику безопасности, осознавая и демонстрируя её важность. |
Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Алғашқы дайындамалар. (Ұ) Оқушылармен жұмыс кезінде қол және электр құралдарына арналған техника қауіпсіздігіне нұсқау өткізу. (Ұ),(Т) Оқушылар ойын бөлшектері пішіндер, фишкалар және ойын алаңын дайындауға қандай материалдар мен құралдар керектігін талдайды. (Т) Әрі қарай оқушылар технологиялық картаға сай өз беттерінше алғашқы дайындамаларды келесі кезеңге дайындап орындайды. Өткен сабақта дайындаған үлгілер бойынша дайндамалар жасайды. Дайындамаларды кесіп жасаған соң оқушылар тианақты өңдеуге кіріседі. (Ұ),(Т),(Қ) Үстел үсті ойынының алғашқы дайындамалары жайлы оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып ой пікірлерін айтып бөліседі. Дайындамаларды жасау кезінде қандай қиындықтар кездесті, өз жұмыстарыңа көңілдерің толады ма? |
Тәжірибелік жұмыс алдында оқушылардың техника қауіпсіздігін білетінін міндетті түрде тексеріп нұсқау өткізу керек. Оқушылар дайындаманы кескен кезде өз өлшемінен артықтау жасаған дұрыс. Мұғалім оқушылардың алғашқы дайындаманы дұрыс кесуін қадағалап, қажетті жағдайда жөндеп отыру керек. Құралдармен жұмыс кезінде оқушылардың техника қауіпсіздігін сақтауын қадағалау керек. Бұл тақырыпты меңгеруге – 1 сағат беріледі. |
Үстел ойындарының үлгілері. Материалдарды өндейтін құрал-саймандар. Технологиялық карта. Ағаш өндеуге арналған саймандар: http://shabashka-pro.ru/instrumentyi-i-prisposobleniya-dlya-obrabotki-drevesinyi Токар білдегінде жұмыс жасау технологиясы: http://m-der.ru/store/10006212/10006294/10006301/ Ағаш ұстасының қол сайманы: https://mytooling.ru/ruchnoj-instrument/stolyara/instrument-plotnika |
2.3 Жасау техноло-гиясы 2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау |
8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану 8.2.6.1 Использовать материалы и инструменты, соблюдая технику безопасности, осознавая и демонстрируя её важность. |
Үстел ойынын дайындау. Дайындамаларды өңдеу. (Ұ), (Т) Әр топтағы оқушылар өз білімдері мен дағдылары негізінде алғашқы дайындамаларын қалай тазартып өңдейтінін талдайды.
(Т) Талдаудан кейін оқушылар өз топтарында дайындаманы тазалап өңдеуге кіріседі. Сондай-ақ технологиялық картаны пайдалана отырып бөлшектерді қажетті өлшемдері бойынша аяқтап өңдейді, тазалайды. (Т), (Қ) Әр топ, үстел ойындарына жасаған дайындамаларын бүкіл сынып алдында айтып таныстырады. |
Оқушылармен тазаланған бұйым туралы әңгіме жүргізіледі. Мұғалім, оқушылардың дайындаманы тазалап өңдеуін қадағалайды. Бұл тақырыпты меңгеруге – 1 сағат беріледі. |
Үстел ойындарының үлгілері. Материалдарды өндейтін құрал-саймандар. Технологиялық карта. Ағашты тазалау: http://golt-abrasive.ru/products/wood/ Ағашты сңғы өндеу: http://www.bibliotekar.ru/spravochnik-102-remont-kvartiry/107.htm |
2.3 Жасау техноло-гиясы 2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау |
8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану 8.2.6.1 Использовать материалы и инструменты, соблюдая технику безопасности, осознавая и демонстрируя её важность. |
Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру (Т),(Ұ) Оқушылар топта үстел ойынын көркемдеу жайлы сұрақтарды талдайды.
(Т) Осы талдаудан кейін әр топ өз ептілігі мен дағдыларын пайдалана отырып көркемдеуге кіріседі. (Қ) Топтар өздерінің көркемдеген бұйымдарын талдау үшін бүкіл сынып алдында көрсетеді. |
Мұғалім сұхбат жүргізеді. Оқушылар көркемдеуге байланысты өз білімдерінің негізіне сүйене отырып үстел ойындарын қалай әрлейтінін талдайды: өз ойындарын көркемдеу тәсілдерін, қолданатын құралдар мен материалдарды және логотиптерін ұсынады. Қажетті жағдайда мұғалім оқушыларға көркемдеу жұмыстарын жасауға кеңес береді және қолдау көрсетеді. Егер жақсы идея ұсынған оқушылар болса бағалайды.. Бұл тақырыпты меңгеруге – 1 сағат беріледі. |
Сәндеу негіздері: Ағашты өндеу және әрлеу: https://pihtahvoya.ru/drevesina-i-pilomateriali/obrabotka-drevesini-i-otdelka-izdeliy-iz-dereva Ағаштан мүсін жасау жолдары. Ағаш мүсінді өндеу: http://rubankom.com/predmety/skulptury/534-figury-iz-dereva-svoimi-rukami Көркемдеу негіздері: http://www.designacademy.ru/ochnoe-obuchenie/dekorirovanie-i-stilizatsiya-intererov/osnovy-dekorirovaniya |
3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу |
8.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау |
Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау (Т) Әр топ өзінің ойынын көрсетеді. Топтар мүшелері ойын ережелерін түсіндіре отырып ойнайды содан соң басқа топтарды ойын ойнауға үйретеді. (Ұ) Талдауға арналған сұрақтар.
Оқушылар бүкіл сынып болып үстел ойындары үшін тест құрастыру мен сауалнама сұрақтарына жалпы талаптар қояды. Содан соң сыныпта әр топтан бір оқушыдан комиссия мүшелері құрылып әр ойынды тестілейді және сауалнама жүргізеді. Сауалнама мен тестілеу нәтижесінде комиссия мүшелері қорытынды шығарады. (Т), (Ұ), (Қ) Сауалнама мен тестілеудің қорытындысынан кейін оқушылар өз ойындарын жақсартуға ұсыныс жасайды. |
Әр топ өз ойындарын басқа топтардағы сыныптастарына үйретеді. Сұқпат жүргізу «Сауалнама мен тестілеу не үшін өткізіледі»? Қажетті жағдайда мұғалім тест пен сауалнама құратын кезде оқушыларға қолдау көрсетеді. Сауалнама және тестілеу кезінде комиссия мүшелеріне кеңес беру керек. Оқушылармен бірге әр ойынды талдау жүргізеді. Бұл тақырыпты меңгеруге – 1 сағат беріледі. |
Тестілеудің негізгі ережелері https://testitquickly.com/2010/03/09/testing-basics-by-barancev/ Ойнап тестілейміз, немесе тестілеп ойнаймыз http://kefirkin.blogspot.com/2013/08/test-it_23.html
|
3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы |
8.3.1.1 онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну |
Таныстырылым және көрме ұйымдастыру. (Т) Әр топ оқушылары өз таныстырылымдарының мақсатын талдайды. Ол үстел ойынының жарнамасы сияқты болып көріне ме?
(Т) Әр топ оқушылары өз таныстырылымдарын мақсатқа қарай дайындайды. Содан соң бойындағы білім дағдыларын қолдана отырып өз бетінше көрме ұйымдастырады. |
Мұғалім таныстырылым өткізуге мультимедия құрылғысын және көрмеге керекті заттарды ұйымдастырғаны жөн. Бұл тақырыпты меңгеруге – 1 сағат беріледі. |
|

