Джон Хопкинс моделіне сәйкес білім беру бағдарламаларын 6 қадамдық басқару жүйесі:

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Джон Хопкинс моделіне сәйкес білім беру бағдарламаларын 6 қадамдық басқару жүйесі:

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда тиімсіз басқару бәсекелестікке қабілетті бола алмайды. Қандай да бір білім беру мекемесі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын дамытуға бағыт ала отырып іске асырады. Осы мақсатты негіз етіп бүкіл әлемге танымал Джон Хопкинс университетінің 6 қадамдық білім беру бағдарламасын көздеп жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің білім беру бағдарламаларын дамыту жүйесі.

А.А.Рысбекова

ОӘБ меңгерушісі, г.Туркестан

К.Қ.Байтұрсынова

«Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, г.Туркестан

А.А.Тулентаева

«Медбикелік іс» бөлімінің меңгерушісі, г.Туркестан

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Өзгеріс дауылы тұрғанда оған қорған емес, желкен тұрғызу керек», - деген болатын. Қазақстанның Болон процесіне қосылуына байланысты білім беру бағдарламаларын әзірлеуге 2011 жылғы қайта қаралған Еуропалық Директиваның кәсіби біліктілігін тану туралы 2005/36 / EC пайдаланылады.

Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда тиімсіз басқару бәсекелестікке қабілетті бола алмайды. Қандай да бір білім беру мекемесі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын дамытуға бағыт ала отырып іске асырады. Осы мақсатты негіз етіп бүкіл әлемге танымал Джон Хопкинс университетінің 6 қадамдық білім беру бағдарламасын көздеп жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Джон Хопкинс моделіне сәйкес білім беру бағдарламаларын 6 қадамдық басқару жүйесі:

І. Проблеманы сәйкестендіру және ортақ жалпы қажеттіліктерін бағалау.

ІІ. Білім алушылар мен білім беру ортасының қажеттілігін бағалау.

ІІІ. Білім беру бағдарламасының аясында мақсат және міндеттері.

ІУ. Білім беру стратегиялары.

У. Іске асыру

УІ. Бағалау және кері байланыс.

Джон Хопкинс университетінің 6 қадамдық білім беру бағдарламасының айырмашылығы:

-Білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері бар;

-Медициналық қызметкерлерінің өзіндік білім алушылыр мен пациентерінің арасында кәсіби және этикалық міндеттемелері бар;

-Логикалық жүйелі көзқарасқа қол жеткізуге мүмкіншілік береді.

І – қадам Проблеманы сәйкестендіру және ортақ жалпы қажеттіліктерін бағалау проблеманы талдау мен сәйкестендіруден басталады.

Мысалы: Денсаулық сақтау ерекше мәдени топтар мен әңгімелесу барысында сендіруді қажет етеді.

Денсаулық сақтау проблемаларын сәйкестендіру:

-Проблеманың анық мағыналары оқуды дамытудың мақсат міндеттерін, оқытудың ғылыми бағалы стратегияларымен ортақтандыруға көмектеседі;

-кешенді анықтаулар эпидемиологияны, пациенттің денсаулық сақтау мамандары мен қоғамда қарастырылған әсерін қамтиды.

Мәселелерді қарау/қажетті бағалау

  • Қазіргі кезде қалай шешілуде?

  • Басты көзқарас қалай шешілуде?

Осы екі сұрақтардың басты айырмашылықтарын айыру.

  • Денсаулық сақтаудағы мәселелердің шешімін табудағы басты көзқарастар мен біліммен араласуын түсіндіру.

  • Осы қадамның қорытындысы білім алушылардың қолдану немесе қолданбауы.

ІІ. Білім алушылар мен білім беру ортасының қажеттілігін бағалау.

  • Білім алушыларды таңдау және оларды бағалау

  • Білім алушылар жайлы қалаған ақпарат алу

Қолданылатын методикалар

  • Бейресми талқылаулар/ ресми сұхбаттар

  • Топтық талқылаулар;

  • Сұрақтарды талқылау;

  • Дағдыларын тікелей бақылау;

  • Сынақ алу;

  • Ағымдағы орындауларды тексеру;

  • Стратегиялық жоспарлау сессиясы.

ІІІ. Білім беру бағдарламасының аясында мақсат және міндеттері

  • Оқу жоспарының мақсат міндеттерін түсіндіру;

  • Анықталған бағыттарға күш салу;

  • Кең білімді міндет;

  • директива;

Маңызды функциялары

  • Оқу мазмұны мен тапсырманың салыстырмалы басымдықтарын бағыттау;

  • Методиканың қай түрі әсерлі екенін ұсыну;

  • мақсатқа жету үшін басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

ІУ. Білім беру стратегиялары

  • Танымдық міндеттердің методикалары

  • Заманауи инновациялық оқыту технологияларын қолдану;

  • Бағдарламаларды үйрету;

  • Жобалар жасау;

- Психомоторлы міндеттерді тәжірибе жүзінде үйрету.

У. Іске асыру (тез, кезеңімен,толық)

- Қажетті ресурстарды анықтау

  • Персонал

  • Уақыт

  • Нысандар

  • Қаржыландыру/ баға беру

  • Топпен жұмыс жасау

  • Қолдау алу

  • Кедегілерден айналу, болжау жасау

  • Бәсекелес талаптарды болжау

  • Қаржылық тағы басқа ресурстарды болжау

УІ. Бағалау және кері байланыс

  • Қолданушыларды айқындау, ресурстарды

  • Бағалаудың сұрақтары мен ресурстарын анықтау

  • Өлшеу әдісін және құралдарын таңдау

  • Этикалық проблемаларды табу

  • Деректерді жинау

  • Деректерді талдау

- Нәтижелерді есептеу

Бұл жоғарғыда көрсетілген алты қадам бір –бірімен байланысты.

Біздің ұжым осы байланыстардың оңтайлы шешілуі білім беру бағдарламаларын дамытуда үлкен орын алатындығына көз жеткізді.

Сонымен қатар ел көшбасшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп атаған жолдауының төртінші басымдығында «Әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда еш мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі – білім.»,- деп көрсеткен. Білім - болашақ дамудың кепілі. Сондықтан да, Елбасы бұл басымдық бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда маңызды міндет. Біздіңде өзімізде бар жаңа технологияларды қолданып, ел ертеңі болар жастарға саналы тәрбие мен сапалы білім беру басты мақсатымыз. Жоғарыда айтылған 6 қадам осы мақсаттың іргетасын қалайтын бірден – бір моделі деп есептейміз.

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» деп Абай данамыз айтқандай, колледжімізде көрген, түйгендерінен ғибраттанып, айналасын ізгілікке бөлейтін жастарымыз жанымыздан табылсын!


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Болон процесі (Википедия-ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет);

  2. https://ru.wikipedia.org/wiki/Университет_Джонса_Хопкинса

  3. Қазақстан Республикасында Мейірбике ісін дамытудың 2019 жылға

дейінгі Кешенді жоспары;

4. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің 2016-2021

жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары

  1. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің 2016-2017 оқу

жылына арналған Джон Хопкинс моделіне сәйкес білім беру бағдарламаларын басқару жүйесінің жоспары






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.03.2025
152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі