400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Дойбы жарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дойбы жарысы

Мақсаты: Баллардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есептеуге,тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, спорт түрінің бірі дойбыны игерту, ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру.

Жарыстың барысы:
Жарыстың мақсатын түсіндіру: Ойынның мақсаты — қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау.

І. Кіріспе бөлім
«Дойбы» ойынының тарихы
Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Египет пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр.
Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заманға лайықталды. 
Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек, ойын екі армияның соғысымен сипатталған әскери болып табылады.
Дойбы тақтасындағы соғыстың қалай өткенін Исидор Севильскийдің (560-686 б.э.) хабарламасынан білуге болады. Ол жүрістер туралы төмендегіше жазады:
«Дойбылардың бір бөлігі тәртіппен, бір бөлігі анда-мұнда жүреді, сондықтан да олардың жартысы қарапайым (ординарии), ал қалғандары адасқандар (ваги) деп аталады.
Бүгінгі күнде дойбы спорттың өзге түрлері арасында елеулі орын алады.  Қазақстан Республикасының чемпионаттары үнемі өткізіліп тұрады, секциялар құрылған. Бұқара арасында дойбы кең таралған. Қарапайым және кемеңгер, тартымды әрі
жұмбақ дойбы ойнының тарихы жалғаса береді. Себебі, бұл өте ежелгі және мәңгі жас ойын.

Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. 1894 ж. дойбыдан (орыс дойбысынан) алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті. Дүниежүзілік олимпиада 1986 жылдан (халықаралық дойбыдан), дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан (халықаралық дойбыдан, ал орыс дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтіп келеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Дойбы ойынына қатысушыларына жеребе арқылы анықтау.

Б) Жарыс төрешілерін анықтау.

В) «Дойбы» ойыны

Г) Марапаттау

ІІІ. Қорытынды бөлім

Бүгінгі жарысымыздың мақсаты – жас ұрпақты саналы, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын ой-өрісі жоғары тұлға тәрбиелеу болатын. «Ел қорғаны – салауатты ұрпақ » тақырыбында өткізілген апталықта ұйымдастырылған «Дойбы»ойынынан жарысымыз осымен аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
3013
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі