Материалдар / Дойбы ойын ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дойбы ойын ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен Оқушыларға тиімді ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
845
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Дойбы
Дойбы (орыс. шашки) — спорт түрі.
Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы)
не жүз (халықаралық дойбы)
шаршыға бөлінген тақтада он екі
(орыс дойбысы) не жиырма
(халықаралық дойбы) таспен екі адам
ойнайды.
[1]


Page 2

Ойынның мақсаты — қарсыласының
тастарын түгел жою немесе жүріс
жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік
дойбы федерациясы (FMІD) 1947 ж.
құрылған. Оған отыздан астам ел
мүше.
Дойбы – бір жағынан ежелгі,
екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын
себебі, ойынға арналған құралдар
сонау ерте заманда Мысыр пен
Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба
жұмыстары кезінде табылған.
Сонымен бірге ежелгі болатын себебі,
қазіргі заманғы зерттеушілер
Тарихы


Page 3

дойбының таратылу тарихы мен
жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ
– олар ғасырлар қойнауында
жасырын жатыр.
Жас болатын себебі, ойын тәртібі
уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап,
тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың
орта тұсына таман қазіргі заманға
лайықталды. Ежелгі Римде дойбы
ойыны «латрункул» деген атауға ие.
Бұл латын сөзі «латро», яғни
қазақшаға аударғанда – сарбаз,
жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек,
ойын екі армияның соғысымен
сипатталған әскери болып табылады.


Page 4

Дойбы тақтасындағы соғыстың қалай
өткенін Исидор Севильскийдің (560-
686 б.э.) хабарламасынан білуге
болады. Ол жүрістер туралы
төмендегіше жазады: «Дойбылардың
бір бөлігі тәртіппен, бір бөлігі анда-
мұнда жүреді, сондықтан да олардың
жартысы қарапайым (ординарии), ал
қалғандары адасқандар (ваги) деп
аталады.
Қазіргі таңда дойбы дүние жүзінің он
үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік
ережемен ойналады. 1894 ж.
дойбыдан (орыс дойбысынан)
алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті.
Дүниежүзілік олимпиада 1986


Page 5

жылдан (халықаралық дойбыдан),
дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан
(халықаралық дойбыдан, ал орыс
дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп
келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми
жарыстар 1935 жылдан бері өтіп
келеді. Кейбір деректерге қарағанда
дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар
шамасында келген. Абайдың атасы
Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты
Кемпірбай ақын және олардың
көптеген замандастары дойбыны
құмарта ойнаған. Абайдың
Жидебайдағы мұражайында ұлы
ақынның дойбысы әлі күнге дейін
сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап


Page 6

жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан
чемпионаты өтіп келеді.
[2]
Қазақстандағы дойбы спортының
дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын
басталды. Көшпенді бабаларымыз
(сақ дәуіріндегі) "шатран" деген
ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны
ойнауға тиым салғанына қарамастан
қазақ даласына тез тарап кетіпті.
Сауда керуендерінің қазақ даласына
келуіне байланысты қазақ даласына
бұл ойын халықтың сүйікті
ойындарының біріне айналған.
Қазақтың тұңғыш дойбы
шеберлері


Page 7

Қазақстанның шығысында бұл
ойынды "дойбы" десе, батыс
аймақтарда "шатраш" деп атайды.
Қазақтың "екі жеп биге шығу" деген
сөзі бұл ойынның ежелден келе
жатқандығының, оның ұлттық
ойынымыз екенінің бір белгісі.
Қазақстанның бірінші чемпионаты
1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы
қатысыпты. Бір ерекшелігі, алғашқы
чемпионның ұлы Абайдың немересі,
семейлік Әрхам Кәкітайұлы
Ысқақовтың (бұрынғы деректерде
Әкрам деп келген едік)
болғандығында. Әрхам Кәкітайұлы
екінші рет 1949 жылғы өткен


Page 8

республика біріншілігінде чемпион
болған. Бұл кісі сонымен бірге тоғыз
құмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше
рет ел біріншілігіне қатысқан.
Абайдың мұражайында ұлы ақын
ойнаған дойбы тақтасы мен тастары
сақталған.
Қазақтан бірінші болып дойбыдан
спорт шеберлігіне кандидат болған –
Шәкір Әлімбайұлы Жамбыршин
(1902.01.09-1975.10.07). 1931 жылы
Мәскеу қаласының біріншілігінің қола
жүлдегері, 1969-1975 жылдары
Республика дойбы федерациясының
президенті, екі рет Қызыл Ту орденді,
КСРО Министрлер Кеңесінің лауреаты


Page 9

(1949). Бұл кісі соғыс алдында өткен
Мәскеу қаласының біріншіліктерінде
сол кезде Мәскеуде студент болған
кезінде ойнап орындаса керек. Бұл
нәтиже сол кездегі өте үлкен жетістік,
себебі шеберлер мен кандидаттар ол
кезде саусақпен санарлықтай болған.
Сол кездерден бастап қазақ
дойбышыларының спорттық
жетістіктері бірте-бірте өсе бастады.
Қазақтан дойбы, шахмат және тоғыз
құмалақ жайлы алғашқы үйрену
кітабын жазған Талапбек
Сұлтанбекұлы − (1930-2009) «Дойбы
ойыны» (1954), «Шахмат ойнай білесің
бе?» (1959), «Шахмат, дойбы, тоғыз


Page 10

құмалақ» (1967) кітаптарының
авторы.
Қазақ жігіттері арасынан тұңғыш
дойбыдан спорт шебері болған – Бақ
Қуанышбайұлы Иманәлиев
(1952.25.07 – 2008.28.07). Бақ
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қамбаш ауылының тумасы.
Жастайынан көзі көрмей қалған жігіт
тағдырдың тәлкегіне көнбей білім
алып дойбы үйірмесіне қатысып, әуелі
әздер арасындағы, сосын сау
көзділер арасындағы жарыстарда
озып 1984 жылы алғаш рет КСРО
финалына қатысқан бірінші қазақ
жігіті. Қазақстанның өзінің дойбыдан


Page 11

спорт шебері көпке дейін болмады.
Себебі дойбыдан спорт шеберінің
нормасын орындау алынбайтын
қамалдай болды. Республика
чемпионы болу аздық етті. Мысалы,
Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы болған көкшетаулық
Қайырлы Әбдірайымовтың өзі спорт
шебері нормасын орындауға жете
алмады. Спорт шеберінің нормасын
орындау шарты өте қиын болды.
Жарысқа кем дегенде 7 спорт шебері
қатысқан жағдайда, кем дегенде 70
пайыз ұпай жинау қажет болды.
Сонымен бірге арнаулы одақтық
сарапшылар комиссиясы
партиялардың сапасын тексеріп ойын


Page 12

шеберлігі тиісті деңгейде деген
жағдайда ғана спорт шебері деген
атақ берілетін. Міне, осы атаққа,
мұндай шоқтығы биік көрсеткішке
1982 жылы Бақ Иманалиев қол
жеткізді. Ол 30 жасында
«Буревестник» ерікті спорт
қоғамының одақтық біріншілігінде
қазақтар арасында тұңғыш рет спорт
мастерінің нормасын артығымен
орындап тұңғыш дойбыдан спорт
шебері атанды.
Бақ Қуанышбайұлының бұл
жетістігінің ерекшелігі – оның бұл
жетістікке көздері сау ойыншылармен
болған жарыста жеңуі еді. Көзі сау


Page 13

гроссмейстерлер мен мастерлердің
өздері жарыстарға чемодандары
толған дойбы теориясының
кітаптарын арқалап жүретін, әр
дойбышыға қарсы оның партияларын
талдап дайындалатын, спорттың осы
түрімен кәсіби айналысып жүргендер
еді. Теориялық жаңалықтарды Бақ
арнаулы дойбы әдебиетінен өз
бетінше оқи алмады. Дойбы Меккесі
саналатын Мәскеу, Ленинград, Одесса
сияқты орталықтардан жырақ
тұрғандықтан мықты
гроссмейстерлермен кездесіп тұруға
еш мүмкіндігі болмады. Міне осындай
жағдайда бір ғана өзінің таланты мен
ерекше есте сақтау қабілетіне сүйеніп


Page 14

ойнады. Ол осы атағын кейінгі
жарыстарда одақтың ең мықты спорт
шеберлері мен гроссмейстерлерімен
жарыстарда бірнеше рет дәлелдеп
көрсетті.
Бақ Иманалиев дойбы жарыстарында
тамаша табыстарға қол жеткізді. Ол
Қазақ соқырлар қоғамының ондаған
жылғы (1981-2008 аралығында)
чемпионы, үш рет Қазақстанның (64)
чемпионы (1981, 1982,1984), 100
шаршылы дойбыдан қоғамның
біріншілігінің жүлдегері, Қазақ
қоғамының құрылғанына 30 жыл
толуына арналған мерекелік
жарыстың жеңімпазы (1986),


Page 15

Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған
турнирдің (2007) жеңімпазы, бірнеше
ірі турнирлердің (Одесса, Юрмала,
Бендеры және т.б. қалаларда өткен
дойбы фестивальдарының)
жеңімпазы. Қазақ соқырлар
қоғамының құрамында бірнеше рет
КСРО командалық біріншіліктерінің
чемпионы және жүлдегері болды.
КСРО кубогі үшін өткен жарыстарға
Қазақстан құрамасының мүшесі
ретінде қатысты. Жақсы ұстаз ретінде
де көріне білді. Ол дайындаған
М.Құрманбеков, Р.Медиаров және
З.Терехова спорт шебері нормаларын
орындады.


Page 16

Бақ салып берген жол еліміз
тәуелсіздік алған соң дойбы өнеріне
қарқындап жол ашты. Қазақстан
халықаралық аренаға шығып
дойбының 64 және 100 шаршылы
түрінен, 64 шаршыдағы халықаралық
дойбыдан (бразильдік түрі) ел
біріншілігін жыл сайын өткізіп келеді.
Жақын арада Б. Иманалиев жайлы
кітап баспадан шықпақшы.
2010 жылы Санкт-Петербургте өткен
дойбыдан әлем біріншілігінде төрт
бірдей қазақ өз жасындағы
біріншілікте жеңіске жетіп әлем
чемпиондары атанды. Ақтөбелік 15
жасар дойбышылар Мират Жекеев


Page 17

пен оралдық Алтынай Жұмагелдиева
қазақтан шыққан тұңғыш әлем
чемпиондары, ал Ресейде тұратын
қандастарымыз Жанна және Мәжит
Саршаевтар (Астрахань) өз
құрдастары арасында әлем чемпионы
атанды. Арада бір жыл өткен соң
Мират Жекеев Азия біріншілігінде
чемпион болып алғаш рет қазақтан
бірінші болып халықаралық
гроссмейстер атағын алды. 2013
жылы тағы бір жерлесіміз ақтөбелік
Ахмет Бәшімов халықаралық
гроссмейстер атағына қол жеткізді.
Мират пен Алтынай, Ахметтің қатары
жыл санап көбеюде.
Дереккөздер


Page 18

Мәлімет CC BY-SA 3.0 лицензиясы аясында
жетімді басқа жағдайда белгіленеді.
1. Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К.,
Спорт терминдерінің түсіндірме
сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша,
ISBN 9965-822-48-4
2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Дойбы&oldid=2408508» бетінен алынған
Дереккөздер
Кырмызов бұрын /wiki/%D0%90%…


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!