Домбыра мен Димаш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Домбыра мен Димаш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ән өнерінде бағы жанып жүрген дарынды жас Димаштың шет елдерде қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп әнге қосуы, аспапта еркін ойнауы туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Домбыра мен Димаш

Домбыра қазақ халқының ұлттық рухани қазынасы. Қазақ қазақ боп жаралғалы бері басынан не өтпеді. Сол кезде домбыра да халықпен бірге болып мұңын жырлады, қуанышын бөлісті. Мың өліп, мың тірілген қазақ қазір жаңа белеске көтерілді. Өз алдына тәуелсіз ел болды. Қара домбырамыз жаңа заманның күйлерін күмбірлете шалқытты. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп қара домбыраның қазақ халқына қаншалықты құнды екенін аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әли екі-ақ ауыз сөзбен жеткізген.

Сондай ұранмен домбыраның үнін күллі әлемге данқын танытып жүрген әншіміз Димаш Құдайбергенов. Бұл ХХI ғасырдағы қазақтың ән өнерінің биік шыңға шыққанының дәлелі. Ал бұған дейін қазақтың әнін әлемге танытқан Әміре Қашаубаев болды емес пе. Жалпы қазақтың ән өнерінің ауқымы кең. Себебі қазақ деген халық әншіл халық. Қазақ ән өнерінің алтын қорында есімдері сақталған талай сал-серілер, бұлбұл әншілер бар. Ешқандай ұлтта жоқ ешкімге ұқсамайтын күмбірлеген күйіміз өз алдына бір өнер. Осындай тамыры терең өнермен сусындаған Димаш Құдайберген миллиондаған тыңдарманның жүрегін ерекше даусымен елжіретіп қана емес, әр түрлі аспапта ойнай алатын талантымен де жаулап алды. Еліміздің мақтанышы домбыраны әлемдік сахнаға алғаш рет Қытайда өткен «I am Singer» сайысында алып шыққан еді. Сол кезде жас талант Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіре тартып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен халықтың «Дайдидау» әнін орындады. Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Қытайда болған өзінің концертінде де жеке тұлға, патриот ретінде сахнаға киелі домбырасымен және ұлттық нақыштағы киімімен шықты. Сахнаны екпіні күшті күймен дүрілдетіп, көрерменді есінен тандырды. Домбыра мен Димаш бір арнаға түсіп үндесіп кете берді. Міне, сөйтіп Димаштың бойындағы егіз өнер әлемге бір-ақ күнде танылды. Одан кейін еліміздің бас қаласында болған жеке ән кешінде Димаш тыңдармандарды тағы да әсем әндерімен баурап алды. Әнші бауыры Әбілмансұрмен бірге атақты Құрманғазының «Адай» күйін халыққа арнап, үлкен қошеметке бөленді. Ал «баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар» дегендей, еліміз Димаштың әр қадамына сәттілік тілеп, назарында ұстады. Басқа елдерде Димаш жайлы тілшілер жарыса жазып жатты. Францияның мемлекеттік телеарнасы жас әнші Димаш Құдайбергеннің феноменіне толық репортаж жасады. Бұл репортаж Францияның әйгілі «Telematin» атты таңғы арнасында көрермендерге көрсетілді. Телеарна жүргізішілері Қытайдағы әлемдік шоуда еліміздің жиырма үш жасар әншісі ән айту шеберлігімен әлемге әйгілі болғаны жайлы айтқан болатын. Димаштың өнерін француз халқы таңдана да, сүйсіне де тамашалады. Таңғаларлығы Димаш қытай тілінде бір ауыз сөз айта алмайды, дегенмен әлемдік «Twitter» әлеуметтік желісінің қытай түріндегі нұсқасында «Weibo» әлеуметтік желісінде үш миллионнан астам оқырманы бар. Димаштың көрсетілімдері қытайлық әлеуметтік желілерде бір жарым миллиард қаралым жинады. Міне, қазақ мәдениетін жаңа белеске көтерген Димаш нағыз батырдың өзі. Димаш 2018 жылы қазан айында өзінің жеке ән кешін Лондонда өткізген болатын. Бірақ бұл кешті Қазақстанның Ұлыбритания Корольдігіндегі мәдениет күндері қарсаңында халыққа ұсынылды. Димаштың дауысына таңғалған ағылшын халқы Димаштың үш сағатқа созылған концертінде өте керемет сезімге батқанын жасырмады. Олар Димашқа «ғасырдың ең керемет дауысы» деген бағаларын жаудырды. Міне, Димаштың сыңғырлаған әуезді даусын әлем таңғала тыңдады. Қазақ елінің мәдениеті күй мен әнге бай. Осы еліміздің ұлттық нақыштағы әні мен күйін таныту Димаштай өнерлі жастардың қолында. Димаштың ән өнерінде жұлдыздай жарқырауына бүкіл қазақ жұртшылығы тілеулес.

Мақаланы жазған

«Арыстан» мамандандырылған

лицейінің мұғалімі

Шоранова Гульдария Ажикуловна






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2022
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі