Сабақтың тақырыбы: Домбыра аспабының шығу тарихы
Күні: 6.09
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың музыкалық
қабілетін арттыру.
2. Домбыра - техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем
орындауға үйрету
Әдісі: Түсіндіру. Орындау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Жаңа сабақ.
Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен. Бұл аңыз — әңгіме этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегінде жазылған.
Сабақтың тақырыбы: Домбыраның құрылысы
Күні: 13.09
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың музыкалық
қабілетін арттыру.
2. Домбыра - техникасын меңгертуӘдісі: Түсіндіру.
Орындау.
Домбыраның құрылысы
Бас. Бөлшектері: бас, құлақ, шайтантиек (бас тиек).
Мойын. Бөлшектері: мойын, мойынғақ, перне, сағақ.
Шанақ. Бөлшектері: ернеулік (сулық, көмкерме), қақпақ, қауышақ (тілше, шанақша), серіппе (кергіш, белағаш), тиек, тұғыл (өкшелік), тұғыр (желкелік), түйме (түйір), түйметиек (өкшетиек, кіші тиек).

Сабақтың тақырыбы: Домбырашының отырысы мен аспап ұстауы
Күні: 20.09
Сабақтың мақсаты: Домбыра ұстау ережелерін үйрену
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра.
Домбыраның ойнау дағдылары.
Домбырашының дұрыс отырысы,екі қолдың қойылымы,перне басып ойнау, дұрыс ұстау,есту қабілетін дамыту,нотаны үйрету,нотаны ойнау,ырғақты ойнау,ырғақты меңгеру ,қағыс түрлерін үйрену.
Сол қолдың саусақтарын дұрыс қою.Екі ішекті ноталарды ойнау дағдылары өлшемдегі дұрыс ойнау дағдысы,паузаларды санап ойнау,нүктелі ноталарды ойнау дағдылары.
Сабақтың тақырыбы: Домбыра қағыстары, саусақтарымен жұмыс жасау
Күні: 27.09
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Домбыра аспабында оң қолдың қозғалысы арқылы дыбыс шығару әдісі қағыс деп аталады. Алғашқы қағысты меңгеру барысында екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:
- «Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс;
- «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;
- «Триоль» - сұқ саусақ бас бармақ сұқсаусақ «сбс» Қазанғап күйлерінде кездесетін қағыс түрлері;
- «Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;
- «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.
-« Қара шертіс» -төрт саусақпен шертіп ойнау.
- «Дара шертіс»- даралап әр ішекті кезек-кезек шертіп.
Сабақтың тақырыбы: Күйлер туралы түсінік
Күні: 4.10
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Тарихы
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
Сабақтың тақырыбы: Күй және күйшілер туралы түсінік беру
Күні: 11.10
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Күй өнері — шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазак күйлері казір өз отаны Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың, шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан да естілуде.
Батыс өніріндегі ұлы күйшілердін күй топтамалары жарық көріп отыр. Бұл кітап сан ғасырлар көшінде халықтың музыкалық казына байлықтарын одан әрі дамытын, келер ұрпаққа әр күйшінің өмір сүрген ортасы мен туындыларын сол қалпында жеткізуге септігін тигізетініне сенім білдіремін. Кітапқа ұлы күйшілер Мүсірапі, Дәулеткерей, Кұрманғазы, Момен, Сейтек, Дина сынды ұлылардың сирек орындалатын күй туындылары, және сол мұраны кейінгі ұрпакқа сол қалпында жеткізе білген дарабоз домбырашылар Қали Жантілеуов пен Науша Бөкейхановтардын өмір — өнер жолдары еніп отыр. Жоғарыда айтылғандай қазақ халық композиторларының күйлері қазіргі таңда сахна төрлерінде сирек ойнатып жүр. Орындалатын болса тыңдаушысы домбыра шертпейтін болса да күйдің не жөнінде, немесе мәнін айтпай-ақ та түсінері сөзсіз. Әр күйдің өзіндік тарихы бар. Бірі қуанышты, көңілді болса, бірі қайғылы мұңды болады. Ал кейбір күйлерді тыңдағанда көз алдынызға бишінің мың бұралған биін елестетсеңіз, кейбір күйлер мысалы: — Дәулеткерейдің «Салық өлген», Құрманғазының «Сары көл самар» күйлері атына байланысты түсіндіруді қажет етпейді. Мүсірәлінің «Қу жетім», Мәменнің «Қайғылы қара» күйлері өзінің атымен терең мазмұнына түсінік береді. «Бабалар мұрасы» кітабы ел арасында сирек орындалатын ұлы күйшілердің шығармаларымен танысамын деушілерге зор септігін тигізеді деп есептеймін.
Мүсірәлі Бердіәліұлы
XVIII — ші ғасырда Бокей ордасында өмір сүрген күйші — композитор. Мүсірәлі — белгілі күйші. Дәулеткерей Шығайұлын домбырашылык өнерге баулып, алғашқы ұстазы ретінде танылған тұлға. Мүсірәлі домбыраға бала кезінен-ақ ерекше таныла білген. Өзі де бірнеше күй шығарған. Әсіресе Мүсірәлінің «Ортба», «Қу жетім», «Кенжебай» сияқты күйлері ерекше сазды. Мүсірәпі Жәнгірханның тұсында Беріш руының бір бөлігін старшын ретінде басқарды.
Науша Мырзагерейұлы Бөкейханов
Науша Мырзагерейұлы Бөкейханов бұрынғы Бөкей хаңпығына қарасты Шоңай көлі Орда құмында 1870 жылы дүниеге келген. Науша өмірінің көп бөлігін музыкалық ортада өткізеді. Репертуарында халық композиторларының 90-нан аса күйлері болған. Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін жалғастырушы.
Сабақтың тақырыбы: Күйші-композиторлар
Күні: 18.10
Әдісі: Түсіндіру. Орындау.
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері Қорамсаұлы (1843—1913 жылдары) Көкшетау облысы, Айыртау ауданының Қоскөл деген жерінде туған. Алдымен молдадан сауат ашып, кейіннен Қызылжардағы бір діни медреседе екі-үш жыл оқиды. Жастайынан өлеңге құмар Ақанның әсем даусы оны елге ерте танытады. Ақан Құлагердей жүйрік ат, Қараторғайдай қыран бүркіт, Көкжендеттей қаршыға, Базарала атты құмай тазы ұстаған сері болған. Ақан өзінің жан серігі, өмірінің қызығы болған Құлагерге "Маңмаңгер", бүркітіне "Қараторғай", қаршығасына "Көкжендет" сынды әндер шығарған. Серілікпен жүргенде Жамал деген кызға "Сырымбет", Балқадиша сұлуға "Балқадиша", т.б. көптеген әндер шығарған.
Біржан сал Қожағұлұлы
Біржан сал Қожағұлұлы (1834—1897 жылдары) — Көкшетау облысы, Біржан сал ауданы жерінде дүниеге келді. Біржан жас кезінен әнге, жиын-тойға құмар болып өседі. Кейін өзі ән айтып қана қоймай, өз жанынан әннің сөзін, мақамын шығарып, әдемі киініп, сал-сері атанады. Біржан Орта жүзді түгел аралаған, Жетісу жерінде болып, ақын Сарамен айтысқан, Абай ауылында болып, Абаймен, оның маңайындағы өнер адамдарымен танысуы оған шығармашылық жаңа серпін берген. Біржан да басқа сал-серілер сияқты әндерінің біразын ел ішіндегі атақты сұлу, ақылды қыздарға арнаған. Ондай әндер қатарына "Ләйлім шырақ", "Айтпай" (қыздың аты), "Тентек", "Ғашық жыр", "Бірлән қыз" әндері жатады.
Мұхит Мералыұлы
Мұхит Мералыұлы 1841 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Ақбақай деген жерде дүниеге келген. Мұхиттың шын аты — Мұхаметкерей. Ол кішкентайынан домбыра ұстап, ән айтуға машықтанады. Мұхиттың туған-туыстары, айналасы да өнерге жақын адамдар болған. Ержеткенде Мұхит өнер жолына біржолата түседі, ауыл аралап, қайда ойын-той болса, сонда жүреді. Бұл ісін ұнатпаған ағайындары "әулекі Мұхит" десе, көпшілік елге "сал Мұхит" атанады.
Кенен Әзірбаев
Кенен Әзірбаев (1884—1976 жылдары) — "Екейде елу бақсы, сексен ақын" дегендей, Жетісуда Сүйінбайдан, Жамбылдан келе жатқан ақындық, жыршылық дәстүр дүниеге көптеген өнерпаздар берді. Осы топ ішінде ән жанры саласында ерекше тұратыны — Кенен ақын. Ол айтыс ақыны, әнші, сазгер ретінде белгілі. Кенен Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерінде туған.
Сабақтың тақырыбы: Оң қолдың қойылымы
Күні: 25.10
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушының өнерге деген эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту. Домбыра аспабымен танысу, құрлысы, оқушының отырысы мен аспапты ұстауы. Ноталық сауаттылық, оң қолдың қойлымы, сол қолдың қойылымы.
Оң қолдың қойылымы:
Оң қолдың білезік қол қоспасы домбыра қатарлас ішке иіледі. Ал сұқ саусақ пен бас бармақ қиғаштана ұсталып, қалған саусақтар алақанға қарай сағанадай сәл ғана ішкері иіліп, тізбектеле орналасады. Кейде ән-күйлердің орындалуы ерекшеліктеріне сәйкес бармақ сүйектері қақпаққа тіреліп, саусақтар шертпе қағыстар жасайды.
Саусақтардың қойылымы:
О-ашық ішек
Б-бас бармақ
1-бірінші (сұқ саусақ) саусақ
2-екінші саусақ (ортаңғы)
3-үшінші саусақ (аты жоқ)
4-төртінші саусақ (шынашақ)
Домбыраны қолымызға алып, төмен қағыстан бастап тартамыз. Біртіндеп жоғары қағысты қосамыз, төмен, жоғары, төмен екі жоғары, төмен үш жоғары, қарапайым қара қағыстарды қолымыз үйренгенше қағамыз. Пернені қатты немесе жай емес, толық дыбыс үні шығу дәрежесіне жеткізе басқан дұрыс. Себебі перне қатты басылса, қолдың қары қарысып қалады, жай басылса, дыбыс сапасы өз дәрежесінде шықпайды. Жалпы алғашқы кезеңде дыбыстың сапасы мен қолдың табиғи еркіндігіне көңіл қойған жөн.
Сабақтың тақырыбы: Сол қолдың қойылымы
Күні: 8.11
Сол қолдың қойлымы
Домбыра пернесін басқан кезде шынтақ, білек, иық бостау және түсіңкі болуы керек. Балалар көп жағдайда пернені басқан кезде шынтағын көтереді. Бұл дұрыс емес. Сол қолдың бүкіл буындарын бос ұстап, шынтақты иіп, бас бармақ пен сұңсаусақ аралығында ойысқа домбыра мойнын сәл тигізу қажет.
Бірақ алақан жағы тимеуі шарт ол тиген жағдайда домбыраның мойындағы қолдың, саусақтың еркін қозғалысына кедергі пайда болады да, білек буыны қысылып,орындаушы тез шаршап қалады. Саусақ перненің дәл үстімен емес, жанынан басылады. Оларды шашыратпай тізілте басылатын перненің тұсында ұстау қажет.

Сабақтың тақырыбы: Перне басу. Қағыстар
Күні: 15.11
Жаңа сабақ
Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз-әңгiме туралы еңбегiнде Ө. Жәнiбеков.
Сабақтың тақырыбы: Буындарды бөліп ойнау
Күні: 22.11

Раздық Ахметжанұлы « Аңшының зары»
Раздық күйші (1905–1949) – сазгер, шертпе күй шеберінің бірі.
Раздық Ахметжанұлы қазақ елі мен Қытай Халық республикасының Шыңжаң өлкесіне бірдей танымал күйші-сазгер. Раздықтың ұстазы белгілі Шортай домбырашы. 1925–1930 жылдары əбден қартайып барып дүние салады. Осы Шортабай күйшіден тəлім-тəрбие алған Раздық, шыңдала келе өз жанынан да күй шығара бастайды.
Сабақтың тақырыбы: Оң қолдың қойылымы
Күні: 29.11

Күні: 6.12

Күні: 13.12

Күні: 20.12
Алғашқы перне
Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі – осыған орай бедернелетін мәдениеті, өнері. Қазақ халқы тарихта да, танып білуімізде де көшпенділер қатарында. Өнері аттың жалында, түйенің қомында, қарияларымыздың көкірек жан сарайында, найзаның ұшында, көсеудің сабында, ауыздан ауызға, қолдан қолға құлақтан құлаққа жетті деп ұғындырды.
Ұлы Абай айтқандай дүниеге өлеңмен кіріп, өлеңмен жер қойнына еніп, тал бесіктен, жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп саналы ғұмыр кешкен дана халық.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра, —
деген Қадыр ақын өлең жолдары осы ойымызды дәлелдей түспей ме? Домбырадай тұңғиық, домбырадай шежіре, домбырадай абыз құдірет қайда бар? Домбыра қазақцхалқын тарихын оның өнерін дүние жүзіне танытты.
Ұлттық өнеріміз оның ішінде аспаптық музыка – қасиетті күйлеріміз.
Домбырам – мұрам, ал балам?
Мүлкім осы қалдырған, —
деп Жамбыл атамыз жырлағандай домбыра өзінің қарапайым құрылымымен кең тараған аспап, әр қазақ баласының өмірлік серігі, өнер тарихының шежіресі – ұлтымыздың төл құжаты.
Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде1980 жылдардан оқытыла басталды. Бұған дейін музыка мектептерінде, колледждерде дәріс берілді.
Домбыра өнерінің , оны үйрену, үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол сонадан жеткен дәстүрлі құйма — құлақ әдісі.
Кәсіби домбырашы болу бәріне міндет емес, бірақ домбыраны білу бар қазаққа қажеттілік.
Әдістемелік түсініктемер
Сабақтың тақырыбы: Жатқа ойнау
Күні: 27.12
Мақсаты :Оқушыларды жатқа ойнауды үйрету , тез әрі дұрыс есте сақтауға көмектесу.
Міндеті :Оқушыларға берілген шығарманы талдап , есте сақтай білуге дағдыландыратын әдіс –тәсілдерді дұрыс қолдануды үйрету .
Сазды, әуенді есте сақтау – бұл бірнеше қабілеттердің бірігуі болып табылады.
Сазды есте сақтау компоненттері :
1. Моторика
2. Бейнелеу : көру арқылы , есту арқылы.
3. Сазды –логикалық
1 . Баланың есте сақтау қабілетін жас кезінен бастап жүйелі түрде дамыту керек. Шыны керек практикада баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін , барлық шығарманы жатқа ойнау керек деген жалған түсінікпен кездесеміз. Дегенмен жатқа ойнай білу үшін алдымен шығарманы нотаға қарап ойнай білу керек .
Шығарманы саусақтар әбден жаттыққанша нотаға қарап ойнау керек . Әрине бұл есте сақтау түрлерінің бірі моторлы болып саналмайды , себебі сазды есту қабілетісіз мулдем еш нәрсе жатқа ойнауға болмас еді. Кейбір композиторлар дәлірек айтсақ неміс композиторы Ганс Фон Бюлов моторлы –механикалық есте сақтау қабілетін – `саусақтардың механикалық танымы ` деп санаған. Барлымызға белгілі аспапты тек асқан шеберлікпен қолдана білетін және табиғатынан шебер әрі жылдам саусақты орындаушының ғана жұмыстары тез әрі жеңіл орындалады. Бірақ анығында моторлы түрде есте сақтау қабілеті де сенімді емес , себебі ол ноталық мәтінді анализ жасау негізіне қарағанда бірнеше рет қайталауды қажет ететіндіктен уақытты екі есе көп алады, сонымен қатар тыңдау бейнесі мен сазгерлік ойлау қабілетін тұмшалайды.
Домбырашылар мен қобызшылардың аспабымен ондағы механикалық ойынды ескере отырсақ үнемі тыңдалу кезіндегі бейнені , іштей дыбыс деңгейін шығарманың көңіл- күйін мүмкіндігінше сезіне біле алмауы қауіпі сақталып тұрады. Жақсы дамыған есту қабілеті ғана сазгерлік шығарманы сәтті есте сақтай алудың негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды оқытудың алғашқы кезеңінде нота грамотасымен танысуын қолданбау керек .
2 . Есту қабілетін дамыту – оқытудың аса маңызды алғашқы кезеңі.
Шығарманы есту қабілеті арқылы орындап келтіру және басқа дыбыс деңгейіне тасымалдау – оқытудың алғашқы кезеңдерінің негізгі жұмыстарының бірі оқытушыға шығарманы орындау кезіндегі іс – қимылдарына назар аударуға және баланың сазгерлік ой – өрісінің дамуына мүмкіндік береді. Ырғақтық заңдылықтарды бастапқыда қозғау міндетті емес, себебі ырғақ –көру , есту қабілеттері арқылы және мәтіндегі ұзақ – қысқа дыбыстардың салыстыруы арқылы қабылдайды .
Сабақтың тақырыбы: Күйдің дыбыс тазалығымен жұмыс
Күні: 10.01
Сабақтың тақырыбы: Ансамбьмен ойнау
Күні: 17.01
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ансамбль сабағының мақсаты мен міндеті, ансамбль ойынындағы өзіндік ережелермен таныс болу, сезіну, бірін бірі тыңдай ойнау.
Дамытушылық: Оқушының өз бетімен оқып үйренуіне ықпал жасау, музыкалық шығармаларды өзіндік ойнау ерекшеліктеріне қарай талдай білуге үйрету. Ансамбльде шығарманы тусініп, тыңдап, ойнауға баулу.
Ансамбль(фр. ensemble – тұтастық), архитектурада – көркемдігі, әсемдігі, сәулетшілік нақышы қоршаған ортамен жарасымды тұтастық тапқан ғимараттар тобы. Ансамбль (франц. ensemble — бірге) — сәулет өнерінде біртұтас сәулет композициясын құрайтын ғимараттар тобын орналастырудағы үйлесімді, жете ойластырылған жарастық, тұтастықты білдіретін ұғым.
Жалпы ансамбль дегеніміз не- деген сұраққа түсініктеме беріп өту.
Ансамбльде орындаушылық дегеніміз----әр оқушы өзінің ойнау
ерекшелігін ,орындау стилін,техникалық деңгейін басқа орындаушылардың ойнау ерекшелігімен,техникалық деңгейімен сәйкес қылып,шығарманың орындалу жүйесін сақтай отырып, бірдей ойнау деңгейін меңгеру.
Ансамбльге арналған шығармалар орындаушылар санына қарай дуэт, трио, квартет, квинтет болып бөлінеді.Ансамбль репертуары оқушылардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып,мазмұны қызықты етіліп таңданылуы керек. Мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс істеп,оның партиясын тексеріп,аппликатура,штрих қою жұмыстарымен айналысып,әр оқушымен ерінбей,талмай жұмыс жасауы керек.Ансамбльдің жеке орындаушыдан және оркестр орындаушысынан айырмашылығы--жеке орындаушының творчестволық жұмысы тек өзімен ғана жекеше өтіледі
.Оркестр орындаушылары дирижердың басқаруымен жұмыс істейді. Ал ансамбль орындаушылары болса, бірнеше адам бірігіп дирижерсыз ойнайды.Әрбір орындаушының жеке партиясы болғанымен,оның мазмұнын түсініп ойнау, шығарманың көркемдік жағын жоғарғы деңгейде көрсету, сипатын-стилін беру, музыкалық бейне жасау,--бірнеше орындаушының жауапкершілігінде.Сондықтан әрбір орындаушы өзінің ғана емес,басқа да партияларды естіп,түсіне білуі керек.Ансамбль музыкасын жоғарғы деңгейде шебер орындау үшін,орбір орындаушы шығарманың көркемдік мақсатын, музыкалық бейнесін бірігіп сезу керек.Оны әрине, мұғалім бағыттап,оқушыларды дайындайды.
Сабақты ұйымдастыруда музыкалық материалдық мазмұны,ондағы бөлшектерін дәл көрсетіп,оны бейнелі түрде анық түсіндіру оқушының жүйелі түрде ойлауына сабақтасып жатуы қажет.Ансамбль сабағының өзінде әуелі әр оқушымен жеке жұмыс істеледі.Оның өзі--оқушының техникалық мүмкіндігін ашуға,саусақ қойылымын дұрыс таңдауға дыбыс шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгеруге, кейбір орындау ерекшеліктерін таңдауға мүмкіндік жасайды.Ал топтық жұмыс жасау шығарманың жалпы мазмұнын түсінуге,біртұтас күйінде естуге баулыйды. Нота мәтінін қатесіз оқу--дыбыс ұзақтығын және динамикасын дәл орындауға,автордың мақсатын,шығарманың сипатын түсінуге көмегін тигізеді. Ансамбль сабағында шығарманың көркемдік мәнін ашатын тағы да басқа динамикалық көрсеткіштер-- фермато, глиссандо, портато рубато т.б. Зачеттар, емтихан тапсыру, концерттер беру—оқушы бойындағы сахнада орындаушылық тәжірибесінің қалыптасуына көмектеседі .Ансамбль сабағы---оқушылардың бойында ұжымды түрдежұмыс істеудің шарттарын қалыптастырады,музыкалық сауаттылыққа, сахнаға дайындайды,оқушының жалпы дамуына,жан-жақты білім алуына ықпалын тигізеді.
Ансамбль дегеніміз - француз тілінен e n s e m b l e - бірнеше адамдардың музыкалық шығармаларды біріге отырып ойнауы. Ол 2-адамнан бастап 10-адамға дейін. Орындаушылар 2-кісі дуэт, 3-трио, 4-квартет, 5-квинтет.
Сабақтың тақырыбы: Әуен мен сөздің дамуы.«Ана тілім - тұғырым»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың музыкалық
қабілетін арттыру.
2. Вокалдық техниканы меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем
орындауға үйрету
Әдісі: Түсіндіру. Орындау.
Көрнекілік: Үнтаспа.Баян. Муз аппараттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасы бойынша «Сағындым әже» әнін орындау.
Бәрге қосылып орындау,Жеке дауыста орындау.
Жаңа сабақ. Дауысқа жаттығулар
Әуен туралы түсінік беру.
Дауысқа жаттығулар.
-Мәтінімен танысу
-Шумақты бөліп үйрену
-қайырмасын үйрену
-Бірге қосылып орындау.
Ана тілім –тұғырым
Әй! Ал, ағайын , ағайын!
Жанның ашып сарайын,
Ата-баба салтымен
Амандасып алайын!
Ана тілін ардақтап,
Әсем әнге салайын.
Ана тілім-тұғырым,
Ұзақ болсын ғұмырың
Ұрпағыңмен мың жасар,
Шарықтасын жыр үнің!
Татып әр кез жүрейік,
Шешен сөздің шырынын .
Ана тілім-тұғырым,
Ана тілім-ай, күнім.
Сусындатар елімді,
Тұнық болсын айдының.
Жанашырың көп болғай,
Толғандырар жай-күйің.
Үйге тапсырма:Ана тілім тұғырым.
Сабақтың тақырыбы:Жаңа жыл тақырыбында әндер.«Шырша жыры» Б.Бисенова

Үй тапсырмасы бойынша «Ана тілім тұғырым» әнін орындау.
Бәрге қосылып орындау. Жеке дауыста орындау.
Жаңа сабақ.
Әуен туралы түсінік беру.
Дауысқа жаттығулар.
-Мәтінімен танысу
-Шумақты бөліп үйрену
Шырша жыры
1.Кәне достар тұрмайық
Қарсы алайық жыл басын
Қызықтан құр бос қалып
Шырша жырын жырлайық
Қайырмасы
Кел достар тұрмайық
Келді аяз атамыз
Биде билеп беріңдер
Шырша жырын айтамыз.
2.Құтты болсын Жаңа-жыл
Шыршамыз тұр жараса
Жанында Аяз ата жүр
Қуанады балаша
Қайырмасы
3.Аппақ қардай береке
Даламызда самғасын
Жаңа-жылдай мереке
Таба берсін жалғасын.
Үйге тапсырма: Шырша жырын жаттау.
Сабақтың тақырыбы:Жаңа жыл тақырыбында әндер.«Жаңа жыл кешінде» Б.Бисенова

Үй тапсырмасы бойынша «Шырша жыры» әнін орындау.

Жаңа жыл кешінде.
Тауда туып тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға
Қайырмасы:
Қуант, бізді таңыртқат
Шамдарыңды жарқырат 2рет
2.Әдемі леп безенген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Қайырмасы
3.Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық.
Үйге тапсырма:Жаңа жыл кешінде.
Сабақтың тақырыбы:Жаңа жыл тақырыбында әндер.«Жаңа жыл»

«Байтерек - Жана жыл»
Ғажайып ертегілер әлемі де менің түсімде
Есігімді біреулер қағады ашып көргенде
Аяз ата Ақшақармен бірге келген қонақтар
Бәрінің де қолдарында бізге арналған силықтар
Жаңа жыл, келе жатыр
Халайық, бәріміз қарсы алайық
Жаңа жыл, келе жатыр
Ал, қане ойын саулық құрайық
Бала кездей бакытты сезінбегем түсімде
Қуанамын ертегінің кейіпкері секілді
Жарқыраған ойыншықтар шыршамызда жанады
Қараңыздар сағатымыз он ек-ні соғады
Жаңа жыл, келе жатыр
Халайық, бәріміз қарсы алайық
Жаңа жыл, келе жатыр
Ал, қане ойын саулық құрайық
Сабақтың тақырыбы: «Қасқалдақ» әнін үйрену.

Үй тапсырмасы бойынша «Қасқалдақ» әнін орындау.

«Қасқалдақ»
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап,
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға, «қамықпа»-де көңіл айт.
Қайырмасы:
Ұя қалса иесіз-
Айдын үшін сол қайғы.
Қаңғып келген шүрегей
Көлге пана болмайды
2.Өз босағаң-бұл жерің тауы, қыры белесі.
Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі.
Қара бауыр қасқалдақ кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға, «қамықпа» деп көңіл айт.
Қайырмасы
3.Мен қайтейн басқаның бұлбұл құсын сайраған,
Сен кеткелі қараңғы, түнек болды айналам.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Үйге тапсырма: «Қасқалдақ»-әнін жатқа үйрену.
Сабақтың тақырыбы: «Туған ел» әнін үйрену.

Туған ел.
Әнін жазған Ө.Байділдаев Өлеңін жазған М.Ниязбеков
1.Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбііреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
2.Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің,
Саяңда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі, қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
3.Қашанда қарыздармын, елім, саған
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббаттың,
Туған ел, берерім көп менің саған.
Үйге тапсырма: Туған ел.
Әнін жазған Ө.Байділдаев Өлеңін жазған М.Ниязбеков-үйрену, орындау.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтай ел қайда» әнін үйрену.

Үй тапсырмасы бойынша «Туған ел» әнін орындау.

-Шумақты бөліп үйрену.
Қазақтай ел қайда.
Әнін жазған Ж.Дәулет Өлеңін жазған Н.Айтұлы.
1.Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда,
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Қайырмасы:
Гүрілдеп жатқан көлден,
Көгорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден,
Айналайын!
2.Болмасаң өзің, айбарым,
Мұратқа жетер ем?!
Түспесін төмен байрағың,
Төбеңе көтерген,
Киелім!
Ғасырлап күткен, армандап,
Теңдігім асқақ ән,
Ұлыңа Алла жар болғай
Елімді бастаған
Киелім!
Үйге тапсырма:Қазақтай ел қайда
Сабақтың тақырыбы: «Толғау» әнін үйрену.

Толғау.
Домбырамның үні
Кенеттен үзілді
Үзіліп қалғаны ай
Ой,жалған ай
Домбырамның үні
Кенеттен үзілді
Көзден жас тамғандай
Ой,жалған ай
Қазақ көшпелі елім
Қайғы кешкен елім
Туып өскен елім
Ой,жалған ай
Мұңды боздаламай
Бота боздағаны ай
Жанды қозғағаны ай
Ой,жалған ай
Алыстап арамыз ай
Біз де өтіп барамыз ай
Сыздатқан жарамыз ай
Аманат даламыз ай
Алыстап арамыз ай
Біз де өтіп барамыз ай
Сыздатқан жарамыз ай
Аманат даламыз ай
Домбыраның үні
Кенеттен жалғасты
Толқындар алмасты ай
Ай, арман ай
Дала көші дала
Шексіз ұлан дала
Самға қыран бала
Ай,арман ай
Азапқа сағымай
Жарқын жанарың ай
Биік назарың ай
Ай,арман ай
Бастады елбасы
Құдайым қорғашы
Тәңірім қолдашы
Ұлы елімді
Алыстап арамыз ай
Біз де өтіп барамыз ай
Сыздатқан жарамыз ай
Аманат даламыз ай
Алыстап арамыз ай
Біз де өтіп барамыз ай
Сыздатқан жарамыз ай
Аманат даламыз ай
Үйге тапсырма:Толғау жатқа үйрену.
Сабақтың тақырыбы: «Ана әке» әнін үйрену.

Үй тапсырмасы бойынша «Қазақтай ел қайда» әнін орындау.

Ана әке
Жанашырым - ана, дара шыңым-
ана
Бар асылым - ана,
шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор
бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке,
шырағымсың.
Қайырмасы
Ана - аяулым өзіңмен
мақтанамын
Ана - мен сені меккеге
апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ
талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе
шаттанамын
Әке - мен сені меккеге
апарамын
Әке - биікке самғайды
баптағаның, шынарымсың әке
2. Өмір берген маған, көңіл
бөлген маған
Сенім берген маған
айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім
дара,
Әке менен ана
байлығымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен
мақтанамын
Ана - мен сені меккеге
апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ
талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе
шаттанамын
Әке - мен сені меккеге
апарамын
Әке - биікке самғайды
баптағаның, шынарымсың әке
Үйге тапсырма: Ана әке - үйрену.
Сабақтың тақырыбы: Диапазонды кеңейту жаттығулары. Дыбыс тазалығы.

Диапазонды кеңейту жаттығулары. До до до-ми-ми-ми-соль-до2
Мажорлық, минорлық ладқа жаттығулар.
Әуен туралы түсінік беру.
Дауысқа жаттығулар.
-Мәтінімен танысу
-Шумақты бөліп үйрену.
Оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша әндерді орындату.
Қатемен жұмыс.
Шумақтан қайырмаға түсетін тұстарды қайталау.
Үнді таза алу жаттығуларын үйрену.
1-ші октаваның дыбыс қатарын таза айтып үйрену,
2-ші октаваның дыбыс қатарын әндету.
Үйге тапсырма:Өтілген жеке тапсырмаларды қайталау.

Нұр Астана
Бөленгендей жаңа нұрға
Жетелейтін арманына
Бір қала бар күннен күнге
Құлпыратын жер шарында
Келбетіне Астананың
Бар әлемге мақтанатын
Дәл осындай әсем сұлу
Қала бар деп қазағымда.
Қайырмасы
Сарыарқаның даласындай
Ерке есіл жағасында
Нұр бейнелі қаламыз бар
Бұл Астана
Аспанымен сырлы таңы
Бағы таудай нұрлы жолы
Қырандайын көкке самға
Сен Астана
2.Нұр Астана менің қалам
Аспанында жұлдыз жанған
Гүлдене бер деп тілеймін
Гүл Астанам Жасай берші мәңгі. Қайырмасы.
Сабақтың тақырыбы: Диапазонды кеңейту жаттығулары. Дыбыс тазалығы. Әндету жаттығулары «Балапан қаз».

Үй тапсырмасы бойынша «Нұр Астана» әнін орындау.

1.Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ау.
Желіге асау құрық байлаған жер-ау
Көзіме от жалындай көрінеді-ау
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ау
Қайырмасы
Ей, ахау сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай2 рет
2.Бұл өлке- біздің ауыл күзеген жер-ау
Қаракөз бойын сылап, түзеген жер-ау
Көзіме от жалындай көрінеді-ай
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ау
Қайырмасы
Ей, ахау сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай 2 рет
Үйге тапсырма: Балапан қаз үйрену, жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Диапазонды кеңейту жаттығулары. Дыбыс тазалығы. Әндету жаттығулары «Ана ғой».

Үй тапсырмасы бойынша «Балапан қаз» әнін орындау.

Ана ғой
Кездерді бақ даулет беретін
Болашақ бағынан көретін
Ана ғой бала үшін аянбай
Әрдайым маңдай-тер төгетін.
Ақылға азық қып тілегін
Бейнетке батырып білегін
Ана ғой бала үшін ойланбай
Жолына тігетін жүрегін.
Қайырмасы
Анаңды теңе сен күнге сен
Жаныңды нұрландыр күнде сен
Адами атыңа сай келмес
Шуағын сезбесең білмесең
2.Сөздерін сіңіріп санама
Айналып ақылшы данаға
Ана ғой жүректі жылатпай
Жақсылық үйретіп балаға
Тәңірде несібе болады
Береке пейілге қонады
Ана ғой мейірімін төккенде
Қатерде қорғап та қалад
Үйге тапсырма: Ана ғой-жатқа орындау
Сабақтың тақырыбы: Диапазонды кеңейту жаттығулары. Дыбыс тазалығы. Әндету жаттығулары «Алтын анашым».

Үй тапсырмасы бойынша «Ана ғой» әнін орындау.

Алтын анашым
1.Айналайын анашым-ай
Баға жетпес жан асылым-ай
Жүрегімнің түбінде әркез
Жарық күнім боп жанасың-ай
Қайырмасы
Ақ тілегімен пәк жүрегімен
Мені тербетіп алтын анашым
Әлдиімен ән-күйімен
Мені еркелетіп алтын анашым
2.Тыңдайтұғын өз ауылы
Тыңдайтұғын көп қауымы
Сырт бейнесі жанға жайлы
Сағынып жүр ғой бар бауыры
Қайырмасы
3.Әнмен мейір қандырғаны
Күйден ләззат алдырғаны
Өміріне өнегелі
Бізге үлгіні қалдырғаны
Қайырмасы
Үйге тапсырма:Алтын анашым-орындау, жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Диапазонды кеңейту жаттығулары. Дыбыс тазалығы. Әндету жаттығулары «Дос болайық бәріміз».

Үй тапсырмасы бойынша «Алтын анашым» әнін орындау.

Жаңа сабақ. Әуен туралы түсінік беру.
Дауысқа жаттығулар.
-Мәтінімен танысу
-Шумақты бөліп үйрену.
1.Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүрің дер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
2.Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста
.Батыл бас жас ұлан,
Самға биік алысқа,
Жұлдыздарға ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Үйге тапсырма.Дос болайық бәріміз.
Сабақтың тақырыбы: Ән айтудағы дене құрылымы. Әндету жаттығулары «Туған өлкем».

Үй тапсырмасы бойынша «Дос болайық бәріміз» әнін орындау.

Әуен туралы түсінік беру
1.Ән айтудағы дене құрылымы.
-Әнші кеудесін кең тыныстайтындай, денесін сәл алға ұмтылдыра тік және еркін ұстауы тиіс.
2.Әнші басын табиғи қалыпта, еркін, бос, күш түсірмей ұстауы қажет.
3.Адамның тыныс алуға қатысатын тіл, жақ, ерін, жұтқыншақ, таңдай, сияқты дене мүшелерінің де атқаратын рөлі зор.
5.Шықшыт, ерін, таңдай, ерін арқылы сөз дыбыстарының айқын айтылуы әнді әшекейлеп, әрлей түседі. Әуен туралы түсінік беру.
Дауысқа жаттығулар.
-Мәтінімен танысу
-Шумақты бөліп үйрену.
Туған ел
1.Туған жер қандай көркем мөлдіреген
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем дағы
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
2.Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің
Саяңда сайрап өскен өзендерің,
Мен едім соның бірі қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
3.Қашанда қарыздармын елім, саған
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.
Әйге тапсырма:Туған ел жатқа орындау
Сабақтың тақырыбы: Халық әндерінің орындалуы.Ән «Халаулым»

Қалаулым.
Айналайын қарағым, хал жақсы ма, а-хау,
Сала берме көзіңді әр жақсыға, қалайлым-ай
Сала берсең көзіңді әр жақсыға, а-хау,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулым-ай.
Қайырмасы.
Алматы мен Қоғалы-ай
Әркім көңілі жоғары-ай
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай
Жүгіріп шықтым белеске
Белес жақын емес пе,
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе?
2.Мінген атым астыма құла қасқа а-хау
Шеңбер салдым құдыққа құламасқа, қалаулым-ай
Әдейі іздеп ауылыңа мен барғанда а-хау,
Әдейі іздеп аулыңа мен барғанда а-хау,
Танымаған адамдай тұра қашпа, қалаулым-ай
Қайырмасы.
Үйге тапсырма:Қалаулым жатқа орындау.
Сабақтың тақырыбы: Халық әндерінің орындалуы. Шәмші әндері

Үй тапсырмасы бойынша «Қалаулым» әнін орындау.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Домбыра үйірмесінің қысқа мерзімді сабақ жоспарын

шағым қалдыра аласыз