Материалдар / Дөңгелек үстел "Әке мен бала арасындағы сұхбат "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дөңгелек үстел "Әке мен бала арасындағы сұхбат "

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі туралы дөңгелек үстел топ жетекшілеріне арналған слайды бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2019
2503
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әке мен бала арасындағы сыр- сұхбат »
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Қатысқаны: 40 ата - ана
Әдісі: ой қозғау, пікірталас
Барысы:
I. Кіріспе бөлім

«Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» баяндама
II. Ашық пікір тыңдау.
III. Сергіту сәті.( бейнебаян)
IV. Қызықты сұрақтар
.Көпір тренингі.
V. Қорытынды.
I. Кіріспе бөлім
Жүргізуші: «Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
сіздерге арналған: «Әке мен бала арасындағы сыр- сұхбат » атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
II. . Сергіту сәті.(бейнебаян)
I
ІІ. Ашық пікір тыңдау.

1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескеркеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп.
Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, колледжден ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?


- «Әке» атты қара өлең орындайтын Орынбасар Ергешұлы.
ІV.Қызықты сұрақтар.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
V Оқушы хаттарынан…

  • -А енді, балалардың жауабына құлақ түрсек! Бiрнеше күн бұрын, тәрбие сағаттарымыздың бірінде балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын. ,, Жасырын турде /аноним/ өз әкелерi туралы  жасырмай жазуларын өтiндiм. Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.

  • — Әкемнің ұнайтын жағы

  • — Әкемнің ұнамайтын жағы

  • — Болашақта әке болғанда қандай боламын?

Слайдқа түсірілген балалар жауаптары.

Оқушы хаттарынан…

«Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау. Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi. Тамақ пiсiрудi де бiледi. Өз әкемдi мақтан тұтамын. Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi. Оның жүрегi таза, жомарт адам.

Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды»

«Әкемнiң енбекқорлығы, байсалдығы ұнайды. Жазда әкем екеумiз өзенге шомылуға барамыз. Ол маған мотоцикл айдауды үйреттi. Сол сәт өте қызықты. Папа математик, екеумiз доспыз. Әкемдi жақсы көремiн. Папамды көрмей жүрмiн — сол жаныма батады»

«Маған әкемнiң күлгенi, бiзбен ойнағаны ұнайды. Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды. Маған барлық затты алып бередi.

Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды

«Әкемнiң ойнағаны, маған есеп шығарысқаны ұнайды. Менiң әкем дүниедегi ең жақсы адам.

Маған әкемнiң ішімдік iшкенi ұнамайды. Конаққа барғанын ұнатпаймын. Менiң әкем арақ iшпесе –жақсы  адам

«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi, кеңпейiлдiлігi ұнайды. Ол шебер адам. Ол менi әрқашан түсiнедi. Ол менiң кеңесiмдi тындайды. Ол өте ,өте, өте жақсы адам.

Әкемнiң ұнамайтын жерi, ол жаңа зат алған кезде көп ойланады. Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын. Бәрібір ол өте жақсы»

Жүргізуші: Иә, өзіңіз байқап тұрсыз, бала жұрегінде  тіпті ,,осал,, әкелерге де орын табылады. Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен, оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі. Әкенің жоқ болуы баланың сабағына, белсенділігіне әсерін тигізеді. Әсіресе ер балалардың. Оларға ержүрек болу, жалпы ер адам стилін ұстанып жұру қиындау соғады. Бұның бәрі, әрине, агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады. Нағыз бетке ұстар  /идеальный отец/ әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек. Ол-ұмтылыс.

Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік. Әкемен  әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі, факт жүзінде,оте пайдалы.



Vі. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.
Бүгінгі дөңгелек үстелімізді қорытындылау үшін колледжіміздің директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызына сөз беріледі.
Келесі сөз кезегін, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ешимов Берік ағайымызға береміз.

Айжан апай: Құрметті қонақтар, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып, пікір алмасып, көзқараспен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп атсалысқандарыңызға көп - көп рахмет. Ортаға Орынбасар Ергешұлын «Әке туралы жыр »атты әнімен шақырамыз. «Бала тәрбиесі баршамыздың борышымыз» екенін естен шығармайық. Келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар



































«Көпір»тренингі
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?








«Көпір»тренингі
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!