Материалдар / Дөңгелек үстел Жас мамандарға қажетті кеңестер (Жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел Жас мамандарға қажетті кеңестер (Жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен жұмысқа тәжірибе алмасуда көмек бола алдады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2019
5533
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақсай қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебі







Дөңгелек үстел



Тақырыбы: Жас мамандарға қажетті кеңестер

(Жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған)





Орындаған:

А.М.Кожагалиева







2017 жыл.







Жас маманның құқықтары мен міндеттері:


  • -          ұстаздық кәсіп абыройы мен беделін қорғау;

  • -          өз жұмысын бағалауға байланысты арыз – шағымдарымен және басқа да құжаттармен танысу, олар жөнінде түсініктемелер беру;

  • -          өзіне қолайлы жолмен біліктілігін арттыру;

  • -          педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестік мәжілістеріне, мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысу;

  • -          тәлімгер мен өз әріптестері тарапынан көмек алу;

  • -          әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктерін және олардың ата – аналарын сыйлау;

  • -          жартыжылдық соңында тәлімгермен бірге кәсіби бейімделу қорытындысын шығару, атқарылған жұмыстар туралы есеп беру құжатын әзірлеу.

 

Жас мамандарға пайдалы кеңес


  • Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  • Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

  • Өзіңіздің білім «багажыңызды» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

  • Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

  • Әрқашан «запас» сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайда- ланылмай қалғаны жақсы.

  • Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

  • Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.


Ашық сабақтардың пайдасы не?



1. Жас мамандар белсенділігі артады;
2. Жылдық іс –жоспары мен танымдық ізденістерін көрсете отырып әр маман өзінің кәсіптік деңгейіне сараптама жасады;
3. Әріптестерінің сыни көзқарастарын сараптап, алдыға жасайтын жұмыс жоспарларын бекітеді.
4. Оқушы белсенділігі ұстаз белсенділігінен шығатынына көз жеткізді;
5. Білім көзі тек кітап, мұғалім ғана емес, жан-жақты ақпарат көздерін қолданушы тұлға.
6. Мазмұнды жан-жақты , терең талдайды, салыстырады, өз пікірін айғақтар мен дәйектемелерді келтіре отырып дәлелдейді.
7. Ұжымда ынтымақтастықпен, бірін– бірі құрметтеп, пікірлерін сыйлап, қадірлейді.
8. Мұғалім мен оқушы арасында демократиялық қарым-қатыныс орнайды, ұстаз бен оқушының арасында сенім орнап, сыйластық артады.


Қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?
Агрессивті бала. Агрессивті мінез-құлықтың ар жағында не тұрғанын білуге тырысыңыз. Агрессивтілік пен өзін - өзі танытудың арасында айырмашылық көп. Осыны балаларға жеткізе білудің маңызы зор. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және өз күйініш-сүйініштерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.
Өтірікші бала. Kөп балалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.
Баланың қиқар мінезі. Апдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаңызға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін үғуы тиіс.
Сотқар бала. Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз. Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.
Ұялшақ балалар. Балаларыңызбен сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.
Ашулану көріністері. Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы еңжақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.


Беймаза балалар. Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.
Тілазар балалар. Баланы өзін өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.


Балаларды қалай сөйлетуге болады?


(сынып жетекшілеріне арналған)
Мұғалімдерді көбінесе балалардың үнсіз қалатындығы қынжылтады. Бұл әсіресе жасеспірімдерге тән нәрсе. Кейде тіпті оларға не болғанын түсінудің өзі қиын. Бірақ әйтеуір бала бір нәрседен қатты ренжулі екені білініп тұрады.


Балалардың сөйлеп, ашылуына қалай көмектесуге болады?

  1. Қалай дегенде де оларды күшпен сөйлетіп, күштеп ішіндегі сырын біле алмайсыз. Сіз неғұрлым мәжбүрлеген сайын, ол солғұрлым тұйықтала түседі. Сіз сабырға келіп, оларды өз еркіне қойсаңыз, қауіпсіздікті сезініп, өздері-ақ сөйпей бастайды.

  2. Тым асығыстамаңыз! Бір нәрседен құр қалатындай жағдайда жүрген адамға жақындаудың өзі де қиын ғой. Бәлкім, балалар сіздің осындай шұғыл сәттеріңізді көріп, артық-ауыс мазалағысы да келмейтін болар.

  3. Балаларды мүмкіндігінше азырақ сынауға тырысыңыз. Бәлкім, олардың тым-тырыс, үнсіздіктен қорған жасап алып отыруы да сіздің кезекті сыни ескертпе-жазаларыңыздан қорқатындықтан болар. Олар айтқан сөздердің бәріне де қуаныңыз, таңданыңыз.

  4. Сұрақ қоя біліңіз. Егер сіз әңгімені «солай ма» дегеннен бастайтын болсаңыз, ол ұзаққа баруы және қызықты болуы екіталай. Мұғалімдер көбінесе оқушыларға «ия» немесе «жоқ» деген сөзден басқа жауабы жоқ сұрақтар қояды да, оларды сөйлемейді деп жазғырады.

  5. Тек сынып жетекшісі ғана емес, сонымен бірге сынып досы да бола біліңіз. Бәлкім дос маңыздырақ, қажеттірек болар!



Үлгірмеушіліктің психотерапиясы
Бірінші ереже: жатқанды ұрма. «Екілік» - жеткілікті жаза. Бір қателік үшін екі рет жазалауға болмайды. Бала өз білімі үшін алар бағасын алды, ал үйде оны өз ата-аналары тағы да жазамен қарсы алмай, сабарлылықпен көмектесуі қажет.
Екінші ереже: минутына бір ескертпеден артығы - артық. Баланы кемшіліктерінен арылту үшін минутына бір ескертпеден артық ескертпе жасамаңыз. Әр нәрсенің мөлшерін біліңіз. Әйтпесе, балаңыз бәрін «бітті» деп есептейді де, сіздің сөзіңізге де, берген бағаңызға да мән беруден қалады. Әрине, бұл өте ауыр нәрсе, бірақ мүмкіндігінше оның көптеген кемшіліктері арасынан әсіресе қайсысын алдымен түзету керек болса, соны ғана назарға алып, басқасын әзірге қоя тұрыңыз. Қалғандары кейінірек түзеледі немесе ұсақ-түйек нәрсеге айналып, кезге көрінбейтіндей болып кетеді.
Үшінші ереже: екінің бірін ғана таңдаңыз... Баламен ақылдасып, оқудағы қиындықтардың алдымен қайсысын игерген езіне маңызды екенін анықтап алыңыз. Мұнда өзара түсіністікке ие боларыңыз анық. Егер екеуіңізді де мәтін оқудағы жылдамдық мәселесі мазалайтын болса, баладан сонымен қатар көркемдеп оқу мен қайталап айтып беруді де талап етпеңіз. Әзірге олардың біреуімен ғана шектеле тұрыңыз.
Төртінші ереже: орындаушыны мақтап, орындалған нәрсені ғана сынау керек. Бағаның нақты адресі болуы тиіс. Бала әдетте бағаны тұлға ретінде өзінің жеке басына берілді деп ойлайды. Оның тұлғаға берілетін баға мен орындалған жұмысқа берілетін бағаның екеуі екі түрлі нәрсе екенін ұғуына көмектесу шарт. Тұлға ретінде мақтау айтылуы керек. Бұрынғысынан сәл де болса ілгерілегендік белгісі болса бала оң баға алуға лайық деген сөз. Егер ол осындай мақтаудың арқасында өзін өзі құрметтей бастаса, сіз оған аса маңызды бір негіздеме сыйлайсыз. Ол - оқуға деген ынта-ықылас. Дербес мақтау айта тұрып, оған адрессіз сын-ескертпелер де жасауға болады. Мәселен, «Мұндай есептер бір амалмен емес, екі амалмен шығарылуы керек». Нашар бағалаудың мұндай формасы баланы өз қатесін түзетуге ынталандырады. Бірақ оның білімге, жақсы оқуға деген ықыласына ақау түсірмейді.
Бесінші ереже: баға баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі сәтсіздіктерімен салыстыра отырып қойылуы керек. Кішкентай оқушының бұл жетістігін бағалаудағы мемлекеттік нормалармен немесе оның парталас көршісі жеткен табыстармен салыстыруға болмайды. Баланың құйттай жетістігі болса да - әйтеуір жетістік қой, қиындықты игерудегі кішкентай ғана жеңіс қой, ол ескерілуі тиіс және лайықты бағалануы қажет.



Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым


  • Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  • Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
    болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
    Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.

  • Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.

  • Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  • Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  • Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  • Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез­де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.


9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
10. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан
жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.








Қорытынды:


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын.
Нағыз мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!