Материалдар / Дөңгелек үстел: Оқушылар арасында.Жастар арасындағы психологиялық жанжалдар: шешу жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дөңгелек үстел: Оқушылар арасында.Жастар арасындағы психологиялық жанжалдар: шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстел: Оқушылар арасында.Жастар арасындағы психологиялық жанжалдар: шешу жолдары. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
611
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

МақтаАрал аграрлық колледжі








Тақырыбы: Жастар арасындағы психологиялық жанжалдар: шешу жолдары






Шампиева Г.А.














Тақырыбы: Жастар арасындағы психологиялық жанжалдар: шешу жолдары


Мақсаты:

  • Өзара түсіністіктің маңыздылығы туралы білімін қалыптастыру;

  • Коммуникативтік машықтарды дамыту;

  • Өзін-өзі тануға мүмкіндік беру;

  • Өзінің іс-әрекетіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;


Дидактикалық қамтамасыз ету: сауалнамалар, тестілеуге арналған карточкалар;


Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты.», - деген сөздері мемлекет пен ұлт болашағы жастардың болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың қолында, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде.

Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіру ұстаздың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
2019 жыл – Жастар жылы

Жастар – Қазақстанның он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары

2018жыл 5 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. 

"Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек", — деген еді Елбасы.

Ал 14 қарашада президент Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген. 

Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның халық саны 18 млн.асты және оның 4,52 млн.адамы (23%) 14-29 жастар аралығындағы жастар.Қазақстанда мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетілсе де, қазіргі таңда жастар арасында көптеген жанжалдар пайда болды.

Жанжал (латынның конфликт) сөзі түрлі әлеуметтік топтар арасындағы пікірлердің, күштердің қақтығысы. Өткір проблемалар дер кезінде реттелмей түрлі қақтығыстарға алып келеді.

Жанжалдар адам өмірінің барлық саласын қамтиды. Жанжал –жағымсыз құбылыс. Жанжалдың алдын алуға болады және шешуге де болады.

Жанжал- екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласуы. Бір адам өз пікірін қалай да мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді. Жанжалды басу үшін, неден, қалай пайда болғанын білу керек. Жанжалдың түрлері көп.





Оны 4 топқа бөлуге болады:

  1. Жеке адамның жанжалы

  2. Жеке адамдар арасындағы жанжал

  3. Жеке адам мен топ арасындағы жанжал

  4. Топ аралық жанжал.

  1. Жеке адамның жанжалы

  • Жұмысына қанағаттанбаудан

  • Өзіне және ұйымға сенбеуден

  • Жұмыстағы жанжалдан болады

  1. Жеке адамдар арасындағы жанжал – ең көп кездесетін жанжал.

  • Капитал

  • Жұмысшы күшін пайдалану

  • Басшы ресурстар

  • Жабдықтарды пайдаланудан болады.

  1. Жеке адам мен топ арасындағы жанжал

  • Өз ара керісуден

  • Мінезі,пікірі, жұмыс сапасы түрлі адамдар бір мәмілеге келе алмайды.

  1. Топ аралық жанжал

  • Ұжымда ресми және бейресми топтар арасындағы жанжалдар

Жанжалдар уақытына қарай:

  1. Қысқа мерзімді

  2. Ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.

Мүдделеріне қарай:

  1. Қолайлы-қолайсыз. Ұнамды вариант. Бұл оңай шешіледі. Мысалы достардың фильм жөніндегі әр түрлі пікірлері.

  2. Қолайсыз-қолайсыз.Ұнамсыз вариант. Мысалы, сіз бастықсыз. Өзіңізге көмекші іздейсіз. Екі адам кандидат. Екеуі де қолайсыз. Бірақ әйтеуір біреуін таңдауыңызға тура келеді.

Жанжалды бақылау мен басқарудың 5 негізгі əдісі:

1. Жарысу (бəсекелестік);

2. Бейімделу;

3. Компромисс (ымыраға келу);

4. Қашу;

5. Одақтасу.

Аталғандардың əрқайсысын жеке қарастырайық.

Жарысу – жылдам шешім қабылдауды жəне өзіндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:

  • жанжалдан кету өте қажет еткенде;

  • өзіңіздің беделіңіз жоғары жəне билігіңіз болғанда

  • өте қиын тұғырыққа тап болғанда;

  • ешқандай амал- тəсіл болмағанда.

Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:

  • біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;

  • қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;

  • шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінгендеде;

  • шындық сіздің жағыңызда болмағанда.

Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.

  • екі жақтыңда билігі тең жəне олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;

  • уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;

  • басқа амалдар тиімсіз болғанда;

  • өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.





Қашу мынандай жағдайларда тиімді:

  • қозғалған мəселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;

  • өзіңіздің кінəлі немесе кінəсіз екеніңізді түсінгенде;

  • əлсіз əріптесіңізбен сөйлескенде;

  • белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;

  • қозғалған мəселе бойынша мəлімет жеткіліксіз болғанда.

Одақтасу немесе бірігу мынандай сəттерде тиімді:

  • мəселенің шешілуінің екі жаққа да өте қажет болғанда;

  • өзара өте тығыз қарым – қатынаста болсаңыз;

  • мəселені шешуге уақытыңыз болғанда;

  • екі жақтың билігі болғанда.

Жанжал ол қарама –қарсы бағытталған қақтығыс, бір –бірімен сəйкес келмейтін тенденциялар, ой – пікірлер, жеке алған индивидтің саласындағы қатынастардың қақтығыстары болып табылады.

Жанжал – бұл өшпенділік, қорқыныш, адамдар арасында жек көрушілік тудыратын қақтығыс, қарама-қайшылық.

Жүргізуші:

Сіздерге сұрақтарға жауап беруді және жанжалды жағдайларды шешудің себептері мен әдістерін анықтауды ұсынамын.

Сауалнама

Мен жанжал дегеніміз - ... деп санаймын

А – әлдекімге немесе әлденеге көңілі толмаушылық;

Б – бір-бірін түсінбеушілік, ұрыс;

В – адамдар арасындағы алауыздық, әртүрлі пікірлер қақтығысы

Егер мен адамның қателескенін көрсем,онда...

А – мен ол туралы не ойлайтынымның бәрін айтып саламын;

Б – үндемегенім жақсы;

В – өз пікірімді сауатты жеткізуге тырысамын;

Егер мен жанжалды жағдайға тап болсам, онда оны былай шешемін...

А – өз дегенімнен қайтпаймын;

Б – ол адаммен қарым-қатынасты жоямын;

В – мәмілеге келуге тырысамын;

Көбіне қақтығысқа не себепкер болады?

А – адамдардың іс-әрекеттері, тіл табыса білмеуі;

Б – өмірлік ресурстарға байланысты қақтығыстар;

В – өмірлік ұстанымдарының сәйкес келмеуі

Г – зияткерлік деңгейіндегі айырмашылық;

Д – нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері

Мен талассыз өмір сүруге болады деп ойлаймын, себебі ...

А – мен олай ойламаймын;

Б – ол жүйке жүйесін сақтайды;

В – кез келген жанжалды бейбіт жолмен шешуге болады.

Мен жанжалсыз өмір сүру мүмкін емес деп ойлаймын, себебі...

А – мен олай ойламаймын

Б – бұл эмоционалды жаттығу;

В – кейде өзіңді қорғай білу керек.

Жанжалдардың зияны:

- адамның абыройына нұқсан келеді;

- жанжалдың әрбір минуты уайымның 20 минутына татиды, ол кезде жұмыс та жүрмейді, ештеңеге ниет болмайды;

- физикалық денсаулық зиян шегеді: жүйке жүйесі, жүрек, қан тамырларына зақым келеді.

Сондықтан міндетті түрде осындай жанжалдардың алдын ала білу керек.

Жанжалдың себептері:

- әртүрлі көзқарастар;

- жанжалдың мәні;

- кері эмоциялар, ашу-ыза.



Түрлері;

- тұлғаішілік (парыз бен ар-намыс арасында);

- тұлғааралық (екі немесе одан да көп адамның әртүрлі көзқарасы);

- топ пен тұлға арасында; топаралық (адам топтары арасында).

Шешу жолдары:

- сайыс (бәсекелестік);

- серіктестік;

- мәміле (өзара шегіну негізіндегі келісім);

- қашқақтау (жалтару);

- бейімделу.

- Ұрыстың мерейі – ерлік,

- Ырыстың мерейі – бірлік.

- Көршің қолайлы болса, қораң кең.

- Ұйымдасқан ұтады.

- Саусақ бірікпей – Ине ілікпейді.

- Аз да бітер, көп те бітер,

- Татулыққа не жетер?

- Қол жұмылмай – жылынбайды.

- Ынтымақтың арты игі.

- Тату елдің тамағы таусылмайды.

- Ұрыстың арты – реніш,

- Татулықтың арты – кеніш.

- Ынтымақ түбі – игілік,

- Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Біз өзімізді көбіне (тасбақа, акула, аю, түлкі, жапалақ) ...секілді ұстаймыз. Әртүрлі жағдайларда біз өзімізді әрқалай ұстаймыз.

Жанжалды шешу тәсілдері ;

Конструктивтілік ; Әзіл,Көну,Мәміле;Ынтымақтастық.

Деструктивтілік; Қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық, дөрекілік, кемсіту.

Мәселені шешуден қашқақтау Қарым-қатынастарды бұзу

Жүргізуші;.

Қарым-қатынас – жанжалдарды шешу негізі. Күнделікті біздің қандай да бір күрделі мәселелерді шешуімізге тура келеді. Сіздердің келесі жағдайларда не істейтіндеріңізді көрейік?

Оқушылар сабақта бірін-бірі әдейі итеріп құлатты. Сіз не істейсің?

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!