Материалдар / Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Авторы:
02 Мамыр 2024
278
11 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене шынықтыру


Мектеп: «Рахат орта мектебі» КММ

Күні:


Мұғалім: Байхажы Б

Сынып: 4 «А»

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

4.​2.​4.​1 түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасайды және қолдану

Сабақ мақсаттары

Доппен жаттығулар орындау кезінде ережелер мен тәсілдерді қолданады.

Ойын кезінде жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдау және қолдану.


Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт есебі

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы / 10 мин/




Б.О «Нұсқау беру және айту» әдісі қолданылады.





Ынталандыру: «Бой жазу жаттығулары»


  • Сапта тұрған қалыпта «Оңға», «Солға», «Артқа бұрыл», бір, екі қатар санағын жүргізу арқылы «Бір қатардан екі қатарға сап түзе» т.б командалар орындалады.

  • Оқушыларды кезекпен ортаға шығарып жаттығу жасату арқылы жалпы дамыту жаттығуларын бірлесе орындайды.









Қызығушылықты ояту: Б. О «Диалогтық оқыту» әдісі

/ Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Бір – бірінің жауабын толықтырады. Бір – бірінен үйренеді және үйретеді. Балаларда еркіндік болады./


Психологиялық ахуал:

Оқушылар спорт залға сап түзеп кіреді. Алаңды айналып жүреміз, жүруден жүгіруге көшіп, алаңды екі рет айналамыз. Жүгіруден алаңды айналып жүруге көшеміз. Сапқа тұрамыз.

  • «Ауыспалы доп» стратегиясы арқылы оқушылар жаңа сабақта бір – біріне сәттілік тілеу арқылы жағымды орта қалыптастырады.

  • Сапта тұрған қалыпта бір екі қатар санағын жүргіземіз.

  • Бір қатардан екі қатарға сапталамыз.

  • Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай жаттығуды 2-3 рет қайталаймыз.

«Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі (ӨҚН)»

Б.қ. Аяқ арасы иық кеңдігінде, қол мықында. 
1 – 4 мойынды оңға, солға қарай айналдыр. 
Б.қ. Аяқ арасы иық кеңдігінде, қол иықта.
1 – 4 Иықты қол мен бірге алға, артқа айналдыр. 
Б.қ. Аяқ арасы иық кеңдігінде, қол кеуде тұсында. 
1 – 2 Қолды артқа соз, 3 – 4 оңға, солға қарай кер. 
Б.қ. Аяқ арасы иық кеңдігінде, қол мықында.
1 – 4 Белді оңға, солға қарай айналдыр. 
Б.қ. Аяқ арасы иық кеңдігінде, қол тізеде. 
1 – 4 Тізені қолмен бірге ішке, сыртқа айналдыр. 



  1. Жеңіл атлетика Қазақстанда қай кезде дами бастады?

  2. Жеңіл атлетика жүгіру алаңдар геометриялық құрылымы бойынша қандай түрлерге бөлінеді?



Сабақ барысында оқушылардың тиімді жауаптары мен мұғалімге қойылған сұрақтарына «Жарайсың!», «Керемет!», «Дұрыс жауап!», «Ойлан!», «Талпын!» түріндегі қалыптастырушы бағалау қолданылады.







Доп









ысқырық

Ортасы /30 мин/












Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру

«Гимнастикалық шеңбер және доп».

  1. Қарсылас екі топ алаңда тұрған қалыпта допты кедергілер арасынан ыршытып алып жүріп, алаң шетінде тұрған кедергіге жетіп кері қайтып , мәреге жетеді.

  2. Қай топта кедергілерден өту кезінде ереже бұзылса және қарсы топтан қалып келсе ұпай берілмейді..


«Баскетбол добымен жарыс» ойыны

  1. Қарсылас топтар қатарда тұрған қалыпта баскетбол добын аяқтың арасынан домалату арқылы саптың басындағы оқушы допты алған бетте саптың аяғына жетіп, бастапқы қалыпты қайталау арқылы мәреге жетеді.

  2. Баскетбол добын қарсылас топтар қатарда тұрған қалыпта баскетбол добын жоғарыдан бір – біріне беру арқылы мәреге жетеді.


«Кім мықты?» ойыны 

  1. Қарсылас екі топ мәреде тұрады. Баскетбол себетінің түбінде бір оқушыдан орналасады. Топ оқушылры допты екі аяғының арасына қыстырып алып жүгіріп келіп баскетбол себетінің түбіндегі оқушыға допты жеткізеді. Ол ойыншы допты себетке салады да, допты алып ыршытып алып мәреге жетіп келесі оқушыға береді. Ойын жалғасады.

  2. Баскетбол себетіне салынған гол бойынша ұпай беріледі.



Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.








Ойын ережелерін мұқият тыңдайды.













Практика жүзінде ойыншылардың орналасу ретін біледі.



Сабақ барысында оқушылардың тиімді жауаптары мен мұғалімге қойылған сұрақтарына «Жарайсың!», «Керемет!», «Дұрыс жауап!», «Ойлан!», «Талпын!» түріндегі қалыптастырушы бағалау қолданылады.



Доп




Гимнастикалық шеңбер




Ысқырық










Соңы /5 мин/



Орын иелендіріп, мадақтау.

Кері байланыс: «Бір ұсыныс, бір тілек» әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Бір ұсыныс, бір тілек» әдісі арқылы білдіреді.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!