400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Доппен ойналатын қозғалмалы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін айыру. 2. Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау, ойындарда дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды үнемі орындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы











АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Доппен ойналатын қозғалмалы ойындар





Сыныбы: 4а

Пән мұғалімі: Мағауов Ерболат Абайұлы














2019-2020 оқу жылы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары


Мектеп: А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мағауов Ерболат Абайұлы

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Доппен ойналатын қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары

1. Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін айыру.

2. Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау, ойындарда дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды үнемі орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға ойынның ойнау ережелерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындардың әдіс- тәсілдерін үйрету.Оқушылардың денсаулығын күшейту, спортқа деген ынтасын арттыру және күш-жігерлерін дамыту. Шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері

  • Ойындар барысында өзіндік міндеттерді ажыратады.

  • Дене дамуына ықпал ететін жаттығуларды ойын барысында пайдасын талқылайды және сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


  • Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жүгіру, тез жүру, жай жүру, жай серуендеп жүру, теңселу, еңкею, созылу).

Құндылықтарды

дарыту



  • ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі.

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, ептілік және икемділік, ойлау қабілтін арттыруға, күштілік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

  • ойын арқылы жұпен топпен жұмыс жасауды дамытады;

Пәнаралық

байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы. (қозғалмалы ойындары кезінде адам ағзасына тигізетін пайдасын біледі).

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация);

Бастапқы білім


Оқушыларға өздерінің іс-қимыл дағдыларын байланыстыру және топтық, жеке жұмыс барысында ережені, динамикалық өзгерістерді зерттеу арқылы таныту ұсынылады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

12 мин



Оқушыларды сапқа тұрғызу:
       а) сәлемдесу;
       б) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Саптағы жаттығулар:
       а) Оңға! Артқа! Солға! Солға!

Жүру және оның түрлері:
а) қолды жоғары тік көтеріп,аяқтың ұшымен жүру

ә) қолды желкеге қойып , өкшемен жүру

б) қолды белге қойып, сыртқы қырымен жүру
в) қолды белге қойып, ішкі қырымен жүру

Арнайы жүгіру жаттығулары:
а) аяқты артқа бүгіп жүгіру

ә) тізені жоғары көтеріп жүгіру

б) оң (сол) жақ қырмен тіркеле адымдап жүгіру

в) аяқтың ұшын созып, алдыға қайшы тәріздес жүгіру

с) артпен жүгіру;

г) жылан тәріздес жүгіру

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. «Қара жорға » биі арқылы буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.



Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

















Сабақтың ортасы

  1. мин.


Ойын алды доппен жаттығулар орындау:

Оқушылар 2 топқа бөлініп қарама-қарса орналастырылады, жұптаса отырып доппен жаттығулар орындайды:


  1. Допты бастан асыра лақтыру;


  1. Допты екі қолиен кеуде тұсынан беру;


  1. Д опты оң және сол қолмен лақтыру;

.

Допты жерге соғып алға даым жасап лақтыру;


Дескриптор:

кеңістікте тиімді пайдаланады;

қозғалыс кезінде кеңістікті тиімді пайдаланады;

жаттығуларды орындау барысында әдіс-тәсілдерді қолданады.


«Доп капитанға » ойыны

Ойын ережесі:



Ойын алаңының қарама-қарсы тұсына шеңбер қойылады, бұл капитанның тұратын жерін басқа ойыншылардан бөліп тұрады. Қалған ойыншылар араласып алаңда тұрады. Ойын бастаушы алаңның ортасындағы сызықтың үстінде тұрып, командалардың екі ойыншысының арасынан допты лақтырады. Допты қағып алған ойыншы өз капитаны жақта жақын тұрған ойыншыға лақтырып береді. Қарсылас команда ойыншылары өз капитанына лақтыру үшін допты ұстап алуға әрекет жасайды. Осындай тартыс кезінде қай команда капитанына допты лақтырып бере алса, соларға бір ұпай жазылады.

1.Капитан тұрған жердің сызығын басуға болмайды;

2.Капитанға ұшып келе жатқан допты ғана ұстауға болады;

 3.Ойыншы доппен тек екі қадам ғана жасай алады; 4.Допты жерге тек бір-ақ рет соғуға болады;

5.Доп үшін бірін-бірі итеруге, жұлқылауға болмайды.

Ойынның педагогикалық маңызы.Ойын барысында тез, шұғыл шешімге келуге үйренеді. Жан-жағын жылдам барлап, өз командасының ойыншысына допты дәлдеп лақтырып, әр уақытта одан допты тосып, қағып алуға дайын тұрады. Жасаған жұмысын мұқият, тиянақты

орындауға жаттығады.

Дескриптор:

  • Ойын барысында өз міндеттерін орындайды;

  • Ойынның барысын сипаттай алады;

Оқушылардың зеректігіне , байқағыштығына, шапшаңдығына бағытталған «күн мен түн» ойынын ойнау.
1 - ші топ – «Күн», 2 - ші топ «Түн» болады.
Мүғалім жүргізуші болады, мұғалімнің айтуымен оқушылар жаттығу орындайды, күн деген кезде күндер қышып түндер қуады, түн деген кезде түндер қашып күндер қуады, қай топ көп оқушы жинайды сол жеңіске жетеді.









Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық,ағаш аттар, асық, бор.


















Ойынға арналған үлкен бос кеңістік.











Ойын барысында қауіпсіздікті ережесі қатаң түрде қадағаланады..











.









Сабақтың соңы

5 мин.


Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу;

  • Әр оқушыға шар таратылып тыныс алу жаттығулары орындалады.

  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

  • Сұрақ-жауап әдісімен кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

Сабақтан алған әсерлерін смайлик таратып бақылау

Құрал-жабдықтарды жинау.



Кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді.

  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

  • Қозғалыс ойынын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу

  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар

  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау

  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды


Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
2892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі