400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Допты жоғары лақтыру. Жерде жатқан арқан үстімен түзу жүру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Доптарды жоғары лақтыруға; жерде жатқан арқан үстімен түзу жүруге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:: Муканова Д.Д.

Күні:04.03.19ж.

Білім беру саласы: Денсаулық.Денешынықтыру

Тақырып: Допты жоғары лақтыру. Жерде жатқан арқан үстімен түзу жүру.

Мақсаты: Допты жоғары лақтыруға; жерде жатқан арқан үстімен түзу жүруге үйрету

Тәрбиелік:. Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Оқыту:Қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: еңбектеу, биіктіктен секіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: доптар, құмға толтырылған қапшық және ойынға қажетті заттар.

Ұ.О.Ә.барысы:

Ұйымдастыру кезеңі1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу

Бір тізбекпен жүру.

Тік ұста да бойынды,

Жоғары соз қолыңды.

(Қолды жоғары созып жүру).

Бүйір таяп, қос қолмен,

Көтер аяқ оң жақтан,

Көтер аяқ сол жақтан,

Құлап кетпе, сәл сақтан. (Бір қатармен жүгіру).

Балаларға доптар беру, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

Негізгі бөлім.

Жан- жақты дамыту жаттығулары:(Доптар)

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

1.Допты жоғары көтеру, допқа қарау.

2.Төмен түсіру, допқа қарау.

3.Б.қ. келу.

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

1.Доптарды жоғары көтеріп, бір- біріне соғу. 2. Б. қ. келу

Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ. аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде.

1.Допты алға созу.

2.Жоғары көтеру.

3.Б.қ. келу

Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, допты екі шетінен ұстау.

1.Допты оң қолмен ұстап тұрып оңға бұрылу.

2.Допты сол қолмен ұстап тұрып солға бұрылу.

3.Б.қ. келу.

3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: отыру, допты екі шетінен қолмен ұстау.

1.Допты алға, аяқ ұшына қарай созылып иілу.

2. Жоғары көтеру.

3. Б.қ. келу.

Б.қ.: тік тұру, доптың екі шетінен ұстау.

1.Допты ұстап тұрып, орнында секіру.

2.Б.қ. келу

Тыныс алу:

1. Аяқ арасы алшақ, допты қос қолмен жоғары көтеру (дем алу);

2.Допты кеуде тұсына әкеліп, мұрнымен дем шығару.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1. Допты жоғары лақтыру

(Құмға толтырылған қапшықты оң және сол қолмен алысқа лақтыру)

2. Жерде жатқан арқан үстімен түзу жүру.

(Бір- біріне кедергі жасамау).

«Көңілді доп» ойынын ойнату.

Қ/о «Дәл тигіз»

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

Қорытынды

1.Балаларды мақтап, мадақтау.

2. Жүріс түрлерінің дұрыс орындалуын бақылау.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
2680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі