400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Допты төмен және жоғары биіктікте жүргізу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс жіберіп отырған себебім жас мамандарға үйірме жұмысын жоспарлағанда пайдалансын деймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме жоспары № 2 Пән мұғалімі: У.Серкебаев

Пәні: Дене шынықтыру

Сабақ тақырыбы: Допты төмен және жоғары биіктікте жүргізу.

Сабақ мақсаты: 1.Баскетбол ойыны техникасын,техника қауіпсіздігін, допты жүргізу тәсілдерін үйрету

2.Оқушылардың ептілігін, икемділігін, шапшаңдығын дамыту

3.Оқушылардың спортқа деген белсенділігін арттырып жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өтілетін орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секундомер, баскетбол доптары, кедергілер

Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұру. Сәлемдесу. Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығулар: Оңға!; Солға!; Айнал! т.б.

Қозғалыста орындалатын жаттығулар: аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Арнайы жүгіру жаттығулары: тізені жоғары, өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Жеңіл жүгіру. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау:

А) Бастапқы қалып, қол белде, аяқ иық кеңдігінде

1-2 Басты оңға солға қисайту 3-4 Басты алға артқа қисайту

Б) Бастапқы қалып, қол белде, аяқ иық кеңдігінде

басты 1-2 онға айналдыру 3-4 солға айналдыру

В) Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Г) Бастапқы қалып екі қол иықта

1-2 алдыға айналдыру 3-4 артқа айналдыру

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-2 тізені ішке айналдыру 3-4 тізені сыртқа айналдыру

10мин

Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына назар аудару


II.Негізгі бөлімі

Допты төмен жіне жоғары биіктікте жүргізу.

Баскетбол ойынында допты алып жүру әдісі бүкіл ойынның негізі болып табылады. Себебі ойынның барлық мазмұны ойыншының қозғалысына байланысты. Тақырып бойынша оқушыларға түсінік беру, үйрету көрсетіп беру.

Арнаулы дамыту жаттығуларды орындау: - допсыз кедергілер арасынан жүгіріп өту - допты жерге ыршытып ақырын жүру және жүгіру – допты жерге ыршытып алып жүгіру және тоқтау - доптың бағытын өзгертіп алып жүру - допты кедергілер арасынан тездікпен алып жүру - допты екі қолмен кезек-кезек алып жүру Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойыны. Ойын барысында допты жүргізіп келе жатқан ойыншы қарсыласының жасаған кедергісіне байланысты екі қолмен кезек алып жүреді. Ойын ережесі бойынша тоқтап, допты екі қолмен ұстап алғаннан кейінне әріптесіне, не болмаса торға тастауы керек. Допты екі қолмен кезек-кезек өзін айналдыра жерге ұрып тұрып, содан кейін жалт беріп қарсыласыңды алдап, алдыға қозғалып кетуге болады.

Үйге тапсырма беру.

25мин

















Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау










III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу.

5 мин


Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.

Оқушылардың бағаларын айту


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі