Материалдар / Дос болайық бәріміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дос болайық бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бойынша жаңа жоспар өз ойымды қосып жазған едім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет. Сурет

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз!

Мақсаты: Балалардың бойына досқа деген құрметті қалыптастыру.

Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.

Логикалық ойлау дағдысын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Әдіс-тәсілі: Көрсету. Түсіндіру. Сұрақ-жауап, орталықтармен жұмыс. Ойын.

Көрнекілігі: Слайд, суреттер, дидактикалық материалдар, сиқырлы доп.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге

Барлығы дөңгелене тұрып айтады

Жыл мезгіліне, айға тоқталу.

Күз мезгілі

Қыркүйек, қазан, қараша

Күз айы неткен тамаша!

Күз айларын айтады



-Балалар, біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын «Сиқырлы доп» ойынын ойнайық.

Менің досым-Інжу

Менің досым – Батыр

Менің досым-Сая

Шарты: Балалар бір-біріне сиқырлы допты бере отырып, өз достарының атын айтады.

-Жарайсыңдар, балалар біз сиқырлы доп арқылы не білдік.

Өз достарымызды

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дос болайық бәріміз!



Іздену ұйымдастырушы

Слайд арқылы «Екі дос» ертегісін тыңдау. Түсіндіру

Ертегіні тыңдайды

-Екі дос қайда келе жатты?

Орман ішінде

-Алдарынан не шығады?

Аю

-Бірінші дос не қылды?

Ағаштың басына шығып кетті

-Екінші дос ше?

Жерге жата қалды

-Аю не қылды?

Жерде жатқан досты иіскеп кетіп қалды?

-Бірінші дос нені білгісі келді?


-Екінші дос не деп жауап берді?

Балалардың жауаптары

-Ертегі қалай аяқталды?


Билингвальді компонент:

Дос-друг-фрэнд


Балаларды екі орталыққа бөлу


Өнер орталығы

Трафаретті және далапты пайдалана отырып, жүрек бейнесін жасау

Орталық балалары тапсырмаларды орындайды

Әдебиет орталығы

Тақырыптық суреттерге қарап әңгіме құрау.


Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз

Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап орындайды.

Балалардың орталықтарға ауысуы


Балаларды әуенмен ортаға жинау.


-Балалар, қай орталықтарда болдыңдар?


-Өнер орталығында не жасадыңдар?

Сұрақтарға жауап береді?

-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?



Рефлексивті коррекциялаушы

Дидактикалық ойын «Мақалды жалғастыру»


-Досыңды сатпа...

Досыңды сатпа, аққуды атпа

-Дос жылатын айтады...

Дос жылатын айтады, дұшпан күлдіріп айтады

-Досы көпті жау алмайды...

Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды

-Дос басқа қарайды...

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

-Жолдасы көптің...

Жолдасы көптің олжасы көп

-Дос егіз...

Дос егіз, дұшпан сегіз

Ән «Дос болайық бәріміз!»


Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Бәрі бірге орындайды

Мадақтау.


Қуанышты хабарлама тарату.


Жүрек бейнесі


Аяқтау




Күтілетін нәтиже


Білді: Достардың бір-біріне адал болады

Түсінді: Тапсырманы тиянақты орындау керектігін.

Жасай алады: Суретке қарап әңгіме құрауды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!