жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дос болайық бәріміз
Білім беру саласы:
Қатынас. Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет.
Сурет
Тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Мақсаты: Балалардың бойына досқа деген құрметті қалыптастыру.
Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
Логикалық ойлау дағдысын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Әдіс-тәсілі: Көрсету. Түсіндіру. Сұрақ-жауап, орталықтармен жұмыс. Ойын.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, дидактикалық материалдар, сиқырлы доп.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады |
|
|
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге |
Барлығы дөңгелене тұрып айтады |
|
|
Жыл мезгіліне, айға тоқталу. |
Күз мезгілі |
|
|
Қыркүйек, қазан, қараша Күз айы неткен тамаша! |
Күз айларын айтады |
|
|
|
|
|
|
-Балалар, біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын «Сиқырлы доп» ойынын ойнайық. |
Менің досым-Інжу Менің досым – Батыр Менің досым-Сая |
|
|
Шарты: Балалар бір-біріне сиқырлы допты бере отырып, өз достарының атын айтады. |
||
|
-Жарайсыңдар, балалар біз сиқырлы доп арқылы не білдік. |
Өз достарымызды |
|
|
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дос болайық бәріміз! |
|
|
Іздену ұйымдастырушы |
Слайд арқылы «Екі дос» ертегісін тыңдау. Түсіндіру |
Ертегіні тыңдайды |
|
-Екі дос қайда келе жатты? |
Орман ішінде |
|
|
-Алдарынан не шығады? |
Аю |
|
|
-Бірінші дос не қылды? |
Ағаштың басына шығып кетті |
|
|
-Екінші дос ше? |
Жерге жата қалды |
|
|
-Аю не қылды? |
Жерде жатқан досты иіскеп кетіп қалды? |
|
|
-Бірінші дос нені білгісі келді? |
|
|
|
-Екінші дос не деп жауап берді? |
Балалардың жауаптары |
|
|
-Ертегі қалай аяқталды? |
|
|
|
Билингвальді компонент: Дос-друг-фрэнд |
|
|
|
Балаларды екі орталыққа бөлу |
|
|
|
Өнер орталығы Трафаретті және далапты пайдалана отырып, жүрек бейнесін жасау |
Орталық балалары тапсырмаларды орындайды |
|
|
Әдебиет орталығы Тақырыптық суреттерге қарап әңгіме құрау. |
|
|
|
Сергіту сәті Достар бірге жүреміз Бірге ойнаймыз күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз! Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз |
Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап орындайды. |
|
|
Балалардың орталықтарға ауысуы |
|
|
|
Балаларды әуенмен ортаға жинау. |
|
|
|
-Балалар, қай орталықтарда болдыңдар? |
|
|
|
-Өнер орталығында не жасадыңдар? |
Сұрақтарға жауап береді? |
|
|
-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадыңдар? |
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Дидактикалық ойын «Мақалды жалғастыру» |
|
|
-Досыңды сатпа... |
Досыңды сатпа, аққуды атпа |
|
|
-Дос жылатын айтады... |
Дос жылатын айтады, дұшпан күлдіріп айтады |
|
|
-Досы көпті жау алмайды... |
Досы көпті жау алмайды Ақылы көпті дау алмайды |
|
|
-Дос басқа қарайды... |
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды |
|
|
-Жолдасы көптің... |
Жолдасы көптің олжасы көп |
|
|
-Дос егіз... |
Дос егіз, дұшпан сегіз |
|
|
Ән «Дос болайық бәріміз!» |
|
|
|
Дос болайық бәріміз Жарасып тұр сәніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. |
Бәрі бірге орындайды |
|
|
Мадақтау. |
|
|
|
Қуанышты хабарлама тарату. |
|
|
|
Жүрек бейнесі |
|
|
|
Аяқтау |
|
Күтілетін нәтиже
Білді: Достардың бір-біріне адал болады
Түсінді: Тапсырманы тиянақты орындау керектігін.
Жасай алады: Суретке қарап әңгіме құрауды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген