400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дос болайық бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге әдіс тәсілдерді, тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.

Мақсаты: - оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып олардың достық қарым-қатынасын нығайту;

- оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу: өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман қасиеттерден аулақ жүруге үйрету;

- оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін қадірлей білуге бейімдеу.

Әдіс-тәсілі: слайдпен жұмыс, сұрақ-жауап, сызба-нұсқа, түсіндіру әңгімелеу, топтасыру, сахналық көрініс.

Көрнекілігі: слайдпен жұмыс, СТО стратегиясын қолдану, достық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, сандық ішінде сандар мен сюжетті суреттер, гүлдер, шарлар.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі (ынтымақтастық орта қалыптастыру)

Сәлеметсіздар ме, оқушылар мен құрметті қонақтар! Бүгінгі 8 «а,ә» сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Слайд №1,2,3

1995 жылы 1 наурызда Ел Президенті өз Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып барша ұлт пен ұлыстың орталықтары мен бірлестіктерін бір шаңырақ астына біріктірді. Сіздер білесіздер кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. 2015 жыл – ел бірлігінің, татулық пен ынтымақтастықтың достық жылы екені баршамызға мәлім.Былтырғы жылы еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қоса, Қазақ хандығының – 550 жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституциясының – 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің -70 жылдығын, Ұлы ақын Абай Құнанбеавтың –170 жылдығын атап өтуде. Біздің оқушыларда бұл атаулы мерекелерге өз үлестерін қосып, мектепішілік өтіп жатқан іс- шараларға қатысуда.





Ия, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы –әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Баршаңызға ұлттар ынтымақтастығын, татулық пен береке бірлік, бақыт пен байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз» деп аталу себебі; біз бір интернатта, бір шаңырақ астында, бір жанұяның баласындай тату-тәтті тұрып жатырмыз. Әр баланың бойына әдептілік, адамгершілік қасиеттерін нығайта отырып, ынтымаққа, бірлікке, достыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында бір-бірімен жақсы достық қарым-қатынас орнату үшін өтілуде.

Слайд №4. Достық - әдеп сыйласым,

Дос – өмірлік қимасым.

Дос арыңдай қымбатты,

Слайд №5 Достық сезім тым тәтті - дей келе оқушыларды шаттық шеңберге шақырамын «Ерекше тілек» деп аталады (әр баланың қолына сюжетті суреттер беріледі, тау-таудай биіктік; гүл- гүлдей әдемілік; су- судай таза; жұлдыз-жұлдыздай жарқыра; аспан – аспандай ашық; қарлығаш –қарлығаштай қайрымды; бүркіт- бүркіттей өжет; сауысқан- сауысқандай сақ; жаңғақ-жаңғақтай жағымды, өрік – өріктей өрімді, құмырсқа –құмырсқадай еңбекқор; мейіз – мейіздей мейірімді; шаңырақ – шаңырағымыз шайқалмай; еліміз тыныш, жұртымыз аман, болсын деген жақсы тілек сыныптастарына айтылады).

Топқа бөлу (сандық ішінде психогеометриялық фигуралар, сандар жазылған, жұп және тақ сандар). Екі топқа бөлінген соң топқа ат қояды.

Слайд №6. Үй тапсырмасы (дос туралы өлең оқу )

*Досың бар ма? *Достық жасқа байланысты ма?

*Қыз бен ер баланың арасында достық бола ма?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

  • Жарайсыңдар, балалар!

Слайд №7. . Қызығушылығын ояту

Тәрбие сабағын «Данышпан» атаның өсиеті әңгімесінен бастайын. Ертеде бір қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

  • Ақсақал, мен қандай жігітпін, сынаңызшы, - депті.

Қарт жігітке:

  • Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті.

Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң қарт:

  • Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

  • Қалайша олай дейсіз? – депті жігіт. Қарт күліп:

  • «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген сөз бар.

Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді. Олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді, - деген екен.

Осындай жолдастық, достық қарым-қатынас арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Сондықтан досқа адал болу керек. Өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман қасиеттерден аулақ жүруге өтірік айтпауға, алдамауға, әрдайым досыңның жанынан табылуың керек.

Слайд №8. «Дос болу киелі ұғым»

«Жақсы дос – тәңірдің нұры» дегендей жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың. «Адамның адамсыз күні жоқ» сондықтан да жүрген жеріңде, жұмыста, мектепте, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейміз. «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» деген халық даналығы. Ендеше мына сұраққа жауап берейікші.

Слайд № 9. Ой қозғау.

Дос дегеніміз кім? Қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар ( дос – сөзіне маркермен схема сызып, өз ойларын жазу)

- жақын адам (қандай жағдай болмасын бірге болатын адам)

дос --- сырлас адам (сыр бөлісетін адам)

- тілеулес адам (көмекке әрдайым дайын адам)

- сенімді адам (мені өте жақсы түсінетін адам)

Тәрбиешінің сөзі: Дос дегеніміз екі адам арасындағы байланыс екен.

Слайд №10. Шығармашылық жұмыс

Дос қандай болу керек? постер қорғау(шарты: алдарында банан ағашы, жауабын бананға жазып талға жабыстырыды, қай топ оқушылары дұрыс ойлап, шапшаңдық танытса сол топ жеңіске жетеді). Жауабы:( адал,сабырлы, жомарт, ақылды, ажарлы, керемет, көрікті, салмақты, төзімді, күшті, қарапайым, мейірімді, сабырлы, кешірімді).

-- Жарайсыңдар, балалар!

Слайд №11. Сергіту сәті.



Слайд №12. Блум таксономиясы – Қолдану әдісі

Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

  1. «Досы көппен....(сыйлас),

Досы жоқпен...(сырлас)».

  1. «Досы ...(жақсының) өзі жақсы».

  2. «Дұшпан ... (күлдіріп) айтады, дос ...(жылатып) айтады».

  3. «Кемшілік іздеген адам ...(доссыз) қалады».

  4. «Ағаш...(тамырымен) мықты,

Адам ...(досымен) мықты».

  1. «Айтулы достың...(малы) бір,

Кемедегінің ...( жаны) бір».

«Слайд №13. Достық туралы шағын сахналық көрініс; « Деген екен...»

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста

Әйтімбет шешенге замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық, - дейді.

  • Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? - деген замандастарына Әйтімбет шешен былай жауап берген екен:

  • Адал достық өмірлік нұсқа болады. Амал достықтың өрісі қысқа болады.

Пікірталас ( топтар ой-пікірлерімен бөліседі).

  • Көріністен алған әсерің қандай?

  • Не түйдің?

  • Әйтімбет шешеннің айтқанына қосыласың ба?

Слайд №14. Талдау әдісі.

Жағдаяттық сұрақтарды талдау ( сандықтың ішінен сұрақтарды алады).

1. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған «Тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын» деді. Сенің әрекетің.

2. Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

3. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

4. Раушан сыныптасынан кітап жетіспегендіктен математика кітабын сұрап алды. Оны сіңілісі жоғары қойған жерінен алып жыртып тастады. Енді Раушан сыныптасына не деп жауап қайтарады? Оны досы кешіре ме?

Слайд №15. ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім












Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Достық екі адам арасында, үлкендермен де, жан-жануармен де болады. Достар бір-бірімен өте тату болады. Достық туралы қазақта мақалдар бар.

1.Ұлы адамдардың достығы жайлы білгім келеді.

2. Өмірде достарын сатып кету жағдайы көп болады.

Бұл кесте бөлігі сабақтың «Ой қозғау» страдегисында толтырылды.





Слайд № 16. Қорытынды.



«Мінездеме беру» тренингі - екі топ мүшелері 5- саусағын параққа салып

« Бес жолды өлең» әдісі бойынша жазады. (постер қорғайды)

  1. Кім? Дос.

  2. Қандай? Мейірімді. Төзімді.

  3. Не істейді? Көмектеседі.

  4. 4 сөзден тұратын сөйлем құрастыру.

Менің досым ақкөңіл адам.

  1. Синоним Жолдас.



1. Кім? Дос.

2. Қандай? Ақылды, Қамқоршы, .

3. Не істейді? Қолдайды.

4. 4 сөзден тұратын сөйлем құрастыру.

Досым ашық мінезіді адам.

5. Синоним Құрдас.



Слайд № 17. Кері байланыс:

«Шуақты күн және бұлтты күн» ( егер сабақ ұнаса оқушылар стикерге ұнаған жағын жазып шуақты күн астына, ұнамаса бұлтты күн астына жабыстырады).

Өміріміз көңілді,

Шаттанамыз бәріміз.

Мәңгілік достықпен

Мақтанамыз бәріміз – дей келе бүгінгі «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сабағын аяқтаймын. Келесі сабақтарда аман-есен кездескенше күн нұрлы болсын!

































  1. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған «Тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын» деді. Сенің әрекетің.



2. Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?



3. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?



4. Раушан сыныптасынан кітап жетіспегендіктен математика кітабын сұрап алды. Оны сіңілісі жоғары қойған жерінен алып жыртып тастады. Енді Раушан сыныптасына не деп жауап қайтарады? Оны досы кешіре ме?



















Дос-жақын, сырлас, тілеулес адам, ол екі адамның бір-біріне деген адалдығы

Осы дос деген сөздің мәні неде екен? Аталарымыз айтқандай

. Бұл өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе

Дос деген сөзден достық туады. Достық – алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Ал адалдық деген – рухани тазалық.

--- «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген қасиетті сөз бар. Достық сезім жайлы айтар болсақ, қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Достоевскийдің достығы достықтың тамаша үлгісі болған. Көркем шығармаларды оқысаң ұлы адамдардың достықтары туралы көп білуге болады.

Мұхтар Шаханов пен қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың достығы ше? Осы жайында Мухтар Шахановтың мынадай сөзін мысал еткім келеді: «Шыңғыс Айтматов екеуміздің арамызда туыстықтан да артық, ағалық-інілік махаббатқа жалғанған, жетінші түйсікпен астасқан өзгеше достық сезім болды». Біз де достықты осылардай қадірлеп, осы адамдардан үйренуіміз керек.

Слайд №7. Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс түбі – өкініш,

Ойланып алмақ - сабыр сол.

Бұл өлең жолдарында Абай атамыз кім саған достық қылса, сен соған достық пейіліңді көрсет, жақсылық жасауға ұмтыл деген ой танытады.

,. Сондықтан сыныптағы достарымызға адал болайық. (шарты: қай топ жылдам әрі дұрыс, әрі көп жауап жазады, сол топ жеңіске жетеді).

Күлме досыңа,

Келер басыңа.

2. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

3. Кемшілік іздеген адам доссыз қалады.

4. Әрқашан тіліктес, досыңа көмектес.

5. « Татулық –достық кепілі».

6. «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді».



Досым, саған сенемін, сеніп өтем.

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен. ( Мұқағали М.)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі