400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дос іздеген Бота

Материал туралы қысқаша түсінік
Достықа тәрбиелеу балаларды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жумагалиева Айсана Умирована

35« Шұғыла» бөбекжайының тәрбиешісі

БҚО,Орал қаласы


«Дос іздеген бота»

Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.

Айсана: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Бір күні анасы:

Жұлдыз: Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, — дейді.
Бота: Бота, бота, ботамын

Бота атты қазақпын

Ақылдымын өзім,

Тостағандай көзім.

(Жайылып жүрген құлынды көріп)

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.

Құлын: Мен құлыншақ, құлыншақ

Әрбір жерге ұрыншақ

Дос болсайшы ботажан

Мен сияқты құлынмен

Иһ - һ - һі, кел, екеуміз дос болайық, — деп құлын кісінейді.

Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота күлімдеп.

Мүмкін бұзау болар, — деп құлын ботаны шығарып салады.

Бота бұзауға келіп:

Бұзау: Мен бұзаумын, бұзаумын

Шошаладан қорқамын

Сүзісуге батырмын

Жарысуға шорқақпын

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.

Мө - ө - ө, кел, екеуміз дос болайық — деп бұзау мөңірейді.

Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота.

Мүмкін қозы болар, — деп бұзау ботаны шығарып салады.

Бота қозыға келеді:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.

Қозы:- Мә - ә, мен қошақан қозымын

Момақанның өзімін.

Мә - ә - ә, кел, екеуміз дос болайық — деп қозы маңырайды.

Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.

Мүмкін күшік болар, — деп қозы ботаны шығарып салады.

Бота күшікке келіп:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.

Күшік: Гаф, гаф. Мен күшікпін саққұлақ

Үй күзетем шапқылап

Дыбыс шықса маңайдан Гаф, гаф деймін қаттырақ

Кел екеуміз дос болайық.

Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.

Мүмкін мысық болар, — деп күшік ботаны шығарып салады.

Бота мысыққа келіп:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.

Мысық: Мяу-мяу, мен  кәдімгі  мысықпын,

Өзім  тым  пысықпын.

Бәрімен  дос  болып,

Пырылдаған  пысықпын, пыр-р,пыр-р.

Мияу - мияу, кел, екеуміз дос болайық — деп мысық мияулайды.

Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.

Мүмкін әтеш болар, — деп мысық ботаны шығарып салады.

Бота әтешке келіп:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Бұрап  қойған  сағаттай.

Айқайлаймын  таң  атпай.

Таңмен  ерте тұрамын,

Бәріңді  оятамын. Ку-ка-ре-ку!

Кел  екеуміз  дос  болайық.

Ку - ка - ре - ку! Кел екеуміз дос болайық — деп әтеш айғайлайды.

Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.

Мүмкін бақа болар, — деп әтеш ботаны шығарып салады.

Бота бақаға келіп:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды. 

Бақа: Бақа, бақа балпақ

Басым содан жалпақ

Жәндіктерді көп жедім

Жүз жасаймын мен деймін. Кел, екеуміз дос болайық, бақ - бақ.

Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп. 

Мүмкін ара болар, — деп бақа ботаны шығарып салады.

Бота араға келіп:

Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.

Ара: З - з - з. Ұшып келсем қасыңа

Менен, сен шошыма

Сен тимесең, тимеймін

Қастығым жоқ, досыма з - з - з Кел, екеуміз дос болайық Гүл терейік, бал жинайық.

З - з - з - зз, кел, екеуміз дос болайық — деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.

Анасы: — Дос таптың ба, ботам? — деп сұрайды.

Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, — дейді.

Анасы жымиып:

Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, — дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі