Тақырып бойынша 18 материал табылды

Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер қом сулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Машықкерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКҚ










Сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауы






Іс-тәжірибе базасы: №228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі «КММ»

Әдіскер:_________ Нурпеисова Е.Б

Пән мұғалімі:______ Бекова Г

Машықкер: Толысбаева Ж.Ш

Сыныбы:6

Күні:16.10.2020ж

Баға: ____________
























2020 жыл






Бекітемін ---------------

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Баимбетова Ш.Т


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:


Туған жерім-аялы алтын бесігім


Мектеп:№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі «КММ»


Күні:16.10.2020 ж

Машықкердің аты жөні:Толысбаева Ж.Ш


Сынып: 6

Пәні: қазақ әдебиеті

Қатысқандар:


Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1 Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

6.1.2.1 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Толғаудың мазмұнын толық түсінеді, орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқи алады;

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Толғаудағы автор бейнесін анықтай алады;

Кейбір оқушылар:

Үзінділерді жатқа айтып, автор бейнесін анықтай алады.



Бағалау критерийі


  • Толғаудың мазмұнын толық түсінеді, орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды;

  • Толғаудағы автор бейнесін анықтайды;

  • Үзінділерді жатқа айтады.


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Көбе, шапшақ, бұздай, қом.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Арғымақ мінген, көбелер киген, арулар құшқан , соғысып өлген.



Пәнаралық байланыс

Тарих


Алдыңғы білім

«Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі.






Жоспар Жоспарланған жаттығулар


Сабақтың басы

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады 
Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.

Қоғалы көлдер», «Қом сулар», «Қоныстар қонған» сөздерімен топқа бөлу.

Дереккөздері


Сабақтың ортасы

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Жаңа сабақ

https://youtu.be/6BZEngJZAKE

Доспамбет жырау өмірі көрсетіледі.


Доспамбет жырау (1490 – 1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат - мақсаты, түсінік - талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б. шығармалары бар.

Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV - XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.



1-тапсырма

Сканерлеп оқу» әдісі арқылы оқулықтың 30-бетіндегі толғаумен жұмыс жүргізу. ( Топтар өз беттерінше іштей оқып шығады)

2-тапсырма

Берілген өлең жолдары арқылы автордың айтпақ ойы мен көзқарасын анықтаңыз.

Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес.

Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес.

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес.

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес.

Құрама шапшақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес.

Екі арыстап жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

Дескриптор: Білім алушы

-автордың көзқарасын анықтайды;

-Өзіндік ойын айтады.











https://youtu.be/6BZEngJZAKE



































Қазақ әдебиеті

6- сынып

А.С.Ақтанова

А.К.Жундибаева

Л.К.Жұмекенова

«Атамұра» баспасы-2018жыл























Сабақтың соңы

3-тапсырма.

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңінен үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа оқыңыз.


Дескриптор Білім алушы


- өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.



Қ/Б: қол шапалақтау арқылы.

Сергіту сәті: «Поэзия минуты» әдісі
Оқушылар бірінен соң бірі 1 шумақ өлеңді жатқа айтады.

Рефлексия «Шеңбердегі доп» әдісі. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.


Үйге тапсырма: Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер қом сулар» жаттау

30-бет.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2021
1515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11