400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Достық

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгіме
Көрнекілігі: Слайд, стикерлер, журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік: Достық, дос, менің досым

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме, балалар

Армысың досым,
Кел маған қосыл.
1Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарын айналып,
Әлемге жарық ұқсайық
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.

2. Жаңа сабақ.
Әңгімелесу.
Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)
‒ Өз досың туралы айтып берші?
‒ Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?

Түйін:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
Достық ‒ адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

Дәйексөз: Балалар енді «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

«Татулық ‒ достық кепілі» деген халық мақалының мәнін ашу.

Мақал‒мәтелдер.
Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

«Екі дос» ертегісін сахналау.
Балалар ертегіні мұқият зейін қойып тыңдаңдар.
‒ Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл достықты адал достыққа жатқыза аламыз ба?

Жаңа ақпарат
Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдай да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі ‒ адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық.
Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір‒бірімізге адал дос болайық.


«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

Екі деген ‒ екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.

Қорытынды.
‒ Балалар, бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымызтуралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігі түсіндік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.06.2025
156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі