Достық, 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Достық, 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: ДОСТЫҚ-табылмас бақыт

Мақсаты:    Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, ұлттар достығы туралы, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру

                 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету 

                 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың достық туралы түсініктері қалыптасады, қоршаған ортамен дос болуға үйренеді, ұлттар достығының маңызын түсінеді және оны нығайту қажеттілігін біледі.

Керекті құралдар: интерактивті тақта, түрлі түсті қағаз, стикерлер, А-4, А-3, әріптер, ермексаз, желім, түрлі түсті жолақшалар.

Сабақтың барысы:



І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

ІІІ.Қызығушылықтарын ояту:

-Балалар, қазір сендерге «сиқырлы» әріптер таратамын. Әріптердің артында жазылған тапсырмаларды орындап, осы әріптерден «сиқырлы» сөз құрастыру керек.

(Оқушылар тапсырмаларды орындап, осы әріптерден сөз құрастырады.)

-Зат есім дегеніміз не?

-Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?-т

-Әлемде неше ғаламшар бар?-о

-Мектеп сөзін үш тілде айт.-д

-Білім туралы мақал-мәтел айт.-ы

-6x7=?-қ

-Балалар, қандай сөз құрастырдыңдар? (оқушылар жауабы) .

ІV. Бүгінгі сабақта не туралы әңгіме қозғайтын боламыз? Дұрыс, бүгін біз ДОСТЫҚ туралы сөз қозғамақпыз. Айтыңдаршы, достық кімнің арасында болады? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

-  Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-    Шын досты қалай білуге болады?

-    Өзіңнің  досың  туралы  не  айтасың?

-Дос  болу үшін адам қандай болуы қажет?

Мұғалімнің сөзі: Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты  жақсы көріп, сыйлап,  оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар. Интербелсенді тақтадағы мәліметпен жұмыс жасау, мақал-мәтелдердің мағыналарын ашу.

V.Топпен жұмыс.

1 топ-Достық тақырыбына шағын шығарма жазу.

2 топ-Достық туралы мақал-мәтелдерден «шынжыр» құрастыру.

3 топ-Достық тақырыбына постер жасау.(ермексаз, түрлі түсті қағаз,т.б. оқу құралдарын пайдалану)

Әр топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды, бір- бірін толықтырып отырады. VI. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

VІI.Интербелсенді тақтамен жұмыс.

-Адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Өзара сыйластық, Еңбек, Шыншылдық, Сүйіспеншілік

Мейірімділік, Кешірімділік, Оқу, Өзара көмек,Сұлулық

Түсіністік, Төзімділік , Өтірікші , Тәртіпсіз, Қамқорлық

Адалдық, Әдептілік , Салмақты ,Кек сақтамау, Жалқаулық

Төзімсіздік, Мақтаншақтық, Жауапкершілік(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

VIII. Рефлексия: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай тақырыпта сөз қозғадық? Достық туралы не білдіңдер?

Балалар, әрқайсыларын ортаға шығып, достық жайлы ойларыңды айтып, түрлі түсті жолақшаларды дөңгелекке байлайсыңдар.(оқушылардың іс-әрекеттері)
Мұғалім сөзі: Ал ендеше, балалар, біздің жолақшаларымыз неге ұқсап кетті? Бұл нені білдіреді? Достық адамдар арасында ғана емес, ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып, өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.( «Достық» әні шырқалады)









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
995
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі